7R01142 Клиникалық фармакология в Астана медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Клиникалық фармакология мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін медициналық мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға сай келетін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Астана медицина университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R042 Клиникалық фармакология
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Дәрілік заттарды пайдалануды бағалау және клиникалық-фармакологиялық сараптау. Дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары. Дәрілік қадағалау.
Бұл пән стационарлық және стационарды алмастырушы көмек жағдайларда дәрілік заттарды бағалау бойынша сұрақтарды, оларды ұтымды, қауіпсіз және тиімді пайдаланудың қамтамасыз ету жолдарын қарастырады. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін тіркеу және фармакологиялық қадағалау принциптері.
Несиелер - 12
-
Дәрілік заттарға клиникалық зерттеудің әртүрлі түрлерін жүргізу кезеңдері. Дербестендірілген емдік терапия (емдік дәрілік мониторинг, фармакогенетика)
Пән білім алушыларға клиникалық зерттеулерге байланысты үрдістер мен кезеңдер туралы және дәрілік заттарды жасау барысындағы олардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің маңыздылығы туралы білім береді. Жекелендірілген фармакотерапияны оқыту емдеу нәтижелерін жақсартуға, жағымсыз реакциялардың қаупін азайтуға және әр науқастың жеке ерекшеліктеріне сәйкес дәрілік заттарды қолдануды оңтайландыруға бағытталған.
Несиелер - 10
-
Клиникалық фармакология (клиникалық фармакологияның жалпы сұрақтары және жеке дәрілік заттар мен топтардың клиникалық-фармакологиялық сипаттамасы). Формулярлық жүйе.
Пән клиникалық тәжірибеде қолданылатын дәрілік заттарға байланысты әртүрлі аспектілерді қамтиды, соның ішінде жеке дәрілік заттар топтарының клиника-фармакологиялық сипаттамаларын қарастырады. Сонымен қатар, фармакокинетика, фармакодинамика, дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі сияқты тақырыптардың кең ауқымын қамтиды. Формулярлық жүйе стандарттарды қолдануды, критерийлерді таңдауды, дәрі-дәрмектің шектеулері мен құны туралы ақпараттарды, мониторингісі қарастырады, сонымен қатар медициналық қызметкерлерді оқыту мен ақпараттарды беру. Формулярлық жүйе дәрілерді пайдалануды ұтымды басқаруға, емдеудің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге және дәрілік заттарға жұмсалатын шығынды бақылауға көмектеседі.
Несиелер - 38
-
Микробқа қарсы ұтымды терапия және антибиотикалық профилактика. Микробқа қарсы препараттарға тұрақтылық мәселелері.
Бұл пән медициналық тәжірибеде бактерияға қарсы терапияны ұтымды пайдалануды қарастырады; Бұл қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды аспектісі және оны зерттеуде микробқа қарсы төзімділікпен жақсы күресуге және инфекцияларды тиімді емдеуге көмектеседі.
Несиелер - 9
-
Ішкі ағзалардың әртүрлі ауруларының ұтымды емі және клиникалық-фармакологиялық қағидалары.
Бұл пән білім алушыларға пациенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі ауруларды емдеуде дәрілік заттарды сауатты қолдану дағдыларын береді. Пән клиникалық фармаколог мамандығының талаптарына сәйкес денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарында жұмыс істеу үшін дәрілік заттарды ұтымды, қауіпсіз және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін фармакотерапиялық көмек көрсету принциптерін қарастырады.
Несиелер - 42
-
Қазақстан Республикасында емдеуге арналған халықаралық ұсыныстарды, нұсқауларды және клиникалық хаттамаларды дәлелді медицина тұрғысынан іздеу, бағалау және бейімдеу.
Осы пән барысында резиденттер дәлелді медицинамен халықаралық ұсыныстардың, нұсқаулықтардың және клиникалық хаттамалардың электронды деректер базасын іздейді және бағалайды.
Несиелер - 8
-
Фармакотерапияның тиімділігін зертханалық бақылау
Бұл пәнді оқу барысында резиденттер дәрілік терапияны қолдану кезіндегі жағымсыз дәрілік реакциялардың зертханалық диагностикасының әртүрлі түрлерімен және олардың алдын алу мүмкіндіктерімен танысады. Бұл пән резиденттерді фармакотерапияны тиімдірек басқару және сапалы медициналық көмек көрсету үшін зертханалық деректерді пайдалануға үйретеді.
Несиелер - 4
-
Педиатриялық тәжірибедегі және арнайы топтағы науқастардағы клиникалық фармакология мен ұтымды емнің қағидалары.
Пән педиатриялық тәжірибеде дәрілік заттарды ұтымды, қауіпсіз және тиімді қолдануды қамтамасыз ету кезінде, науқастың ерекшеліктерін және аурудың ағымын ескере отырып, қолдану принциптерін қамтиды.
Несиелер - 15
-
Веноздық тромбоздың жекелендірілген фармакотерапиясы
Бұл пән оқу барысында пациенттердің генетикалық және фармакокинетикалық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке веноздық тромб түзілістерінің жеке әдістерін зерттеу мен әзірлеуді қарастырады. Бұған антикоагулянттық терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігіне әсер ететін факторларды талдау, оңтайлы препараттар мен мөлшерлерді таңдау, тромбоэмболия қаупін азайту кіреді.
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Пациенттермен жұмыс істеу кезінде этикалық және құқықтық нормалар мен мәдени, әлеуметтік және мінез-құлық факторлар рөлін көрсетеді.
- Білім мен дағдыны өздігінен меңгерудің әртүрлі формаларын қолданады. Өз бетінше алған ғылыми-медициналық ақпараттарды және отандық/шетелдік тәжірибені медициналық көмек көрсету кезінде практикалық қызметпен біріктіре біледі.
- Күнделікті жұмыста, презентацияларды әзірлеуде, модуль/пәннің материалдарын өз бетінше оқуған кезде, сондай-ақ практикалық денсаулық сақтауда біріктірілген медициналық ақпарат жүйесімен жұмыс істеу кезінде IT-технологиялар саласындағы білімі мен дағдыларын қолданады.
- Мемлекеттік тілді және/немесе ұлтаралық қатынас тілін білмейтін науқаспен және/немесе онымен бірге жүретін адамдармен қарым-қатынас жасайды, өз ойын білдіреді, медициналық көмек көрсету тактикасын түсіндіреді.
- Басқа топ мүшелерінің шешімін тыңдау мүмкіндігін көрсету арқылы, науқасты басқарудың ақылға қонымды нұсқасын ұсынады.
- Науқаспен, оның туыстарымен тиімді қарым-қатынас жасау мүмкіндігі; пациент үшін ең жақсы нәтижеге жету үшін әріптестерімен, мамандандырылған бөлімшелердің дәрігерлерімен дұрыс, барабар және тиімді өзара әрекеттесу қабілетілігін көрсетеді.
- Әртүрлі патологиялары бар науқастарға фармакотерапияны жоспарлау кезінде медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін тактиканы таңдауда кәсіби білім мен дағдыларды қолданады.
Ұқсас БББ
7R01142 Клиникалық фармакология
Қазақстан-Ресей медицина университеті
7R01142 Клиникалық фармакология
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
7R01142 Клиникалық фармакология
Семей медицина университеті
7R01142 Клиникалық фармакология
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
7R01142 Клиникалық фармакология
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы