7M01111 Педагогика және психология в Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты "7М01111 - Педагогика және психология" білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары оқу орындарында, білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында, білім берудің ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми, педагогикалық, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыруда іргелі білімі бар, инновациялық тәсілдер мен зерттеу дағдыларын меңгерген жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M001 Педагогика және психология
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M011 Педагогика және психология
Пәндер
-
Басқару психологиясы
Курстың мақсаты - қазіргі заманғы басқару психологиясының негізгі тәсілдері мен бағыттарын және психологиялық басқарудың негізгі заңдарын ашу. Курста басқару қызметіндегі мақсат қою, басқару міндеттерін жоспарлау мен шешудің психологиялық ерекшеліктері, басқарушылық бақылаудың психологиялық мәні, қателіктері мен артықшылықтары, ұйымды басқарудың нәтижелілігі мен тиімділігі, өндірістік ұйымдар мен психологиялық ахуалды этномәдени басқарудың әлеуметтік-психологиялық негіздері қарастырылады.
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақстанда педагогика ғылымы мен білім берудің даму тенденциялары
Курстың мақсаты - отандық және қазіргі әлемдегі шетелдік педагогикалық көзқарастарды, заманауи отандық педагогика ғылымы мен білім берудің әдіснамалық мәселелерін қарастыру. Курс Түркі қағанаты дәуіріндегі тәрбие мен оқыту, Қазақстандағы педагогикалық ой мен білім беруді дамытудың негізгі бағыттары (ІХ-ХІХ ғғ.), 1917-1991 жылдардағы және қазіргі жағдайдағы білім беру жүйесін дамытудың негізгі үрдістері мен ерекшеліктері мәселелерін ашады.
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоғары оқу орындарында шет тілінде білім берудің заманауи әдіснамасы
Курстың мақсаты - шет тілінде білім беру саласындағы кәсіби-әдістемелік іс-әрекеттің теориялық-әдіснамалық және құзыреттілік негіздерін қарастыру. Курста когнитивті лингвомәдениеттанымдық әдіснаманың негізгі ережелері тұрғысынан шет тілінде білім берудің қазіргі жағдайы, шет тілінде білім берудің жаңартылған әдіснамалық парадигмалары мен когнитивті-белсенділік аспектісіндегі лингво-мәдени әдіснамалық принциптің мәні, шет тілдері мұғалімінің құзыреттілік моделінің компоненттік құрамы ашып баяндалады.
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жалпы кәсіби шетел тілі
Курстың мақсаты - педагог кәсібінің метатілін, кәсіби қарым-қатынас мәдениеті мен ғылыми терминдер мәселелерін ашу. Курс академиялық жазудың ерекшеліктерін, оқу және ғылыми іс-әрекетте шет тілін пайдалану үшін қажетті академиялық құзыреттерді қарастырады, интернет-дереккөздерді сыни бағалау, жалпылау және қайта құрылымдау арқылы плагиатты іздеу және өңдеу, педагогикалық проблемалар бойынша ғылыми мәтіндер материалында сыни ойлау білігін дамыту мәселелерін қарастырады.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психология мен білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тәсілдер
Курстың мақсаты - психология мен білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тәсіл әдіснамасының негіздері ашу. Курста осы тәсілдердің негізін құрайтын принциптер, идеялар мен категориялар, қазіргі психология мен білім берудегі мәдени, тарихи және іс-әрекет тәсілінің даму жағдайы мен нәтижелілігі, мәдени-тарихи теорияның дамуына ықпал еткен жағдайлар, оның негізгі ұстанымдары, жоғары психикалық функциялардың мәдени және тарихи табиғаты, белгі ұғымы, интериоризация идеясы қарастырылады. Қазіргі білім берудің парадигмалары мен мазмұны мәдени-тарихи және іс-әрекеттік көзқарас тұрғысынан талданады.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері
Курстың мақсаты - педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздерін, зерттеулердің жіктелуін қарастыру. Курста әдістемелік аппаратты пайдалану, зерттеудің тәсілдері мен принциптері мәселелері оқып үйреніледі, теориялық және эмпирикалық әдістерге сипаттама беріледі, педагогикалық зерттеудің нәтижелерін талдауға арналған мәселелер баяндалады.
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми-педагогикалық іс-әрекетті цифрландыру
Курстың мақсаты - цифрлық, мультимедиялық және веб-технологиялардың, веб-парақтар мен әлеуметтік желіледір құрудың, аудио және бейне құралдар дайындау, ақпаратты графикалық ұсынудың теориялық және практикалық негіздерін қарастыру. Курста ақпаратты өңдеу процестерін ұсыну нысандары, цифрлық ортада педагогтердің жұмысын ұйымдастырудың негіздері мен қағидаттары, заманауи бағдарламалық құралдардың көмегімен әртүрлі (мәтіндік, графикалық, сандық) ақпараттық объектілерді жасаудың, редакциялаудың, ресімдеудің, сақтаудың, тасымалдаудың және іздеудің негізгі технологиялары, кәсіби іс-әрекетті, кәсіби және жеке дамуды жақсарту үшін интернет ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері оқып үйреніледі.
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Курстың мақсаты - ғылым философиясын, оның пәні мен мәртебесін, қазіргі ғылым философиясындағы көзқарастардың эволюциясын қарастыру. Курста қазіргі ғылым тарихының философиялық негіздері, ғылыми танымның құрылымы, оның әдістері мен формалары, ғылыми білімнің даму кезеңдері, әлеуметтік-гуманитарлық білімнің әдіснамалық принциптері, жекелеген ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымды қалыптастыруға қосқан үлесі, ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілері қарастырылады.
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Білім берудегі әлеуметтік психология
Курстың мақсаты – студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуының әлеуметтік-психологиялық аспектілерін қарастыру. Курста студенттердің кәсіби-тұлғалық дамуына әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың әсер ету мәселелері баяндалады, білім беру процесінде студенттердің кәсіби-тұлғалық дамуын оңтайландырудың жолдары ашылады, ұйымдық мәдениет пен әлеуметтік-психологиялық климатты диагностикалау әдістері беріледі.
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Курстың мақсаты - педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі салаларындағы қарым-қатынас, оқу материалдары мен іс-әрекет мазмұнының кәсіби бағыттылығы мәселелерін қарастыру. Курста тілді қалыптастыратын әдістер мен тәсілдер оқып үйреніледі, білім алушылардың кәсіби мүдделеріне тікелей қатысты салалардағы ғылыми жетістіктер ашылады, ғылыми-зерттеу саласындағы коммуникацияны жүзеге асыру құралы ұсынылады.
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру
Курстың мақсаты - ғылыми педагогикалық зерттеулердің негізгі сипаттамаларын, педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру логикасын қарастыру. Курста ғылыми мәтіндерді рефераттау, ғылыми мақала жазу мәселелері және диссертациямен жұмыс әдістемесінің ерекшеліктері, диссертация үшін ғылыми ақпаратты іздеу мәселелері, ғылыми жұмыстағы формальды логиканың маңызы, жазбаша ғылыми сөйлеудің бөлігі ретінде ғылыми жұмыстың стилі мен тілінің ерекшеліктері, диссертацияның ғылыми аппараты, библиографиялық сипаттау мен библиографиялық сілтемелер, диссертацияны қорғауға дайындау, қорғау процедурасы және қорғаудан кейін құжаттарды рәсімдеу мәселелері қарастырылады.
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Халықаралық білім беру жобаларын басқару
Курстың мақсаты - білім беру саласындағы жобалық тәсілдің, халықаралық жобалық қызметті басқару жүйесінің мәнін ашу. Курста білім беру саласындағы жобалық идеяларды жинақтау, жоба топтарын қалыптастыру мәселелері, білім беру саласындағы халықаралық жобаларды басқару ерекшеліктері, білім беру саласындағы халықаралық жобаларды басқару құралдары мен әдістері, жобаны әзірлеу мәселелері, халықаралық білім беру жобаларының тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері қарастырылады.
Семестр - 3
Несиелер - 4
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Курстың мақсаты - жоғары мектеп педагогикасының заманауи іргелі теориялық-әдіснамалық және практикалық негіздерін, отандық және шетелдік педагогикалық тұжырымдамаларды, теориялар мен технологияларды ашып көрсету. Курста жоғары білім беруді дамыту мәселелері, оқытуға жеке тұлғаға бағытталған және құзыреттік тәсілдер тұжырымдамалары, тұтас педагогикалық процесс теориялары, оқытудың кредиттік жүйесінің мәні, жоғары оқу орындарын басқару, жоғары мектептің ғылыми іс-әрекет теориясы және тарихы қарастырылады, жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық іс-әрекеттің және оқытудағы инновациялық технологиялардың мәні ашылады.
Семестр - 3
Несиелер - 4
-
Академиялық мақсаттарға арналған тіл
Курстың мақсаты - ғылыми терминдерді, қысқаша аннотациялар мен рефераттар құрастыруды оқып үйрену. Курс академиялық бағыттағы ағылшын тіліндегі мәтінді оқуға, аударуға және талдауға, академиялық жазудың ерекшеліктеріне, оқу және ғылыми іс-әрекетте шет тілін пайдалану үшін қажетті академиялық коммуникацияны қалыптастыруға, интернет-дереккөздерді сыни бағалауға, қайта құрылымдауға, жалпылау арқылы плагиатты іздеуге және өңдеуге, педагогикалық проблемалар бойынша ғылыми мәтіндер материалында сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға бағдарланады.
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Білім беруді басқару
Курстың мақсаты - білім беру саласындағы басқару ғылымының теориялық негіздерін, білім беруді басқарудың мәні мен білім беру менеджментіндегі заманауи тенденцияларды қарастыру. Курста білім беру жүйесін дамытудағы перспективалық бағыттар мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясат, білім беру саласындағы инновациялық қызмет әдістері, Қазақстандағы және шетелдегі білім беру менеджментінің қазіргі заманғы жүйелері қарастырылады.
Семестр - 3
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- - негізгі философиялық ақпаратты сыни тұрғыдан талдай отыра, қазіргі заманғы философиялық концепциялардың іргелі білімдерін кәсіби қызметте пайдалану және ғылым философиясы мен тарихының концептуалды аппаратын игеру негізінде диссертациялық зерттеу дағдыларын меңгереді.
- - оқыту, дамыту, тәрбиелеу процестерінің теориясы мен технологиясы туралы білімдерді игеру арқылы олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі сапасын бақылауды ескере отырып, ЖОО-ғы оқу-тәрбие үдерісінің барлық формаларын ( лекция, семинар, факультатив және т.б.) жүргізудің педагогикалық технологияларын жобалау мен мемлекеттік және шет тілдерінде ғылыми коммуникацияның заманауи әдістері мен технологияларын қолдану негізіндегі жүйелі ғылыми білімге ие болады.
- - басқару қызметін психологиялық талдау, басқару шешімдерін қабылдау мен қызметкерді басқарудың оңтайлы стилін таңдау және психологиялық көмек көрсету үшін қолайлы жағдай туғызу бойынша алған білімдерін пайдалану арқылы өзінің кәсіби қызметі саласында ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын меңгеріп, әлеуметтік-психологиялық жетекшілік жасау, болжау және жобалау, ұйымды дамыту, политолерантты өндірістік ортаны құру әдістерін қолданады.
- - нақты оқыту жағдайындағы әлеуметтік-мәдени ортаның ерекшеліктерін бағалай отыра, педагогтармен мәдени-тарихи және дамыта оқыту теорияларының негіздері бойынша ағартушылық-кеңес беру жұмысын жоспарлап жүзеге асыруда оқытуды мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тәсілдерге сүйеніп құрудың теориялық және практикалық мүмкіндіктерін негіздеу үшін білім берудегі салыстырмалы талдау критерийлерін пайдаланады.
- - білім беру саласындағы зерттеу мәселелерін анықтап шешу үшін ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру және жүргізу әдістері мен технологияларын қолдана отырып және қоғам игерген мәдени құндылықтарды жинақтау мен сақтаудағы білім беру саласының рөлін мойындай келе, тарихи дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі қоғам мен білім беру жүйелері арасындағы қарым- қарым-қатынастардың әлеуметтік мәнін түсінгенін көрсетеді.
- - қазіргі заманғы педагогикалық зерттеулер әдіснамасын жүйелі негізде түсініп, педагогикалық зерттеу жүргізу әдістерін өз бетінше таңдай отыра, зерттеу міндеттерін шешу кезінде туындайтын әдіснамалық проблемаларды талдау дағдыларын, зерттеу міндеттерін шешу бойынша іс-әрекеттің қазіргі ғылыми жетістіктері мен нәтижелерін сыни талдау және бағалау дағдыларын меңгереді.
- - лингвомәдени әдістеменің мәнін таным теориясының заманауи платформасы ретінде ұғынып, оның когнитивті-категориялық аппараты негізінде, тұжырымдама мен әдіснаманың теориялық ережелерін өзінің зерттеу жұмысында пайдалана отыра, талдау үшін ұсынылған үлгілер бойынша формальды-лингвистикалық және лингвомәдени сәйкестік/алшақтық сәттерін мәтіндер мен дискурстарда бөліп көрсету дағдыларын меңгереді.
- - студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына психологиялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ете отыра, ұйымдық мәдениет пен әлеуметтік-психологиялық климатты диагностикалауда білім беру процесін ұйымдастыру және басқару әдістері мен тәсілдерін, кәсіби әдебиеттерді талдау дағдыларын қолданады.
- - шет тілінің ғылыми, іскерлік және кәсіби лексикасын, әдіснаманың теориялық ережелерін пайдалана отырып, оның когнитивтік-категориялық аппараты негізінде лингвомәдени әдіснаманың мәнін және халықаралық кәсіби қарым-қатынас жағдайында коммуникативті мінез-құлық стратегиялары мен стратегияларын түсінгенін көрсете алады, лексикалық, грамматикалық және фонетикалық бірліктерді мәтіндер мен дискурстарда анықтау дағдыларымен, сондай-ақ талдау үшін ұсынылған үлгілер бойынша шет тіліндегі мәлімдемелерді қалыптастыру және қабылдау дағдыларымен жұмыс істей біледі.
- - ақпараттық-коммуникациялық, цифрлық технологиялар мен платформалардың: Google сервистер, Miro виртуалды тақтасы, Microsoft Teams, Zoom, LMS Moodle, Quizlet, YouTobe, мультимедиялық технологиялар, интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді сервистер түрлерін пайдалана отырып, заманауи цифрлық білім беру технологиялары мен компьютерлік сауаттылықты, цифрлық технологиялар саласындағы негізгі құзыреттіліктерді меңгереді.
- - алынған зерттеу нәтижелерінің жаңалығын эксперименттік зерттеу мәліметтерін интерпретациялаудың заманауи әдістерінің көмегімен терең мамандандырылған кәсіби теориялық және практикалық дағдылар негізінде дәлелдей отыра, ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде зерттеу жүргізу үшін стандартты емес әдіснамалық мәселелерді талдау және шешу дағдыларын пайдаланады.
- - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша психологиялық-педагогикалық білімнің интеграциялануын қамтамасыз ете отыра, шетелдік тәжірибе негізіндегі инновациялық технологияларды, білім беру сапасын бақылау формалары мен әдістерін, бақылау-өлшеу материалдары мен ақпараттық технологиялардың түрлерін қолдану арқылы басқару процесін бағалайды.
- - халықаралық білім беру жобасы мазмұнының сапасын басқаруда, жобаның тұжырымдамасы мен негізгі бөлімдерін әзірлеуде барлық тараптардың мүдделері сақталуын және білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттардың, педагогикалық инновациялардың әлемдік трендтерге сәйкестігін ескере отыра, жобаның орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, жобаны жүзеге асырудың әртүрлі кезеңдерінде халықаралық жобалық қызметті ұйымдастырады.