Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01515 География (IP) в Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі заманғы пәндік, коммуникативтік, цифрлық, кәсіпкерлік құзыреттіліктері, инклюзивті білім беру дағдылары бар, жоғары сапалы оқыту контентін құруға, рухани-адамгершілік тұлғаны тәрбиелейтін, қоғамға қызмет ету құндылығын жүзеге асыратын әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыруға қабілетті кәсіби педагогты даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B014 География мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері
Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Жалпы жертану
Картография және топография негіздері
-
2 Оқу жылы
Педагогикалық зерттеулер
Метеорология және климатология
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу және қарым-қатынас концепциялары
Геология және геоморфология негіздері
Географиядағы ГАЖ технологиялары
Оқыту әдістері мен технологиялары
Тұрғындар географиясы
Биогеография
Географиялық зерттеу әдістері
Құрлық гидрологиясы
Білім берудегі жасанды интеллект
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Ландшафттану
Дүние бөліктері мен мұхиттардың физикалық географиясы
-
3 Оқу жылы
Қазақстанның физикалық географиясы
Географияны оқыту әдістемесі
Бағалау және дамыту
Оқытуды жоспарлау және дербес оқыту
Геосаясат
Экология және өмір қауіпсіздігі
Медициналық география
Климаттың өзгеруі және салдары
Дүниежүзілік шаруашылық
Инклюзивті білім беру ортасы
Табиғи тәуекел географиясы
Қоғамдық география
Елтану
Геокикілжің
Геоглобалистика
Табиғат туралы ғылымдар
Экономика негіздері және кәсіпкерлік дағдылары
Қалалар мен ауылдық елді мекендердің географиясы
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
-
4 Оқу жылы
Қоршаған орта және тұрақты даму
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы
Зерттеулер, даму және инновациялар
Рекреациялық география
Мәдениет географиясы
Қазақстан аймақтары географиясы
Заманауи географияның теориясы мен тұжырымдары
Гидрология және су ресурстарын қорғау
Геоэкономика
Профессии
Оқыту нәтижелері
- әлеуметтік, этикалық және ғылыми пікірлерді ескере отырып, білім қалыптастыру үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру, өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық ұстанымдары мен оқыту әдістерін сыни тұрғыдан бағалау, өзінің педагогикалық дамуы үшін жаңа мақсаттар қою;
- табиғаттан адамның органикалық бірлігі табиғатының бірлігі мен тұтастығы идеясын түсіндіру үшін географиялық ортада болатын құбылыстар мен процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды жалпылау және талдау;
- қазіргі қоғамның географиялық дүниетанымын кеңейту және демонстрациялық эксперимент пен практикалық жұмыстарды әзірлеу үшін IT қолдану, аналитикалық және сыни ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу үшін студенттердің мәдениетаралық білімін кеңейте отырып, табиғи пәндерді пәндік-тілдік оқытудың CLIL технологияларын пайдалану;
- география ғылымын түсініп, игеру үшін әдіснамалық және теориялық маңызға ие іргелі ғылыми ұғымдарды танып, түсіну және қоршаған ортаның ғаламдық және жергілікті мәселелерін шешу үшін басқа ғылым салаларынан алған білімін кіріктіре отырып, өзінің көзқарасын дәлелдеу;
- әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен алдыңғы қатарлы географиялық тұжырымдарға негізделген теориялық білімді сыни тұрғыда іріктеу және географияны оқыту мен өзінің кәсіби өсуін жетілдіру үшін алған білімін пайдалану;
- географиялық карталардың ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіну және картографиялық бейнелеу тәсілдерін ажырату және табиғат объектілерінің кеңістіктік-уақыттық моделін түсіну үшін геоақпараттық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әртүрлі кеңістіктік деректерді іс жүзінде қолдану;
- оқу үдерісінде зерттеу жүргізуде физикалық-географиялық, экономикалық-географиялық әдістерді пайдалану және далалық, геоақпараттық, статистикалық әдістерді практикалық тапсырмаларды орындау үшін қолдану;
- мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттерді меңгеру, оқуды одан әрі өзбетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын қолдану және педагогикалық, сондай-ақ қоғамдық қызметте өзара кәсіби қарым-қатынастарын құру; кәсіби қызметте денсаулықты сақтауды, нығайтуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді мақсатты пайдалану
- инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық проблемаларын түсінуі, оқыту үдерісіндегі білім алушылардың әртүрлі қабілеттерін ескеру, өмірлік және оқыту тұрғысынан олардың психологиялық жағдайына этикалық қолдау көрсету;
- географиялық, экологиялық процестер мен құбылыстардың салдарын болжау үшін географиядан алған білімді жинақтап, қорытындылау, географиялық насынадарға, процестер мен құбылыстарға зерттеу, тәжірибе және болжам жасау үшін түрлі географиялық процестердің үлгісін жасау.
- географияны оқытуда қолдану үшін ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазылымды білу, академиялық адалдық ұстанымдары мен мәдениетітің маңызын түсіну;
- географиялық білім беру саласындағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану, заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып, географияны оқытудың белгіленген мақсаттарына сәйкес оқу іс-әрекетінің жағдайларын құру;
Ұқсас БББ
6B01515 География
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01515 География (IP)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01515 География (IP)
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01515 География (IP)
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
6B01515 География (IP)
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B01515 География (IP)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01515 География (IP)
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01515 География (IP)
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)