6B03111 Әлеуметтік саладағы психология в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Когнитивтік, әлеуметтік, ұйымдастырушылық Психология және консультативтік психология саласында маманданған психологтарды даярлау. Әр түрлі білім беру мекемелерінің, әлеуметтік саланың табысты психологиялық - педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық, кәсіби қызметі үшін үздіксіз білім алуға және өзін-өзі дамытуға бағытталған жаңа буын педагог-психологтарын қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 243
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B041 Психология
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B031 Әлеуметтік ғылымдар
Пәндер
-
«Жалпы психология: Психологияға кіріспе
Ғылым ретінде психологияның жалпы негіздері туралы түсінік қалыптастыру. Танымдық процестердің дамуы, психикалық күй, мотивация мен эмоция туралы білімді меңгеру. Адамның іс-әрекетінің психологиялық механизмдері және қарым-қатынас, мінез-құлық заңдылықтары мен қолданбалы ақиқатын танып білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Психоанализге кіріспе
Психоанализдің теориялық және әдіснамалық негіздері. Психоанализдің негізгі даму кезеңдері, психоаналитикалық көзқарастың адам мен тіршілікке қатынасы. Оның әлеуметтік-мәдени көрінісін бейнелейтін формасы ретіндегі психоанализдің өзіндік қалыптасуы мен даму ерекшелігі. Классикалық психоанализ. Бейсана және саналы ұғымдар. Қазіргі психоанализдің ғылыми бағыттары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұлға психологиясы
Психологияның пәні, міндеттері және әдістері. Психика және сана. Іс-әрекеттің психологиялық сипаттамасы. Психологиядағы тұлға мәселесі. Танымдық процестер. Түйсік. Қабылдау. Зейін және ес. Ойлау және қиял. Эмоциялар және сезімдер. Ерік. Тұлға аралық қарым-қатынас психологиясы. Темперамент. Мінез. Кабілеттер.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психологияның әдіснамалық негіздері
Қазіргі психологияның әдіснамалық негіздерін зерттеу, психикалық құбылыс және психикалық процестердің қалыптасуын әдіснамалық талдау. Практик психологтың кәсіби қызметінде жүзеге асырылатын нақты психологиялық процедуралар. Өзіндік зерттеулер жүргізу барысында алынған әдіснамалық білімдерді пайдалану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Психологиядағы ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау..
Ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық негіздері. Психологиядағы зерттеу жұмыстарын жүргізу процедуралары. Зерттеудің ғылыми аппаратының құрылымы. Әдебиеттерді теориялық талдау. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру. Зерттеудің диагностикалық және бақылау кезеңдерінің салыстырмалы талдауы. Нәтижелерді түсіндіру және жалпылау. Ғылыми – зерттеу жұмыстарын рәсімдеу, мақала жазу дағдылары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жалпы психологиядағы танымдық процестер мен тұлғаның дамуы
Адамның психикалық процестерінің құрылымы, қызметі мен дамуының болмысы және тіршілік жағдайындағы көрінісі. Адамның танымдық саласының қызметі мен дамуы. Іс-әрекет адамның танымдық процесін қалыптастыру және өзектендіру жағдайы ретінде. Адамның индивидуалды даму кезеңдерімен байланысты танымдық іс-әрекеттің жеке даралық ерекшеліктерін анықтау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жас ерекшелік психологиясы
Онтогенездегі психиканың даму заңдылықтарын зерттеу. Жалпы психология, педагогикалық психология, әлеуметтік психологиямен, педагогикамен байланысты ғылым саласының бірі ретінде оқытылады. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының құрылымы, жас ерекшелік дамуының негіздері, тұлғаның психикалық сферасының қалыптасуы мен дамуының жас аспектілерін оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік –психологиялық зерттеу әдістері
Әлеуметтік-психологиялық зерттеудің теориясы мен практикасы. Әдістеме және әлеуметтік-психологиялық зерттеулер және әдістерінің жіктелуі, олардың түрлері. Сандық және сапалық әдістердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-психологиялық зерттеу әдістерін таңдауды негіздеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ҚР психология ғылымының дамуы
Қазақстан Республикасындағы психологиялық ғылымның құрылымын, кезеңдерін, қазіргіжағдайы мен даму үрдісін зерттеу, білім алушыларда психологиялық идеялар дың пайда болуының тарихи процесі, көзқарастар, Қазақстан Республикасындағы психологиялық ғылымның негізгі салаларының қалыптасу процестері туралы жан-жақты және жүйелі білімді қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Медициналық психология
Медициналық психологияның теориялық және практикалық мәселелерін және ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу міндеттеріне қатысы бар науқас адамдардың психологиясын, өзекті мәселелерін зерттеу, аурулардың алдын алуда, туындауда, ағымында және емдеуде, адамдардың денсаулығын нығайту және сақтауда тұлғаның психикалық ерекшеліктерінің орны мен рөлі туралы мәселелерді зерттеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қыздарды тәрбиелеудің дәстүрлі әдістері
Студент қыздарды тәрбиелеудің дәстүрлі әдістері, оның зерттеу пәнімен байланысты категориялары, қыздардың жеке тұлғасын тәрбиелеудің факторлары мен заңдылықтары, қыздарды тәрбиелеудің дәстүрлі әдістерінің жалпы принциптері туралы теориялық идеяларды этнопедагогиканың және гуманитарлық білімнің саласы ретінде қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Бұқаралық психология
Адамдар тобының психологиясы, тарихи және құқықтық ерекшеліктері туралы негізгі ғылыми көзқарастар. Адамдар тобының бірегейлігін, топтық көңіл-күй және оған әсер ету механизмінің сипаттамасының практикалық аспектілері. Әлемдегі адамдар тобының феномені. БАҚ, жарнама және қоғамды басқару.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Психологиялық қыметті ұйымдастыру
Психологиялық қызметті ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесі. Психологиялық қызметті ұйымдастыру құрылымының бағыттары мен жұмысы. Психологиялық қызметтің Қазақстанда және басқа елдердегі дамуы мен қалыптасуы. Ағартушылық, профилактикалық іс-шаралар мен коорекциялық жұмыстар. Тұлғаның диагностикасы және кеңес беру. Іс-құжаттарын жүргізу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік психология
Әлеуметтік психологияның негізгі категориялары. Тұлға және қарым-қатынас, әлеуметтік топ психологиясы. Әлеуметтік-психологиялық зерттеудің пәні мен әдістері. Қоғамда тұлға әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері және оның дамуы, қазіргі таңдағы адамдардың өзара қатынасына коммуникативті дағдыларының әсері. Адамның социумға бейімделуі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тұлғаның психодиагностикасы
Тұлғаның психофизиологиялық және жеке даралық психологиялық ерекшеліктері. Оларды бағалау және талдау. Диагностикалық құралдарды қолдана отырып, психологиялық диагноз қою. Психодиагностиканың практикалық міндеттері. Психикалық құбылыстар мен танымдық процестердің, психикалық күй және қасиеттердің негізгі ерекшеліктерін бағалауға арналған психодиагностикалық әдістер жүйесі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Дифференциалды психология
Психикалық дамудың негізгі теориялары, әдістері, психикалық даму тероиясы туралы зерттеу; онтогенездегі тұлғаның психикалық дамуының заңдылықтары, жағдайлары мен қозғаушы күштері, әртүрлі жас кезеңдеріндегі адамның психологиялық ерекшеліктерін білу. Бала психикасының жас және жеке ерекшеліктерін зерттеуде психология әдістерін қолдану; онтогенездің әр түрлі кезеңдерінде баланы толыққанды оқыту мен тәрбиелеудің шарттарын анықтау, өз қатарластырымен және ересектермен қарым-қатынас жасау, әртүрлі жас топтарындағы білім алушылардың әлеуметтенуін зерделеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Тұлғаның психодиагностикасы
Тұлғаның психофизиологиялық және жеке даралық психологиялық ерекшеліктері. Оларды бағалау және талдау. Диагностикалық құралдарды қолдана отырып, психологиялық диагноз қою. Психодиагностиканың практикалық міндеттері. Психикалық құбылыстар мен танымдық процестердің, психикалық күй және қасиеттердің негізгі ерекшеліктерін бағалауға арналған психодиагностикалық әдістер жүйесі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қарым-қатынас психологиясы
Әрекеттестік пен қарым-қатынас байланысы. Қарым-қатынастың мақсаты, функциялары, түрлері және байланыс деңгейі. Қатынастың өзара түсінушілік механизмдері. Байланыс техникасы мен әдістері. Әңгімелесу, соттау, тыңдау ережелері. Байланыстың этикалық қағидалары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Психология бойынша практикум
Эксперименттік жұмыстың психологиялық заңдары. "Психология шеберханасы" пәнінің рөлі мен орны басқа психологиялық пәндер арасында. Психологиялық білімнің басқа салаларымен байланысы. Шетелдік және отандық психологиядағы эксперименттің қалыптасуы мен даму тарихындағы негізгі кезеңдер. Психология бойынша практикумның теориялық және практикалық міндеттері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тренингтік технологиялар мен топтық терапия (практикум)
Психологиялық тренингтің теориялық негіздері. Адамның психологиялық құбылыстарын қасақана өзгерту критерийлері. Тренинг принциптері. Тренингтік топтың психологиялық ерекшеліктері. Тренингтік топтың дамуының негізгі кезеңдері. Психологиялық тренинг жүргізушісінің қызметінің әдістемелік ерекшеліктері. Тренингте кері байланысты ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мәдениетаралық кеңістікте тұлғаны психологиялық сүйемелдеу
Әр түрлі халықтар мен нәсілдердің ментальді құрылым ерекшеліктері, этномәдени қатынастары, этникалық топтардың психологиялық сипаттамалары. Халықтардың психологиясы мен этносаралық қатынастарының психологиялық аспектілері. Мәдениетаралық өзара әрекеттесуді, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстырмалы талдау. Әртүрлі қатынастардың нормасы ретіндегі мәдениетаралық сауаттылық, толеранттылық.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Онлайн кеңес беру
Онлайн кеңес берудің мәні мен ерекшелігі мен әдістері. Онлайн - кеңес беруді ұйымдастырудың құрылымы, деңгейлері мен түрлері. Онлайн кеңес беру кезінде психологиялық әдістерді қолдану. Психологтың клиентпен виртуалды байланысын қалыптастыру. Виртуалды байланыс процесінде психологиялық көмекті ұйымдастырудағы қиындықтар мәселесі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Конфликтология
Жанжалдардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтары мен тетіктерін, оларды басқарудың принциптері мен технологияларының жүйесін зерттеу. Әлеуметтік конфликтология пәнін құрайтын әртүрлі типтердегі қақтығыстардың негізгі аспектілерін білу. Ұжымдағы жанжалды басқарудың негізгі тәсілдерін игеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психологиялық кеңес беру негіздері
Психологиялық кеңес берудің әдіснамалық негіздері мен мәселелері. Психологиялық кеңес берудің кезеңдері, формалары және принциптері. Жеке және топтық психологиялық кеңес беру техникасы. Психолог-кеңесші жұмысына қойылатын этикалық принциптер. Психологиялық кеңес беру кабинетін жабдықтау талаптары. Клиентті кеңес беру кезеңінен кейінгі сүйемелдеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Саяси психология
Саяси психологиядағы тұлға, адамдар тобы, шағын және үлкен әлеуметтік топтар туралы теориялық-әдіснамалық көзқарастар мен мәселелері. Қазіргі қоғамдағы саяси психологияның рөлі мен орны. Заманауи саяси психологияның негізгі тұжырымдамалары; саяси сана, саяси мінез-құлық, саяси мәдениет динамикасы негізігдегі зерттеулердің психологиялық мәселелері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері және коррупцияға қарсы мәдениет, Экология және тіршілік әрекеттері қауіпсіздігі
Пәннің мақсаты- ұлттық экономика, қазақстандық құқық, мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі және салалардағы тіршілік негіздері туралы негізгі заманауи түсініктерді қалыптастыру. Пән шеңберінде : Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын дамытудағы базалық тұжырымдамалар мен қазіргі заманғы көзқарастар; азаматтық және әкімшілік құқықтың негізгі бағыттары мен ұғымдары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің, сондай-ақ қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың қазіргі заманғы жолдары мен тетіктері; ҚР экологиялық және су қауіпсіздігінің негізгі мәселелері зерделенетін болады. Пәнді оқыту нәтижесінде - студенттер ұлттық экономика, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экологиялық қауіпсіздік және тіршілік салаларындағы негізгі ұғымдар мен ұғымдарды пайдалану бойынша білім мен дағдыларды меңгеретін болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім берудің психологиялық негіздері
Инклюзивті білім берудің психологиялық негіздері, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қолдаудың психологиялық бағдарламаларын құру. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамға және білім беру ортасына бейімдеу, еңбекке деген ынтасын қалыптастыру, әлеуметтендіру, өзін-өзі бағалауын жоғарлатуына психологиялық қолдау көрсету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Практикалық психология
Психологиялық көмек көрсетудің мазмұны мен принциптері, практикалық психолог қызметінің құрылымы. Тәжірибеде қолданбалы әдістерді пайдалану. Адамдарға қиын өмірлік жағдайларда психологиялық қолдау көрсету, кәсіби психологиялық мәселелерді шешу және арнайы бағдарламалар әзірлеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заң психологиясы
"Адам-құқық" жүйесіндегі адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Заң психологияның бөлімдері: қылмыстық психология, пеницитарлық психология, сот психологиясы. Заң психологиядағы сана категориясы. Құқықтық сана феномені. Құқық бұзушының психологиялық портреті. Қылмыскер тұлғасының типтері. Заңгер қызметінің объектісі ретіндегі адамның мінез-құлық ерекшеліктері. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тұлғаның әлеуметтенуі
Әлеуметтену процесінің мәнін және әлеуметтенудің әлеуметтік – психологиялық механизмдерін; жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін негізгі факторларды зерттеу. Тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі кезеңдері мен заңдылықтарына талдау жасау қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Әскери психология
Әскери қызметшілердің психикалық қызметінің негізгі фактілері, механизмдері мен заңдылықтары, ұжымның психикалық құбылыстары. Әскери басшылық психологиясы, жауынгерлік жағдайдағы тәрбие және оқыту психологиясы. Жеке тұлғаны әскери қызметке даярлау процесінде туындайтын психологиялық проблемалар, мен іріктеудің критерийлерін анықтау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Еңбек және инженерлік психология
Адам еңбегінің психологиялық ерекшеліктері, еңбек дағдыларының даму заңдылықтары, адамның еңбекке қабілеттілігі, ақпараттық құрал ретіндегі адам мен техниканың өзара байланысы және эргономика туралы білім. Мамандарды іріктеу және кәсіби бағдар жұмысының психодиагностикалық әдістері, мамандық таңдау ерекшеліктері мен кәсіби эмоционалды зорығудың профлиактикасы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Кәсіби іс-әрекеттегі психология
Кәсіби жолдың белсенді субъектісі ретінде адам табиғаты туралы ғылыми идеялар жүйесі. Мамандық таңдау кезінде тұлғаның кәсіби қалыптасуының психологиялық аспектілері. Кәсіби даму процесінде тұлға ретінде психологиялық білімді игеру. Қазіргі психолог маманның өмірі мен кәсіби қызметіндегі рөлі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Девиантты мінез-құлық психологиясы
Оқу орындарындағы девиантты мінез-құлықтың негізгі факторлары, девиантты мінез-құлықтың типологиясы, әумесерлік мінез-құлықтың алдын-алу және жеңудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Оқу орны психологының девиантты мінез-құлқы бар балалармен жұмыс жасаудағы орны мен рөлі. Әлеуметтік өзара іс-қимыл, ынтымақтастық және әлеуметтік саладағы қақтығыстарды шешу тұжырымдамалары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мамандықтың кәсіби-қолданбалы бағдарламалары
Мамандықтың кәсіби-қолданбалы міндеттерін шешу алгоритмдерін әзірлеу, кәсіби сипаттағы құжаттарды құру және олармен жұмыс істеу, ақпаратпен жұмыс істеу әдістері мен құралдарын таңдау, мәтіндік және графикалық құжаттарды ресімдеу үшін заманауи компьютерлік бағдарламалар бойынша қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Коррекциялық психология
Корекциялық психологияның теориялық негіздері. Корекциялық психологияның пәні, әдістері мен міндеттері. Тұлғаның психоәлеуметтік дамуының айқын және баяу белгілерін психологиялық қолдау ерекшеліктері. Тұлғаның социумда бейімделуіндегі әлеуметтік-психологиялық қиындықтары. Тұлғаның аномальды психикалық дамуын, патологиясын алдын алу мақсатына бейімделген коррекциялық бағдарлама.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қоғамға қызмет
Қоғамға әлеуметтік қызмет көрсету тәжірибесін және халықтың әлеуметтік осал топтары игілігі үшін теориялық оқыту және қоғамдық пайдалы іс-әрекеттер арқылы адамгершілікке, адамгершілік құндылықтар мен азаматтыққа тәрбиелеу тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді; қоғамның негізгі мәселелерін тұжырымдау және түсіну, әлеуметтік жобаларға сыни талдау жүргізу және топта жұмыс істей білу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Денсаулық және спорт саласындағы әлеуметтік - психологиялық технологиялар
Денсаулық пен психосоматиканың мінез-құлықтық және психологиялық ерекшеліктері, спорттық іс-шаралар мен денсаулықты сақтауда әртүрлі психологиялық тетіктердің қалыптасуы мен көрінісі. Спортшыларға өзін-өзі тануға психологиялық көмек көрсету, денсаулық жағдайына әсер ететін психологиялық, мінез-құлық, сондай-ақ мәдени факторларды зерттеу. Спорттық іс-әрекетке әсер ететін психологиялық және психофизиологиялық факторлар.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Неке және отбасы психологиясы
Неке және отбасының психологиялық ерекшеліктері, ерлі-зайыптылар қатынасының даму кезеңдері мен өсу заңдылықтары. Некеге психологиялық даярлық, ерлі-зайыптылар жұбын құру, отбасылық дағдарыс және ажырасу сатылары. Ата-ана мен бала қатынасы, ата-ана болу сатылары, ішкі отбасы қатынасының диагностикасы мен коррекциясы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экстремалдық психология
Адамдарға төтенше жағдайларда психологиялық көмек көрсету. Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетудің психологиялық техникалары, әдістері мен тәсілдері. Дағдарыс жағдайына арналған топтық психотерапия бағдарламасы. Күрделі экстремалды жағдайларға тап болған адамдардың психологиялық ерекшеліктері. Мінез-құлық заңдылықтары және оның бұзылуының қиын мамандық жағдайындағы көрінісі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Пәннің мақсаты – студенттерді ғылыми академиялық мәтіннің негізгі ерекшеліктерімен таныстыру, жазбаша және ауызша ғылыми академиялық мәтіндер құру дағдыларын қалыптастыру, академиялық ортада коммуникацияның негізгі принциптерін меңгеру болып табылады. Педагогикалық ғылымдар саласындағы жарияланымдарды сыни тұрғыдан талдауға және қабылданған стандарттарға сәйкес өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынуға үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Интернет психологиясы
Интернет байланысының психологиялық тұжырымдамалары. Әлеуметтік желі арқылы қарым-қатынас феномені, интернеттегі қарым-қатынастың формалары мен ерекшелігі. Әлеуметтік желілердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. Интернетке тәуелділік мәселесі, тәуелділік түрлері және тәуелді күйлермен жұмыс істеу әдістері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Отбасылық қарым-қатынас психологиясы
Отбасы психологиясының мәні. Неке және отбасының сипаттамасы. Отбасылық қатынасының тарихи дамуы. Неке және отбасы психологиясының этникалық ерекшеліктері. Отбасылық дағдарыс кезеңдері мен түрлері. Отбасы қатынасының психотерапиясы. Ата-ана мен бала қарым-қатынасының психологиялық сипаттамасы. Отбасылық өмірде жастарға психологиялық қолдау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Психологиядағы математикалық әдістер
Психологияда математикалық әдістер мен өлшемдерді қолдану. Статистика бөлімдері: сипаттамалық, индуктивті және корреляциялық талдау. Психологиядағы зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық өңдеу. Іріктеу әдісі, көлемі, жалғандық принциптері және верификация, ғылыми және статистикалық гипотеза. Параметрлік және параметрлік емес өлшемдер.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өмірлік жағдаят аясында тұлғаны зерттеу әдістері
Өмірлік жағдайлардың жалпы сипаттамасы, оларды талдаудың негізгі тәсілдері. Адамның өмір жолында кездесетін жалпы жағдайлар, жеке тұлғаны зерттеуде әдістерді қолдану. Өмірлік жағдайлардағы мінез-құлықты қарастыру, психологиялық өмірбаяндар мен автопортреттер құрастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік саладағы медиация
Медиация - өндірістік, кәсіби және еңбек дауларын делдалдық арқылы реттеу, конфликтілі ситуацияларды шешудің әлеуметтік-психологиялық процедурасы ретінде. Әр түрлі әлеуметтік-психологиялық жұмыстарды жүргізудегі медиация және медиациялық бағыт. Медиаторларды кәсіби даярлау және олардың қызметін реттеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыс психологиясы
Әлеуметтік жұмыстың психологиялық негіздері. Халықтың әлеуметтік осал топтарын зерттеу. Психологиялық көмекке мұқтаж адамдардың әртүрлі контингентімен әлеуметтік жұмыс дағдыларын қолдану. Әлеуметтік топтарға кіретін адамдарға әлеуметтік – психологиялық көмек көрсету әдістерінің түрлері және құралдарын қолдану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Психологиядағы Арт әдістері
Арт-терапия - психотерапия мен психологиялық түзету бағыты ретінде. Арт-әдістерді қолдану тарихы. Арт – терапияның түрлері мен міндеттері, негізгі формалары мен әдістері. Музыкалық терапия, би терапиясы, скультура және құм терапиясының мәні. Арт – терапия әдістерін қолдана отырып, стресстің, депрессияның, мазасыздықтың, фобияның және эмоционалды бұзылуларды алдын-алу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Психологиялық көмек көрсету; психодиагностиканы, психокоррекцияны, психотерапияны және психопрофилактиканы жүзеге асыру. Өзара әрекеттесудің әлеуметтік психологиясының негізгі эмпирикалық әдістерін қолдану. Әлеуметтік қақтығыстарды салыстырмалы талдау, оны шешу жолдарын анықтау.
- Даму психологиясы саласында эксперименттік зерттеулер жүргізу, жеке тұлғаның, оның табыстық проблемасымен өзара байланыстағы әлеуметтік–психологиялық параметрлерін диагностикалау және кәсіби жетістіктің психотехникасын қолдану. Болашақ кәсіби қызметтің сипатына сәйкес практикалық тапсырмаларды орындау
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
- Психологияның негізгі тұжырымдамалық идеяларын практикада қолдану, психологияның негізгі категориялары мен тұжырымдамаларын қолдана отырып, адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын, санасын талдау, тұлғаның шығармашылық мінез-құлқын модельдеу. Психологияның маңызды мәселелеріне тарихи-психологиялық талдау жүргізу.
- Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге психологиялық көмек, сүйемелдеу көрсету. Денсаулық және спорт саласындағы әлеуметтік-психологиялық әсер ету мақсаттарына сәйкес әлеуметтік-психологиялық технологияларды қолдану. Соматикалық ауруларды түзету және алдын-алу.
- Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
- Нейропсихологиялық зерттеудің міндеттеріне байланысты психикалық функциялардың бұзылуын түсіндіру. Әумесерлік мінез-құлықтың алдын алу әдістерін, қылмыстық тұлғаны психологиялық зерттеу тәжірибесінде заманауи инновациялық психотехнологияларды, қазіргі саяси психология тұжырымдамасын қолдану.
- Психологиялық құзіреттілікке қойылатын талаптарға сәйкес тұлғалық дамудағы маңызды өзгерістерді диагностикалау; психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін, мәдениетаралық диалогты конструктивті жүргізудің техникалары мен әдістерін, балалар мен ата-ана қатынастарына психологиялық көмек көрсету тәсілдерін қолдану.
- Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдерін ұйымдастыру. Онлайн кеңес беруді іс жүзінде жүргізу. Психотехнологияның көмегімен топтық жұмысты жүзеге асыру, отбасындағы психологиялық проблеманы диагностикалау. Қыздарды тәрбиелеуде ұлттық педагогикалық материалдарды қолдану.
- Ықтималдылықты қосу және көбейту теоремаларын, дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын қолдана отырып, кездейсоқ эксперименттің ықтималдығын есептеу. Қашықтықтан оқыту әдістерін қолдана отырып, психологиялық көмек көрсету. Кәсіби деформацияның себептерін анықтау.
- Дағдыларды меңгеру жеке тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау қабілетін қалыптастыру.
- Әлеуметтік-психологиялық зерттеу бағдарламасын құру. Арт-терапиялық техникаларды қолдануды, арт-терапияда денеге бағытталған әдістерді таңдауды көрсету. Медиация процесін ұйымдастыру, дауларды баламалы шешу тәсілдерін пайдалану, адамдардың өкілеттіктерін белгілеу, тараптарға пайданы талдауда жәрдемдесу.
- Жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың және ҒЗЖ коммерцияландырудың негізгі ережелерін; академиялық мәтіндерді құру мен жұмыс істеудің негізгі принциптерін; басқарудағы Soft Skills дамыту әдістерін, ұйымдық мәдениетті диагностикалау принциптерін, оны ұйымның тиімділігімен өзара байланыста бағалауды; жоғары білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында білім беру мекемелері мен олардың бөлімшелерін басқарудың теориясы мен практикасын; процестің мәнін көрсету әлеуметтену және әлеуметтенудің әлеуметтік – психологиялық механизмдері; тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін негізгі факторлар.