Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01515 География (IP) в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгере отырып, әрі қарай білімін өз бетінше жалғастыру дағдыларын қолданады, сондай-ақ педагогикалық және қоғамдық қызметте кәсіби қарым-қатынасты қалыптастырып, кәсіби қызмет барысында денсаулықты сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді мақсатты түрде пайдалана алады.
  • қазақ халқының тарихының негізгі кезеңдерін, мемлекеттіліктің және өркениеттің эволюциясын жан-жақты және объективті түрде сипаттай алады, ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазу дағдыларын меңгереді, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді.
  • кәсіби білімді қалыптастыру үшін ақпарат жинау және оны интерпретациялау, өздерінің әлеуметтік, этикалық, ғылыми құндылықтарын, ұстанымдарын, оқыту әдістерін сыни тұрғыдан бағалау негізінде жаңа мақсаттар қоюға және тұлғалық-педагогикалық дамуға ұмтылады.
  • оқыту мен ұлттық тәрбиенің психологиялық-педагогикалық мәселелерін, оның ішінде инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекшеліктерін түсінеді, оқушылардың әртүрлі қабілеттерін ескере отырып, олардың психологиялық әл-ауқатын өмірлік және оқу контекстінде этикалық тұрғыдан қолданады.
  • оқытудың озық тұжырымдамаларына негізделген теориялық білімді сыни тұрғыдан таңдайды, әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллектті пайдаланады, алған білімдерін оқу процесін жетілдіру және өзінің кәсіби өсуі үшін қолданады;
  • табиғаттың бірлігі мен біртұтастығын, адамның табиғатпен органикалық бірлігін түсіндіру үшін географиялық қабықта жүретін процестер мен құбылыстар арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды қорытындылап, талдау жасайды.
  • табиғат нысандарының кеңістіктік-уақыттық моделін түсіну үшін геоақпараттық әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, географиялық карталардың ерекшеліктері мен қасиеттерін түсінеді және картографиялық бейнелеу тәсілдерін ажыратады, сонымен қатар практикада әртүрлі кеңістіктік мәліметтерді қолдану.
  • заманауи қоғамның географиялық көзқарастарын кеңейту және көрсетілім тәжірибелері мен практикалық жұмыстарды даярлау үшін АТ қолдану, талдау және сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын даярлау үшін студенттердің мәдениетаралық біліміні кеңейте отырып, пәнді оқытуда CLIL технологияларын пайдаланады.
  • географияны оқытуда қолдану үшін ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазуды біледі, академиялық адалдық ұстанымдары мен мәдениетітің маңызын түсінеді.
  • географиялық білім беру саласында оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімдерін қолданады, заманауи педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, географияны оқыту мақсаттарына сәйкес оқу іс-әрекеттерін құрастыра алады.
  • оқу үдерісінде зерттеу жүргізуде физикалық-географиялық, экономикалық-географиялық әдістерді пайдалану және далалық, геоақпараттық, статистикалық әдістерді практикалық тапсырмаларды орындау үшін қолдану;
  • географиялық және экологиялық процестер мен құбылыстардың салдарын болжау үшін география туралы білімді жалпылайды және талдайды, зерттеу, эксперимент және болжау үшін әртүрлі географиялық процестердің модельдерін әзірлейді және ұсынады.
Top