Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05304 Физика в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі Қазақстанның қалыптасу тарихын біледі, ойлау мәдениетін игереді, кәсіби қызметте философиялық, құқықтық білімнің негіздерін пайдаланады, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын түсінеді, зиянды және қауіпті факторлардың адамға және табиғи ортаға әсерін бағалайды.
  • Педагогикалық, ғылыми және тәрбие қызметінде қоғамдық, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларды және кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылықпен салауатты өмір салты негіздері туралы білімдерін қолданады.
  • Қазақ, орыс және шетел тілдерінде тұлғааралық, мәдениетаралық, кәсіби коммуникацияны жүзеге асырады, ақпаратты талдайды және ситуациялық шешімдер қабылдайды.
  • Физикалық эксперименттер жүргізу үшін заманауи есептеу техникасын, мәтіндерді өңдеу программаларының пакеттерін, мәліметтер базасын, электрондық кестелерді және графикалық суреттерді қолданады.
  • Қазіргі заманғы программалау тілдерін және физикадағы компьютерлік модельдеу әдістерін жетік меңгереді, машиналық оқыту және жасанды интеллект алгоритмдерін қолданады, стандарты және стандарты емес физикалық есептерді шешу алгоритмдерін құрайды және қолданады.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды практикалық қызметте, физикалық эксперименттік деректерді өңдеуде, кәсіби, ғылыми өзара әрекеттесуде және ана және шетел тілдерінде қарым-қатынаста қолданады.
  • Үшөлшемді виртуалды объектілерді жасайды, арнайы программалық пакеттерді пайдалана отырып, виртуалды ортада әртүрлі физикалық модельдер мен эксперименттерді шығарады.
  • Іргелі физикалық заңдар мен теориялар, табиғат пен техникадағы құбылыстар мен процестердің физикалық мәні туралы білімдер жүйесін меңгереді, физикалық процестерге ғылыми бақылау жүргізеді, теориялық және эксперименттік нәтижелерді талдайды, физиканың әртүрлі салаларындағы практикалық есептерді шешеді.
  • Физиканың даму тарихын, дүние жүзінің және Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымдарының есімдері мен ашқан жаңалықтарын біледі, физикадағы тарихи жаңалықтардың қазіргі ғылым мен техниканың дамуы үшін маңызын түсінеді.
  • Физика мен қазіргі жаратылыстану ғылымдарының іргелі және қолданбалы есептерін шешу үшін математикалық аппаратты, жоғары математика теориясының әдістерін қолданады.
  • Қазіргі заманғы материалдардың негізгі қасиеттерін сипаттайды, материалдар мен наноматериалдардың жіктелуін біледі, материалдардың құрылымдық ерекшеліктерін және олардың физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеру себептерін түсінеді, қазіргі заманғы жабдықтарды пайдалана отырып материалдар мен наноматериалдардың қасиеттерін зерттейді, зерттелетін материалдарды талдаудың оңтайлы әдістерін таңдайды.
  • Сандық электронды және микропроцессорлық схемаларды құрастырады, электр тізбегінің параметрлерін есептейді, сенсорлық түрлендіргіштері бар датчиктерді таңдайды, кванттық және цифрлық электроника мәселелерін шешеді.
Top