6B01202 Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және педагог-психолог в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Тәрбиешінің негізгі еңбек функцияларынан басқа, психопрофилактикалық, психодиагностикалық, түзету және психоконсультациялық қызмет бойынша функцияларды жүзеге асыра алатын және қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін педагог-психологтың құзыретіне ие мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Пәндер
-
Педагогикалық кәсіпке кіріспе
Бұл курс білім алушыға адамзат тарихында педагогикалық кәсіптің пайда болуы мен қалыптасуы жайлы мағлұмат алуына, педагог мамандығының гуманистік сипатын ұғынуға, қоғамдағы маңызы мен кәсіби қасиеттері жайлы білімді игеруіне мүмкіндік береді. Аталған курстан білім алушылар тәрбиешінің қарым-қатынас жасау мәдениетін, өз білімін жетілдіру, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыра білу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Балалар психологиясы
Бұл курстан білім алушы балалардың дамуы мен өсуінің жалпы заңдылықтарын сипаттай білуді; балалар психикасының онтогенездік даму ерекшеліктерін анықтай алуды; туғаннан 6 жасқа дейінгі баланың даму заңдылықтарын меңгеріп, мемлекеттік стандарт талаптарына сай жұмыс жасау формаларын жүзеге асыруды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Бұл курста білім алушы курстың теориялық және практикалық маңыздылығын, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру әдістері мен тәсілдерін меңгереді, мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқы мен қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу қабілетін меңгереді. Білім алушы: мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен өсуінің жалпы заңдылықтарын талдай білу; салауатты өмір салтына тәрбиелеу; мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиясы
Бұл курста студенттер балалардың дамуы мен өсуінің жалпы заңдылықтарын сипаттай алуды; жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін ғылыми-теориялық тұрғыда ажырата алуды; мектепке дейінгі балалардың даму деңгейлерінің көрсеткіштерін бағалай білуді; балалардың қабілеттерін дамытудың тиімді тәсілдерін шығармашылықпен қолдана білуді меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Педагогика
Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі психология
Курс білім беру қызметінің психологиясы саласында теориялық білімдерді қалыптастыруға және практикалық біліктерді игеруге бағытталған. Пән мектепке дейінгі және мектеп жасындағы білім алушылардың ойын және оқу іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ мұғалімнің педагогикалық қызметін ашады. Осы курс аясында мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінде оқу кезеңінде әр түрлі жас кезеңдерінде баланың дамуының заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктеріне баса назар аударылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мектепке дейінгі педагогика
Білім алушылар мектепке дейінгі педагогика пәнінің мақсаты-міндеттері, әдістері, басқа ғылымдармен байланысын ажырата білуді; мектепке дейінгі оқыту білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ететін құжаттарды талдауды; балаларды жасерекшеліктеріне қарай тәрбие түрлерін ажырата алуды, отбасы тәрбиесі және мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастық бағыттарын жүзеге асыру тәсілдерін сараптауға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қызықты математика
Бұл курс білім алушыға балалардың логико-математикалық дамуын жетілдірудің теориялық және әдістемелік негіздерін меңгерту мақсатын көздейді. Балалардың бейнелі және логикалық ойлауын дамытуда қолданылатын әдістерді ажырата алуды; математикаға қызығушылықтарын дамытуға арналған тапсырмаларды саралай білуді; оқытуда қолданылатын тәсілдер мен құралдарды сараптап пайдалануды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесі
Бұл курстан балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесі пәнінің теориялық негіздері жайлы мағлұмат алады. Сан, жиын, шама ұғымдарына талдау жасай алуға мүмкіндік береді. Балаларға геометриялық пішіндерді танып, ататуға үйретудің әдістемесін меңгереді. Уақытты бағдарлау, кеңістікте бағдарлау және өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету жолдарын жүзеге асырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ерте жас педагогикасы
Білім алушы ерте жастағы балалар дамуының психофизиологиялық ерекшеліктерін сипаттай алуды; мектепке дейінгі ұйым және отбасы жағдайында ерте жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеудің заманауи бағыттарының маңызын анықтай алуды; психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың түрлерін саралай білуді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Пренатальды педагогика
Бұл курстан пренатальды кезеңдегі баланы тәрбиелеу мен дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін талдай білуді;пренатальды даму кезеңіндегі өзгерістерді сипаттауды; психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымдарын саралай алуды; нәрестелік және бөбектік кезендегі баланың анатомиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін талдап, бағалай білуді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогикалық-психологиялық диагностика
Бұл пәннен диагностика, психологиялық-педагогикалық диагностика ұғымдарының ерекшеліктерін түсініп, салыстырмалы талдау жасай алу дағдыларын меңгереді. Педагогикалық және психологиялық диагностиканың даму тарихымен танысады. Диагностикалық әдістер: байқау, психологиялық-педагогикалық эксперимент, ауызша сауалнама, жазбаша сауалнама, сараптамалық бағалау әдістерімен танысып, мазмұнды талдау әдістерін іске асыруға машықтанады. Диагностикалық зерттеуде балалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды жүзеге асырудың жолдарын игереді. Психологиялық-педагогикалық өлшемдерді бағалау критерийлерін тәжірибеде қолдана алу мүмкiндiктерi қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Білім алушы мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызметтің негізгі мәселелерін ғылыми-теориялық тұрғыда талдауға; мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру әдістемесін практикалық іс-әрекет тұрғысында көрсете алуға; балалардың психикалық даму ерекшеліктерін ғылыми-педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан негiздей бiлуге; мектепке дейінгі ұйымдағы психологтың кәсіби жұмысын сараптауға, отбасымен, ұжыммен атқарған қызметіне кәсіби рефлексия жасай алуды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Балаларды диагностикалау әдістері
Бұл курстан студенттер мектеп жасына дейінгі балалардың дамуының педагогикалық диагностикасының мақсат-міндеттерін, ерекшеліктерін, негізгі ұстанымдарын сараптай алуды; мектеп жасына дейінгі балалардың құзырлылығын бағалау өлшемдеріне ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау жасады; диагностикалық зерттеулер құрылымы, оқу-танымдық іс-әрекеттің бағалануын ұйымдастыру әдістемесін практикалық іс-әрекет тұрғысында сипаттауды; мектеп жасына дейінгі балалардың түйсігіне жүргізілетін психодиагностикалық жаңа тәсілдемелерді оқу үдерісінде жүзеге асыру құзіреттіліктерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Адал азамат құндылықтары
Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық құқықтық мәдениетке тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық
Курс қазіргі нарықтық экономика жағдайында табысты кәсіпкерлік қызметке қажетті құзыреттерді дамытуға ықпал етеді. Студенттер оңтайлы экономикалық шешімдер қабылдауды үйренеді, кәсіпкерлік пен қаржының негізгі ұғымдары мен білімдерін меңгереді, қаржылық операцияларды жүргізуге қажетті дағдыларды дамытады. Студенттер қаржы институттарының (банктер, қор нарығы және т.б.) қызметін талдайды, қаржылық-экономикалық құбылыстарды (несие беру, инвестициялау және т.б.) жіктейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ойын технологиясы
Курста мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті – ойынның мәні ұғындырылады. Балалар ойынының түрлерін, психо-педагогикалық ерекшелігін, педагогикалық мәніне сай жіктеуді пайымдайды. Ойын теориясы негізінде мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетін ұйымдастыра алуды, жас ерекшеліктеріне сәйкес ойын түрлерін қолдануды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Экологиялық мәдениет
Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі білім беру менеджменті
Бұл курста мектепке дейінгі ұйымды басқарудың ғылыми Бұл курста мектепке дейінгі ұйымды басқарудың ғылыми негіздерін меңгеріп, білім беру жүйесінің даму тенденцияларын, білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын талдай жасауға; мектепке дейінгі ұйымында іс-қағаздар жүргізудің тәсілдерін саралай алуға; кәсіби даму міндеттерін жоспарлап, мектепке дейінгі мекеме жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру жолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Білім алушы тәрбиенің мәнін, оның тұтас педагогикалық үрдістегі орнын жоспарлай алуды; отандық және шетелдік педагогиканың тәрбие теорияларын талдай білуді; тұтастай педагогикалық үрдістегі тәрбиенің заңдылықтарын, ұстанымдары мен әдістерін, тәрбие құралдарын ұтымды қолдана алуды; мектеп жасына дейінгі балалармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасау формалары мен әдістемесін жүзеге асыруды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экологиялық тәрбие беру әдістемесі
Курста мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің теориялық және практикалық негіздерін меңгеріп, қоршаған ортаның экологиялық мәселелерін сыни тұрғыда талдай білуді меңгереді. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің мазмұнын, мақсатын, принциптерін негізінде экологиялық сана, мәдениет ұғымдарын сипаттау дағдыларына ие болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім беру үрдісіндегі педагог-психологтың әрекеті
Білім алушылар білім беру үрдісіндегі педагог-психологтың әрекетіне еркін түрде талдау жасауды; мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне тарихи шолу жасай алуды; балатұлғасыныңтанымдық сферасын диагностикалау ерекшеліктеріне ғылыми-әдістемелік тұрғыда түсінік беруді; мектепке дейінгі мекемеде психологтың психодиагностикалық мәліметтерді жинақтаудың әдіснамалық негізін жүзеге асырудың тиімді жолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі
Бұл курста балалардың сөздерді және сөйлемдерді грамматикалық формада дұрыс байланыстыра алуын сипаттай алуды; олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда қолданылатын жаңашыл әдістерді саралай білуді; бала тілін дамытуда, ауызекі сөйлеуге үйрету әдістемесіне талдау жасауды; сондай-ақ, мәтіндермен жұмыс жасауда тиімді әдістерді қолдана білуді; сөйлемнің құрылымына сыни талдау жүргізуді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Психологиялық коррекция және кеңес беру негіздері
Студенттер психологиялық коррекция психологтың іс-әрекеті саласы ретіндегі ерекшелігін ажырата алуды; практикалық коррекция әдістері, коррекциялық топ түрлеріне сипаттама жасай білуді; психологиялық кеңес беруді ұйымдастыра алу дағдыларын меңгеріп,мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестер коррекциясын, тұлғалық даму коррекциясын, отбасымен психокоррекциялық жұмыс негіздері және кеңес беру әдістемесін практикалық іс-әрекет тұрғысында көрсете алу дағдысына машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басқару
Білім беру жүйесін басқарудың теориялық негіздері. Мектепке идейінгі ұйымды басқарудың ғылыми негіздері. Басқару іс әрекетінің мазмұны. Мектепке дейінгі ұйымның нормативтік құқықтық іс құжаттары. Жобалау ұғымына ғылыми тұрғыда сипаттама беру. Жобалау іс-әрекетінің мақсаты, міндеттерімен таныстыру. Жобалау іс-әрекетіне даярлығын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі
Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі пәнінің мақсаты, міндеттерімен танысады. Пәнді оқытудың әдістері мен тәсілдерін тиімді қолдану жолдарын меңгереді. Қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі пәнінің педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі маңызын айқындайды. Табиғаттың адам өміріндегі орны мен мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың тәрбиелік және білімділік міндеттерін маңызын меңгертуге бағытталған пән болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагог-психологтың этикасы мен кәсіптік шеберлігі
Білім алушы мектепке дейінгі ұйым педагог-психологы іс-әрекетінің мазмұнын, кәсіби іс-әрекетінің міндеттері мен түрлерін, негізгі принциптеріне сипаттама жасай алуды; педагог-психолог қызметінің жұмыс бағыттарын ажырата алуды; мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында туындайтын оқу-тәрбиелік міндеттерді кәсіби деңгейде шешу қабілеттерін мңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру
Оқу-таным әрекеті және мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастыру мәселелері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту. Балаларды оқыту ұстанымдары. Балабақшадағы дидактика. Балабақшадағы оқытудың психологиялық негіздері. Балабақшада оқытудың педагогикалық мәні. Ересек топ балаларының танымдық белсенділігін дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі білім берудегі цифрлық технологиялар
Заманауи цифрлық технологиялар және оларды мектепке дейінгі білім беруде қолданудың жолдарын меңгереді. Мультимедиялық технологияларды, білім берудегі 3D-технологияларды және жасанды интелекті қолдана біледі; сапалы цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуді, мектепке дейінгі білім беру процесінде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану мен оқыту нәтижелерін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын цифрландыруға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Заманауи білім беру технологиялары
Білім алушы оқыту мен оқудағы жаңа технологияларды сипаттай алуды; тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуды сыни талдай білуді; оқыту мен оқудағы сандық ресурстарды қолдана білуді; бағалаудың негізгі мақсаттары мен өлшемдерін анықтай алуды; жоспарлау жүйесінің мазмұнын саралай білуді; өзара іс-әрекеттегі жұмыс түрлерін бағалай алуды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің педагогикалық шеберлігі
Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәнін анықтайды; мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің педагогикалық шеберлігі мен маңыздылығын саралайды; Тәрбиешінің шеберлігі бала тәрбиесінің заңдылығын білу: мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге машықтанады. Тәрбиеленушілермен, ата-аналармен, ұжыммен, педагогикалық қарым-қатынас шеберлігін, әдептілігін, мектепке дейінгі білім беру жүйесін басқарудағы педагогикалық біліктілікті меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арт-терапия практикумы
Бұл курстан білім алушылар арт-терапия, арт-терапияның шығу тарихы және оның әлеуметтік жұмыста қолданылуы туралы сипаттай білуді; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында арттерапия әдістерін қолдану ерекшелігін әдістемелік тұрғыда жүзеге асыруды; арт-терапия түрлері, тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тану тренингтерін ұйымдастырып, жаңа тәсілдемелерді оқу үдерісінде қолдана алу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ертегі терапиясы
Бұл курстан білім алушы ертегі терапиясының адамзат өркениетіндегі практикалық психологияның ежелгі әдісі ретіндегі маңыздылығын саралауды, ертегі терапиясын сипаттап, ертегі формаларының алуан түрлілігі мен терапиялық диагностикасы және түзету принциптерін әдістемелік тұрғыдан негiздеп тәжірибеде қолдану мүмкiндiктерiн меңгереді. Ертегілердің бағыттары, ертегілермен жұмыс формалары мен арт-терапия бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі
Бұл пән студенттерге Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың белсенді сөздік қорын байытуды, тілдік нормаларды игертуді, мемлекеттік және орыс тілдеріне үйретудің тиімді тәсілдерін меңгертуге бағытталған."Қатынас" білім беру саласы бойынша коммуникативтік біліктер мен дағдыларды дамытуға, балалардың түрлі іс-әрекетінде ауызекі сөйлеуін жетілдіруге, сөздік қорын байытуды табысты меңгертудің әдістемесін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сауат ашу әдістемесі
Бұл курс студенттерге сауат ашу пәнінің теориялық және әдістемелік негіздерін меңгерту мақсатын көздейді. Балалардың "сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыруда тиімді тәсілдерді пайдалануды; дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдап, жазу үдерістерін табысты меңгертудің ережелерімен танысады. Сызбаларды, жиектерді салуға үйретудің әдістемесін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Балабақшадағы STEAM технологиясы
Бұл курс болашақ педагог-тәрбиешілер робототехника, модельдеу және дизайн элементтері арқылы мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру практикасына STEAM білім беруді енгізудің жолдарын меңгереді. Курстан қашықтағы технологияларды қолдана отырып, шағын жобаларды әзірлеуге дағдыланады. Пән студенттердің мектеп жасына дейінгі балалардың конструктивті қызметі мен техникалық шығармашылық дағдыларын дамытуға қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру әдістемесі
Бұл курстан балалардың психо-физиологиялық даму мүмкіндіктерін, заттық-дамытушы ортаны қалыптастырудың әдістемелік мәнін және ерекшелігін түсініп, теориялық білімдерін іске асыра алу тетіктерін меңгереді. Әр жас кезеңінің ерекшеліктеріне сай балалардың дамуы мен тәрбиесіне қажетті заманауи дидактикалық материалдарды, жабдықтар мен мүліктерді қолдана алу машығын меңгереді. Инклюзивтік білім беруге жағдайлар жасауды қамтамасыз етіп, атқарылған жұмысына талдау жасай білуге дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагог-психологтың ата-анамен жұмысы
Бұл курс педагог-психологтың ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны мен міндеттері, жұмыстың формалары мен әдістерін негізгі ерекшеліктері мен ұстанымдарын, оларды жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Сонымен қатар мектепке дейінгі басқарманың жанұямен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру технологиясына ғылыми-әдістемелік тұрғыда түсінік беріледі. Білім алушының педагог-психологтың баламен жүргізілетін жұмысының бейімдеушілік кезеңдері, қиындықтары мен жетістіктерін әдістемелік тұрғыдан негiздей бiлу және тәжірибеде қолдана алу мүмкiндiктерi қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагог-психологтың дарынды балалармен жұмысы
Бұл курста дарынды балалармен психологиялық педагогикалық жұмыстар ұйымдастыру негіздерін, дарынды балаларды айқындау және дамытудағы ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру жолдарын меңгереді. Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау, дарындылықты дамытудың нормативтік құқықтық базасымен таныстыру, дарынды балалармен психологиялық педагогикалық жұмысты жан жақты талдау және шеше білу қабілеттерін машықтандыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және ақыл ой дамуының бұзылуына сипаттама беруді; инклюзивтік білім беру жөніндегі құзіретті кадрларды дайындау мәселерін талдауды; дамуында ақаулары бар балаларды оқыту әдістерін меңгереді. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың отбасыларымен жасалатын өзара жұмыс түрлерін жүзеге асырудың жолдарын меңгеріп, балалардың даму динамикасын талдауға машықтанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Білім алушы ғылыми - зерттеу жұмыстарының, академиялық жазудың негізгі қағидаларын сипаттай алуды; баяндама мен ғылыми мақаланың ерекшелігін анықтай алуды; нақты тұжырымдарды қолдана білуді; ғылыми -зерттеу жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдерді сыни талдай алуды; ғылыми мақаланың басқа ғылыми жұмыстардан өзгешелігін салыстыра білуді меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Баланы мектепке бейімдеу әдістемесі
Білім алушылар баланың мектепке психологиялық-педагогикалық тұрғыда бейімделуінің ғылыми-теориялық негіздерін игеріп, балалардың биологиялық, әлеуметтік бейімделуін жүзеге асыруда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана білуге дағдыланады. Балаларды мектеп өмірі мен тәрбие жағдайына бейімдеуде олардың қызығушылықтарын, талаптары мен білім алудағы қиыншылықтарын ескере отырып жүзеге асырып, білім алушылар пәннің мазмұнына кәсіби рефлексия жасау дағдысын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балаларды эксперименттік жұмысқа баулу әдістемесі
Білім алушы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және өнертапқыштыққа қабілеттерін дамытуға бағытталған заманауи технологиялардың түрлерімен танысып, роботты техника құрастыра білуге эксперименттік және шығармашылық қызмет түрлерін іске асыруға машықтанады. Мәселеге сыни көзқарас таныта алуды; нақты шешімдер ұсынуды, өзара қарым-қатынас орната білуді, амал-тәсілдерді шығармашылықпен қолдануға дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мектепке дейінгі ерте жаста пәндік-дамытушы орта құру әдістемесі
Студенттер балалар денсаулығын қорғау мен нығайтудың мүмкіндіктерін, балалар дамуындағы жетіспеушіліктерді түзету жолдарын, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, әртүрлі топтарда заттық ортаны жобалаудың үлгісін, заттық ортаны жобалауды әдістемелік тұрғыда бағдарлау жолдарын меңгереді.Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді тереңірек ұғынып, өз беттерінше пайымдаулар жасай алу құзыреттіліктерінің қалыптасуына ықпалын тигізетін тиімді әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану дағдысын игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшаға бейімдеу әдістемесі
Бұл курс бойынша балалардың мектепке дейінгі ұйым жағдайына бейімделуінің педагогикалық-психологиялық шарттарын анықтайды. Мектеп жасына дейінгі балалар психикасының даму қағидаттарын талдап, жинақтай алуды; білім беру мен тәрбиелеудің инновациялық стратегияларын қолданып, балалардың жетістіктерін бағалай білуді; баланы балабақшаға үйретуде ата-аналармен ізгілік қарым-қатынас орната алу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- мектепке дейінгі ұйымдарда кәсіби және педагогикалық-психологиялық іс-әрекет түрлерін ғылыми-теориялық тұрғыда ұйымдастырады және академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін игереді; Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ұлттық саясаттың бағыттары туралы түсініктерін қалыптастырады;
- "Физикалық", "Коммуникативтік", "Танымдық және зияткерлік", "Шығармашылық және зерттеу іс-әрекетін дамыту", "Әлеуметтік эмоционалды" дағдыларын дамыту бойынша ойын іс-әрекетті жоспарлайды, теориялық және әдістемелік пәндерден игерген білімі мен кәсіби дағдыларын тәжірибеде пайдаланады;
- балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін жүйелі талдауға дағдыланған және инклюзивті білім беру саласында кәсіби функцияларды жүзеге асырады;
- мектепке дейінгі жастағы балалармен түзету жұмыстарын жүргізеді, мектепке дейінгі ұйым жағдайына бейімделуде балаларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады;
- білім беру жүйесінің даму тенденцияларын біледі, Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативтік құжаттармен жұмыс жасайды, кәсіпкерлік тұрғыда теориялық білімді игерген және өз кәсібіне тиімді пайдаланады;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын, оқытудың интерактивті әдістерін белсенді қолданады;
- тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескеріп, психология мен педагогиканың теориялық негізінде ата-аналармен ізгілік қарым-қатынас орнатады және оқу-тәрбие жұмысын жоспарлай алады;
- қазіргі әлемдегі экологияның маңызын айқындайды, қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптерін сақтайды және жас ерекшеліктеріне сәйкес әртүрлі ойындарды қолданып, мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени дағдыларын қалыптастыру тәсілдерін зерделейді;
- тәрбиеленушілердің тұлғалық дамуы негізінде психологиялық іс-әрекет түрлерін ұйымдастырады және кәсіби саладағы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді.