Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01501 Физика в QYZPU

Пәндер

  • Академическое письмо

    Пән ғылыми бағыттағы түрлі мәтіндерді (ғылыми мақала, баяндама, пікірлер, әдеби шолу, эмпирикалық мақала және т.б.) жазу дағдыларын қалыптастыруға, олардың ерекшеліктері мен құрылымдарын жан-жақты меңгертуге бағытталады. Сондай-ақ ғылыми мәтіндер жазу үшін тақырып таңдаудан бастап, оны жариялау барысындағы барлық жазылым үдерісінде кездестін мәселелерді қамтиды. Докторанттар пәнді оқу арқылы сыни ойлау, жүйелі жазу, ғылыми дискурс құра алу, сыни оқылым, талдау, бағалау сияқты қабілеттерін арттырады. Халықаралық деңгейдегі рейтінгісі жоғары журналдардағы ғылыми мақалалардың құрылымымен, стильдерімен танысады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пәннің мақсаты зерттеу туралы ұғымдарды және зерттеу дағдыларын, ғылыми - зерттеу жұмысының тиімділігі үшін қажетті ақпаратты іздеу, оны талдау білігін қалыптастыру. Докторанттар зерттеу жоспары мен кезеңдерін қарастырады, сандық, сапалық әдістерді қолданады. Зерттеу этикасын сақтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Талдаудың статистикалық әдістерін тереңдетіп зерттеу

    Статистика әртүрлі салалардағы түрлі міндеттерді шешу үшін пайдаланылуы мүмкін қуатты құрал болып табылады. Статистикалық әдістер іріктемеден алынған деректер негізінде объектілердің жиынтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Олар объектілердің жиынтығын сипаттау, ауыспалылар арасындағы өзара байланыстарды талдау, болжау және шешім қабылдау үшін пайдаланылады. Деректерді статистикалық талдаудың заманауи әдістерін және оларды ғылыми зерттеулерде пайдалануды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепте физиканы дифференциалдап оқытудың әдістемелік негіздері

    Пән бейіндік бағыттағы физиканы оқыту әдістемесінің мәселелерін, білім берудің барлық кезеңдерінде ішкі саралау негізінде физиканы оқытудың тиімділігін арттыруды, теориялық материалды игерудің әдістемелік жүйелеуін, оқытушының педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыруды, білім алушылардың мүмкіндіктері, қабілеттері, ерекшеліктеріне сай оқытудың жеке стратегиялары мен әдістерін әзірлеуді қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді коммерцияландыр

    Пән білім беру саласында жүзеге асырылатын жобалардың тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздерін, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру кезеңдерінің мазмұнын, бизнес-жоспарлаудың техникалық ерекшеліктерін, негізгі ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыруды, зияткерлік меншікті қорғауға және оларды процесте пайдалану құқығына байланысты мәселелерді зерттейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жоғары және орта мектептегі физиканы оқыту дидактикасы

    Пәннің мақсаты докторанттардың педагогикалық ойлауын дамыту және жетілдіру, ғылыми білімнің сабақтастығы қағидатына негізделген жоғары және орта мектеп дидактикасының проблемаларын талдау. Докторанттар орта және жоғары мектеп дидактикасының принциптерін тұжырымдап, жүйелей алады, әртүрлі білім беру мекемелерінде физиканы оқытудың мақсат, міндеттері мен мазмұнын талдай алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физикалық білім берудегі және ғылыми зерттеулердегі инновациялық технологиялар

    Пәннің мақсаты білім және ғылым саласындағы заманауи технологияларды талдау, ғылыми-педагогикалық қызмет және инновациялық технологияларды интеграциялау болып табылады. Докторанттар инновацияны практикада қолдана алады, физикадан білім берудегі жаңа концептуальдық тәсілдерді және ақпараттық технологияларды дамытуға, ғылымға инновациялық менеджментті енгізуге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістеріне ие
  • Ауызша және жазбаша академиялық қарым-қатынаста еркін сөйлеу және әр түрлі зерттеу жұмыстарын немесе ғылыми-техникалық құжаттарды дайындау мен рәсімдеуде практикалық дағдыларды көрсетеді
  • Ғылыми және педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін түсіндіреді, олардың қолданылу шектерін, оларды ғылыми, білім беру және әлеуметтік-мәдени ортада іске асырудың мүмкін қауіп-қатерлерін, әрі қарай зерттеу перспективаларын бағалайды
  • Физиканы оқытудың зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, жоғары деңгейде сыни және креативті ойлау дағдыларын меңгереді;
  • Жұмыс берушінің қажеттілігіне сәйкес оқу процесі мен қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын әзірлейді және жүзеге асырады
  • Тұлғалық және кәсіби дамудың жоспарланған деңгейін қамтамасыз ету үшін білім беру технологияларын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын қолданады
  • Ғылыми және білім беру қызметін талдай алады
  • Цифрлық технологияларды зерттеу мен пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларды біледі және сақтайды, қауіпсіздік шараларын қолданады.
Top