Жаңа білім беру бағдарламасы

6B05330 Химиялық инженериядағы заттар мен материалдарды сараптау в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу; Кәсіби ортада және социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу
  • Кәсіби қызметте жаратылыстану, математикалық, қоғамдық, тарихи, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және инженерлік білім мен дағдыларды, ғылыми зерттеу әдістерін қолдану.
  • Қоғам дамуының заңдылықтары, қазақ мемлекеттілігі туралы білімді меңгеру, дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, академиялық адалдық пен әдептілікті қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени дамуды көрсету.
  • Химиялық өнімдер, құрылыс және тоқыма материалдары өндірісінің қазіргі жағдайын сыни тұрғыдан бағалау, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктері негізінде қолданыстағы және жаңа технологиялық процестерді жетілдіру жолдарын талдау және таңдау.
  • Табиғи және техногендік шикізатты қайта өңдеу заңдылықтары негізінде өндірістің ұтымды технологиялық схемасын талдау және таңдау, өндірістердің қауіпсіздігін арттыру және экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі іс-шараларды әзірлей отырып, технологиялық процестер мен жабдықтарды есептеу.
  • Өнімдер мен процестердің сапасы мен қауіпсіздігін реттейтін стандарттар мен әдістемелік құжаттама негізінде өнімдердің сапасын бақылау бойынша есепті техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу.
  • Сынақ және бақылау-өлшеу жабдықтары мен аспаптарын дұрыс қолдана отырып, әдістемелерді дұрыс таңдау және сот-сараптамалық зерттеулерді орындау.
  • Деректерді математикалық өңдеу әдістерін қолдана отырып және алынған нәтижені нормативтік құжаттаманың талаптарымен салыстыру және қорытындыларды тұжырымдау үшін өлшеу нәтижелерінің белгісіздігін бағалай отырып, сараптамалық зерттеу нәтижелерін талдау және түсіндіру.
  • Белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік және жұмыс дағдыларын пайдалану; өмір бойы үздіксіз біліктілікті арттыру.
  • Жеке және командада тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, проблемалық жағдайларда тәуелсіз шешімдер қабылдау, аналитикалық және логикалық ойлауды көрсету.
  • Қолданыстағы заңнаманы және басқа да құқықтық актілерді сот-сараптама қызметі саласындағы нақты жағдайларға сауатты қолдану.
Top