Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02202 Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Пәндер

  • Қазақстан этнологиясы

    Пәннің мақсаты: қазақ халқының этнологиясы мен Қазақстанның көп ұлтты халқының этнологиясы, табиғи-тарихи процестер негізінде пайда болған әлеуметтік топтардың ерекшеліктері мәелелерін оқыту. Оқыту барысында студенттер Қазақстан этнологиясын зерттеу әдістері мен практикалық жұмыстар, яғни далалық экспедициялар жұмыстарын ұйымдастырудың басты қағидаларын үйренеді. Қазақ халқының және өзге де қазақстандық ұлттардың этникалық ерекшеліктері, географиялық антропологиялық, тілдік және шаруашылық-мәдени топтасуы, этникалық тарихының негізгі кезеңдері, дәстүрлі мәдениеті мен өзара сабақтастықтары туралы білімді меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экология және өмір сүру қауіпсіздігі

    Тірі ағзалардың, әртүрлі ұйымдастыру деңгейлеріндегі экожүйелердің, жалпы биосфераның негізгі өмір сүру заңдары, олардың тұрақтылығы. Биосфера компоненттерінің әрекеттестігі және адамның шаруашылық қызметінің, әсіресе, табиғатты қарқынды пайдалануды жағдайындағы экологиялық салдары. Әртүрлі елдерде және Қазақстан Республикасында тұрақты даму тұжырымдамалары, стратегиялары мен практикалық тапсырмаларының заманауи түсінігі. Өмір сүру қауіпсіздігі, оның негізгі ережелері. Тәуекелдер, төтенше жағдайлар. Тәуекелдерді талдау, тәуекелдерді басқару. Адам қауіпсіздігінің жүйелері. Заманауи тепе - теңсіздік факторлары. Әлеуметтік, діни, саяси, экономикалық қауіптер, күнделікті өмірдегі қауіптер Қауіпсіздік мекемелерінің жүйесі және олардың қызметін құқықтық реттеу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алғашқы қоғам тарихы

    Пәннің мақсаты: студенттердің бойында адамзат қоғамының даму заңдылықтарын, оның шаруашылық және қоғамдық қызметінің дамуының ерте кезеңдерінде объективті-тарихи түсінігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлем халықтарының этнологиясы

    «Әлем халықтарының этнологиясы» пәнінің мақсаты: пән бойынша жақ-жақты ғылыми негізделген білім беру, әдістері мен мәселенің өзектілігін анықтау, курстың теориялық негіздерін меңгерту. Этнологияның зерттеу әдістерін қолдану арқылы студенттер әлем халықтарының этнографиясын, яғни этногенез, этникалық траихын, шаруашылығы мен материалдық және рухани мәдениетін, отбасылық тұрмыс және басқа да мәселелерін талдауды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Дінтану

    Діннің мәнін, оның құрылымын, функциялары мен қоғам мен адам өміріндегі рөлін, оның тарихи даму ерекшеліктерін, Қазақстан дінінің қалыптасуы мен динамикасын, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәнін зерттеу. Конфессияаралық диалог, діни жағдайды талдау және бағалау, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Әдістері: проблемалық оқыту, салыстыру, талдау, герменевтикалық әдістер, эссегерменевтикалық әдістер, эссе

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика негіздері, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық

    Студенттер экономика мен кәсіпкерлік негіздерін, бизнесті жүргізудің негізгі нысандарын оқып, қаржылық сауаттылық деңгейін арттырып, оның ішінде жеке қаржылық жоспарлау саласында теориялық және практикалық білім алады. Олар мемлекеттің ақша-несие, фискалдық және әлеуметтік саясатының негіздерімен танысады. Тәжірибелік сабақтарда студенттер бизнес-жоспар құрастыру, жеке қаржылық жоспарды құру әдістері мен жинақтарды инвестициялау тәсілдерін, қаржы ұйымдарының қызметтерін пайдалана отырып кірісті арттыру әдістерін, қаржылық алаяқтықтан қорғау әдістерін, зейнетақы жүйесін, сақтандыру, банктер және банк ісі, ақша және қаржы әлеміндегі құқықтық қорғау дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект

    Бұл курстың мақсаты академиялық және болашақ кәсіби қызмет міндеттерін шешуде цифрлық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллектті, Интернет желісінің ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті құзыреттерді қалыптастыру болып табылады. Студенттер заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің, оның ішінде Интернет-технологиялар мен қоғамның даму үдерістеріндегі өтпелі цифрлық технологиялардың орны мен рөлі, оқу-танымдық және болашақ кәсіби қызметтің міндеттерін шешу құралы ретінде цифрлық технологиялар мен ЖИ-ті қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру тәсілдері туралы біледі

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулер және академиялық жазылым негіздері

    Бұл курстың мақсаты зерттеу тәсілдері мен дағдыларын дамыту болып табылады. Курс барысында зерттеу этикасы қағидаттарын сақтай отырып, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату үшін түрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен сервистерді пайдалана отырып, ғылыми зерттеудің негізгі әдістері игеріледі. Студенттер ақпаратты талдауды және жүйелеуді, өз идеяларын нақты құрылымдалған түрде жеткізуге, логикалық реттелген мәтін түрінде ұсынуды, академиялық жазудың ерекшеліктерін, академиялық адалдық қағидаттарына сәйкес жұмыстардың жазбаша түрлерін дұрыс жазу және ресімдеу тәсілдерін меңгереді. Академиялық адалдық қағидаттарына сәйкес жазбаша жұмыс түрлерін дұрыс жазу және рәсімдеу тәсілдерін үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Курс барысында студенттер заңнаманың негізгі теориялық ережелері саласындағы білімді игереді, қолданыстағы заңнаманың күрделі жүйесін саралауды үйренеді, сондай-ақ құқықтық мәдениет деңгейін арттырады. Пәнді зерделеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің себептері, алғышарттары, негізгі әдістері мен нысандары, қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық әдістері мен нысандары қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Отан тарихының өзекті мәселелері

    Пәннің мақсаты: отандық және шетелдік тарихнамадағы түрлі дереккөздері мен зерттеулерін пайдалана отырып, отандық тарихтың өзекті мәселелерін зерттеу. Оқыту барысында студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, тарихи деректермен жұмыс жасай білу, Отандық тарихтың концептуалды мәселелері бойынша теориялық ережелерді түсіндіру, отандық тарихтың іргелі тақырыптары бойынша білімді тереңдету көзделген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Археология

    Пәннің оқу курсы тарих ғылымының бөлімі болып табылатын археология адам қоғамының өткенін, оның қалыптасуы мен дамуын, көбінесе материалдық көздер бойынша ашады. Археологиялық деректер бойынша тарихи процестің қайта жаңартылуын көрсету. Адамзат мәдениетінің, материалдық өндірістің, идеология мен дүниетанымның, қоғамдық қатынастардың даму кезеңдерін, этнос арлық құрылым мен оның өзгеру динамикасын қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ халқының генеалогиясы (шежіресі)

    Курстың мақсаты ұлттық дәстүрдегі-«шежірені» тану негізінде қазақ халқының этногенезінің негізгі кезеңдері, тайпалар мен рулардың түрлері, ерекшеліктері, саны мен қоныс аудару мәселелері туралы білім беру. Пәнді оқу барысында студенттер қазақ халқының ру, бау, сан, тайпа, тұқым, тек, арыс, жүз, жұрт, ел, отан сияқты халықтың тарихын көрсететін - шежіренің негізгі өлшемдері, жеті ата, тұтас этнос, халық тарихының сырын ашуға бағытталған бірден-бір қажет дерек ретінде маңызын зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қосалқы тарихи пәндер

    Қосалқы тарихи пәндерді оқыту міндетіне осы пәндермен ұсынылатын мәліметтер мен әдістермен кешенді танысу кіреді. Бұл саладағы білімнің ерекше рөлі мен құндылығы осы пәндердің өзара, сондай-ақ археология, этнология, алғашқы қауымдық, дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы және мұрағаттану және мұражайтану сияқты тарихи ғылымдар мен тығыз байланысты болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Практикалық және экспериментальдық археология

    Курстың мақсаты археология саласындағы практикалық және эксперименталды әдісті қолданудың ережелерін меңгерту, студенттерге археологияның аталған бағытытындағы нақты зерттеу мәселелерін өз бетінше құрастыруда қажетті теориялық-әдіснамалық негіз қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Төте жазу

    «Қазақ әліпбиі» саналатын қазақ тілімен оқуға арналған дәстүрлі араб графикасының негізіндегі ұлттық жазудың тарихын, жазылу жолдарын және оны оқудың әдістемесін үйретеді. Қадим және жәдид үлгісіндегі тарихи деректерді оқып үйренуге арналған емле-ережелерді меңгеру арқылы Қазақ қоғамындағы маңызды қоғамдық-саяси мәселелерді зерттеу дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мұрағаттану

    Курстың мақсаты: мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың мұрағат қорын шоғырландыру, сақтау және пайдалану міндеттерін шешуде өзара әрекеттесуі туралы жүйелі түсінік беру. Оқыту барысында мұрағат ісінің ұйымдастырылуы, басқарылуы және мұрағаттық мекемелер жүйесінің ондағы мұрағат қорларының жинақталу тарихы, мұрағаттардағы құжаттарды сақтау, олардың ғылыми құндылығын анықтау мен пайдалану, мұрағатшы маман кадрлар құрамы, материалдық техникалық базасы мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ халқының мәдениетінің тарихы

    Курстың мақсаты: Ежелгі дәуірден бастап ХІІІ ғасырдың басына дейін Қазақстан аумағындағы тарихи үрдістің негізгі сатылары мен ерекшеліктері туралы толық түсінік беру. Ерте орта ғасырлық Қазақстанның рухани мәдениетінің негізгі кезеңдері мен өзіндік ерекшелігін, ислам әсерімен рухани трансформациясын және оның мәдени-өркениеттік мазмұнын зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ежелгі Қазақстан тарихы

    Пәннің мақсаты: ежелгі дүниенің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі кезеңдерін, көрнекті ежелгі саясаткерлердің, қолбасшылардың, мәдениет қайраткерлерінің есімдерін, оқиғалардың маңызды күндерін, Ежелгі әлем тарихы бойынша ұғымдарды, мәдениет пен дін саласындағы ежелгі өркениеттердің негізгі жетістіктерін, әлемдік тарих пен мәдениет үшін ежелгі әлемнің тарихи және мәдени мұрасының маңызын зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дүние тарихы

    Пәннің мақсаты: ежелгі дүниенің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі кезеңдерін, көрнекті ежелгі саясаткерлердің, қолбасшылардың, мәдениет қайраткерлерінің есімдерін, оқиғалардың маңызды күндерін, ежелгі әлем тарихы бойынша ұғымдарды, мәдениет пен дін саласындағы ежелгі өркениеттердің негізгі жетістіктерін, әлемдік тарих пен мәдениет үшін ежелгі әлемнің тарихи және мәдени мұрасының маңызын зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мұражайтану

    Курстың мақсаты: Музей ісі негіздері бойынша базалық білім жүйесін қалыптастыру, мұражай ісі және қолданбалы музейтану концепциялары, теориялары, негізгі анықтамаларымен студенттерді таныстыру. Оқу барысында мұражайлардың қоғамдық даму жүйесіндегі орны мен рөлі, мұражайлардың қалыптасуының тарихи тәжірибесі және олардың қызметінің заңдылықтары мен үрдістерін ашудағы рөлі туралы түсінік алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Батыс Қазақстан тарихы

    Батыс Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін және оның саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін зерттейді. Студенттерді қазіргі Батыс Қазақстан облысында болған негізгі тарихи оқиғалар мен үрдістермен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақстандағы ортағасырлық сәулет өнерінің тарихы

    Курстың мақсаты: Қазақстан территориясындағы ортағасырлық тарихи ескерткіштерді –сәулет ескерткіштерін, мәдени-діни кешендерді, құлпыр үстіндегі тастар мен құрылыстарды зерттеу және сараптау. Пәнді оқу барысында тарихшы-студенттер ортағасырлық сәулет ескерткіштері мен құлпытас тастарының тарихи-мәдени мұрасын, маңызы мен рөлін, олардың деректану талдауын және оның әдістемесін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан мұражайларының тарихы

    Курстың мақсаты - Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы мұражай ісін дамытудағы жетістіктерін көрсету. Оқыту барысында мұражай саласының болашақ мамандарына экспозицияны, көрмені жобалау, мұражай мекемелерін басқаруы және маркетингі, отандық мұражай ісінің қалыптасу тарихы мен қазіргі жағдайы, ерекшеліктері мен перспективалық жоспарлары, мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі нақты іс-қимылдар туралы жан-жақты білім береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • ТМД елдерінің тарихы

    Курстың мақсаты: 1991-2011 жж. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қалыптасу және даму процестерін зерттеу, аталған кезеңде посткеңестік кеңістіктегі дезинтеграциялық және интеграциялық үрдістердің геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени факторларын талдау болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның ортағасырлар тарихы

    Қазақстанның ортағасырлық тарихы-тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді тұтас түрде зерттейтін, орта ғасырларда Қазақстан аумағында орын алған тарихи заңдылықтарды анықтайтын ғылым. Курс студенттердің ортағасырлық Қазақстанның этностары мен мемлекеттерінің тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін талдау қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орта ғасырлар тарихы

    Пәннің мақсаты: Батыс Рим империясының құлауынан және Ұлы географиялық ашылулар дәуірінің басына дейінгі кезеңді қамтитын адамзат тарихындағы дәуірін зерттеу. Оқыту барысында білім алушылар феодалдық құрылыстың дамуының жалпы заңдылықтарын, адамзат дамуындағы прогрессивті кезеңді, орта ғасырлардағы тарихи үрдістің әр түрлі елдердегі өз ерекшеліктерін анықтауды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстандағы мұрағат ісінің тарихы

    Пәннің мақсаты – Қазақстандағы мұрағат ісінің қалыптасу тарихы туралы білім беру. Пәнді оқу барысында Қазақстандағы алғашқы мұрағат ісін ұйымдастыру, мұрағат ісін басқару органдарының құрылу тарихы және мұрағат мекемелері жүйесі, ондағы мұрағат қорлары, құжаттарды сақтау, анықтау және пайдалану, бірінші мамандардың құрамы, материалдық-техникалық база мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шығыс елдері мәдениетінің тарихы

    Курстың мақсаты: Қытай, Жапония, Үндістанда ерте орта ғасырларда мәдени қатынастардың қалыптасуын зерттеу. Сондай-ақ ежелгі әлемнен орта ғасырға, дәстүрлі қоғамның тұрақты экономикалық, саяси және мәдени-діни жүйелері қалыптасқан кезде мәдениеттің осы елдердің болашақ дамуын айқындайтын қазіргі уақытқа дейінгі өту ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан қалаларының тарихы

    Курстың мақсаты: отырықшы қалалық мәдениеттің пайда болуы, ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстанда қалалық өркениеттің қалыптасуы, ортағасырлық қалалардың жылнамалары, әкімшілік, сауда, экономикалық, саяси және мәдени даму және мемлекеттер астаналары ретінде қызмет еткен қалалардың тарихы, олардың маңызы туралы жүйелі білім қалыптастыру. Пәнді оқу барысында студенттер Қазақстандағы қалалардың тарихын зерттейді, сол арқылы олардың мәдени және тарихи әлеуетін туризмнің даму шарты ретінде талдауға үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі халықтарының тарихы

    Курстың мақсаты: әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен үрдістерді ғылыми талдау, түркі халықтарын зерттеумен байланысты кәсіби және әлеуметтік қызметтің түрлі түрлерінде Гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, тарих, филология ғылымының әдістерін тәжірибеде қолдана білу, түркі халықтары тарихының негізгі этаптары туралы білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Отан тарихын зерттеудегі жаңа бағыттар

    Пән Отан тарихындағы соңғы ғылыми жаңалықтарды қарастыра отырып, болашақ маманға қажетті теориялық білімін тереңдетіп, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға негізделеді. Қазіргі замандағы ұлттық идеялогия мен саясаттың басым бағыттарына, ежелгі дәуірден қазірге кезеңге дейінгі кезеңдегі тарихи-ғылыми зерттеулерге шолу жасап, тарихтың өзекті факторларын көрсету, тарихи тұжырымдар, тарихнама мен деректанудың негізгі мәселелерін талдай білуге үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет елдер тарихы бойынша деректер

    Пәнді меңгерудің мақсаты шет елдер тарихы бойынша тарихи деректердің негізгі түрлері мен олардың классификациялануы бойынша жұмыс істеу, әртүрлі дереккөздері түрлерінің ақпараттық әлеуеті туралы түсініктерді қалыптастыру, шет елдер деректерімен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгеру, шет елдер тарихының нақты мәселелерін зерттеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Орта ғасырлардағы Азия және Африка елдерінің тарихы

    Курс мақсаты: Азия және Африка елдерінің ортағасырлардағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық даму тарихын зерттеу; ортағасырлық Азия-Африка мемлекеттерінің негізгі мәселелерін, азиялық феодалдық өндіріс әдістерін айқындап, талдай білу, дереккөздерімен және әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы

    Курстың мақсаты: әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерді, маңызды фактілер мен оқиғаларды, тарихи дамудың әр түрлі кезеңдеріндегі Ресей және кеңес тарихының даму үрдістері мен заңдылықтарын зерттеу. Оқыту жинақталған материал негізінде зерттелетін мәселе бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік беретін тарихи зерттеудің ғылыми әдістерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақстандағы оқу-ағарту саясатының тарихы

    Курстың мақсаты: зерттелетін кезеңдегі Қазақстандағы оқу және ағарту тарихының негізгі кезеңдерін зерделеу, әлеуметтік даму және білім саласындағы мемлекеттік саясат туралы негізгі ақпаратты қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мұрағаттардағы құжаттарды сақтау және сараптау

    Курстың мақсаты: мұрағаттардағы құжаттардың сақталуын және ғылыми ақпараттық аппаратын құруды, мемлекеттік мұрағаттарда құжаттарды жинақтау және құндылығына сараптама жасау жұмыстарын жүргізу, саралау мен мемлекеттік мұрағат қорлары бойынша құжаттарды сипаттау мәселелеріне үйретеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихи өлкетану

    Курстың мақсаты: студенттердің жергілікті тарихты зерттеудің теориялық-әдістемелік базасы мен ерекшеліктері туралы толық түсінігін қалыптастыру, табиғи және мәдени мұраны сақтау мен анықтау саласында тарихи өлкетанудың маңыздылығын ашу. Пәнді меңгеру барысында студенттер өлке тарихы бойынша материалдарды жинаудың негізгі принциптері мен әдістерін үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақстан тарихы бойынша деректер

    Пәннің мақсаты: ұлттық тарих пен мәдениетке қатысты деректану мәселелерін жаңа әдіснамалық негізде отандық және шетелде Қазақстан тарихына қатысты деректерді саралау арқылы зерттеуді ұйымдастыру. Курсты оқу барысында студенттер тек теориялық жағын ғана емес, сонымен қатар мәліметтер мен жұмыстарды талдау әдістерін де меңгереді, оны қолдану арқылы жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тарихи антропология

    Пәнді игерудің мақсаты: студенттерді адамзаттың пайда болуын зерттеудің заманауи әдістерімен және тәсілдерімен таныстыру, соның ішінде пәнаралық, Тарихи зерттеуде, ежелгі дәуірдегі тарихи үрдістің ерекшеліктерін объективті қабылдауға мүмкіндік беретін адам физиологиясының тарихи ойлау негіздерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Топонимика және тарихи география

    Курстың мақсаты: студенттерде топонимика мен тарихи географияның мәні туралы білімді қалыптастыру. Оқыту барысында топонимикадағы - ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын, мағынасын, құрылымының дамуы, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін, сонымен бірге географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай бөлінуі мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Теориялық деректану

    Курстың мақсаты - тарихи дереккөздердің пайда болу заңдылықтарын және оларда нақты тарихи үрдістің көрсетілуін, ондағы ақпараттың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу, тарихи зерттеудің жалпы және жеке сыныптар мен дереккөздердің түрлеріне қатысты әдістемесін әзірлеу. Курсты игеру кезінде студенттер құжаттармен жұмыс істеуге қажетті арнайы білімді меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Еуропа мен Америка елдерінің жаңа заман тарихы

    Пәннің мақсаты: Еуропа және Американың жаңа заман тарихының тарихи географиясы мен деректану ғылымын зерделеу, сол сияқты тарихи ойлаудың, азаматтық позициялардың, тұтас дүниетанымының қалыптасуы туралы жан-жақты мағлұматтар алады. Оқыту барысында жаңа замандағы тарихи деректермен, арнаулы әдебиетпен, географиялық карталармен, тірек-схемалармен және т.б. жұмыс істеуде кәсіби қабілеттері мен іскерліктері қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның тарихи тұлғалары

    Курстың мақсаты: Қазақстан тарихында осы күнге дейін күрделі кезеңдерде маңызды рөл атқарған қоғамдық-саяси және мәдени қайраткерлердің өмірлік жолы мен қызметінің негізгі кезеңдерін объективті тарихи ұстанымдардан зерттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Практикалық мұрағаттану және істердің номенклатурасы

    Пәннің мақсаты: мұрағат ісінің теориялық және әдістемелік бағыттары, әртүрлі тарихи кезеңдерде отандық іс жүргізудің тарихы туралы түсінік беру. Оқыту барысында болашақ мамандар мұрағат ісін жүргізудің тарихы мен тәжірибесімен, істер номенклатурасымен, қазіргі кезеңдегі мемлекеттік іс жүргізудің мәселелерімен танысады, құжат айналымы мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректануы

    Қазақстан деректану тарихнамасының мәселелері, Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректануының қалыптасу және даму мәселелері зерттеледі. Студенттердің қазіргі Қазақстан аумағын мекендейтін қазақ және басқа да халықтардың ғылыми көпғасырлық өткен замануи үдерістері туралы хабардар болуы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы

    Курстың мақсаты: объективті тарихи ұстанымдар негізінде Қазақ хандығының Ресей империясының құрамындағы кезеңін, саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму процесін зерттеу. Курс тарихи оқиғаларды, олардың заңдылықтарын анықтай отырып, талдау қабілетін қалыптастырады. Пән Қазақстанның одан әрі дамуына әсер еткен жаңа дәуірдің тарихи оқиғаларын жан-жақты қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми–ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру негіздері

    Пәннің мақсаты: тарих және саяси-гуманитарлық пәндер бойынша студенттердің ғылыми-шығармашылық қабілеттерін арттыру, ғылыми іздену әдістеріне үйрету, мемлекеттік бағдарламаларға, ұлттық басымдылықтарға және негізгі бағыттарға сәйкес ғылыми жобаларды дайындау әдістемесін меңгеру. Пәнді оқыту барысында студенттер өзекті тақырыпты таңдау алгоритмін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау және жобалау, шығармашылық дағдыларды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихы

    Курстың мақсаты - студенттердің Қазақстандағы мемлекет пен құқықтың пайда болу, қалыптасу және даму тарихы туралы, Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың эволюциясының жалпы және ерекше заңдылықтары туралы толық түсінігін қалыптастыру, республиканың өткені, қазіргі және болашақтағы саяси бағыты мәселелерін бағдарлау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шетелдер тарихының тарихнамасы

    Тарихи білімнің дамуын, шет елдер тарихы тарихнамасының негізгі бағыттарын, мектептері мен концепцияларын, тарихи зерттеудің ғылыми әдістерін зерттеу дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселелерін талдай білу қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу барысында зерттеудің аналитикалық, салыстырмалы, герменевтикалық әдістері қолданылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Азия мен Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

    Пәннің мақсаты: Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі уақыттағы тарихы туралы түсініктерді қалыптастыру; әлемдік капиалистік жүйенің пайда болуы мен дамуы кезеңінде Азия және Африка елдерінің даму ерекшеліктерін анықтау; монополистік капитализмнің қалыптасуы және қазіргі кезеңдегі Азия және Африка елдерінің дамуының негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның Кеңестік және тәуелсіздік кезеңінің тарихы

    Курстың мақсаты: Қазақстандағы кеңестік коммунистік жүйенің дағдарысы мен ыдырау процесін, қалыптасуын оқып үйрену, тәуелсіз Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін және оның әлемдік қауымдастықтағы орнын білу. Сондай-ақ отандық және шетелдік тарихнаманың теориялық тұжырымдамалары негізінде тәуелсіздік кезеңдегі отандық тарихтың тарихи процестерін сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҚР саяси жүйесі

    Курстың мақсаты: нормативтік құжаттар мен Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес саяси жүйенің, мемлекеттік құрылымдардың ерекшеліктерін объективті қабылдауға мүмкіндік беретін саяси ойлау негіздерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тарихи демография

    Тарихи демография пәнін, зерттеу әдістерін, көздері мен негізгі бағыттарын көрсету. Курсты меңгеру барысында студенттер халықтың өсу динамикасын, көші-қон үрдісінің теориясын, сонымен қатар Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық жағдайды талдайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мұрағат-мұражайдың ақпараттық қызметі және іс-жүргізу

    Пәннің мақсаты: мұрағат және мұражайда құжаттардың мәні, ақпараттық әлеуметтік саладағы рөлі, оларды жасау, өңдеу, сақтау және пайдалануға байланысты үдерістер туралы түсінік беру. Оқыту барысында студенттер құжаттарды біріздендіру және стандарттау әдістерін, құжаттама жүйесінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, құжаттардың деңгейін, күрделілігін анықтау принциптерін, олардың түрлері мен мазмұнын зерттеу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тарихты оқытудың әдістемесі

    Теориялық, оқу-әдістемелік даярлықты, формаларды, тәсілдерді, тарихи білімді беру құралдарын, яғни мектептерде оқытуды тиімді ұйымдастыру. Тарих курсының оқу материалында білім беру процесі барысында болашақ мұғалімдерді тәрбиелеу мен дамытуға дайындау мақсатында оқыту дағдыларына үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта

    Курстың мақсаты: Қазақстандағы Кеңестік жүйенің дағдарысы, әлем елдерімен дипломатиялық байланысқа жол ашу, Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтағы байланысының қалыптасу процесі, дамуы мен нығаюы, жетістіктері мен орны туралы мәселелерді зерттеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлемдік саясат

    Курстың мақсаты: әлемдік елдердің саяси ахуалын зерттеу және талдау. Оқыту барысында әлемдік саясаттағы халықаралық қатынастар субъектілерінің ортақ мүдделерін іске асыруға бағытталған саяси қызметі, БҰҰ-ның ғаламдық қызметі, халықаралық одақтар, мемлекеттер мен халықтар уәкілеттік берген ұйымдардың құрылымы, өзара қарым-қатынастар мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ диаспорасының тарихы

    Курстың мақсаты: студенттерді қазақ диаспорасы тарихының негізгі ұғымдарымен таныстыру; - студенттерді белгілі теориялық бағыттармен, мектептермен, концепциялармен және олардың өкілдерімен таныстыру. Курсты меңгеру барысында студенттер тарихи нақты материалдар көмегімен шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен дамуын зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихы

    Пәннің мақсаты: қазіргі заманғы Европа және Америка қоғамының әлеуметтік құрылымының экономикалық, саяси даму мәселелерін зерттеу үрдісінде 1918-2018 жж. даму заңдылықтарын, тенденциялары мен тарихи оқиғаларды бағалау және талдау дағдыларын қалыптастыру. Тарихи құжаттармен жұмыс кезінде проблемалық оқытуды қолдану, Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар, салыстырмалы әдіс жоспарланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәдени қауымдастықтағы Шығыс пен Батыстың үндестігі

    Мақсаты: Батыс және шығыс өркениеттерінің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктерін, тарихтың әртүрлі кезеңдеріндегі Батыс және Шығыс мәдениеттерінің өзара іс-қимыл, өзара әсер ету және өзара байыту процесінің тарихи тамыры мен сипатын зерттеу. Курс тарихи зерттеудің ғылыми әдістерін меңгеру дағдыларын, салыстырмалы талдау әдістерін, зерделенетін мәселелер бойынша жалпы қорытынды жасай білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде қарым-қатынаста коммуникативтік дағдыларды қолданады.
  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, тарихи ғылыми ақпаратты өңдеу әдістерін пайдаланады.
  • Қазақстан және түркі халықтарының тарихы бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана отырып, жалпы тарихпен өзара пәнаралық байланысты орнатады.
  • Тарихнама мен деректанудың теориялық негіздері бойынша тарихи кезеңдер мен үдерістерді талдап, бағалай алады.
  • Қосалқы тарихи пәндерді игеру арқылы дүниежүзілік тарих контекстіндегі тарихи оқиғалар мен құбылыстар бойынша өз көзқарасын дәлелдейді.
  • Зерттеудің тәжірибелік және эксперименттік әдістерін қолдана отырып, археология, этнология саласында өзіндік кәсіби қызметті жүзеге асырады.
  • Әлеуметтік, этникалық, діни және мәдени айырмашылықтарға төзімділік танытады.
  • Қоғамның құқықтық мәдениетінің ерекшеліктері, қазіргі саяси және құқықтық институттар мен нормаларда бағдарланған білімді қолданады.
  • Мұрағаттар мен мұражайлардағы ғылыми-анықтамалық әдебиеттерді талдау бойынша жұмыста, одан әрі кәсіби қызметте тарихи проблемаға негізделген және тарихи ақпараттық базаны құру мен жобалау бойынша алынған дағдыны пайдаланады.
  • Мұрағат ісі және мұражай саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды қарастырып, іс жүргізу номенклатурасын құрай алады.
Top