6B01513 Физика-информатика в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, білімді, білікті, бәсекеге қабілетті физика және информатика пәнінің мұғалімін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B010 Физика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Механика
Пәнді оқытудың мақсаты жалпы физиканы оқып-үйренуде қоршаған ортада болып жатқан процестерді терең түсіну үшін қажетті механиканың негізгі қадидаларын меңгертуге бағытталған. Курс мазмұны бойынша материалдық нүктенің кинематикасы мен динамикасы, сақталу заңдары, қатты дененің механикасы, серпімділік күші, үйкеліс күші ықпал ететін жүйедегі қозғалыс, бүкіләлемдік тартылыс күші, инерциялы емес санақ жүйесіндегі қозғалыс, арнайы салыстырмалы теория элементтері, сұйықтар мен газдар механикасы, тербелістер мен толқындар, акустика мәселелері қарастырылады. Пәнді меңгеру барысында білім алушы физикалық құбылыстар мен олардың өту ерекшеліктерін білуі, физикалық шамалар арасындағы байланысты математикалық түрде өрнектей алуы, оның физикалық мағынасын терең түсінуі, оны физикадан есеп шығаруда және физикалық заңдарды талдау үшін қолдана алуы, өлшеу жүргізу және одан алынған нәтижелерді өңдеу, бағалай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Элементар физика
Курстың мақсаты-білім алушылардың физикадан сапалы білім алуға дайындығын арттыру үшін мектеп физика курсын жалпылап, қажетті тұстарын тереңдете оқыту. Физиканың барлық бөлімдерін терең меңгеруі үшін физиканың барлық бөлімдері үшін ортақ, маңызды қозғалыс заңдарына баса назар аударылады. Курстың артықшылығы табиғат пен техникадағы физикалық құбылыстар мен үдерістердің физикалық мағынасын терең аша білу. Курста физиканың барлық бөлімдері бойынша теориялық, практикалық материалдармен қоса Халықаралық бірліктер жүйесі, терминдер,мемлекеттік стандарт бойынша физикалық шамалардың белгіленуі қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мамандыққа кіріспе
Курстың мақсаты –физика мұғалімі мамандығын таңдалған білім алушылардың мамандыққа қызығушылығын ыңталандыру, оқутыға сонымен қатар кәсіби білімді алудың заманауи әдістеріне саналы қатынасқа ықпал ететін дүниетанымын қалыптастыру. Курс мазмұны бойынша ҚР-дағы педагогикалық білім беру жүйесі, жоо-да оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, формалары, кредиттік технология бойынша оқыту процесін ұйымдастыру, педагогтың жалпы сипаттамасы, сөйлеу мәдениеті, коллабарациялық ортадағы қатынасы, оның кәсіби маман болып қалыптасу кезеңдері қарастырылады. Курсты оқып-үйрену студенттерді болашақ мамандығымен таныстыруға, таңдаған мамандық туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға және қажетті білім мен дағдыларды игеруге ынталандыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Пəнінің мақсаты - мектеп жасындағы балалардың анатомиялық жəне физиологиялық ерекшеліктері, əртүрлі жастағы өсу жəне даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру. Бұл пән педагогикалық мамандықтарға арналып дайындалған жəне болашақ мұғалімдер мен тəрбиешілерді кəсіби тұрғыдан дайындауға бағытталған. Бағдарлама онтогенездің əр түрлі кезеңдерінде организм тіршілігінің, өсу жəне даму барысында ағзалардың жəне ағзалар жүйелерінің қызмет етуінің ерекшеліктерінің заманауи мəселелерін қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәнді оқудың мақсаты студенттерді күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қаржылық ресурстарын тиімді басқаруға дайындау болып табылады. Курс отбасылық бюджеттің кірістері мен шығыстары, салық салу, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласында сауатты қаржылық шешімдер қабылдау үшін базалық білімді зерделеуді, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында бизнес-жоспарлауды, қаржы нарығын, оның негізгі сегменттерін реттеу және жұмыс істеу механизмін оқытуды қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Молекулалық физика және термодинамика
Пәнді оқытудың мақсаты молекулалық физика және термодинамика саласындағы білімін теориялық және эксперименттік зерттеулердің негізінде оқып-үйрету, болашақ кәсіби қызметінде, зерттеу жұмыстарында қолдануға бағыттауға негізделген. Курста газдардың МКТ негізгі мәселелері, статистикалық әдіс мен ықтималдықтар теориясының элементтері, Максвелл және Больцман таралулары, термодинамика бастамалары, тасымалдау процестері, нақты газдар мен сұйықтар, қатты денелер, фазалық түрленулер қарастырылады. Курсты меңгеру барысында білім алушылар миркобөлшектерден тұратын жүйенің күйін физикалық және математикалық тұрғыда сипаттай алатын болады және молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдары мен принциптерін меңгереді, практикалық есептер шығара алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Электротехника негіздері
Курстың басты мақсаты болашақ физика мұғалімдеріне электр және магнит өрiсiндегi физикалық құбылыстарды түсiндiру, автоматты басқару мен реттеудiн жалпы тәртiбiн, электр машиналары мен аппараттарды пайдалануды, электрлiк және электрлiк емес шамаларды өлшеудi, оларды пайдалана бiлді үйрету, қазiргi заманғы автоматтандырылған қондырғылардын құрылысы мен атқаратын қызметтерiмен таныстыру. Пәннің мазмұнына сәйкес электротехникалық құрылғылардың құрылысы, жұмыс жасау принципі, электротехникалық құрылғылардың қолданысы, олардың техникалық мүмкіндіктері, экономикалық тиімді жұмыс шарттары, электрлік схемалар, электрлік шамалардың өлшем бірліктері және электротехникалық терминдер, технологиялық кондырғыларды пайдалану кезінде түрлі есептерді шешу, практикалық тұрғыда қолдану қарастырылған. Курсты меңгерген білім алушы электротехника, автоматика саласынан теориялық мәселелерді практикада қолданып, техникалық есептерді шығара алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты студенттердің экономика және бизнес негіздерін, олардың ғылым мен құндылықтардың жалпы жүйесіндегі орнын, даму тарихын және осы білімді күнделікті өмірде қолдану үшін қазіргі жағдайын зерттеу негізінде экономика және кәсіпкерлік негіздері туралы теориялық және практикалық білімдерін қолдану қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пәннің мақсаты - құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік құбылыс ретінде білім жүйесін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Курсты зерделеу барысында құқық және мемлекет теориясының негіздерін меңгереді, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен рөлін түсінеді, сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары, оның әртүрлі көріністері туралы кешенді білім алады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр және магнетизм
Курсты оқытудың негізгі мақсаты – электр және магнетизм саладағы физикалық теорияны ғылымның осы кезге дейінгі теориялық және эксперименттік зерттеулердің жемісі ретінде көрсету. Курстың мазмұны бойынша электр және магниттік құбылыстардың табиғаты туралы ғылыми көзқарастардың қалыптасуы, электростатика, электр өрісіндегі өткізгіштер, диэлектриктердегі өлектр өрісі, электростатикалық өрістің энергиясы, тұрақты ток, әр түрлі ортадағы (қатты денелердегі, электролиттердегі, газдардағы) электр тогы, магнит өрісі мен заттың магниттік қасиеттері, элетрмагниттік индукция, электрмагниттік өріс, электрмагниттік тербелістер мен толқындар қарастырылады. Курсты меңгеру барысында білім алушылар негізгі физикалық құбылыстар мен заңдарды, үрдістерді айқын түсініп, физикалық құбылыстар мен шамаларды математикалық әдістердің көмегімен өрнектеп, физиканың негізгі заңдарын теорияларын қолданып, практикалық есептерді шығара алуы, анықтамалық әдебиеттер мен қажетті ғылыми-техникалық мағлұматтарды ізденіп, қолдана білуге үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өндірістегі еңбекті қорғау
Пәннің мақсаты: өндірістік ортаның жағымсыз факторларын анықтау, адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғау, еңбек қызметінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау, кәсіптік аурулар мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін еңбекті қорғаудың теориялық және практикалық негіздері мәселелері бойынша білім алушыларды даярлау болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі
Пәннің мақсаты: адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесуін және төтенше жағдайлардағы жағымсыз факторлардан қорғау негіздерімен танысу. Курсты оқу салауатты өмір салты нормаларын сақтау қажеттілігі, тіршілік қауіпсіздігі ережелерін саналы түрде орындау туралы кешенді түсінікті қалыптастыруға бағытталған
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық талдау
"Математикалық талдау" пәнін игерудің мақсаты болашақ мамандардың физикалық құбылыстар мен процестерді талдау кезінде математикалық аппаратты және математикалық әдістерді қолдана білуін қалыптастыру болып табылады. Сандық тізбектің шегі. Функцияның шегі, үздіксіздігі, бірқалыпты үздіксіздігі. Дифференциалдық есептеу негіздері. Интегралдаудың негізгі әдістері. Белгілі интеграл және оның физикалық қосымшалары. Қолдану меншіксіз интегралдар. Көп айнымалылардың функциялары. Еселік интегралдар. физикалық есептерді шешу үшін математикалық әдістерді қолдану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Физикалық құралдар және өлшеу нәтижелерін өңдеу
Пәнді оқытудың мақсаты білім алушыларды өлшеу приборларымен және оның жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, физикалық шамаларды өлшеудің әдістерін, оның нәтижелерін өңдеудің күрделі тәсілдерін үйретуге бағытталған. Курстың мазмұнына сәйкес физикалық өлшеу құралдары мен олардың классификациясы; физикалық шамалар және олардың түрлері; физикалық шамаларды өлшеу әдістері; өлшеу қателіктері және олардың түрлері; өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері (статистикалық, графиктік және ең аз квадраттар); өлшеу нәтижелерін бағалау критерийлері қарастырылады. Пәнді меңгерген білім алушы кез-келген физикалық экспериментті жүргізуге қажетті құрал-жабдықтарды орынымен қолдана отырып, физикалық процестерге бақылау жүргізе алады, өлшеу нәтижелерін толық өңдей алады, болашақта кәсіби қызметінде де пайдалана алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра
Пәннің мақсаты анықтауыштар теориясы, матрицалық талдау, сызықты теңдеулер жүйесін шешу әдістері туралы түсініктерді қалыптастыру болып табылады. Жиындар теориясының элементтері. Сызықты теңдеулер жүйесі. Анықтауыштар. Кешенді сандар. Векторлардың скаляр, векторлық және аралас көбейтіндісі және олардың қосымшалары. Жазықтықтағы координаталар әдісі. Жазықтықтағы екінші ретті қисықтар. Кеңістіктегі беттер мен сызықтардың теңдеулері. Екінші ретті беттер және олардың канондық теңдеулері. Болашақ ғылыми жұмыс процесінде одан әрі қолдану үшін сызықтық алгебра математикалық аппаратын меңгеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Деректер қорын басқару жүйелері
Пәннің негізгі мақсаты білім алушыларды мәліметтер базасын ұйымдастырудың негізгі ұғымдарымен таныстыруға, мәліметтер базасын жобалау және әзірлеу бойынша теориялық білімді игеруге, оны практикалық қолдануға, пән бағдарламасына сәйкес негізгі ұғымдарды игеруге, мәліметтер базасымен жұмыс істеу үшін құралдарды пайдалануға негізделген. Бағдарлы – объектілік деректер қорын басқару жүйесінің негізгі түсініктерін және деректер қорының үлестірімін қарастырады. Ақпараттық жүйелерді жобалаудағы негізгі әдіснамаларды қолдануға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Информатиканың теориялық негіздері
Мақсаты: Пән көптеген негізгі пәндер үшін негізгі болып табылады. Пән теориялық информатика негіздерін табысты игеру үшін қажетті комбинаторика, математикалық логика, ақпарат теориясы әдістері, ақпаратты кодтау, алгоритмдер теориясы және алгоритмді графикалық бейнелеу әдістері туралы білімді қалыптастырады. Пәнді оқу барысында болашақ мұғалімдер сәйкес қолданбалы есептерді шешу үшін компьютерді пайдалану дағдыларын және типтік есептерді шығару дағдыларын меңгереді. Студенттерге берілетін мүмкіндік: ақпарат теориясының жалпы принциптерін және әртүрлі кластағы алгоритмдерді жүзеге асыруды білу; теориялық информатика бөлімдерін пайдаланудың негізгі дағдыларын меңгеру; қолданбалы есептерді шешу үшін қолданылатын алгоритмдердің тиімділігін талдау
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогика
Пәннің мақсаты болашақ мамандарға педагогика ғылымдарының теориялық негіздерін, тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын меңгерту, тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білімдер және іскерліктер жүйесін қалыптастыру болып табылады. Негізгі тақырыптар: Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны. Педагогика əдіснамасы мен əдістері. Педагогикадағы тұлға дамуына байланысты мәселелер. Білім мəні мен маңызы. Оқу процесінің мəн-мағынасы. Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Астрофизика негіздері
Курстың мақсаты- аспан денелерінің физикалық табиғатын, онда өтетін құбылыстарды физика заңдарының негізінде оқып-үйрену. Курстың мазмұнына қарастырылатын мәселелер: сәйкес жұлдыздар, галактикалар, экзопланеталар және т.б. да астрономиялық нысандардың жүйесін, құрылымын, оны сипаттайтын параметрлерді, олардың араларындағы кеңістікті физика және химиялық принциптер негізінде анықтау әдістері. Курсты оқу барысында білім алушылар теориялық материалдарды меңгереді, сфералық координаталарға байланысты есептерді шығара алады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Менеджмент (минор 1)
Пәннің мақсаты ұйымдар мен ресурстарды тиімді басқару үшін қажетті принциптерді, әдістер мен құралдарды зерттеу болып табылады. Қазіргі заманғы басқару ғылымы Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздерін қамтиды. Курста ұйымдардың түрлері, қасиеттері мен сипаттамалары, ұйымның ішкі және сыртқы ортасы, басқару әдістерінің жіктелуі, қазіргі заманғы компаниялардың қызметін жоспарлау, негізгі, пессимистік және оптимистік даму сценарийлері оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Бұл курстың мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету-дамытушылық жұмыстың заманауи формаларымен, әдістері мен технологияларымен танысу үшін негіз болып табылады. Психокоррекциялық сабақтардың әдіс-тәсілдерімен танысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Оптика
Пәнді оқытудың мақсаты- болашақ маманның негізгі оптикадағы заңдар мен процестерді теориялық және эксперименттік тәжірибелер арқылы айқын түсінуге оларды математикалық әдістермен өрнектей білуге, практикалық есептер шығара білуге үйретуге негізделген. Курстың мазмұнына сәйкес фотометрия, жарық дифракциясы, оптикалық голография әдісі, геометриялық оптика негіздері, жарықтың изотропты және анизатропты орталарда таралуы, жасанды анизотропия, жарықтың дисперсиясы, сәуле шығару түрлері, жарықтың әсері, жарықтың ортада таралуы қарастырылады. Курсты меңгеру барысында білім алушылар жарық құбылыстары мен заңдарды, үрдістерді айқын түсініп, оны математикалық әдістердің көмегімен өрнектеп, есеп шығаруда қоллданады, өз беттерінше анықтамалық әдебиеттер мен қажетті ғылыми-техникалық мағлұматтарды ізденіп, қолдана білуге үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Астрономия
Пәннің мақсаты білім алушыларға ғарыш кеңістігіндегі аспан денелері мен аспан денелерінен құралған жүйелерді, олардың құрылымы мен пайда болуы, дамуы, оларда болып жатқан құбылыстар, заманауи ғарыштық зерттеулер туралы базалық білім беруге бағытталған. Пәннің мазмұны бойынша практикалық астрономия негіздері, аспан денелерінің қозғалыс заңдылықтары, Күн жүйесіндегі ғаламшарлар табиғаты, Күн және жұлдыздар, Құс жолы, Әлемнің құрылымы мен эволюциясы, ғарыштық зерттеудің жетістіктері қарастырылады. Курсты оқыған білім алушы астрономиядағы зерттеудің негізгі әдістерімен танысады, астрономиядағы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды қолдана отырып, ғылым мен техниканың байланысын көрсете алады, Әлемнің заманауи ғылыми бейнесін сипаттай алады, болашақта кәсіби қызметінде пайдалана алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Заттардың электрондық теориясы
Курстың мақсаты- заттың физкалық және химиялық қасиеттерін электрондар мен ионар қозғалысы мен олардың өзара әсерлесуі арқылы зерттеу, түсіндіру, кейбір теориялар мен заңдарды, үдерістерді электрондық тұрғыда дәлелдеу. Курстың мазмұнына сәйкес кристалл торы, кристалдардың аумақтық теориясы, заряд тасымалдаушыларының статистикасы, кристалдардағы кинетикалық құбылыстар, асқын өткізгіштік, плазма және квазибөлшектер әдісі қарастырылған. Бұл мәселелер статистикалық физиканың және кванттық механиканың математикалық аппаратына, принциптеріне негізделген.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Пәнінің мақсаты - студенттерді жобалаудың педагогикалық технологияларын қолдана отырып, жоғары өнімді электронды оқыту үшін оқу материалдарын жасауға үйрету, білім беру ортасында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Пән таңдалған мамандық бойынша студенттердің кәсіби дайындығын қалыптастыратын теориялық курс ретінде әрекет етеді. Басқа педагогикалық және әдістемелік пәндермен бірге бұл курс қашықтықтан оқыту, электронды оқыту, электронды оқытудың теориясы мен ұйымдастырушылық негіздері контекстінде дизайнер-мұғалімнің мәні туралы білімді қалыптастырады, олардың мағынасын, білім беруде қолдану механизмін тереңірек түсінуді қамтамасыз етеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Физиканы модульдік технологиямен оқытудың әдістемесі
Пәннің мақсаты: Модульдік оқыту технологияның көмегімен берілетін білім мазмұны мен оны игерудің қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігі, оқыту әдіс-тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Оқытуды модуль бойынша оқытудың құрылымы:оқытудың мақсатын қоя білу, құрылған жалпы мақсатты нақтылау, оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау; оқу әрекеттерінің жиынтықтары және қорытынды (нәтижені) бағалау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оптоэлектроника негіздері
Пәннің мақсаты- оптоэлектрондық қондырғыларды негіге ала отырып, сигналдарды өндіру және тасымалдауға байланысты физикалық заңдылықтарды баяндау және талдау. Курста мына мәселелер қамтылады: жартылай өткізгіш материал қасиеттері, меншікті және қоспалы жартылай өткізгіштер, жартылай өткізгіштердің зоналық теориясы, жартылай өткізгішті диодтар, жартылай өткізгішті қондырғылардың арнайы түрлері, оптоэлектронды қондырғылар, оптоэлектронды приборлардың қолданылуы және таңбалануы, Оптоталшықтық байланыс. Пәнді игерген білім алушы фотоқабылдағыш элементтердің, сәуле шығаратын диодтар мен лазерлердің, сұйықкристалды аспатар мен оптоэлектронды құрылғылардың физикалық жұмыс істеу принциптерін білетін болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
HR менеджмент (минор 2)
Курстың мақсаты студенттердің адами ресурстарды басқару саласындағы ұйымдастырушылық-басқару қызметінің білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру (АРБ). Компания қызметкерлері. АРБ саласындағы тиімді технологиялар. "Ассесмент-орталық" қызметкерлерді іріктеу және бағалау жүйесінде. Персоналды бағалаудың диагностикалық жүйесі. Кадрлық консалтинг. Мотивация жүйесін қалыптастыру және жетілдіру технологиясы. Кадрлық резервті құру принциптері. Персоналды диагностикалау құралдары. Бейімделудің заманауи әдістерін салыстыру: тәлімгерлік; баддинг; кураторлық және job shadowing. Диагностикалық картаны әзірлеу және модельдеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Информатиканы оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты: Болашақ информатика мұғалімдерін әдістемелік даярлау, информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесіне үйрету, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана білу дағдысын меңгеру, оқушылардың қабілетін дамыту болып табылады. Бұл курста мектептерде және басқа білім беру мекемелерінде информатиканы оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін үйренеді. Оқу процесін құру принциптері, оқу материалдарын таңдау және білімді бағалау қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физиканы оқытудың технологиясы мен әдістемесінің жалпы мәселелері
Пәннің мақсаты -болашақ физика пәні мұғалімдерінің кәсіби-педагоикалық қызметіне қажетті меңгеруі тиіс теориялық білімдер мен дағдыларды, икемділіктерді үйрету. Физиканы оқыту үдерісінде негізгі физикалық ұғымдарды қалыптастыру, іргелі физикалық заңдарды түсіндіру, оны практикада қолдана білуге үйрету пән мұғалімінің теориялық және кәсіби дайындығын қажет етеді. Курста ҚР білім беру жүйесіне сай физиканы оқытудағы технологиялар мен әдістемелер қарастырылады: орта мектепте физиканы оқытудың міндеттері, қазіргі кездегі оқыту үдерісіндегі оқыту тұжырымдамасы, физикадан ұйымдастырылатын сабақ формалары, оқыту әдістері (ауызша баяндау, демонстрациялық эксперимент, есеп шығару), оқушының білімін бағалау, сыныптан тыс жұмыстар), проблемалық оқыту, жаңа педагогикалық технологиялар қарастырылады. Курсты меңгеру нәтижесінде білім алушылар оқытудың прициптері мен міндеттеріне сәйкес дүниенің біртұтас ғылыми-жаратылыстанымдық бейнесін танытатын оқу жоспарларын (ҰМЖ,ОМЖ,ҚМЖ) жасай алуы, оқыту технологияларын, оқушылардың білімін бағалау әдістерін меңгеруі, сыныптан тыс жұмыстарды жүргізе білуі керек.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физиканы оқытуда тарихи мәліметтер мен есептерді шығару әдістемесі
Пәннің мақсаты: болашақ физика мұғаліміне физиканы оқытуда физиканың іргелі заңдары туралы мәліметтер мен оның ашылу тарихы туралы деректерді тиімді пайдалуға, тарихи есептердің маңызы мен оны шығарудың жолдарын меңгерту.Курста мына мәселелер қамтылады: физикадағы іргелі зерттеулердің даму тарихы; осы іргелі заңдарды ашқан ғалымдардың өмірі мен еңбектері; физика заңдарының ашылу тарихына байланысты тарихи сипаттағы есептерді шығару әдістері мен жолдары. Пәнді меңгерген білім алушы физиканы бейінді мектепте оқытуда тарихи мәліметтерді тиімді пайдалану жолдарын және тарихи есептерді шығару әдістемесін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейінді мектепте физикадан фронтальды эксперименттерді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі
Пәннің мақсаты: Орта мектепте физика курсын бейінді оқытудағы фронталь эксперименттің түрлері, артықшылығы, ерекшеліктері. Бұл курста білім алушылар физиканың бөлімдері бойынша фронталь эксперименттік тапсырмалар, зертхана жұмыстардың орындалу техникасы мен әдістемесін оқып щығады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектептегі эксперимент техникасы
Пәннің мақсаты - негізгі мектеп физикасы курсында оқытылатын физикалық құбылыстар туралы білімді бекіту, оқушыларға физикалық эксперимент арқылы олардың өту ерекшеліктерін түсіндіру және физика кабинетінде жабдықтармен жұмыс істеу техникасын меңгеру. Курс негізгі мектептің физика курсының бағдарламасына сәйкес көрсетілген барлық физикалық эксперименттердің әдістемесі мен техникасын, мектептегі физика кабинетінің құрылымын, мектептегі физикалық экспериментке қойылатын дидактикалық талаптарды қамтиды. Курсты бітірген білім алушы негізгі мектепте физика пәнін оқыту процесінде оқу эксперименттерін қою техникасы мен әдістемесін меңгереді, тәжірибелік дағдысы мен шеберлігі дамиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Атом және атом ядросы физикасы
Пәнді оқытудың мақсаты- білім алушыларға атом және ядролық физиканың терминологиясын, заңдары мен эксперименттік техникасын үйрету, элементар бөлшектер мен ядроның құрылымының қасиеттері негізінде жаңашыл ғылыми-жаратылыстанымдық көзқарас қалыптастыруға бағытталған. Курстың мазмұны бойынша атом туралы кванттық тұрғыдағы түсініктер, жарықтың толқындық және корпускулалық дуализмі мен кванттық механикадағы негізгі ұғымдар мен қатты денелердің кванттық физикасы, атом ядросының физикасы мен ядролық физиканың тәжірибелік әдістері, ядролық реакциялар мен қарапайым бөлшектер физикасы, қолданбалы ядролық физика туралы мәселелермен қоса физиканың осы зерттеу саласындағы қол жеткізген ғылыми жаңалықтары мен оған Қазақстандық ғалымдардың үлесі қарастырылады. Курсты меңгеру барысында білім алушылар теориялық материалдарды меңгереді, есеп шығара алады, эксперименттерді жүргізу әдістері мен нәтижелерді өңдеуді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Компьютерлік модельдеу
Пәннің мақсаты: Кешенді жүйелерді компьютерлік модельдеу әдістерін меңгеру, кешенді жүйелерде жұмыс істеу процестерінің модельдерін құру, алгоритмдерді модельдеу және оларды алгоритмдік тілдер мен бағдарламалық пакеттерді модельдеу арқылы игеру. Бұл курста алгоритмдерді модельдеу және оларды алгоритмдік тілдер мен бағдарламалық пакеттерді модельдеу арқылы игеруін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Теориялық физика І
Пәннің мақсаты: Теориялық физика арнайы физикалық білімнің біріңғай жүйесінің ең жоғары сатысы болып табылатындықтан, жалпы физика курсымен сабақтастықта болуы керек. Теориялық физиканы бірінші бөлімінде «Классикалық мехника», «Электрдинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы», «Кванттық механика» бөлімдеріне шолу жасалынады. Жоғары оқу орындарында бұл курсты оқыту материяның құрылымы мен табиғатитың заңдарын тану үшін теориялық әдістерді пайдалануды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп информатика курсының пәнаралық байланыстары
Пәннің мақсаты: Пәнаралық байланыстар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, дағдыларын дамыту, оқу және тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыруға үйрету, жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының кәсіби қабілеттерін анықтау. Бұл курста пәнаралық және пәнаралық байланыстары туралы ақпарат; информатика мектеп курсында кіріктірілген тапсырмаларды әзірлеуді қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
Пәннің мақсаты: Ақпараттық жүйелер, ақпараттық жүйенің архитектурасы, деректер базасын тұжырымдамалық жобалау принциптері туралы біледі. Осы пән арқылы білім алушы мәліметтер қоры туралы, мәліметтер базасының теориясы, модельдері жайлы негізгі түсінікті қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Программалау I
Пәннің мақсаты: Python тілінде бағдарламалау негіздерін, формализация және алгоритмдеу әдістерін үйрену. Алгоритмдердің классикалық түрлерін игеру (сызықтық, шартты, циклдік, рекурсивті, эвристикалық). Білім алушының логикалық және алгоритмдік ойлауын дамыту. Құрылымдық бағдарламалаудың базалық ұғымдарын қалыптастыру, білім алушылардың логикасын дамыту, студенттерге кәсіби сала міндеттерін шешу үшін негізгі алгоритмдерді қолдану тәсілдерін үйрету; Python құралдарымен кросплатформалық қосымшаларды әзірлеу, қосымшаларды ұйымдастыруда функционалды және объектілі-бағытталған, модульдік амалдарды меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Конструктивті оқыту әдістемесі
Курстың мақсаты сындарлы оқытуда іскерлік дағдыларды қалыптастыру, студенттерді кәсіби қызметінде констуктивті оқыту әдістерін қолдана білуге үйрету, студенттердің жалпы әдістемелік білім деңгейін жетілдіру, пән бойынша жүйелі білімді қалыптастыру, оқыту әдістерін зерделеу, талдау кезінде болашақ мамандардың шығармашылық ойлау деңгейін дамыту болып табылады. Курстың негізі оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері болып табылады, онда мұғалімнің табысты оқудағы рөлі мен ұстанымы және кәсіби құзыреттілігі қарастырылады. Математика бойынша білім нəтижелерін қазіргі бағалаудың өлшемдік технологиялары саласында студенттерді теориялық дайындау жəне мектепте саралап оқыту жағдайында математикадан оқыту нəтижелерін бағалауда қазіргі уақыттағы құралдарды пайдаланудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Физикалық практикум
Пәннің мақсаты: Физикадан есеп шығару-теориялық білімінің практикада қолданудың бір дәлелі. Есеп шығару барысында физикалық тұжырымдар мен заңдылықтардың практикалық қоданысын есептер шығару арқылы бекітеді. Ұсынылып отырған курс жалпы физика курсының бөлімдерін есеп шығару арқылы байланыстыралды. Курста жалпы физика бөлімдеріне кешенді (эксперименттік, графиктік, логикалық, пәнаралық мазмұнды және т.б.) есептер шығару қамтылған. Курсты бітірген білім алушы жалпы физика курсынан алған теориялық білімін жалпылап, физикадан түрлі есептерді шығаруда қолдана алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Информатиканың пәнішілік байланыстары
Пәннің мақсаты: Информатика мектеп курсының пәнаралық байланыстары туралы ақпарат; информатика мектеп курсында кіріктірілген тапсырмаларды әзірлеу. Бұл курста пәнаралық байланыстар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, дағдыларын дамыту, оқу және тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыруға үйрету, жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының кәсіби қабілеттерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Көшбасшылық және жауапкершілік (минор 7)
Пәннің мақсаты: Ұйымдағы жанжалды жағдайларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал ету, тиімді командаларды құру дағдыларын дамытуға ықпал ету. Жаупкершілікке үйрету. Жауапкершілікпен басқару. Жауапкершілікті сезіндіру. Бұл курста көшбасшылық және жауапкершілік терминінің түсінігін анықтау, көшбасшылықтың қасиеттерін ашу, еңбек үдерісінде адамдардың мінез-құлқын тиімді басқару тетіктері туралы түсінікті қалыптастыру,
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сандық әдістер
Бұл курстың мақсаты математикалық шамалардың жуықталған мәндерімен жұмыстың негізгі түрлері бойынша құзыреттіліктерді қалыптастыру, жуықталған (сандық) әдістердің көмегімен әртүрлі типтік математикалық есептерді шешу және компьютерлік құралдармен тиісті алгоритмдерді жүзеге асыру болып табылады. Курста бір белгісіз теңдеулерді, сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін, қарапайым бірінші ретті дифференциалдық теңдеулерді жуықтап шешу үшін, белгілі бір интегралдарды жуықтап есептеу үшін және кесте функцияларын аналитикалық жуықтау үшін қолданылатын классикалық математика әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дифференциалдық теңдеулер
Пәннің мақсаты дифференциалдық теңдеулерді және олардың жүйелерін шешу әдістерін зерттеу, сондай-ақ олардың ғылым мен техникадағы әртүрлі үдерістерді модельдеу және талдау үшін қолданылуын түсіну. Курста айнымалылары ажыратылатын және оларға келтірілген теңдеулер қарастырылады. Біртекті, сызықтық теңдеулерді, Бернулли, Лагранж, Клеро, Риккати теңдеулерін толық дифференциалдарда шешу әдістері көрсетілген. Екінші және жоғары ретті тұрақты коэффициенттері бар сызықтық біртекті, біртекті емес теңдеулер және ретін төмендетуге әкелетін теңдеулер қарастырылады. Дифференциалдық теңдеулер жүйесін шешу. Әр түрлі салаларда дифференциалдық теңдеулерді қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәжірибелік есептер шығару практикумы
Пәннің мақсаты: Білім алушы жалпы физика(механика, молекулалық физика және термодинамика, электр және магнетизм, оптика, атом және атом ядросы физиканың тарауларынан) курсынан алған теориялық білімін физикадан эксперименттік есептер шығаруда қолдану. Курс барысында әрбір тақырып бойынша тәжірибелік есептердің шығару жолдарын, өлшеу икемділіктерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Программалау II
Пәннің мақсаты: Бағдарламалау тілдерін ұйымдастыру мен алгоритмдерді құру әдістерін игеру нәтижесінде бағдарламалар құрады. Python бағдарламалау негіздері. Басқару құрылымдары, функциялары және коллекциялары. Деректерді талдау және бағдарламалық өнімдерді әзірлеу. Модульдік бағдарламаларды құру, кодты тексеру, мәліметтер базасымен жұмыс. Алгоритмдер туралы түсінік. Тұрақтылар, айнымалылар және өрнектер. Тағайындау операторы. Деректер түрлері. Деректерді енгізу және шығару
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Информатиканы кіріктіре оқытудың практикумы
Пәннің мақсаты: Жалпы білім беретін мектептердің қазіргі жағдайында басқа оқу пәндерімен информатиканы оқытудың интеграцияланған моделін құру және өзара пәнаралық байланыстың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау. Бұл курста білім алушылар мектептердегі ақпараттық технологиялар мен білім беру ақпараттық ортасының педагогикалық дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепте физика есептерін шығару әдістемесі
«Мектепте физика есептерін шығару әдістемесі» курсының мақсаты- мектептегі физика есептерін шығару жолдары мен әдістемесін үйрету. Бұл курс -болашақ физика пәні мұғалімінің теориялық және практикалық дайындығын нығайтуда ең маңызды пәндердің бірі. Физика пәні мұғалімінің кәсіби біліміне, сипаттамасына қойылатын негізгі әдістемелік талаптардың бірі - мектеп бағдарламасындағы әр түрлі қиындықтағы есептерді шығару әдістерін меңгеруі, есептерді іріктей және құрастыра білуі. Курсты толық аяқтаған білім алушы мектепете физика есептерінің түрлерін, шығару тәсілдері мен алгоритмін, физика есептеріне қойылатын дидактикалық талаптарды біледі және оны физиканы оқытуда қолдана алады. Курста физика есептері туралы жалпы мағлұмат, физика есебінің түрлері, ерекшелігі, классификациясы, есеп шығарудың жалпы әдістері мен тәсілдері, оқушыларды есеп шығаруға үйрету әдістемесі қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейінді мектепте физиканы оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты: жаратылыстану-математикалық бағытта физиканы оқыту әдістемесін меңгерту. Осыған сәйкес бейіндік мектепте физиканы оқытуда негізгі физикалық ұғымдарды қалыптастыру, физиканың іргелі заңдарын білуге және оны практикада қолдануға үйретеді. Курсты меңгеру нәтижесінде білім алушылар оқытудың прициптері мен міндеттеріне сәйкес дүниенің біртұтас ғылыми-жаратылыстанымдық көрінісін дұрыс қалыптастыратын оқыту технологияларын, оқушылардың білімін бағалау әдістерін меңгереді. Курста механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атом және ядролық физика бөлімдерін жаратылыстану-математикалық бағытына сәйкес оқыту мәселелері қарастырылды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Информатикадан олимпиада есептерін шешу жолдарын үйрету әдістемесі
Пәннің мақсаты: Олимпиада есептерін шешудің әдістері мен тәсілдерін меңгеру. Бұл курста білім алушылар информатика пәні бойынша олимпиада есептерін шешу арқылы бағдарламалау дағдыларын, күрделі есептерді шешу алгоритмдерін, бағдарламаларды құру және шешу саласында құзыреттілік жүйесін қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Робототехника негіздері
Пәннің мақсаты: Робототехникалық жүйелерді дамытуға және оларды өндіріс, медицина және көлік сияқты әртүрлі салаларда қолдануға баса назар аударылады. Бұл курста роботтарды жобалау мен бағдарламалаудың негізгі принциптерін үйренеді, робот механикасы, сенсорлар, басқару алгоритмдері және мехатроника тақырыптарын оқып үйренуді қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі SMART технологиялар
Пәннің мақсаты: Білім беруде SMART технологияларды пайдалану, қоғамның әлеуметтік жағдайларында электрондық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану, оқу процесінде қашықтықтан және желілік технологияларды енгізу тәжірибесі мен мүмкіндіктерін игеру. Бұл курс барысында SMART технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ядролық реакциялар және қолданбалы ядролық физика
Пәннің мақсаты: ядролық физикадағы негізгі зерттеу әдістері мен ядролық физиканың техникамен өзара байланысын, осы зерттеулердің әлемнің физикалық бейнесін қалыптастырудағы рөлін көрсету. Курста қамтылған мәселелер: ядролық реакциялар, олардың жіктелуі. Тікелей реакция және құрамдас ядролар, резонанстық құбылыстар арқылы пайда болатын күтпеген реакциялар. Ядролардың еріксіз және күтпеген бөлінуі. Басқару мәселесі, перспективалар, термоядролық энергияны практикалық қолдану. Пәнді игеру барысында білім алушы ядролық реакциялар мен қолданбалы ядролық физика бойынша негізгі бөлімдерді терең меңгереді, ядролық физиканы қолдану туралы білімдерін толықтырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физикадан сыныптан тыс жұмыстар
Пәнді оқытудың мақсаты болашақ физика мұғалімдерін сыныптан тыс іс-әрекеттерді ұйымдастыруға дайындау, сыныптан тыс іс-әрекеттің мәнін түсіндіру, сабақтан тыс іс-шаралар әдістемесін игерту болып табылады. Курсттың мазмұны физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерінің әлеуметтік, тәрбиелік, білім беру аспектілері, мәні; орта мектепте сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу кезіндегі негізгі мемлекеттік құжаттар мен оқу –әдістемелік, ғылыми және т. б. әдебиеттер, физика пәнін адамзат өмірінде, техниканы дамытуда қолданудың маңызын ашу; физикалық пікірталастарды, пікірталастарды, конференцияларды, апталар мен онкүндіктерді, және басқа да сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырудағы жаңашыл мұғалімдердің жұмыс тәжірибесімен таныстыруды қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Теориялық физика ІІ
Пәннің мақсаты: Теориялық физика арнайы физикалық білімнің біріңғай жүйесінің ең жоғары сатысы болып табылатындықтан, жалпы физика курсымен сабақтастықта болуы керек. Теориялық физиканы екінші бөлімінде «Статистикалық физика мен физикалық кинетиканың негіздері», «Заттың электрондық теориясы», «Атом ядросы және элементар бөлшектер теориясы» бөлімдеріне шолу жасалынады. Бұл курста жоғары оқу орындарында теориялық физиканы оқыту материяның құрылымы мен табиғатитың заңдарын тану үшін теориялық әдістерді пайдалануды қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физиканы оқытудағы жаңа педагогикалық технологиялар
Пәннің негізгі мақсаты болашақ мамандарға физиканы оқытуда озық педагогикалық технологияларды қолданып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, білім сапасын арттыруға дайындау. Курстың мазмұнына сәйкес тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы, оқушы қызметіндегі белсенділікті арттыру негізіндегі педагогикалық технологиялар, оқу процесін тиімді ұйымдастыру және басқару негізінде педагогикалық технологиялар, дидактикалық білім беру және материалдық педагогикалық технологиялар, тұлғалық-пәндік педагогикалық технологиялар, баламалы педагогикалық технологиялар, дамыта оқыту технологиялары сияқты білім берудегі заманауи инновациялық технологияларды физиканы оқытуда қолдану әдістемесі қарастырылады. Курсты меңгерген білім алушы оқыту процесінде заманауи педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану жолдарн үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Интеллектуалды робототехникалық жүйелер
Пәннің мақсаты: Интеллектуалды робототехникалық жүйелерді құрудың принциптері мен әдістерін үйренеді. Бағдарламаға машиналық оқыту алгоритмдерін, нейрондық желі модельдерін және деректерді өңдеу әдістерін талдау кіреді. Курс автономды навигация және робототехникалық бейнебақылау сияқты нақты сценарийлерде қолдануға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
Пәннің мақсаты - студенттерді ″ғылым″, ″ғылымтану″ ұғымдары мен таныстырып, ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерту. Студенттерге педагогика ғылымының зерттеу нысаны, заңдылықтары туралы білім беру, ғылыми зерттеу әдістерін практикалық түрде қолдана білуін дамыту; ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру. Өзін қызықтырып мәселені теориялық материалдармен толықтырып, практикалық тұрғыда тәжірибе жинауға үйрету. Өзінің мамандығына кәсіби тұрғыда даярлығын қамтамасыз ету, зерттеудің әдіснамасын меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Білім берудегі аддитивті технологиялар
Пәннің мақсаты: Аддитивті технологиялардың рөлі, аддитивті технологиялардың даму тарихы, 3D принтерлерді және олардың көмегімен алынған материалдарды, прототиптерді қолдану саласы туралы түсініктерді үйрену. Курс барысында жобалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, оқушылардың ойлауын арттыру, олардың оқуға деген көзқарасы және оқу процесінде аддитивті технологияларды қолдану арқылы жаңа идеяларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Физиканы оқытудың технологиясы мен әдістемесінің дербес мәселелері
Курстың мақсаты- білім алушыларға оқытудың прициптері мен міндеттеріне сәйкес дүниенің біртұтас ғылыми-жаратылыстанымдық бейнесін қалыптастыратын оқыту технологияларын, оқушылардың білімін бағалау әдістерін меңгерту және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізе білуге үйрету. Курс мазмұнына сәйкес мына мәселелер қарастырылады: физиканы оқыту процесінде негізгі физикалық ұғымдарды қалыптастыру жолдары, іргелі физикалық заңдарды түсіндіру, оны практикада қолдана білу тәсілдер, пән мұғалімінің теориялық және кәсіби дайындығын қамтамасыз ету жолдары. Сондай-ақ курста физиканы оқытудағы жекелеген бөлімдерін оқытудың әдістемелік мәселелері қарастырылады. Пәнді меңгерген болашақ физика мұғалімдерінде педагогикалық тәжірибені талдау дағдылары, пелагогикалық зерттеудің әдістерін өз бетінше қолдану тәжірибесі, кәсіби-әдістемелік білімдерін жүйелеу, физиканы оқыту тәжірибесінде инновациялық тәжірибені қолдану тәжірибесі қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Физикадан және информатикадан алған білімнің теориялық және эксперименттік негіздерін физика мен информатиканы оқыту технологиясында қолданады.
- Физика мен информатиканың теориялық және концептуалдық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылықтарын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі.
- Физиканы оқытудың теориялық негіздері мен технологияларын және физиканың іргелі теорияларын меңгереді.
- Экономика, менеджмент, маркетинг және қаржы негіздерін меңгерген. Экономика және басқару саласындағы қазіргі заманғы басқару технологияларының рөлі мен маңыздылығын түсінеді. Қолданбалы ғылымдардың негіздерін, экологияның негізгі заңдары мен принциптерін және еңбекті ғылыми ұйымдастыру принциптерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманы біледі.
- Педагогиканы, физика мен информатиканы оқыту әдістемесін, қазіргі білім берудің, соның ішінде online режимде оқыту технологияларын біледі. Оқу-тәрбие процесінде және өзін-өзі жан-жақты дамытуда ақпараттық ортаның мүмкіндігін пайлануды біледі.
- Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, азаматтық қорғаныстың рөлі мен міндеттерін, құтқару және апаттың – қалпына келтіру жұмыстарын біледі. Қолданбалы ғылым негіздерін және экологияның негізгі заңдары мен қағидалары және еңбекті ғылыми ұйымдастыру принциптерін практика жүзінде пайдалана біледі.
- Құбылыстар мен процестерді талдау және синтездеу үшін жалпы физика және ақпараттық технологиялар білімін қолданады, бақылаулар мен эксперименттер нәтижелерін теориялық талдау әдістерін, компьютерлік модельдеу әдістерін меңгергерген.
- Кәсіби қызметте жаңа білім беру технологияларын, зертханаларды, баспа құралдарын, бейне, мультимедиялық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, интернетті; бала құқықтары және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары туралы негізгі халықаралық және отандық құжаттарды; критериалды бағалау әдістерін: формативті, жиынтық бағалауды; физикадан және информатикадан білім беру саласындағы зерттеулер нәтижелерін қолданады.
- Зерттеу және кәсіби қызметте, сондай-ақ физика және информатика бойынша есептерді шешуде негізгі математикалық әдістерді қолданады.
- Білім беру процесінің барлық субьектілерінің (өзіндік, оқушылардың, ата-аналардың) қызметтерін талдайды, сыныптық және зертханалық сабақтарда физиканы және инфороматиканы оқыту процесін жетілдіру үшін әріптестерімен бірлесе жұмыс істей алады. Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру жолдарын біледі және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік жасай алады.
- Практикалық есептерді шығару, ақпаратты өңдеу мен таратуда физикалық әдістерді, программалау мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады, оқыту мен тәрбиелеуде лидерлік қасиеттерін дамыта алады.
- Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері, формалары мен тәсілдерін, инклюзивті білім берудің тиімділігі мен құндылықтарын түсінеді. Балалар мен жасөспірімдер өсуінің жалпы заңдылықтарын, жүйке жүйесінің физиологиясын біледі. Тұлғаның даму заңдылықтарын, оқыту және тәрбиелеу процестерін біледі, білім беру процесінің барлық деңгейлерінде психологиялық-педагогикалық көмекті жүйелі ұйымдастырудың құралдары мен әдістерін біледі; педагогикалық іс-әрекетте жүйелі ойлау және оны тұтас қабылдау туралы түсінікке ие.