Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M11201 Өндірістегі гигиена және еңбек қорғау в Satbayev University
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 7M11201 - «Гигиена және өндірістегі еңбек қорғау» білім беру бағдарламасының мақсаты - гигиена және өндірістегі еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, төтенше жағдайда қорғау саласында іргелі, ғылыми білімдері бар, алған білімдерін жобалық-конструкторлық, өндірістік-технологиялық, ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-басқару және ғылыми-педагогикалық қызметте пайдалана алатын жоғарғы білікті техника ғылымдарының магистрларын дайындау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M150 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар
-
Білім беру саласы 7M11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 7M112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Басқару психологиясы
Тіршілік қауіпсіздігін оқытудың әдістемелік негіздері
Тіршілік қауіпсіздігінде ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі
Тіршілік қауіпсіздігіндегі кәсіби бағдарламалар
Техносфералық қауіпсіздікті болжау жүйесінде модельдеу.
Техносфералық және экологиялық қауіпсіздікті сараптау
Шет тілі (кәсіби)
Еңбек шарттарының қауіпсіздігі және қолайлылығы бойынша арнайы бағалау жүргізу.
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің ғылыми-әдістемелік негіздері
Қауіпсіздік саласындағы халықаралық құқық және серіктестік.
Техносферадағы қорғау техникасы мен технологиясы
Ғылым тарихы мен философиясы
Техносфералық және экологиялық қауіпсіздік саласындағы қазіргі заман ғылыми зерттеулері
Жоғары мектеп педагогикасы
Жобалардағы қауіпсіздік мәселелері.
Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы қазіргі заман зерттеулері.
-
2 Оқу жылы
Өндірістік нысандардың қауіпсіздігін сараптау және аудит жүргізу
ТЖ шаруашылық субъектілерінің тұрақты жұмысы
Еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша сертификацияланған Мемлекеттік курс
Өндірістік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат
Қауіпсіздік жүйелерін есептеу және жобалау
Төтенше жағдайлардың салдарын бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жұмыстары
Технологиялық үрдістер мен өндірістердің өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Өнеркәсіптік мекемелердің қоршаған ортаға техногенді әсерін бағалау және зерттеулер жүргізу.
Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясат
Қауіпсіздікті басқарудың интеграцияланған жүйелері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін жаратылыстанудың философиялық тұжырымдамаларын және өндірістегі еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғау саласындағы ғылыми-әдістемелік негіздерді пайдалану; теориялық және практикалық сабақтарды жүргізе білу; теориялық және практикалық сабақтарды жүргізу; инклюзивті және сапалы білім берудің жетістіктерін пайдалана отырып, оқытудың тиімділігін арттырудың педагогикалық әдістері мен құралдарын пайдалану.
- Еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі қауіптерді талдау және қатерлерді бағалау әдістерімен қауіпті жағдайлардың туындау ықтималдығын (жиілігін) айқындау, өндірістік объектілердің сенімділігі мен орнықтылығын арттыру, жүйелі талдауды қолдана отырып, олардың функционалдық тағайындалуын сақтау.
- Объектілердің қауіпсіздігін арттыру құралдарын, қауіпсіздік жүйелері мен құрылғыларын жобалау және есептеу; өндірістегі еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғау жағдайларын талдау негізінде олардың жұмысының тиімділігін бағалау; тіршілік ету ортасы үшін негізгі қауіптерді еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және құқықтық актілермен және ұғымдық-терминологиялық аппаратпен сәйкестендіру
- Гендерлік теңдікке бағдарлай отырып, жеке, жұмыс және әлеуметтік өмірдегі талаптар мен шектеулерді сақтай білу, өзіндік дағдыларды дамыту және білім алушыларды өмірлік жоспарларды таңдау және жүзеге асыруда әлеуметтік ортада табысты болуға үйрету
- Өндірістегі еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғау мәселелерін анықтау, жоғары техногенді қауіп аймақтарын және жұмыс ортасының жоғары ластану аймақтарын анықтау, еңбекті қорғау және гигиена саласы бойынша салалық спецификацияны ескере отырып білім беру стандарты негізінде оқыту бағдарламаларын дайындау, қауіпсіздік және тұрақты дамуды бағалау және модельдеу әдістерімен қамтамасыз ету, табиғи және техногенді жүйелерде өтетін әртүрлі үрдістердің дамуын болжау бойынша практикалық ұсыныстарды әзірлей білу.
- OHSAS 18001 кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесін және өндірістегі еңбекті қорғау және гигиена саласындағы сертификатталған мемлекеттік курстарды зерделеу негізінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін шешу
- Персонал мен халықты авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың ықтимал салдарларынан қорғау жөнінде шешімдер қабылдау; еңбек гигиенасы мен еңбек қорғау саласындағы қауіпті үрдістерді модельдеу және құрылатын жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- Өндірістегі еңбек гигиенасы және еңбекті қорғау бойынша әдістемелік және нормативтік материалдарды, техникалық құжаттаманы әзірлеу, белгіленген ұлттық және халықаралық талаптарды, қолданыстағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтауды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.
- Қазақстан Республикасының стандарттары мен халықаралық стандарттарын пайдалана отырып, еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жаңа техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу және адамға зияндар мен қауіптердің әсерін барынша азайту үшін ұйымда сапа менеджменті, еңбекті қорғауды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйелерін жетілдіруге қатысу.
- Әртүрлі еңбек жағдайларында білім мен дағдыларды жетілдіру мақсатында инженерлік, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру жұмыстарын орындау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан өнеркәсіптік қауіпсіздікке, технологиялық үрдістерге және жабдықтарға мониторинг жүргізу.
- Өндірістегі еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың инженерлік-экономикалық есептеулерін жүргізу, жобалау құжаттамасын оқу және іс-шараларды жобалау тапсырмасын сауатты құрастыру; даярлық деңгейін бағалау үшін тыңдаушылардың алдын ала біліктілігін (аттестаттау) сараптау және оқыту мен қайта дайындау нәтижелері бойынша құжаттаманы ресімдеу және жоғары оқу орны мен одан кейінгі білім беру стейкхолдерлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.