Жаңа білім беру бағдарламасы

7M03101 Саясаттану және халықаралық қатынастар в M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы магистратура білім беру бағдарламасының мақсаты магистрлерді академиялық және зерттеу қызметіне, сондай-ақ саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы күшті аналитикалық және сыни дағдыларды қажет ететін мемлекеттік немесе жеке сектордағы мансапқа дайындау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M064 Халықаралық қатынастар
  • Дайындық бағыты 7M031 Әлеуметтік ғылымдар

Пәндер

  • Саяси идеология

    Бұл пәннің мақсаты – саяси идеологияларды, оның ішінде консерватизм, либерализм, социализм, феминизм, анархизм және т.б. жан-жақты зерттеп, білу. Олардың әр түрлі қоғамдардағы саяси үдерістерді құрастыратын негізгі түсініктері мен құндылықтарын қарастыру. Магистранттар бұл идеологиялар саяси дискурсты, қоғамдыұ саясатты және әлеуметтік қозғалысты қалайша құратынын қарастырады. Нәтижесінде, магисттранттар негізгі саяси идеологияларға шолу жасап, оларды жүйелей алады, сонымен қоса, саяси дискурс ширегінде жүйелі әрі дәлелді аргументтер келтіре алады.

    Несиелер - 5
  • Киберкеңістік геосаясаты

    Бұл пән инновациялық бағдарлама болып табылады, оның мақсаты — виртуалды әлемнің геосаяси аспектілерін және оның қазіргі халықаралық саясатқа әсерін зерттеу. Пәнді меңгергеннен кейін магистранттар ұлттық үкіметтердің киберқауіптеріне жауап шараларын, оның ішінде киберқауіпсіздік стратегияларын, нормативтік құжаттарды және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді сыни тұрғыдан бағалай алатын болады. Пән магистранттарға киберкеңістіктің динамикасын, киберқауіпсіздікті және киберстратегияларды жаһандық саяси қатынастар контексінде зерттеу үшін бірегей мүмкіндік береді. Оқыту барысында магистранттар киберкеңістік геосаясатының түрлі аспектілерін, соның ішінде киберсоғыс, кибершпионаж, кибертерроризм, кибердипломатия, киберқұралдардың және әлеуметтік желілердің қоғамдық пікір мен халықаралық қатынастарды қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ олардың ұлттық және халықаралық қауіпсіздікке әсерін зерттейтін болады.

    Несиелер - 5
  • Сындарлы геосаясат

    Бұл пәннің мақсаты – географиялық және кеңістік факторлардың жаһандық саясат пен саяси шешімдерге қалай әсер ететіндері бойынша магистранттарда терең түсінік қалыптастыру. Бұл пән аясында геосаясаттық құрылымдық теориялары мен тұжырымдамалары, сонымен қоса биліктің жасырын қырлары, үстемдік, теңсіздік және геостратегиялық мүдделер қарастырылады. Пәнді сәтті меңгерген магистрант медиакеңістіктегі, саяси ауызша және жазбаша мәтіндердегі геосаяси дискурсты анықтау, геосаяси нарративтерге сыни талдау жасап, саяси тұлғалар, БАҚ және институттардың кеңістіктік түсініктерді, билік динамикасын және жаһандық дискурстарды қалай қалыптастыратынын бағалауды біледі.

    Несиелер - 5
  • Саяси зерттеулер құрылымы

    Бұл пәннің мақсаты – магистранттарға саясаттану мен халықаралық қатынастар саласындағы зерттеулер құрылымын таныстыру. Магистранттар зерттеу жобаларын құрудың негізгі қағидаларын, сапалы және сандық зерттеу әдістерінің негіздерін, сондай ақ зерттеудің этикалық аспектілерін зерттейді. Пәнді меңгергеннен кейін магистранттар саясаттану мен халықаралық қатынастар саласында зерттеу сұрақтарын және гипотезаларды дұрыс құрастыруды, тиісті зерттеу әдістерін, сондай-ақ деректерді жинау мен өңдеу әдістерін таңдауды меңгереді.

    Несиелер - 5
  • Геоэкономика

    Пәннің мақсаты — магистранттарға мемлекеттер, корпорациялар және халықаралық ұйымдар геосаяси мақсаттарға жету үшін экономикалық құралдар мен стратегияларды қалай пайдаланатынын терең түсінуге мүмкіндік беру. Пән теориялық тұжырымдамалар мен Еуропа, Азия және Таяу Шығыс секілді аймақтарда геоэкономикалық стратегиялардың қалай қолданылып, халықаралық қатынастарды қалай қалыптастыратынын көрсететін нақты мысалдарды үйлестіреді. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар сауда саясаты, инвестициялар, санкциялар, энергоресурстар және инфрақұрылымды дамыту сияқты экономикалық құралдарды басқа мемлекеттер мен аймақтарға әсер ету, жаһандық нарықтарды қалыптастыру және ұлттық мүдделерді ілгерілету үшін стратегиялық тұрғыдан қалай қолдануға болатынын сыни тұрғыда талдай алады.

    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы аймақтану

    Бұл пәннің мақсаты – әлемнің әр түрлі бөліктеріндегі аймақтық интеграциялардың динамикасын, сонымен қоса аймақшылдық теориясы мен аймақтандыруды терең зерттеу. Нәтижесінде, магистранттар аймақтық интеграциялардың әр түрлі модельдерінің, олардың саяси, экономикалық және институционалдық құрылымдарының сыни талдауын жасай алады және аймақтық ынтымақтастық пен интеграцияны күшейту үшін кеңестер бере алады.

    Несиелер - 5
  • Саяси философия

    Бұл пәннің мақсаты — саяси теория мен практикадағы философиялық негіздерді зерттеу. Магистранттар әділеттілік, еркіндік, теңдік, билік және басқару ұғымдарымен байланысты негізгі концепцияларды және теорияларды талдайды. Ұлы саяси философтардың, мысалы, Платон, Аристотель, Гоббс, Локк, Руссо, Милль және Роулздың шығармаларын сын тұрғысынан зерттеу негізінде магистранттар саяси философияның тарихи дамуымен қатар, қазіргі заманғы пікірталастарды тереңірек түсінуге мүмкіндік алады. Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар мемлекеттік басқару мен саясаттанудың негізгі мәселелерін философиялық теорияларға негізделе отырып, талдай алады және ғылыми пікірталастарға қатыса алады.

    Несиелер - 5
  • Халықаралық қатынастардың заманауи жүйесі

    Бұл пәннің мақсаты — қазіргі жаһандық саяси ландшафтты, соның ішінде негізгі субъектілердің рөлі, халықаралық жүйені қалыптастыратын мәселелер мен үрдістерді түсінуді қамтамасыз ету. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар жаһандық қауіпсіздік, дипломатия, экономикалық өзара тәуелділік, экономикалық теңсіздік, аймақтық қақтығыстар, адам құқықтары және экологиялық сын-қатерлер сияқты негізгі халықаралық мәселелерді жан-жақты талдай алатын болады. Сонымен қоса, әр түрлі саяси саяси күштердің мүмкін әрекеттерін және олардың салдарын болжай алады.

    Несиелер - 5
  • Халықаралық құқық: теориясы мен тәжірибесі

    Бұл пәннің мақсаты – магистранттарды мемлекеттер арасындағы және олардың халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарын реттейтін халықаралық құқықтың негігі қағидалары мен түсініктерімен таныстыру. Оқу барысында магистранттар халықаралық құқықтың негіздерін, мемлекеттің егемендік қағидаларын, халықаралық ұйымдардың функцияларын және халықаралық әділеттілктің негіздерімен танысады. Нәтижесінде, магистранттар халықаралық құқықтың негізді қағидаларын, түсініктерін және субъектілерін түсіндіре алады, сонымен қоса, халықаралық келісімшарттар мен халықаралық институттардың заңды құжаттарын түсіндіріп, халықаралық құқық теорияларын шыңайы кейстер мен заманауи жаһандық мәселелерді шешу үшән қолдана алады.

    Несиелер - 5
  • Сапалы зерттеу әдістері

    Бұл пән сапалы зерттеу әдістерін концептуалды түрде түсінуді және оларды қолданудың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Магистранттар деректер жинау әдістерін, мысалы, сұхбат, фокус-топтар, бақылау, сондай-ақ мәтіндік құжаттар мен әлеуметтік желілерден, түрлі медиа ресурстардан алынған басқа да деректерді жинауды үйренеді. Пән сапалы деректерді талдау әдістерін, соның ішінде тақырыптық және дискурстық талдауды қамтиды. Пәнді меңгергеннен кейін магистранттар сапалы зерттеулердің құрылымын өз бетінше әзірлеп, деректерді жинап, талдай алатын, сондай-ақ сапалы әдістерге негізделген зерттеу жобаларын оқып, сыни көзқараспен бағалай алатын болады.

    Несиелер - 5
  • Халықаралық қатынастардағы және саясаттанудағы сандық зерттеу әдістері

    Бұл пән саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы деректерді сандық талдауға қарқынды кіріспені мақсат етеді. Пәнді меңгеру алдыңғы тәжірибесі жоқ магистранттарға арналған, яғни олар сандық әдістермен немесе статистикамен таныс емес болуы мүмкін. Ол сипаттамалық статистика мен статистикалық бағалаудың негіздерін қамтиды. Семинарлар мен компьютерде өткізілетін практикалық сабақтар магистранттарға әлеуметтік ғылымдардағы нақты зерттеу тапсырмаларына статистикалық әдістерді R бағдарламалық пакетін пайдалана отырып қолдануға мүмкіндік береді (R-ды алдын ала білу талап етілмейді). Пәнді меңгергеннен кейін магистранттар әртүрлі деректерді талдау әдістерін, атап айтқанда сипаттамалық статистикадан бастап, кіріспе деңгейдегі көптік сызықты регрессия мен бинарлық логистикалық регрессияға дейін, өз бетінше жүзеге асырып, түсіндіре алатын болады.

    Несиелер - 5
  • Халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері

    Бұл пәннің мақсаты – XXI ғасырдағы күрделі және жылдам өзгеріп жатқан әлемдік қауіпсіздік ландшафтын терең зерттеу. Пән терроризм, жаппай қырып-жою қаруының таралуы, киберқауіпсіздік, этникалық қақтығыстар және трансұлттық ұйымдасқан қылмыс мәселелеріне назар аударады. Пәнді меңгергеннен кейін магистранттар ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саясаттарының тиімділігін сыни тұрғыда бағалап, жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне балама шешімдер ұсынып, оларды дәйектей алады.

    Несиелер - 5
  • Халықаралық қатынастар бойынша семинар

    Бұл пән магистранттар үшін саясаттану мен халықаралық қатынастар саласындағы теориялық негіздер мен аналитикалық тәсілдерді қарастыруды мақсат етеді. Пән аясында магистранттар халықаралық қатынастардағы маңызды теориялық мектептер туралы, сондай-ақ қазіргі халықаралық қатынастардың тарихи, социологиялық, эпистемологиялық және методологиялық негіздері туралы терең білім алады. Пәнді меңгергеннен кейін магистранттар әдебиет шолуын өз бетінше жүргізіп, академиялық еңбектерді талдай алады және саяси ғылымдар мен халықаралық қатынастар саласында аргументтерді қолдана алады.

    Несиелер - 5
  • Халықаралық саясат: климаттың өзгеруі және қоршаған орта

    Пәннің мақсаты — магистранттарға климаттың өзгеруімен күрес және табиғатты қорғау саласындағы халықаралық саяси және дипломатиялық үдерістерді терең түсінуді қамтамасыз ету, оның ішінде қалдықтарды азайту, биоәртүрлілікті сақтау және ресурстарды тиімді пайдалану бойынша келесімшарттар. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар климаттың өзгеруінің салдарын азайту және оған бейімделу бойынша саяси іске асырылуы мүмкін, әлеуметтік әділеттілік пен экологиялық тұрақтылықты ескеретін негізделген ұсыныстар әзірлей алады. Сонымен қатар, олар климаттың өзгеру мәселелерін шешуде экономикалық құралдардың, мысалы, шығарындылар саудасы және экологиялық таза технологияларға инвестициялар сияқты тәсілдердің саяси және әлеуметтік үдерістерге әсерін бағалай алады.

    Несиелер - 5
  • Өзгермелі әлемдік тәртіп жағдайындағы халықаралық ұйымдар

    Пәннің мақсаты — магистранттарға халықаралық институттардың жаһандық жүйедегі рөлі, функциялары және құрылымы туралы жан-жақты түсінік беру. . Пән аясында магистранттар халықаралық ұйымдардың құрылымы, функциялары, жұмыс қағидалары, тиімділігі және жаһандық өзгерістер жағдайында кездесетін қиындықтары сияқты түрлі аспектілерді зерттейтін болады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар климаттың өзгеруі, терроризм, адам құқықтарының бұзылуы, өңірлік қақтығыстар және қарсыласу сияқты жаһандық мәселелерді шешуде және ынтымақтастықты дамытуда халықаралық ұйымдардың тиімділігін сыни тұрғыда бағалап, талдай алады.

    Несиелер - 5
  • Ұлы державалардың сыртқы саясаты

    Бұл пәннің мақсаты – Құрама Штаттары, Қытай, Ресей және Европалық Одақ сияқты әлемдік державалардың сыртқы саясатын жан-жақты зерттеу, оның ішінде билік рөлін, мүддерлер, нормалар мен институттарды талдау. Магистранттар ұлы державалардың сыртқы саясаттарының тарихи эволюциясын Вестфаль бейбітшілік келісімінен бастап қарастырады. Сонымен қоса, олардың альянстары мен араларындағы негізгі жанжалдарды зерттейді. Нәтижесінде, олар ұлы державалардың сыртқы саясаттарына сыни талдау мен оның интерпретациясын жасайды, олардың негізгі мотивациясын, стратегиясын, нәтижелерін және этикалық аспектілерін анықтайды.

    Несиелер - 5
  • Қытайдың сыртқы саясаты

    Бұл пән Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатын терең зерттеуге бағытталған. Пән Қытайдың 1949 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі сыртқы саясатын қамтиды. Сонымен қоса, пән аясында Қытайдың сыртқы саясатына әсер ететін ішкі факторлар, оның ішінде партиялық-мемлекеттік жүйе, Мао Цзэдунның Си Цзиньпинмен ауысуы және негізгі саяси тұлғаларды рөлдері қарастырылады. Нәтижесінде, магистранттар Қытайдың сыртқы саясатының негізгі қозғаушы күштерін, онық әлемдік державалармен, халықаралық ұйымдарен және Евразиядағы көршілес жатқан мемлекеттермен қарым-қатынас жүргізу қағидаларын анықтап, талдай алады.

    Несиелер - 5
  • Халықаралық саяси экономия

    Халықаралық саяси экономияның мақсаты – жаһандық деңгейдегі саясат пен экономиканың пәнаралық байланысын зерттеу, нақтылай айтқанда, саяси күштердің (мемлекеттер, халықаралық ұйымдар и саяси институттар) және экономикалық ұйымдардың (нарықтар, корпорациялар және сауда қатынастары) құрылып, жаһандық мәселелер тұрғысынан бір-біріне әсер етуі. Нәтижесінде, магистранттар әр түрлі экономикалық саясаттардың тиімділігін және олардың халықаралық қатынастарға әсерін бағалай алады, оның ішінде халықаралық сауда қатынастары және мемлекеттердің ақша-кредит саясаты. Сонымен қоса, олар мемлекеттік басқару органдарына кеңестер бере алады.

    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    «Басқару психологиясы» пәні магистранттардың кәсіби іс-әрекетті талдау қабілетін қалыптастырудың негізгі аспектілеріне, кәсіби қызметтің психологиялық заңдылықтарын пайдалануға, ұйымдық тұлға мінез-құлқының технологиясы мен тұлға аралық қатынастарды орнатуға, басқару функцияларының психологиялық ерекшеліктерін және олардың кәсіби қызметке әсерін анықтауға арналған. Пәннің негізгі мақсаты - ұжымды басқаруда кездесетін мәселелерді шешу үшін заманауи психологиялық әдістерді қолданудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Нәтижесінде, магистранттар жұмыс тиімділгін арттыру және топтық жұмыс үшін қолайлы орта орнату мақсатында стратегиялар құрастыра алатын болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (кәсіби)

    «Кәсіби қызметтегі шет тілі» пәнін игерудің мақсаты магистранттардың шет тілін іскери қарым-қатынас үшін (жазбаша және ауызша) шет тілінде қолдануға мүмкіндік беретін коммуникативтік шет тілін дамыту болып табылады. Негізгі бағыт болашақ маман даярлау бағыты аясында тіл мен пән компоненттерін біріктіруге негізделген. Нәтижесінде, С1 (Advanced) және одан да жоғары деңгейдегі кәсіби ағылшын тілін жазбаша және ауызша меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тарих және ғылым философиясы

    Магистранттарды даярлаудың жалпы жүйесінде «Тарих және ғылым философиясы» пәні маңызды дүниетанымдық, ғылыми-әдістемелік орынға ие, оның негізгі өзегі ғылымның тарихы, философиясы және әдістемесі болып табылады. Ғылым және жеке ғылымдар тарихы ғылымның даму динамикасын, оның қоғамның дамуына әсерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл пән болашақ маманға ғылыми танымды анықтайтын негізгі философиялық теориялар мен парадигмаларды түсіндіру және жүйелеу ғылымның тұтас бейнесін құруға, ғылымның өзін зерттеудің әртүрлі аспектілері мен контексттеріне саналы түрде қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Бұл пән әлемдік білім беру кеңістігінің жетекші үрдістерін оқыту; педагогикалық әдістер, оқыту технологиялары және педагогикалық шеберлік туралы білім жүйесін меңгеру; жоғары мектептегі педагогикалық қызмет негіздері және педагогикалық үдерісті басқару және өзара әрекеттесу құралдарымен танысуды қарастырады. Нәтижесінде, магистранттар тиімді білім беру үрдісін қамтамасыз ету үшін заманауи оқыту әдістерін қолданып, халықаралық қатынастар бойынша жаңа пәндер құрастырып, енгізе алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • С1 (Advanced) және одан да жоғары деңгейдегі кәсіби ағылшын тілін жазбаша және ауызша меңгеруін көрсету
  • Ғылыми танымды анықтайтын негізгі философиялық теориялар мен парадигмаларды түсіндіру және жүйелеу
  • Жұмыс тиімділгін арттыру және топтық жұмыс үшін қолайлы орта орнату мақсатында стратегиялар құрастыру
  • Тиімді білім беру үрдісін қамтамасыз ету үшін заманауи оқыту әдістерін қоллану, халықаралық қатынастар бойынша жаңа пәндер құрастырып, енгізу
  • Саяси күштердің, БАҚ және институттардың кеңістік түсініктерді, билік динамикасын және жаһандық дискурстарды қалай қалыптастыратынын бағалау арқылы геосаяси нарративтерге сыни талдау жасау
  • Ғылыми мақалалар мен жарияланымдар, аналитикалық жазбахаттар жазу дағдыларын қолдану
  • Ұлы державалардың олардың негізгі мотивациясын, стратегиясын, нәтижелерін және этикалық аспектілерін анықтау арқылы олардың сыртқы саясаттарына сыни талдау мен оның интерпретациясын жасау
  • Аймақтық интеграциялардың әр түрлі модельдерінің, олардың саяси, экономикалық және институционалдық құрылымдарының сыни талдауын жасау
  • Саяси философия мен саяси идеологиялардың дәлелдерін қолдана отырып, мемлекеттік басқару пен саясаттың өзекті мәселелерін талдау және мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен оны жақсарту үшін кеңестер құрастыру
  • Сапалы зерттеулер құрылымын әзірлеу, деректер жинап, оларды талдау, сонымен қоса, сапалы әдістерге негізделген зерттеу жобаларын оқып, оларды сыни тұрғыдан бағалау
  • Ғылыми зерттеу әдістерін қолдану және олардың нәтижелерін түсіндіру
  • Халықаралық құқық теорияларын шыңайы кейстер мен заманауи жаһандық мәселелерді шешу үшін қолдану, сонымен қоса, халықаралық келісімшарттар мен халықаралық институттардың заңды құжаттарын түсіндіре алу
  • Ұлттық және халықаралық қауіпсіздік, оның ішінде кибер қауіптерге қарсы бағытталған, саясаттарының тиімділігін сыни тұрғыдан бағалау және балама шешімдер ұсыну
  • Экономикалық құралдардың мемлекеттер мен аймақтарға, жаһандық нарықтардың құрылуына және ұлттық мүдделердің ілгерілетуі мен экологиялық тұрақтылық мен климаттың өзгеру салдарына әсерін бағалау және салыстыру
  • Климаттың өзгеруі, терроризм, адам құқықтарының бұзылуы, аймақтық қақтығыстар және қарсыласу сияқты жаһандық мәселелерді шешуде және ынтымақтастықты дамытуда халықаралық ұйымдардың тиімділігін сыни тұрғыда бағалау
Top