7M08302 Орман ресурстары және орман шаруашылығы в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты мемлекеттік, жергілікті, өңірлік, шетелдік мекемелер үшін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті орман шаруашылығы саласының мамандарын даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждер үшін ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M133 Орман шаруашылығы
-
Білім беру саласы 7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 7M083 Орман шаруашылығы
Пәндер
-
Қазақстанда орман ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
«Қазақстанда орман ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері» пәні орман ресурстарын кешенді пайдалануды, орман ресурстарының әртүрлілігін және оларды тиімді және кешенді пайдаланып орман шикізатынан өнім алу мүмкіндіктерін қарастырады. Орманның қорғашыш және басқа пайдалы қасиеттері мен функциялары пайдалану ерекше орын алуда. Қазақстан ормандефицитті елдердің қатарында және бұл жағдайларда кесулерден, орман өндірісі қалдықтарынан және ағаш өңдеуден алынған ұсақ түріндегі ағаш массасын үлкен көлемде қатыстыру орман шаруашылығын және орман шаруашылығының тиімділігін айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Курс педагогикалық ғылымды және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орнын, білім берудің қазіргі парадигмасы, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, маман тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру, білім берудегі менеджмент қарастырады. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы, оқытудың әдістері мен түрлері туралы түсінік беріледі. Оқытушының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін ашуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Флора мен фаунаны тиімді пайдалану мәселелері
«Флора мен фаунаны тиімді пайдалану мәселелері» пәні ерекше қорғалатын аймақтарының категориялары мен жіктелуін, басқару принциптері мен әдістерін қарастырады. Жануарлар қорының тиімді пайдалануын көрсететін аң аулауды мөлшерлеудің тиімді әдістерін, сонымен қатар ғылыми жетістіктерді және қазіргі заманғы ресурстық үнемдеу технологиялары саласында аңшылық шаруашылығын жобалауды, аңшылық шаруашылығына қаржы қаражатын келуін және шығындарды есептеуді үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жабайы жануарларды интродукциялау мен реинтродукциялау
Жануарлар мен өсімдіктерді ауданға бөлу, таралу заңдылығы және жануарларды акклиматизациялау тәсілдері. Аңшылық шаруа-шылықта аңшылық құстарды өсіру тәсілдері, есепке алу және олардын өсіп-өнуін жобалау. Аңшылық-кәсіптік аңдарды өсіру тәсілдері, есепке алу және олардын аң шаруашылығында өсіп-өнуін жобалау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың бойында ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қорғаныштық орман алқаағаштарын құру
«Қорғаныштық орман алқаағаштарын құру» пәні қорғаныс орман жолақтарының түрлерін, орман жолақтарының құрылымын, әр түрлі құрылымды орман жолақтарының жел ағынының аэродинамикасына, қар тоқтатуға, ауаның жерге жақын бөлігінің ылғалдылығы мен температурасына, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсері оқытады. Егін қорғайтын орман жолақтарын құрудың агротехникасын, егін қорғайтын орман жолақтарын ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлерде орналастыруды үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әр түрлі мақсаттағы ормандарды өсірудің теориясы мен тәжірибесі
Пән көшет өсірудің негізгі кажетті материалдарын, орман тұқымдары сұранысын және оларды Қазақстанда дайындау көлемін қарастырады. Орман көшеттерін өсіруді, тікпелердің түрлері және олардың кажеттілігін, декоративті ағаштар тікпелердің түpлepiн, сеппелерді және тiкпeлepдi жабық грунтта өсіруді қөздейді. Негізгі орман құрайтын және декоративті тұқымдастарының көшеттерін өcipy агротехникасын, екпе орман icіне қатысты сұрақтарды қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Білім алушылардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады. Сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білімдер береді. Ғылымға және ғалымдарға қажеттілік күшейіп отырған қазіргі заманда бұл пәнді зерттеу қоғам үшін де, жас ізденуші үшін де аса маңызды. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылымның білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы білім қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әр түрлі аймақтарда ағаш отырғызу технологиясы
Пән әртүрлі климаттық, географиялық жағдайларда ағаштарды тиімді өсіру мен күтудің кешенді әдістері мен тәсілдерін және топырақты дайындау, қолайлы ағаш түрлерін таңдау, отырғызу әдістері, суару мен тыңайтқыштарды ұйымдастыру, зиянкестер мен ауруларды бақылау, ағаштар мен жергілікті экожүйелердің өзара әрекеттесуі сияқты әртүрлі аспектілерді зерттейді. Отырғызу технологияларын белгілі бір климаттық жағдайларға, топырақ ылғалдылығына, биіктікке және әртүрлі аймақтарда өзгеруі мүмкін басқа факторларға бейімдеуге ерекше назар аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Орман шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі
«Орман шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі» пәні бәсекеге қабілеттіліктің теориялық негіздерін, бәсекеге қабілеттіліктің иерархиялық құрылымын, орман шаруашылығы кәсіпорындарын құру және олардың қызмет етуі ерекшеліктерін, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістерін қарастырады. Нарықтың қалыптасуы мен қызмет етуін, бәсекелік нарықтар және олардың құрылымын, кәсіпорынның бәсекелік стратегияларын оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Орман шаруашылығындағы ғылыми зерттеулер әдістемесі
«Орман шаруашылығындағы ғылыми зерттеулер әдістемесі» пәні зерттеулерді ұйымдастыруды, орман ісінде негізгі зерттеу әдістемелерді және бағдарламалық сұрақтарың құрастыруды көздейді. Тәжиребелердін саны және ұзақтылығын анықтайды. Ақпараттарды жинау және өндеуді, негізгі статистикалық талдауларын жасауды үйретеді. Дербес компьютер арқылы орташа статистикалық көрсеткіштерді есептейді, корреляциялық және дисперсиялық талдауларды жургізеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
"Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару" курсы магистранттарды агроөнеркәсіптік кешен саласында нарықтық жағдайда оқытуға арналған. Ол жобаны басқару әдістерінің даму тарихын, жоба тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешім қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін, сондай-ақ жобаның өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі жоба менеджерінің рөлі мен қызметін игеруді қамтиды. Магистранттар агроөнеркәсіптік кешен саласында өз бизнесін табысты жүргізу үшін қажетті дағдыларды игере отырып, жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандарын және оларды әзірлеу мен оңтайландыру әдістерін зерделейді. Курс сонымен қатар білім алушылардың экономикалық ойлауы мен кәсіпкерлік қабілеттерін қалыптастыруға, оларға нарықта өз орнын табуға, өз ісін ашуға, өз кәсіпорнын ұйымдастыруға және тиімді басқаруға көмектесуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Орман заңнамасы
«Орман заңнамасы» пәні ҚР-ның Орман, жер, су, экологиялық және салық Кодекстерінің негізгі ережелерін, ҚР-ның «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы» заңын оқытады. Орман шаруашылығын жүргізу бойынша ережелердің негізгі мазмұнымен таныстырады. ҚР-ның Қылмыстық, әкімшілік және Қылмыстық-процессуалды Кодекстерінің негізгі ережелерін, орманда заң бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік тұралы ережелерін оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Орман ресурстарын есепке алудың инновациялық әдістері
Орман таксациялық жұмыстар техникасын, ормандарды санау әдістерін, арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен далалық материалдарды өңдеу тәсілдерін, орман орналастыру мақсатында бақылау алаңшаларын, есептік алаңшаларды салу, модельдік ағаштарды, үлгілерді іріктеп алу және оларды есептеуді жетілдіруді қарастыратын сұрақтарды қамтиды. Бұл бағдарлама пәнді меңгеру мен материалды ұғындырудың проблемалық сипаттағы жүйелік қағидалар бойынша құрастырылған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Статистикалық талдауды пайдаланып деректерді дешифрлеу
Пән аэрофото түсіру процестерін, аэрофото түсірудің түрлерін және олардың ерекшеліктерін қарастырады. Аэрофотоаппараттармен, объективтер мен жарықфильтрлермен таныстырады. Ұшақпен түсіру процесін, жердің географиялық ландшафты және олардың құрылымын, орманды дешифрлеуде сүрекдіңдер мен олардың желектері морфологиялық құрылымдарының маңызын, орманды дешифрлеудегі негізгі теориялық ережелерін оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сәндік отырғызу материалдары
Пәнді меңгеруде сәндік питомник және оның түрлерінің барлық өндірістік үрдістері кезеңдері қамтылады. Пән орын таңдауды және сәндік орман питомнигін ұйымдастыруды, сәндік орман питомниктеріндегі ауыспалы егістердің маңыздылығын, сәндік орман питомниктеріндегі тұқыммен және вегетативті көбейтуді үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Конфликтология
Пән конфликтологияның негізгі категорияларын, жанжалдардың типологиясын, жанжалдарды басқару технологиясын қарастырады. Тұлғаның қақтығыстағы мінез-құлық теориясын, тиімді қарым-қатынас технологиясын және қақтығыстағы ұтымды мінез-құлықты зерттейді. Жанжалды шешу бойынша келіссөз процесінің психологиясы, дауды реттеу технологиясы ретінде Медиация туралы түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қалалық орман шаруашылығын жоспарлау
Пән қалалық жерлерде орман саябақтарын, жасыл желектерді және орман алқаптарын құру, қорғау және тиімді пайдалану мақсатында қалалық ортада орман ресурстарын басқару әдістері мен стратегияларын зерттейді. Сондай-ақ қалалық жасыл инфрақұрылымды жоспарлау, қалалық орта үшін қолайлы ағаштар мен өсімдік түрлерін таңдау, қалалық орман саябақтарын Басқару, қалалық өсімдіктердің экологиялық және әлеуметтік құндылығын бағалау және қалалық орман алқаптарын тұрақты дамыту әдістері сияқты әртүрлі аспектілер.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экологиялық менеджмент
«Экологиялық менеджмент» пәні шаруашылық салаларының қоршаған ортаға әсерін зерттеудің әдістемелік негіздерін, экологиялық менеджмент жүйесіндегі стандарттар мен халықаралық ұсыныстарды, Қазақстан Республикасындағы экологиялық ақпарат және онымен жұмыс жасау ұстанымдарын оқытады. Қазақстан Республикасындағы экологиялық реттеу жүйесін, экологиялық менеджмент жүйесін қалыптастыру және дамыту тұспалдамаларын, экологиялық менеджмент бағдарламасын дайындауды үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бизнес шешімдерді модельдеу
Пән шешім қабылдау процестерін зерттейді, бастапқы мәселені формализациялаудан бастап, компьютерде математикалық модель құру және шешу арқылы шешімді талдауға және басқару шешімін қалыптастыруға дейін. Басқарушылық шешімдерді таңдау үшін міндеттердің өндірістік, көлік және қаржылық модельдерін қарастырады. Математикалық модельдерді құру және шешу және осы шешімдерді компьютерде талдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орман өсірудің инновациялық әдістері
Орман ресурстарын жаңарту және биотехнологиялық инновацияларды практикада ағаш өндірісінің инновациялық дамуының барлық салаларында қолдануға бағытталған инновациялық тәсілдерді жетілдіру мен дамытуды зерттейді. Жасалған инновациялық тәсілдерге сүйене отырып, ағаш өндірісі кешенінің қарқынды даму жолына өтуі үшін ағаш өндірісі кешені және оған жататын салалардағы кәсіпорындардың инновациялық даму деңгейі жоғарылайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылым тарихы мен философиясын, психология және педагогика негіздерін, конфликттерді басқару технологиясын оқуда білімі мен түсінігін көрсету, математикалық модельде шешім қабылдау дағдыларын және кәсіпкерлік қабілеттерін, болашақ магистранттың кәсіби қызметінде ағылшын тілін меңгеру.
- Кеспеағашын белгілеу, ормандарда күту үшін кесу және басты мақсатқа пайдалану үшін кесуді жүргізу, өсіп тұрған сүректі босату бойынша шаралардың орындалуының бақылауын ұйымдастыруда өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу.
- Ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау, шөп шабу, мал жаю және орман қорын пайдаланудың басқа түрлерінде ережелерді сақтау; аграрлық секторда бизнесті жүргізу бойынша оқу дағдыларын пайдалану..
- Мамандарға орман шаруашылығын жүргізудің заманауи тәсілдерін пайдалану: сүрек өңдеу технологиясын, күту үшін жүргізуді, сәндік отырғызу материалын өсіру ерекшеліктері, орман екпелерін және жасыл алқаағаштарды құру туралы пікір қалыптастыру .
- Қалалық ортада орман саябақтарының аумақтарын, жасыл алқаптар мен ормандарды құру, қорғау және тиімді пайдалану мақсатында қалалық ортада алқаағаштар мен қорғаныш орман екпелерін өндіру жобаларын әзірлеу.
- Ормандарды жанама пайдалану, ормандарды өрттен және орман бұзушылықтарынан қорғау, зиянкестер мен аурулардан қорғау жоспарларының орындалуын ұйымдастыру; орман және аңшылық шаруашылығын басқару, олардың орындылығы, экономикалық тиімділігі; қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.
- Орман шаруашылығындағы ғылыми зерттеу әдістерін; қоршаған ортаны басқару жүйесін, Қазақстан Республикасындағы экологиялық ақпаратты білу, кәсіпорынның даму болашағын және орман шаруашылығы өндірісін техникалық жарақтандыру бағыттарын анықтау.
- Кәсіпорынның даму болашағын және ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына сәйкес орман шаруашылығы өндірісін техникалық жарақтандырудың бағыттарын ғылыми-зерттеу контекстінде идеяларды әзірлеу мен қолдануда анықтау.
- Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы саласындағы заңдарын және басқа да құқықтық актілерін қолдану.
- Ормандардың тұрақтылығын, беріктігін, өнімділігін және сапасын арттыру бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.
- Орман объектілерін анықтау, сипаттау, әдістерін; қалалық орман алқаптарын тұрақты дамыту әдістерін; орманды дешифрлеудің негізгі теориялық принциптерін; кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістерін қолдану.