6B01509 Физика және информатика в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты пән саласында және орта білімнің жаңартылған мазмұны жағдайындағы оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері аясында білікті физика және информатика мұғалімін дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B010 Физика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Жоғары математика
Білім алушы математиканың негізгі ұғымдары, ережелері мен әдістерін сипаттайды; математикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы математиканың рөлін анықтайды; анықтамалар мен теоремаларға тұжырымдамалар жасайды; математиканың әртүрлі бөлімдерінің тәжірибелік сипаттағы есептерін шешу дағдысы қалыптасады; алған білімдерін математиканың басқа салаларында пайдаланады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Механика
Бұл курста білім алушы материалдық денелердің қозғалысын және олардың арасындағы өзара байланысты зерттеу жолын қарастырады, денелердің немесе олардың бөліктерінің кеңістіктегі өзара орналасу уақытының өзгеруін есептейді. Студенттер физиканың негізгі принциптері мен шамаларды зерттеудің әдістерін сынтұрғысынан сипаттайды, шамаларды және олардың математикалық өрнектері мен өлшем бірліктерін тәжірибеде тиімді қолданады. Курс студенттерге алған білімдерінің нәтижесінде механиканың негізгі заңдары арқылы есеп шығаруда және табиғи процестерді тануға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Молекулалық физика және термодинамика
Бұл курста молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі ұғымдары мен қағидаларын және статистикалық әдіс, ықтималдықтар теориясының элементтерін қарастырады. Ауаның ылғалдылығын, меншікті жылу сиымдылықтарын және сұйықтардың беттік керілу коэффицентін ажыратады; жалпы физикалық шамаларды және олардың математикалық өрнектер мен өлшем бірліктерін анықтайды; физикалық эксперимент жүргізудің және өлшеулер нәтижелерін өңдеуде таралған әдістерін зертханалық сабақтарда қолданып, абсолюттік, салыстырмалық қателіктерін есептеуді үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Курс салауатты, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мектеп жасындағы оқушылардың өсуі мен дамуының физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Студенттер балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық және гигиеналық ерекшеліктерін, сонымен қатар физиологиялық функциялардың педагогикалық әсерге жауап беру ерекшеліктерін талдайды. Сонымен қатар, курсты оқу барысында студенттер мүшелердің, мүшелер жүйесінің, жалпы организмнің сыртқы ортамен байланысты қызметінің ерекшеліктерін салыстырады. Осыған байланысты студенттер оқу процесін ұтымды етуге, аурудың алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған оқушының үйлесімді дамуы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттыру әдістерін қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Білім берудегі психология
Курс білім беру қызметінің психологиясы саласында теориялық білімдерді қалыптастыруға және практикалық біліктерді игеруге бағытталған. Пән мектепке дейінгі және мектеп жасындағы білім алушылардың ойын және оқу іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ мұғалімнің педагогикалық қызметін ашады. Осы курс аясында мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінде оқу кезеңінде әр түрлі жас кезеңдерінде баланың дамуының заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктеріне баса назар аударылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Электр және магнетизм
Бұл курста электромагнетизмнің өткізгіштегі электр өрісін, электростатикалық өріс энергиясы, қатты денелердің электр өткізгіштігін және газдардағы электр тоғын, заттың магниттік қасиеттерін қарастырады. Студенттер тұрақты, айнымалы токтарды анықтайды; электр энергияның тасымалдау жолдары мен әдіс тәсілдерін, электромагниттік құбылыстарды техникада және практикада қолдануды үйренеді; электр өлшеуіш құралдарының жұмыс істеу принциптерімен таныса отырып зертханалық жұмыстардың салыстырмалы қателіктерін есептейді; негізгі теорияны пайдаланып есептер шығару барысында анализ жасап талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары деңгейлі программалау негіздері
Білім алушылар класстар, объектілер, мұрагерлік, полиморфизм, инкапсуляция және абстракция сияқты ОББ негізгі ұғымдарын иегереді. Курс шеңберінде C++ класстар мен объектілерді құруды, класс мүшелерінің әдістері мен айнымалыларын анықтауды және класс мүшелеріне кіруді басқару үшін қол жеткізу модификаторларын (public, private, protected) іс жүзінде қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика
Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экологиялық мәдениет
Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оптика, атом және атом ядросының физикасы
Бұл курста оптиканың және атом ядросының негізгі ұғымдарын меңгереді. Электромагниттік толқындар шкаласының мәндерін анықтайды. Жарықтың толқындық қасиетін түсінеді. Зертханада және практикалық есептер шығаруда қолданады. Жарықтың поляризациясын, ортадағы таралауын және атом ядролардың бөлінуін бақылайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мектеп физика және информатика курсынан есептер шығару әдістемесі
Бұл курста орта мектеп физика және информатика пәндерінің процестерін сипаттайды, физика және информатикадағы жалпы заңдардың мазмұнын анықтайды, жоғары мектептегі бағдарламалау әдістемесі, күрделі операторлар, шектеу және қайта қолдану түрлері, типтік жиындарды қамтиды, кәсіби тұрғыда стандартты емес есептердің физика және информатикалық модулін құру дағдысы қалыптасады, тапсырмалар орындау барысында әдістердің ерекшелігін салыстырады, ойлау әрекетіне қажетті практикалық мәселелерді меңгереді, есеп шығару барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Білім алушылар Python бағдарламалау тілінің синтаксисі мен алгоритмін құруды, құрылымдық бағдарламалау парадигмасын, деректер құрылымын талдап, алгоритмдерді әзірлеу дағдыларын қалыптастырады, түсінеді; қорғау тәсілдері мен құралдарын сипаттайды; қолданбалы есептерді талдайды; жобалау және бағдарламалау әдістерін, бағдарламаны құрудың барлық кезеңдерінде сандық технологияны қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы және теориялық негіздері
Бұл курста компьютерлік техниканың даму тарихы, компьютер архитектурасы, ішкі құрылғылардың физикалық, логикалық сипаттамалары, ақпараттың сандық көрінісі және компьютердің логикалық негіздері қарастырылады. Курс аяқталғаннан кейін студент машиналық кодтау мен жоғары деңгейдегі тілдердің айырмашылықтарын бағалайды, ассемблер тілінде операциялық жүйеге қарапайым қосымшалар жасайды, қарапайым және күрделі алгоритмдер жасайды, деректер құрылымымен жұмыс істейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физика және информатиканы оқытудағы цифрлық білім беру ресурстары
Білім алушылар сандық білім беру ресурстарын әртүрлі графикалық және көлемдік-кеңістіктік құралдарын қолдана отырып, жылжымалы экрандық композицияны құру тәсілдерін түсінеді; модульдік ақпараттық графикалық және анимациялық құрылымдарды жобалап, әзірлейді; анимация мен білім беру ресурс мазмұнын жобалау мен орналастырудың жүйелік тәсілін талдайды; мультимедиялық дизайн мен анимацияға мамандандырылған бағдарламалық өнімдердің әртүрлі түрлерімен жұмыс жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Адал азамат құндылықтары
Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық құқықтық мәдениетке тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физика есептерін шығару практикумы
Білім алушы физика курсындағы есептерді шешудің әдістемесін анықтайды; физикалық ойлау, құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық түсініктерді, рәсімдерді, фактілерді және құралдарды қолданады; физикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады; жеке тапсырмалар орындау барысында өз бетінше оқыту әдістерін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті теориялық және практикалық мәселерді пайданалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық
Курс қазіргі нарықтық экономика жағдайында табысты кәсіпкерлік қызметке қажетті құзыреттерді дамытуға ықпал етеді. Студенттер оңтайлы экономикалық шешімдер қабылдауды үйренеді, кәсіпкерлік пен қаржының негізгі ұғымдары мен білімдерін меңгереді, қаржылық операцияларды жүргізуге қажетті дағдыларды дамытады. Студенттер қаржы институттарының (банктер, қор нарығы және т.б.) қызметін талдайды, қаржылық-экономикалық құбылыстарды (несие беру, инвестициялау және т.б.) жіктейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Информатиканы оқыту әдістемесі
Білім алушы информатика сабағын ұйымдастыру, жоспарлау, өзіндік талдаулар жүргізу, оқу мекемесінің информатика кабинетінің жабдықтарын және оны ұйымдастыру жұмыстарының негізін анықтайды; курс соңында сыныптық және сыныптан тыс информатика сабақтарын ұйымдастырады, қазіргі АКТ құралдарын, бағдарламаларын қолданады; бағалаудың негізгі тәсілдерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектептегі физикалық эксперименттің әдістемесі мен техникасы
Бұл курста мектептегі физикалық эксприменттің әдістемесі мен техникасының негізгі мақсаты мен міндеттері анықтайды; Физикалық демонстрациялық экспериментті жұмыстарды сипаттайды; зертханалық жұмыстарды іріктеп, дайындап оны оқу үрдісінде ұйымдастыра отырып қолданады; мектептегі физика кабинетіндегі негізгі приборлар және құрал жабдықтармен жұмыс істейді және арнаулы приборлардың көмегімен физикалық процестерді демонстрациялап салыстырмалы қателіктерін есептеп шығарады;студенттерді жаңашылдыққа қабілетті болуға бағыттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Бұл курс болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының міндетті компоненті болып табылады. Бұл пәнді игеру студенттерге «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясына сәйкес мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын жүргізуге, жоспарлар мен конспекттер жасауға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік береді. Курс студенттерге заманауи мектепте сынып жетекшісінің қызметін қайта қарауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру
Бұл курс қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беруге шолу жасап ұсынады. Студенттер «инклюзия» ұғымын ажырата алады, арнайы білім беруді реформалау мәселесін аша алады, ұлттық арнайы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын қарастырады, балаларды интеграциялау модельдерін талдайды және салыстыра алады, мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті білім беруді басқарудың құқықтық және этикалық негіздерін түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп физика курсындағы демонстрациялық эксперименттер
Білім алушы мектептегі физика курсындағы демонстрациялық эксперименттерінің негізгі түсініктерін сипаттайды; білім жүйесіндегі қазіргі заманғы физикалық рөлін анықтайды; физикалық шамаларды және олардың математикалық өрнектері мен өлшем бірліктерін анықтайды; демонстрациялық эксперимент жүргізудің және өлшеулер нәтижелерін өңдеудің кең таралған әдістерін қолданады; орта мектеп физика курсы бойынша демонстрациялық тәжірибелерді салыстырады; арнаулы приборлардың көмегімен физикалық процестерді демонстрациялап салыстырмалы қателіктерін есептеп шығарады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Компьютерлік желілер және желілік технологиялар
Білім алушылар курсты игеруде жүйелер мен желілерді ұйымдастырудың негізгі принциптерін, терминологиясын, OSI моделін, Интернетке қосылу әдістерін қарастырады; электрондық пошта; UseNet, TelNet, FTP технологиялары және электрондық байланыс құралдарын сипаттайды; ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау мәселелерін зерттейді; электрондық цифрлық қолтаңбаның, мега-қауіпсіздіктің өмірдегі рөлін талдайды. Жобалау жұмысында ақпараттық және бағдарламалық құралдарды қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Физиканы оқыту әдістемесі
Білім алушы мектеп физика курсының оқыту бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері мен құрылымын, физиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістерін мен формаларын қарастырады; оқытудың ғылыми әдістерін, припциптерін; қазіргі заманғы талаптарға сәйкес физикадан сабақты жоспарлай алады; физикадан оқу үдерісін ұйымдастырады; техникалық құралдар мен заманауи сандық білім беру технологияларын, физикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады; сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, демонстрациялық эксперименттерді жүргізудің әдіс - тәсілдерін қалыптастырады; электродинамика, кванттық физиканың элементтері, атом ядросының физикасының тақырыптарын оқытудың әдістемесін талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беруде физика және информатиканы оқыту әдістемесі
Білім алушы инклюзивті білім беру мәселесінің теориялық аспектілерін, педагогикалық үдерістің жалпы әдіснамасын туындайтын әдістерін, мазмұнын сипаттайды, оқытудың әзірленген әдістері мен тәсілдерін қолдану кезіндегі жоспарланған нәтижелері қалыптасады; инклюзивті білім беру жағдайында физика және информатиканы оқыту технологиясын қолданудың мүмкіндіктерін пайдаланады; қазіргі кездегі физика және информатиканы оқыту тұжырымдамасын, терминдерін, физика және информатикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
Бұл курста ақпараттық қорлар мен мәліметтер банкінің ұғымдарын, мәліметтер моделінің мазмұндарын анықтайды; Реляциялық алгебра және реляциялық есептеу жүйелерін сипаттайды. Мәліметтер қорының тұжырымдық, логикалық, физикалық жобалау әдістерін қолданады; әр түрлі бағдарламалау жүйелеріне тікелей шығатын деректер қорын басқару жүйелерін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физиканың цифрлық зертханалары
Бұл курста физикалық экспериментің негізгі мақсатын айқындайды; механика және молекулалық физика бөлімдерінің зертханалық жұмыстарын таңдап, дайындап нәтижесі бойынша оқу жобалау жұмыстарын жасауда цифрлық құралдар қолданылады; электродинамика бөліміндегі цифрлық микросхемалармен танысады; оптика және астрономия бөлімдері бойынша жоба жасайды; арнайы цифрлық құрылғылардың көмегімен зертханалық жұмыс жасайды; студенттерді зерттеу жұмыстарын жасауға қабілетті болуға бағыттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми-зерттеу жұмысы және академиялық жазылым
Бұл курста ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері, зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау - ғылыми ізденістің алғашқы кезеңдері, ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңдері қарастырылады. Курс аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін өңдейді, жинақтайды және ғылыми ұсыныстар береді, академиялық мәтіндердің білім мазмұнын, ерекшеліктерін, оқылым әрекетін, кіріспені жазады, гипотеза құрады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық шеберлік
Бұл курс студенттерде қалыптастырады: мұғалімнің кәсіби қызметінің тұтас құрылымы, оның жеке басы туралы; кәсіби-педагогикалық шеберліктің мәні, мазмұны және ерекшелігі туралы; Педагогикалық шеберлік негіздерінің құрылымдық құрамдас бөліктері: педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника және педагогикалық ықпал ету құралдары, театр педагогикасы мен шешендік өнер элементтері туралы білімді. Педагогикалық қызметті педагогикалық және азаматтық сананы дамыту, студенттердің шығармашылық және жеке өсуінің шарты ретінде түсіну және қабылдау. Сондай-ақ, бұл курс мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінде өзінің кәсіби өсуі мен жеке дамуының траекториясын жобалаудың педагогикалық техникасы мен дағдыларын практикалық игеруге ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Астрономия, радиоэлектроника және интегралды микросхемалар
Бұл курста күн жүйесінің, аспан денелерінің табиғатын, құрылымын анықтайды; жұлдызды аспанның негізгі жұлдыздарын табады; ғарыштық денелерді зерттеудің ғылыми зерттеудің әдістерін қолданады; радиоэлектроника, интегралды микросхемалардың даму, әртүрлі электрондық құрылғыларды негізінде сигналдарды өндіру, тасымалдау, түрлендіруге байланысты физикалық заңдылықтарды талдайды; цифрлы микроэлектрондық құрылымдарын физикалық заңдар арқылы жоғары дәлдікпен есептейді; зертханалық жұмыстарды белсенді жүргізеді, күрделі зерттеулерді сараптайды; цифрлы электронды техниканы құрылғыны өңдеуде қолданады; радиосигналдарды түрлендіруді сын тұрғысынан сипаттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ІТ жобаларды басқару
Бұл курста ақпараттық технологиялар саласындағы ІТ жобаларды әзірлеуде қажетті деректерді жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру әдістерін түсінеді; жобаларды жоспарлау, әзірлеу және масштабтау әдістерін, сондай-ақ ресурстарды басқару мен коммуникацияны қоса алғанда, жобаларды басқару жұмысының негізгі принциптерін үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік графика және анимация
Пәнді оқу барысында графиканың негізгі функцияларымен, анықтамасы, қолдану аясымен танысады. Компьютерлік графиканы, векторлық графиканы, растрлық графиканы қолданып үйренеді. Векторлық кескіндерді жасау, векторлық кескіндерді құрып өңдейді. Пәнді оқуты нәтижесінде Blender, Sweet Home 3D, Scultris, SketchUp Make, nanoCad free және т.б. бағдарламалармен жұмыс жасайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Информатикадан олимпиадалық есептерді шығару
Бұл курста студенттер есептердің күрделі алгоритмдеу негізінде бағдарламалаудың автоматтық негіздерін, С++, С#, Python орталарында бағдарламалауды, информатикадан олимпиадалық есептерді шешуге бағытталған, олимпидалық есептер классификациясы және оларды талдау әдістемесін қарастырады. Курсты аяқтаған соң студенттердің ғылыми дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық белсенділігі артады, болашақ информатика мұғалімінің бағдарламалау саласындағы кәсіби қасиеттері қалыптасады. Студенттер стандартты емес және логикалық есептерді, сондай-ақ күрделілігі жоғары есептерді шешеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Робототехника негіздері
Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер робототехниканың даму тарихы мен қазіргі уақыттағы қолданылу салаларын оқып үйренеді. Сонымен қатар LEGO EV3 Mindstorms NXT, ALPHA1 PRO платформаларында түрлі конструкциялар құрастырады, Alpha1 Pro бағдарламалау, Mblock және басқа робототехника бағдарламалау жабдықтарымен жұмыс жасайды. Графикалық бағдарламалау өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістерін зертханалық сабақтарда сипаттап есептеулер жүргізеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Бұлттық технологиялар негіздері
Бұл курста бұлтты есептеулердің негізгі қағидаларын, әртүрлі платформаларды қолдану арқылы бұлттық жүйелерге қосымшалар әзірлеудің принциптері мен әдістерін, бұлтты есептеулердің инфрақұрылымын сипаттайды, түсінеді; бұлтты есептеулерді жүзеге асыру барысында қазіргі ақпараттық орталарды, бұлтты қоймаларды жасау технологияларын және виртуалдау технологиясын қолданады; бұлтты қоймаларды әзірлейді, бағдарламалаудың онлайн орталарын виртуалдау технологиясын зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
Бұл курста мектептегі ғылыми зерттеу және оның әдіснамалық принциптерін, жұмыс бағыттарын анықтайды; ғылыми ізденістің алғашқы кезеңдерін, ғылыми зерттеу жүргізілудің процесін және қорытындылау кезеңдері қарастырылады; зерттеу нәтижелерін жинақтайды және ғылыми зерттеуге өз ұсыныстарын береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Теориялық физика негіздері
Білім алушы классикалық және кванттық механиканың, арнайы салыстырмалы теорияның, электродинамиканың, термодинамиканың және статикалық физиканың негізгі заңдылықтарын меңгереді; теориялық білімдерін пайдалана отырып, оларды тәжірибе жүзінде дәлелдейді; алған білімдерінің нәтижесінде теориялық физиканың негізгі заңдарын қалыптастырады; Физикалық заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін, табиғат пен техникадағы құбылыстар мен процестердің физикалық мәнін, салыстырмалылық негіздерін, кеңістік – уақыт өлшемі туралы білімді арттырады; қазіргі математика мен физиканың проблемалары мен жетістіктеріне қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мобильді қосымшаларды әзірлеу
Мобильді қосымшаларды әзірлеу курсында мобильді құрылғылардың негізгі түрлерін, мобильдік қосымшалардың өмірлік циклін, құрылымын, бағдарламалық манифест пен сыртқы ресурстарды қарастырады. Android платформасының мобильді қосымшаларды зерттейді; платформада қолданушы интерфейсін, сервистерді жасау, дабылды, аппараттық сенсорды, ақпараттық сақтауды қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
STEM-білім
Бұл курс барысында білім алушының жай механизмдерден бастап күрделі механизмдерді құрастыра алу дағдысы қалыптасады, STEM технологиясын тәжірибеде қолданады; робот техникасын модельдеу барысында қозғалыс теректориясын анықтайды; зертханалық жұмыстарда жаңа механизмдер құрастырады, механизм қозғалысын реттейді; ғылыми зерттеулерде: жоба әдісін, 3D – жобалау әдісін, жел энергетикасын қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Web бағдарламалау
Бұл курста Web сайт құруға арналған бағдарламалау HTML, CSS, JavaScript, PHP тілдері туралы ұғымдарын қалыптастырады; тәжірибелік жұмыстар орындау арқылы тілдердің бір-бірімен байланысын зерттейді, талдайды. Web-сайттар жасау мен оларды Internet-тің Web-серверлерінде орналастырады; Курс соңында әрбір студент өзінің дербес сайтын әзірлеу арқылы жоба жұмысын қорғайды, бағдарламалау тілдерін белсенді қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- жалпы және теориялық физика заңдарын, жоғары математиканың заңдылықтарын, аспан денелерінің табиғатын сипаттайды, физикалық құбылыстар мен процестерді талдайды;
- зертханалық жұмысының нәтижесін, физикалық және математикалық есептеулер жүргізу арқылы іс жүзінде көрсетеді;
- бағдарламалау тілдерінің құрылымын, бағдарламаны құруда сандық технологияларды меңгереді, аппараттық және бағдарламалық құралдармен жұмыс; заманауи бағдарламаларды қолдана отырып күрделі алгоритмдерге есептеулер жүргізеді, білім беру қосымшаларымен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.
- информатиканың теориялық негіздерін, микропроцессорлық және операциялық жүйелер даму бағыттарын, деректер базасын құру принциптерін, жұмыс істеу әдістерін меңгереді. Бұлтты есептеулер мен платформаларда жобалаудың негізгі әдістерін сипаттайды.
- физика және информатиканы оқыту әдістерін меңгерген, есептерді шешу жолдарын анықтайды; цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолданады, инклюзивті білім беру жүйесінде жұмыс жасай алады, бағалау жүйесінің критерийлерін ажырата алады;
- адал азамат құндылықтары мен құқығы, қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыру, экологиялық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы білімдерін көрсетеді.
- оқу тәрбие жұмысын жоспарлап, теориялық білімі мен нақты тәжірибелік дағдыларын басқарушы қызметте іске асыра алады;
- роботтық жүйелерді жобалауды, академиялық жазуды мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды, теориялық және әдіснамалық дағдыларын жүзеге асырады;
- оқушылардың физиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынаста психология мен педагогиканың теориялық негіздерін қолданады.