Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M08301 Аңшылықтану және аң шаруашылығы в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

  • Ғылыми экологиялық туризм

    Ғылыми экологиялық туризм - бұрын пайдаланылған табиғатта демалуды ұйымдастыру мен өткізудің түрлерінен ерекшелейтін бірінші шарты-рекреациялық аумақтардың ресурстарын пайдаланудағы, рекреациялық табиғи аумақтардың биологиялық әртүрлілігін сақтауды ғана емес, сонымен бірге туристік қызметтің тұрақтылығын да қамтамасыз етуге арналған «сарқылмайтын» табиғат пайдалану режимін әзірлеудегі және сақтаудағы саналы, экологиялық және экономикалық тұрғыдан тексерілген саласы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Білім алушылардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады. Сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білімдер береді. Ғылымға және ғалымдарға қажеттілік күшейіп отырған қазіргі заманда бұл пәнді зерттеу қоғам үшін де, жас ізденуші үшін де аса маңызды. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылымның білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы білім қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аңшылық жануарлар популяциясын басқару әдістері

    Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аймақта аңшылық ресурстарын басқару тәсілдері және мониторинг жүргізу. Ерекше қорғалатын аймақтарда басқару принциптері мен әдістері. Қорықшылық және табиғи кешендерін қорғау принциптері. Жабайы жануарларды бақылау және мониторинг жүргізу. Жануарлар санын болжау және талдау тәсілдері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы облысында жүргізілетін эксперимент теориясы мен әдістері

    Аңшылық және аңшылықтану облысының теориясы мен эксперименттік тәсілдері Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарларды қолда өсірудің негіздері. Жабайы сүтқоректілер мен құстарды қолда өсірудің ерекшеліктері. Ауыл шаруашылығында және аңшылық шаруашылығында маңызы бар бағалы басқа да жабайы жануарларды қолда өсірудің ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың бойында ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Курс педагогикалық ғылымды және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орнын, білім берудің қазіргі парадигмасы, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, маман тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру, білім берудегі менеджмент қарастырады. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы, оқытудың әдістері мен түрлері туралы түсінік беріледі. Оқытушының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін ашуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ерекше қорғалатын табиғи аймақта рекреациялық табиғатты пайдалану және экологиялық экспедицияны жүргізудің ғылыми негіздері

    Ерекше қорғалатын табиғи аймақта рекреациялық табиғатты пайдалану және экологиялық экспедицияны жүргізудің ғылыми негіздері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аңдарды қорғау, зерттеу жұмыстарын көрсете отырып, оның ішкі жұмыстарымен таныстыра отырып, ормандарды қалпына келтіру жұмыстарының әдіс-тәсілдерімен таныстыра отырып, ерекше қорғалатын аймақтарда және ормандарды қалпына келтірудің жаңа технологиялық жобаларын үйретеді. Қазіргі заманғы әлемдік және мемлекеттік жасылдандыру технологияларымен таныстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Басқару психологиясы

    Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару

    "Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару" курсы магистранттарды агроөнеркәсіптік кешен саласында нарықтық жағдайда оқытуға арналған. Ол жобаны басқару әдістерінің даму тарихын, жоба тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешім қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін, сондай-ақ жобаның өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі жоба менеджерінің рөлі мен қызметін игеруді қамтиды. Магистранттар агроөнеркәсіптік кешен саласында өз бизнесін табысты жүргізу үшін қажетті дағдыларды игере отырып, жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандарын және оларды әзірлеу мен оңтайландыру әдістерін зерделейді. Курс сонымен қатар білім алушылардың экономикалық ойлауы мен кәсіпкерлік қабілеттерін қалыптастыруға, оларға нарықта өз орнын табуға, өз ісін ашуға, өз кәсіпорнын ұйымдастыруға және тиімді басқаруға көмектесуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Аң шаруашылығындағы ғылыми зерттеулер

    Зерттеулерді ұйымдастыру. Аңшылық шаруашылығын жүргізудегі заманауи әдістерін, Қазақстан және көршілес елдердің аң шаруашылығы дамуының тенденциялары мен негізгі жетістіктерін, аңшылық туризмдегі нормативтік-құқықтық базасын, аңшылық туризмді жүргізуді қадағалауға қатысты ҚР заңнамалары, ҚР үкіметінің каулыларын, аңшылық туризм саласындағы орталық атқарушы органдардың бұйрықтарын, аңшылық шаруашылықтардағы аңшылық туризмге қатысты шараларды ұйымдастыру мен атқаруда нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдаланудың ретін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жануарлар мен өсімдіктерді ауданға бөлу, таралу заңдылығы және жануарларды акклиматизациялау тәсілдері

    Жануарлар мен өсімдіктерді ауданға бөлу, таралу заңдылығы және жануарларды акклиматизациялау тәсілдері. Жағрафиялық таралу заңдылықтары. Жер бетіндегі мекен ететін тірі жәндіктердің алуан түрлілігі. Құрғақ жердің фаунистикалық, жағрафиялық облыстары. Дүние жүзілік мұхитті зоожағрафиялық ауданға бөлу. Жануарларды жерсіндіру, қорықтар мен ерекше қорғалатын аймақтарда оларды жерсіндіру тәжірибесі және жетістіктері. Жерсіндірудің этаптары. Жерсіндіру жұмыстардың негізі ретінде, жерсіндірілетін жануарлардың жіберілетін жерлерге қойылатын негізгі критерилер мен талаптар

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Аңшылық шаруашылығында аңшылық жануарларды өсіру тәсілдері, есепке алу және олардың өсіп-өнуін болжау

    Аңшылық шаруашылығында аңшылық жануарларды өсіру тәсілдері, есепке алу және олардын өсіп-өнуін болжау. Аңшылық объектісі болып табылатын тауық тәрізділерді, суда мекендейтін және бағалы түрлерін өсіру тәсілдері. Құс өсіруде қолданылатын негізгі әдістер. Аңшылық объектісі болып табылатын құстарды ұстап бағу жағдайлары мен негізгі талаптар. Жабайы құстарды қоректендіру тәсілі мен бағу. Құстардың жұмыртқаларды инкубациялау және құстарға бастырту арқылы өсіп-өнуін болжалау. Аңшылық жасауға оларды аңшылық шаруашылықтарға жіберу. Аңшылық шаруашылықтарға құстарды жіберу мерзімі. Аңшылық шаруашылықтарда аңшылық жасау тәсілдер.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Конфликтология

    Пән конфликтологияның негізгі категорияларын, жанжалдардың типологиясын, жанжалдарды басқару технологиясын қарастырады. Тұлғаның қақтығыстағы мінез-құлық теориясын, тиімді қарым-қатынас технологиясын және қақтығыстағы ұтымды мінез-құлықты зерттейді. Жанжалды шешу бойынша келіссөз процесінің психологиясы, дауды реттеу технологиясы ретінде Медиация туралы түсінік қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жабайы жануарларды интродукциялау мен реинтродукциялау және оның ғылыми түсініктемесі

    Жануарлар мен өсімдіктерді ауданға бөлу, таралу заңдылығы және жануарларды акклиматизациялау тәсілдері. Аңшылық шаруа-шылықта аңшылық құстарды өсіру тәсілдері, есепке алу және олардын өсіп-өнуін жобалау. Аңшылық-кәсіптік аңдарды өсіру тәсілдері, есепке алу және олардын аң шаруашылығында өсіп-өнуін жобалау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бизнес шешімдерді модельдеу

    Пән шешім қабылдау процестерін зерттейді, бастапқы мәселені формализациялаудан бастап, компьютерде математикалық модель құру және шешу арқылы шешімді талдауға және басқару шешімін қалыптастыруға дейін. Басқарушылық шешімдерді таңдау үшін міндеттердің өндірістік, көлік және қаржылық модельдерін қарастырады. Математикалық модельдерді құру және шешу және осы шешімдерді компьютерде талдау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген жобаларды басқарудың ғылыми әдіснамасын білу.
  • Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда жабайы жануарларды басқару теориясы мен әдісін ұйымдастыруды және жабайы жануарларды интродукциялаудың қолайлы жолдарын қарастыруды, интродукцияланған жануарларға үздіксіз бақылау жүргізуге қабілетті болу.
  • Аңшылық шаруашылықтарының қызметін ұйымдастыруды бағалауды жүргізу. Қазақстанның түрлі табиғи аймақтарында аңшылықтың негізгі ерекшеліктерін ұйымдастыру қабілеті.
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық теория мен әдістемелерді кәсіптік қызметте қолдана білу..
  • Ғылым философиясы, психология және педагогика, қақтығыстарды басқару, оқытудың заманауи әдістерін қолдану, әртүрлі психологиялық жағдайларда оңтайлы нұсқаларды табу және басқару шешімдерін қабылдау туралы түсініктерін көрсетуге қабілетті
  • Жабайы жануарларды басқарудың ғылыми негіздемесін әзірлей алу және аң шаруашылығы салаларының тұрақты дамуы мен табиғи кешендерді қорғау мәселелерін шешу үшін биологиялық ресурстарын ұйымдастыруды анықтауға қабылетті болу қажет.
  • Ағылшын тіліндегі халықаралық ортада кәсіптік әңгімелесу, ғылыми, техникалық және педагогикалық мәселелердің кең ауқымы бойынша әңгімелесуді жүргізу мүмкіндігі болуы керек
  • Аңдар мен құстарды аңшылық шаруашылығында бағалаудың және болжаудың заманауи әдістерін қолдану, олардың өсуін дұрыс есептеу және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, қорықтардың, ұлттық парктердің, су қоймаларының, табиғат ескерткіштерінің қызметін реттейтін құқықтық құжаттарды білу.
  • Жабайы жануарлар сан мөлшеріне болжау жасаудың негізгі әдістері және жануарларды жерсіндірудің тиімді жолын қарастыруды, жерсіндірілген аңдарға бақылау жүргізуді, жануарларды жерсіндіру барысында жұмысты ұйымдастыруға қабылетті.
  • Аңшылық іс-шараларын және аң аулаудың барлық түрлерін дайындауды және өткізуді жоспарлау және ұйымдастыруда жетілдірілетін білімдер мен түсініктерді көрсете білу.
  • Бизнесті басқару және бизнес-шешімдерді модельдеу, жобаны басқару негіздерін білу, басқарушылық қызметке қатысты жанжалдарды мәселесін шешу мүмкіндігі.
  • Аңшылық шаруашылығында аң мен құс өсірудің жаңа тәсілдерін меңгеріп, оны тәжірибелік жағдайда ұштастыра білу және экологиялық индустриядағы жобалар әзірлей алу жән оларды іске асыруға қабылетті болуы.
Top