Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02301 Филология: қазақ филологиясы в Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Әлемдік және Қазақстандық филология ғылымының даму тенденциялары мен ғылыми бағыттарын саралап, ғылымдағы этикалық принциптерді сақтай отырып, ғылыми ортада іргелі және қолданбалы отандық, халықаралық жобаларға қатысатын, өзіндік ғылыми көзқарасын нақты деректер негізінде қорғайтын, әлемдік білім беру кеңістігіндегі еңбек нарығының сұранысына сәйкес, ашықтық, толеранттылық, ізгілік қасиеттері қалыптасқан философия докторын (PhD) дайындау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D060 Филология
  • Дайындық бағыты 8D023 Тілдер және әдебиет

Пәндер

  • XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басындағы қазақ филологиясының ғылыми доминанттары

    Пәннің мақсаты – қазақ филологиясының ғылыми басымдықтарын анықтау, ғылыми тұрғыдан зерделеу. Пәннің мазмұны: XX ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми лингвистикалық мектептер, құрылымдық тіл білімінің, қазақ тарихи грамматикасының қалыптасуы, қазақ тіл білімінде семантикалық бағыттың басталуы, функционалдық грамматика, қазақ тілінің прагматикасы, салғастырмалы тіл білімі, қазақ тіліндегі концептік зерттеулердің дамуын құрайды. Филологиялық білім эволюциясындағы ғылыми парадигмалардың трансформациялануы саралайды, ғылыми лингвистикалық мектептер дамуының негізгі кезеңдерін сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдебиеттанудың теориялық-әдіснамалық негіздері

    Пәннің мақсаты – әдебиеттанудың ғылым ретіндегі заңдылықтарын, көркемдік категорияларын айқындау. Пәннің мазмұнын әдебиеттанудың қоғамдық ғылымдар: философия, тарих, әлеуметтану, қоғамтану және өнертану ғылымдары, эстетикалық категориялар, әдебиеттанушылық идеялардың даму тенденциялары, қазіргі әдебиеттанудың жаңа бағыттары, Қазақстандағы негізгі әдебиеттанушы мектептер, даму тарихы, қазіргі әдебиет зерттеушілерінің еңбектері мен олардың ғылымды дамытуға қосқан үлестері құрайды. Көркем туындыларға тарихи, типологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде талдау жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем антропология және шартты метафоралық проза

    Пәннің мақсаты – қазақ прозасындағы көркем антропологиялық ізденістерді, шартты-метафоралық проза поэтикасын әр кезеңдегі әдеби үдерістегі жазушылар шығармашылығы негізінде салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде зерттеу. Пәннің мазмұнын көркем антропология және шартты-метафоралық прозаға тән ерекшеліктер, ертегілік тип, мифологиялық тип, фантастикалық тип, абсурд және алогизм, метафора қызметі, метафора және хронотоп туралы теориялық білім құрайды. Қазіргі әдебиеттану ғылымының даму тенденциялары мен ғылыми бағыттарын сыни тұрғыдан бағалап, талдау жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Курс зерттеу тәсілдері мен әдістерін ажырата білу және қолдану қабілетін дамытуға бағытталған; Зерттеу әдістемесіне сәйкес зерттеудің нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау; теориялық және нақты материалдарды түсіну және жалпылау, арнайы ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; лингводидактика мен мәдениетаралық қатынас тоғысында қазіргі талаптарға сәйкес теориялық және қолданбалы ғылыми бағыттың ерекшеліктеріне негізделген ғылыми инновациялық зерттеулерде құзыреттілікке негізделген тәсілді игертуді көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат

    Курс оқу мәтіндерін жазудың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс ғылыми мақала жанрындағы ғылыми зерттеулерді сипаттау үшін қолданылатын метатілдің ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Бұл курста ғылыми мәтіндердің, соның ішінде ағылшын тілінде рефераттар мен презентациялар жазу тақырыбы бойынша материал бар. Курстың мақсаты: академиялық стильде мәтін дайындау дағдысын дамыту, докторанттарда оның құрылымы, мақсаттары, стильдік және жанрлық ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аймақтық ономастиканың когнитивтік негізі

    Пәннің мақсаты – ономастикалық зерттеулердің негізгі бағыттарын когнитивтік аспектіде зерделеу, тілдің ономастикалық кеңістігін анықтау. Пәннің мазмұнын ономастикалық білімді жалқы есімдер арқылы қалыптастыру, әлем бейнесі – әлемнің тілдік бейнесі – аймақтық ономастикалық бейнесі үштігінің байланысы негізінде аймақтық ономастиканың қалыптасуы, когнитивтік негізінің ашылуы, антропонимдер, гидронимдер мен фитонимдердің топонимдік білімді репрезентациялаудағы тілдік құралдарды құрайды. Білімалушы тілдік қатынастардың әлеуметтік-мәдени шарттары, салыстырмалы лингвомәдениеттаным мәселелерін талдайды, жинақтаған білімін интеграциялайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ филологиясы және инновациялық технологиялар

    Пәннің мақсаты – қазақ филологиясы ғылымындағы соңғы жаңалық ізденістерді оқытудың жаңа технологияларымен байланыста зерттеу. Пәннің мазмұнын тіл ғылымындағы жаңалықтар, тілді зерттеудің жаңа бағыттарының оқыту жүйесіне ықпалы, педагогикалық технологиялар, жоғары оқу орнындағы оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері, филологиялық пәндерді оқытудағы интеграциялау, мектеп және ЖОО- да жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқу жүйесіндегі критериалды бағалау өлшемдері құрайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Филологиялық білім эволюциясындағы ғылыми парадигмалардың трансформациялануы саралайды, ғылыми лингвистикалық мектептер дамуының негізгі кезеңдерін сипаттайды, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады
  • Әлемдік және Қазақстандық филология ғылымының қазіргі жағдайы, даму тенденциялары мен ғылыми бағыттарын сыни тұрғыдан бағалап, талдау жасайды, жаңа идеяларды ғылыми-зерттеу жұмысында ұсынады
  • Ақпараттық кеңістіктегі қажетті теориялық мәліметті пайдаланып, тарихи, типологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде түп нұсқадағы әдебиеттерді талдап, еркін жұмыс істейді, өзіндік ғылыми көзқарасын нақты деректер негізінде қорғайды
  • Жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы біліміне сүйеніп, тілдік қатынастардың әлеуметтік-мәдени шарттары, салыстырмалы лингвомәдениеттаным мәселелерін талдайды, жинақтаған білімін интеграциялайды
  • Ғылыми таным кеңістігіндегі әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелерін қарастырады, талдайды, ғылыми зерттеу жүргізеді, зерттеу нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялайды.
  • Педагогтың кәсіби тұлғалық қасиетін жетілдіру мақсатында жоғары мектептегі оқу үдерісінің негізгі формаларын ұйымдастырады және жоспарлайды, оқыту жүйесіне тілді зерттеудің жаңа бағыттарының ықпалын бағалайды
  • Ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен әдістемесін меңгеру арқылы заманауи ғылыми-әдістемелік деңгейде оқу материалының мазмұнын жобалайды, мектеп және ЖОО- да жаңа технологияларды пайдалану арқылы жаңартылған білім мазмұнының аясында критериалды бағалау өлшемдерін қолдана отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырады және басқарады
  • Ғылыми ортада іргелі және қолданбалы отандық, халықаралық жобаларға қатысады, халықаралық әдеби байланыстарды жоспарлайды, заманауи ақпараттық инновациялық технологияларды және жасанды интеллект қолданады, ғылыми шетелдік тағлымдамада тәжірибе жинақтайды
  • Әлемдік әдеби процестің даму тенденцияларына қатысты ғылыми-зерттеушілік және талдау жұмыстарын нөлдік емес халықаралық сілтемелер базасындағы Thomson Reuters, Scopus импакт-факторлы журналдарда, ҚР ҒжЖБ БССҚК журналында, халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі ғылыми конференцияларда мақала түрінде жариялайды, академиялық адалдық әдебінің нормаларын ұстанады
  • Еңбек нарығының сұранысына сәйкес, ашықтық, толеранттылық, ізгілік қасиеттерін иеленген көшбасшы, ғылыми зерттеуші және жоғары оқу орнында арнайы пәндердің оқытушысы даярланады.Білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуында академиялық және кәсіптік тұрғыда дамытуға жәрдемдеседі
Top