Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01502 Биология в ОАИУ

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Ұжымды әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, өзінің кәсіби қызметі саласында қалай басқару керектігін түсіндіреді. Басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының негізгі ұғымдарын талдайды: менеджмент психологиясының теориясы мен практикасы; ұйымдағы коммуникация психологиясы; менеджер психологиясы; персоналды басқарудың психологиялық аспектілері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Ғылым тарихы мен философиясының өзекті мәселелерін, ғылымның табиғатын философиялық түсінудің қазіргі әлемдік дәстүрі ретінде қарастырады. Ғылым тарихы мен философиясының қазіргі заманғы мәселелерін, қазіргі тарих пен ғылым философиясының тұжырымдамалық және әдіснамалық аппаратын түсіндіреді. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ғылым тарихындағы философиялық мәселелерге салыстырмалы талдау жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Іскерлік және ғылыми салалардағы ауызша және жазбаша қарым-қатынас функцияларын түсіндіреді. Анықтамалық, әдістемелік және ғылыми әдебиеттердегі қажетті ақпаратты пайдаланады. Оқытылған тілдік материалға, фондық елтанушылық және кәсіби білімге сүйене отырып, мамандық бойынша шынайы монологиялық және диалогтік сөйлеуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өндірістік микробиология

    Өндірістік (техникалық) микробиология тағамдық өнімдердің микробтармен байланысты (нан пісіруде-ашытқылар, ірімшік, сүтқышқылды өнімдер, сары май, шарап дайындауда - сүт қышқылды бактериялармен), витаминдер, антибиотиктер, ферменттер өндіруде, тері, жүн өндірісімен байланысты микробиологияның қағидаларын талдайды. Биотехнология саласында заманауи микробиологияны қолдануға бағытталған кәсіби білімді жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Микроағзалар систематикасы

    Заманауи микробиологиялық, молекулалық-биологиялық әдістерін қолдана отырып, биотехнологиялық үрдістерде өндіріс пен қоршаған ортаны сақтау жолдарын сипаттайды. Микроорганизмдерді экология, ауыл шаруашылығы, тамақтану және химиялық өндірістердегі қолдану жолдарын қарастырады, табиғаттағы микроағзалардың алуантүрлілігін қолдану арқылы олардың жүйелену түрлерін анықтау және жинау әдістерін іріктеумен бірге қолданбалы микробиология саласындағы жетістіктердің перспективалары жөнінде ақпаратты қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Эволюциялық биология

    Палеонтологиялық-филогенетикалық, морфологиялық, эмбриологиялық, биогеографиялық, систематикалық, генетикалық, биохимия мен молекулалық зерттеу әдістері мен дәлелдемелерді тұжырымдайды. Қоршаған ортаның негізгі проблемалары мен эволюциялық процестердің заңдылықтарын меңгертеді. Биогеоценотикалық жүйелердің құрылымдық-функциональдық ұйымдасуын талдап, биологиялық жағдайын талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Жоғары мектеп дидактикасының жалпы теориялық негіздерін; оқытушының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін; жоғары мектептегі заманауи білім беру технологияларын қарастырады. Мынандай құзыреттіліктерді қалыптастырады: жоғары мектепте оқыту негіздерін білу; формаларды, әдістерді, білім беру технологияларын білу; цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылармен кері байланыс орнату; жоғары мектепте сабақ өткізудің нысандары мен әдістерін меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Геронтология

    Адам және жануарлар ағзасының қартаю заңдылықтарын, белгілерін, функционалдық мүмкіндіктерін, адамның өмір сүру ұзақтығын, түсіндіреді. Қартаю - адамның генетикалық, эволюциялық, экономикалық, әлеуметтік және психологиялық процестермен байланыстығын анықтап, негізгі ұғымдар мен теориялар жасауға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тамақтану физиологиясы мен гигиенасы

    Ағзадағы тағамның қорытылуы мен сіңуінің оңтайлы жағдайларын, тағамдық құндылығын арттырудың міндеттерін қарастырады. Тамақтану тәсілдерін, уақытын, физикалық қасиеттерін, тағамның адам ағзасына әсерін, тағамдық заттарға қажеттілігін анықтайды. Ас қорыту, тағамды сіңіру, дұрыс тамақтану және метаболизмнің физиологиялық, биохимиялық процестерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары оқу орнында биологияны оқыту әдістемесі

    Жалпы орта білім беретін және кәсіптік білім беру ұйымдарында биологияны сапалы оқыту үшін қажетті кәсіби құзыреттілікті, білім мен іскерлікті қалыптастырады; биологияны оқытудың қазіргі заманғы инновациялық әдістерін меңгерудің практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Өсімдіктер физиологиясының теориялық негіздері

    Өсімдіктердің тіршілік әрекетінің қоректену, тыныс алу, өсіп-жетілу, дамуы, фотосинтез, зат алмасудың ассимиляция және диссимиляция процестерін зерттейді. Сыртқы орта жағдайларының өсімдіктерге әсерін, физиологиялық және биохимиялық процестердің онтогенез бен филогенезге де байланысты екендігін талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер мен жануарлардың биоалуантүрлілігін сақтау

    Өсімдіктер мен жануарлардың биоалуантүрлілігін сақтауды, қолданбалы биологияда іс жүзінде пайдалануын түсіндіреді. Табиғатты қорғау тәсілдерін ұсынады. Өсімдіктер мен жануарлардың биоалуантүрлілігін сақтау бойынша алған теориялық білімдерін жүйелейді. Теориялық білімдерін орынды қолдануға машықтандырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы физиология

    Пән денсаулықты сапалы түзету үшін берілген ресурстарды сауатты қолдану, денсаулық мәселелерін шешуге көмектесу дағдыларын қалыптастырады. Адамның, ағзадағы процестердің және ағзаның ресурстық мүмкіндіктерін үйретеді. Психология, кинезиология, остеопатия және биодинамиканың теориялық негіздерін практикалық тұрғыда талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физиологияның заманауи әдістері

    Рентгенографиялық, эндоскопиялық, радиографиялық, биохимиялық, тәжірибелердің заманауи әдістерін қарастырады. Физиологиялық құбылыстарды қазіргі заманауи әдістермен анықтайды. Физиологиядағы тірі организмнің әртүрлі процестері мен функцияларын зерттеу, бақылау, эксперименттік әдістерін меңгертеді. Тірі ағза мен физиологиялық жүйелердің, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулалық механизмдері

    Тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, ата тектерге тән белгілерді сақтаудағы тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін тұжырымдайды. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулулалық механизмдерін, организмдердің тұқым қуалаушылық қасиеттерінің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеру заңдылықтарын зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Омыртқалылардың салыстырмалы анатомиясы

    Омыртқалы жануарлардың анатомиялық құрылымын, олардың тарихи дамуы, қазіргі заманғы этнология ұғымдары және биополитиканың маңыздылығы арасындағы байланыстарды білдіреді. Омыртқалылардың құрылымы мен анатомиялық құрылымына салыстырмалы анатомиялық талдау жүргізеді. Олардың шығу тегі мен эволюциялық дамуы туралы қорытынды жасайды. Алған білімдерін кәсіби қызметте қолдануға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Макрофиттер

    Альгологияның de novo ізденістері in vitro жағдайында теңіз бентос өсімдіктері мен балдырлары өсірудің қазіргі кездегі дамыған зерттеулер саласын зерттеуді үйретеді. Макрофиттер мен балдырларды өсіру дақылдау тәжірбиелерінен жеткен жетістіктер жөнінде мағлұматтарды саралайды. Теңіз балдырлары мен макрофиттерін талдауға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биологиядан ғылыми жобаларды ұйымдастыру

    Оқытудың теориясы мен практикасының қазіргі жайын, даму тенденциясын саралайды. Сатылай кешенді талдау жұмысын жүргізу, деңгейлік тапсырмалар орындау т.б. оқытудың инновациялық әдістерін кәсіби қызметінде жүзеге асырады. Педагогтың зерттеушілік іскерлігін, әлеуметтік-педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауын, ғылыми болжам жасай алуын, жобалау және эксперимент жүргізе алуын, жоспарлауды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер биотехнологиясы

    Гендік инженерия, клеткалық инженерия, гаплоидты биотехнология, клондық микрокөбейту, өсімдіктерді сауықтыру, биологиялық активті заттар алу бағыттарын қарастырады. Өсімдіктерді өсімдік селекциясында молекулалық, биохимиялық, жасушалық, гендік инженерия әдістерімен, биопрепараттарды өнеркәсіптік тәсілмен алуды, диагностикалық және өсімдік ауруларымен күресу жолдарын анықтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы

    Омыртқасыз жануарлардың анатомиялық құрылымын, тарихи дамуын түсіндіреді. Омыртқасыздардың анатомиялық құрылымына салыстырмалы анатомиялық талдау жүргізеді. Жалпы шығу тегі мен эволюциялық дамуы туралы қорытынды жасайды. Оқу орындарында далалық, эксперименттік зерттеулер жүргізу үшін ғылыми материалдар дайындауды жоспарлайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктердің молекулалық тіршілігі

    Ақуыздардың құрылымын, олардың құрылысы мен қызметінің байланысының заңдылықтар мен қағидаларын, теориялық практикалық тұрғыдан меңгертеді. Клетка ішілік макромолекулаларды зерттеу үшін молекулалардың барлық қасиеттерін сонымен қатар биохимиялық белсенділігі бойынша жіктейді. Өсімдіктердің тіршілік белгілері мен олардың негізгі қасиеттерін молекулалық деңгейде зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Гендік инженерия

    Генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу жөнінде мағлұмат береді. Молекулалы-генетикалық талдау әдістерін қолданып, өсімдік түрлерін, сорттарын зерделейді. Организмдер геномының бөлігінен рекомбинатты ДНҚ құрастырумен қатар, ол рекомбинатты молекулаларды басқа ағза геномына енгізіп, жұмыс істеуін (экспрессиясын) қамтамасыз етуін зерттеуге баулиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биогеоценология

    Тірі және өлі табиғаттың өзара қарым-қатынасын, байланысын, биосферадағы ғаламдық тыныс-тіршілігін қарастырады. Биогеоценоздардың жағдайын, құрылымын, бүтіндігі мен тұрақтылығын, заттар мен энергия алмасуын, кеңістікте орналасу заңдылықтарын зерттейді. Биогеоценологиялық зерттеу нәтижесінде адам іc-әрекетінің табиғи процестерге тигізетін әсерін, биосфераны тиімді пайдалану жолдарын анықтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау

    Ғылыми жұмыстарды зерттеу және тәжірибелер жүргізу дағдыларын қалыптастырып, білімдерін жүйелейді. Ғылыми жұмыс жазуға ғылыми мәліметтерді жинап, есеп беруді рәсімдеуге, жазбаша жұмыс жасауға баулиды. Ғылыми зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру барысында тәжрибиелік дағдыларын дамытады, отандық және шет елдік тәжрибиелерді, арнайы әдебиеттерді зерттеп, ғылыми әдістерді жобалауды меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Физиология, гигиена, геронтология, эволюция пәндері арасындағы мәселелерді талдау үшін алған білімдері мен іскерліктерін қолданады, тәжірибелік зерттеулерді және нәтижелерін өз бетінше талдайды.
  • Білім беру ұйымдарында арнайы пәндерді оқыту технологияларын, заманауи әдістерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды практикада қолданады, оқыту технологиясына сәйкес оқу процесін ұйымдастыра біледі.
  • Молекулалық биология, микробиология, генетика, биотехнология, биогеоценология, биологиядағы ғылыми зерттеулердің теориялық - әдістемелік негіздерін, қазіргі кезеңдегі биология ғылымы дамуының жетістіктерін ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады.
  • Мекемелерде қызметкерлердің дамуы мен тиімді пайдаланылуын бағалау, жаппай мінез-құлықты басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгереді.
  • Кәсіби шетел тілін мәдениетаралық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алады.
  • Жоғары мектеп дидактикасының негіздері туралы, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі, студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу, сондай ақ жоғары мектепте сабақ өткізу дағдылары негізгі білімін меңгерген. Сапалы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады, ғылыми-педагогикалық қызметте ұйымдастыру және басқару дағдыларын жетілдіреді.
  • Жоғары сатыдағы өсімдіктердің морфологиясы, систематикасы, физиологиясының теориялық негіздерін оқыту саласында өзара байланысын, ғылымның жаңа жетістіктері мен оның даму перспективаларын зерттейді.
  • Жануарлар әлемінің таралу заңдылығын, морфологиялық-анатомиялық құрылысын, систематикалық орнын талдайды. Жануарлардың биоалуантүрлілігін тиімді пайдалану және табиғат қорларын сақтауды жоспарлайды.
  • Биология саласындағы жаңа ғылыми-зерттеу нәтижелерін талдайды, өнертапқыштық, коммерциалау жұмыстарын және оның элементтерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына ендіруді ұсына біледі.
  • Ғылым тарихы мен философиясы саласындағы білімдерін көрсетеді, ғылым философиясының ұғымдық аппаратын, логикалық талдау әдістері мен тәсілдерін меңгерген.
Top