Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01514 Информатика в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары,білімді, білікті, кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті информатика пәнінің мұғалімдерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Информатика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Деректер қорын басқару жүйелері
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Программалау I
Компьютер сәулеті
Қаржылық сауаттылық негіздері
Дискретті математика
-
2 Оқу жылы
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Экология және тіршілік қауіпсіздігі
Web-технологиялар
Алгоритмдер және деректер құрылымы
Информатика негіздері
Программалау II
Экономика және кәсіпкерлік
Өндірістегі еңбек қорғау
Менеджмент (minor)
Инклюзивті білім беру
Электронды үкімет жүйесі
Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра
Ақпараттық процесстер мен құрылымдар
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау
Білім берудегі смарт технологиялар
Информатиканың теориялық негіздері
Графтағы алгоритмдер
Педагогика
-
3 Оқу жылы
Компьютерлік математика
Операциялық жүйелер
Компьютерлік жүйелер және желілер
Объектіге бағытталған программалау
Математикалық логика
Графикалық объектілерді компьютерлік модельдеу технологиясы
Сымсыз желілерді ұйымдастыру технологиясы
HR менеджмент (minor)
Информатиканы оқыту әдістемесі
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Көшбасшылық және инновацияларды қабылдау (minor)
Математикалық модельдеу және сандық әдістер
Компьютерлік модельдеу
Конструктивтік оқыту әдістері
Деректер қорының теориясы
Қашықтықтан оқытудың әдістемесі
Робототехника негіздері
Интернет заттар технологиялары
-
4 Оқу жылы
Мехатроника және робототехника негіздері
Нейронды желілер (Coursera)
SQL-де программалау
Білім берудегі цифрлық технологиялар
Информатикадан олимпиада есептерін шешу жолдарын үйрету әдістемесі
Жасанды интеллект
Интеллектуалды робототехникалық жүйелер
Деректерді интеллектуальды талдау
3D-модельдеу және 3D-баспа негіздері
3D принтинг негіздері
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Информатиканың негізгі ұғымдарын, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану білімін, кең ой-өрісті және ойлау мәдениеті мен жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Өз саласында кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында бизнес-жобаны дайындауды жүзеге асырады.
- Бастауыш мектеп базасында цифрлық сауаттылыққа, саралап оқыту әдістеріне, сыныптан тыс жұмыстармен айналысуға, мектеп информатикасы бойынша олимпиадалық есептерді шешуге үйрете отырып, білім беру процесінің барлық қатысушыларын біріктіретін ақпараттық жүйелер жиынтығынан тұратын цифрлық білім беру ортасын қалыптастырады.
- Білім және ғылым саласындағы кәсіби қызметте зерттеу әдістерін пайдалану дағдыларын қолданады. Қорытынды аттестаттауға дайындық әдістемесін меңгерген.
- Математикалық модельдеудің негізгі принциптерін, заманауи бағдарламалық құралдарды қолдана отырып статикалық, динамикалық модельдерді құруды біледі. Білім берудегі бұлттық және смарт-технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан білім беру технологияларын, сондай-ақ роботтарды модельдеу және бағдарламалау процестерін меңгерген.
- Инклюзивті білім берудің тиімділігі мен құндылықтарын түсінеді. Оқушылар мен оқытушылар санына байланысты шағын жинақталған мектептерде оқу және тәрбие жұмыстарын, сыныптардың толықтырылуына сәйкес оқыту нысандары мен әдістерін ұйымдастыра алады.
- Білім берудегі аддитивті технологияларды, үшөлшемді графика бағдарламаларын және үшөлшемді баспа құралдарын меңгерген. Ағымдағы әлеуметтік желілерде Маркетингтік коммуникациялар тұжырымдамасын қалыптастыра отырып, SMM ортасымен жұмыс істей алады. Объектіге бағытталған бағдарламалауды, зияткерлік-робототехникалық жүйелерді және жасанды интеллектті жетілдіреді .
- Деректерді жинақтау мен талдау үшін мәліметтер қоры бағдарламалары, бағдарламалау тілінің алгоритмдік құрылымдарын, негізгі элементтерін меңгереді. Студенттер көшбасшылық қасиеттерді, кәсіпорын, білім беру және жалпы ел деңгейінде әсер ету әдістерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың, адамдардың мінез-құлқын, өзара әрекеттесуін тиімді менеджменттеу мен оның практикасын және бағалаудың өлшемдік технологияларын меңгереді. .
- Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, нысандары мен тәсілдерін біледі. Жүйке жүйесінің физиологиясының негіздерін, балалар мен жасөспірімдер өсуінің жалпы заңдылықтарын; информатика тарихы мен негіздерін; бағдарламалау негіздерін, аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра негіздерін, сондай-ақ ықтималдық теориясын және математикалық логиканы игереді.