Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03202 PR-Журналистика в М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ақпараттық сауаттылық дағдыларын м еңгере отырып, әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас жасау үшін ауызша және жазбаша түрде тілдік құралдарды пайдалана отырып, ғылыми зерттеудің негізгі түрлерін жазу және негіздеме жасау үшін ғылыми әдістер мен тәсілдерді пайдалана алады, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен шектеулерін талдайды, кәсіби қызметте деректерді өңдеу және түсіндіру үшін заманауи ЖИ-құралдарын қолданады.
  • Жеке және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін өзгермелі әлеуметтік-мәдени және экономикалық жағдайларда оңтайлы бейімделу үшін тәжірибелік қызметте базалық философиялық, әлеуметтік-саяси, құқықтық және қаржылық білімді қолданады, Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсетеді.
  • Қызмет барысында салауатты өмір салтына бағытталған тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық актілерді қолдана отырып төтенше жағдайларда табиғатты ұтымды пайдалану және қорғау білімдері мен дағдыларын пайдалана алады.
  • Бұқаралық коммуникацияның қазіргі заманғы тұжырымдамаларын және журналистика теориясының ережелерін, маңызды әлеуметтік институт және әлеуметтік коммуникация құралы ретінде, бұқаралық ақпаратты тұтыну мен өндіру процесінде аудиторияның рөлін білуге негізделген кәсіби қызметті жүзеге асырады.
  • Қазіргі заманғы IT-технологияларды пайдалана отырып, контент-талдау жүргізеді және журналистік авторлық материалдар мен шығармашылық медиа өнім жасайды.
  • Өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты көрсетеді, оның ішінде физикалық, кәсіби, командада жұмыс істейді, шешім қабылдайды, жанжалды жағдайларды шешеді, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді, салауатты өмір салтын ұстанады.
  • Қазіргі заманғы ақпараттық нарық жағдайында медиа-менеджмент өнімін және медиа-бизнес субъектілері ретінде бұқаралық ақпарат құралдарының іскерлік саясатын қалыптастыру принциптерін жасайды.
  • Заманауи медиа құрылымдарда медиатекстерді дайындауға байланысты жоғары кәсіби деңгейде әртүрлі жұмыс түрлерін орындауға, БАҚ-тың саяси дискурсында медиатекстердің лексикалық және стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып ақпарат ұсынуға қабілетті.
  • Медиасферада дербес ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады, республикалық және шетелдік БАҚ тәжірибесін ескере отырып, медиа өнім жасайды.
  • Зерттеу қызметіне ұйымдастырушылық көзқарас негізінде әртүрлі сипаттағы жүйелердің мінез-құлқын талдайды.
  • Әртүрлі түрлер мен жанрлардың студиялық және студиядан тыс телевизиялық (радио, интернет) хабарларын өткізуді жүзеге асырады.
  • Медиа нарықты маркетингтік зерттеу әдістерін қолдана отырып, зерттеу жүргізеді, PR өнімін, медиа-өнімді жарнамалайды, дамытады.
Top