Жаңа білім беру бағдарламасы

6B03202 Мультимедиялық журналистика

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары кәсіптік білім берудің келесі кезеңдерінде білім алушылардың шығармашылығын, бастамасы мен жаңашылдығын дамыту үшін жағдай жасау, еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту. Ақпарат жинау, мәтін жазу, аудио және бейне түсіру, оны монтаждау, мультимедиялық жобаларды басқару бойынша практикалық дағдыларды меңгерген кәсіби мамандарды дайындау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • ЖОО атауы
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B042 Журналистика және репортер ісі

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы мен қалыптасу тарихын, халықаралық құқық пен журналистік ұйымдарды біле отырып, шетелдік журналистиканың қазіргі даму бағыттарын талдай алады.
  • ҚР Конституциясы мен "БАҚ туралы"Заң аясында журналистің құқықтары мен міндеттерін біледі және сақтайды. Фактілер мен дәлелдерді жинай алады, жиналған ақпаратты талдай алады, ғылым мен техниканың жаңалықтарын қолдана отырып, ғылыми қорытынды жасай алады.
  • Радио, теледидарда ақпарат даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын мамандардың біліктілігі қалыптасады. Мемлекеттік және тәуелсіз телеарналардың хабар беру өзгешеліктерін меңгереді. Ғылым мен техниканың жаңалықтарын пайдалана отырып, дерек пен дәйектерді жинауға, жиналған ақпаратты талдауға, ғылыми тұжырымдар жасай алады. Фотоаппарат маркаларымен, объективтің түрлерімен, фото ісіндегі жарықтың маңызы және ролімен, фотоның композициялық құрылымын біледі.
  • Қазақстанның қазіргі кезеңі туралы мәліметті меңгереді. Отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде толық білім алады; Әлеуметтік сипаттағы міндеттерді шешуге байланысты арнайы теориялық білімдер мен практикалық дағдылардың комплексін меңгереді; студентте саяси сана қалыптасып, қоғамдағы болып жатқан саяси процестерге баға бере алады. Саяси сауаттылығы, саяси белсенділігі артады. Курсты меңгеру барысында отансүйгіштік, елжандылық сезімдері арта түседі; мәдениеттің негізгі құндылықтарын игереді. Ағылшын тілін біледі, қазақша және орысша сөйлейді.
  • Журналистік туынды жасау дағдысын, ойлау мәдениетін, сөйлеу техникасын, стилистика ережелерін, әралуан құбылыстар мен үдерістерді ғылыми талдау және жорамалдау негіздерін игереді.
  • Журналистика тарихын және қазақ мерзімді баспасөзінің, қазақ тіліндегі алғашқы газеттердің, қазақ публицистикасының көшбасшыларының, шетелдік журналистика жауһарларының пайда болуын біле отырып, журналистиканың жанрлық ерекшеліктерін, сондай-ақ қазақ және өңірлік журналистиканың даму ерекшеліктерін түсіндіруге қабілетті. Қазіргі қазақ журналистерінің ғылым, өнер, әдебиет және экономика тақырыптарындағы мақалаларын талдау дағдыларын игере отырып, оларды стиль даралығы тұрғысынан бағалай алады.
  • Желілік журналистиканың ерекшелік сипаттары, интернеттің пайда болуы және дамуы, желіні пайдаланып жұмыс істеу әдістері, веб-парақшаларын әзірлеудің шығармашылық процесі, сайттарды басқару жүйесімен жұмыс жасауға қабілетті. Онлайн режимінде жұмыс істей алады. Сандық технологияларды, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалану нәтижелерін бақылау және бағалау, қазіргі заманғы әлеуметтік медиа құралдарын пайдалана алады. Ақпараттық медиа сауаттылықтың ерекшеліктерін, осы салаға қатысты ең негізгі технологиялық құралдарды танып біледі. Big-Data технологиялық процесі мен оның журналистикада қолдануын, datа-журналистиканың конвергентті БАҚ-пен өзара әрекеттесу механизмдерін түсінеді. Материалдың жанрлық ерекшеліктерін ажырата біліп, электронды деректер базасымен, онлайн-медиа құралдарымен жұмыс істеу арқылы конвергенттік стильді меңгереді.
  • Журналистік зерттеу жүргізу дағдыларын игере отырып, журналистің кәсіби қызметінің мақсаттарын, әдістері мен тәсілдерін практикада қолдануға, ақпарат көздерімен, цифрлық бейнемонтаж және дыбысты өңдеу жөніндегі компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеуге, желілік ақпарат тасымалдаушысы ретінде интернет-сайттар құруға, түрлі форматтағы мерзімді басылымдарды айналдыруға қабілетті.

Ұқсас БББ

6B03202 Қоғаммен байланыс және адами ресурстар (PR&HR)

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

6B03202 Журналистика (ТВ және Мультимедиа)

Сулейман Демирель атындағы университеті

6B03202 PR-Журналистика

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B03202 Конвергенттік журналистика

Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті

6B03202 Журналистика

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B03202 Сандық журналистика

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

6B03202 Халықаралық журналистика

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

6B03202 Қоғаммен байланыс

Академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B03202 Қоғамдық қатынастар

«Тұран» университеті

6B03202 Халықаралық журналистика

M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti

6B03202 Қоғаммен байланыс

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B03202 Қоғаммен байланыс

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Top