6B01504 Информатика в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Информатика, компьютерлік техника және АТ-технологиялар саласында, өзгеріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларда жылдам әрекет етуге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие түлектерді қамтамасыз ету.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Информатика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Мектеп информатикасының жаңартылған мазмұны
Жаңартылған бағдарлама бойынша информатика пәнін оқытудың теориялық аспектілері. Информатика пәнін оқыту процесіндегі педагогикалық тәсілдер. Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері Мақсаты: Информатика пәнін оқытуда инновациялық құралдарды қолданудың әдістемелік негіздерін, мазмұнын, мақсатын, әдіс- тәсілдерін үйрету
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық информатика
Ақпараттың құрылымын, жалпы қасиеттерiн, сонымен қатар оны жинау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сипаттау әдiстерiн зерттейдi. Мақсаты: информатиканы оқытудың жалпы әдістемелік принциптері мен бастауыш сыныптарда ақпараттық оқытуды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктерін, бастауыш сыныптардың оқу процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Педагогикалық және әдістемелік пәндерді ұштастыра отырып, қашықтықтан және электрондық білім беру, электрондық оқытудың теориясы мен ұйымдастырушылық негіздері жағдайында жобалаушы-педагог қызметінің мәні туралы білімді қалыптастырады, олардың білім берудегі маңызы мен пайдалану механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мақсаты: білім алушыларды педагогикалық дизайн технологияларын пайдалану кезінде жоғары тиімділіктегі электрондық оқыту үшін оқу материалдарын жобалауға үйрету, оқу процесінің құрамдас бөліктерін (оқу курсы/модулі, оқу сабағы, педагогикалық жағдай, педагогикалық іс-әрекет) деңгейлік жобалау саласында педагог-зерттеушілердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Информатиканың теориялық негіздері
Жалпы бiлiм берудегi маңызын, оның болашақ кәсiби түрде дайындаудағы орнын терең түсiнуi, мектеп информатика курсының мазмұнын iрiктеу принциптерiн түсiндiре алуы. Мақсаты: Информатиканы оқытудың әдістері мен нысандарын білуі. Инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық талдау
Математикалық талдауда көбінесе функциялар зерттеледі. Олардың көмегімен табиғат заңдылықтары, техникада, экономикада және басқа облыстарда кездесетін әртүрлі процесстерді математикалық тілмен айқын жазуға болады. Мақсаты: айнымалы шамаларды зерттеу әдісімен таныстыруды шексіз аз шамаларды талдау арқылы жүргізу. Оның негізін дифференциалдық және интегралдық теориясында есептеуді үйрену.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физика
Студенттерге физиканың іргелі заңдарын, классикалық теорияларын, қазіргі заман физикасы туралы білімін және оларды іс жүзінде қолдану икемділіктерін қалыптастыру, сонымен қатар кәсіби мамандығының негізгі жүйесі ретінде физикалық зерттеулердің әдістемелерін игеретін деңгейде білім беру. Мақсаты. Механиканың, молекулалық физика мен термодинамиканың, электрлік және магниттік құбылыстардың, негізгі физикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу әдістерінің принциптері мен заңдарын үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру. Мақсаты: Білім берудегі инклюзивті процестерді ұйымдастыру мен басқарудың негізгі ережелерімен таныстыру. Инклюзивті білім беру педагогикасы мен психологиясының категорияларын үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогика
Курс педагогикалық білімнің теориялық-әдіснамалық негіздерін, пәні мен мазмұнын және педагогика ғылымының тарихын, сондай-ақ оқыту принциптері мен психологиялық-педагогикалық қызметтің түрлері мен формаларын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Курсты оқудың мақсаты экономикалық ойлау тәсілін дамыту, экономикалық қатынастар саласындағы жауапкершілік пен адамгершілік мінез-құлықты тәрбиелеу, экономиканың қарапайым мәселелерін шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепте информатиканы саралап оқыту
Информатиканы оқу барысында ақпараттық технологияларды, мультимедиялық өнімдерді белсенді пайдалану Мақсаты: информатиканы жалпы және саралап оқытудың мазмұнын, әдістерін, формалары мен құралдарын үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік жүйелер cәулеті
ЭЕМ құрылымының негізгі ұғымдары. Есептеу жүйесі мен желісін ұйымдастыру принциптері. Арифметикалық-логикалық құрылғы. Басқару құрылғылары, енгізу-шығару құрылғылар тобы, жады. Бағдарламаны басқару. Желі типтері. Берілгендерді жіберу әдісінің классификациясы. Мақсаты: микропроцессордың өңдейтін бөлігін ұйымдастыру, ақпарат алмасудағы енгізу және шығару шиналарын дербес компьютерлердің сәулеті негізінде оқыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономикалық теория
Пәннің мақсаты студенттердің экономикалық ғылымның өзекті теориялық мәселелері және оның экономикалық саясат пен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы практикалық қосымшалары бойынша өз ұстанымын қалыптастыру қабілетін дамыту; білім алушылардың экономикалық теорияның қолданбалы аспектілері саласындағы аналитикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді жалпылау, өз ұстанымын қорғауда дәлелдерді тұжырымдау және негіздеу қабілетін дамыту; өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша кәсіби қарым қатынас пен коммуникацияны жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық жүйесі
"Құқық жүйесі" пәнін игерудің мақсаты білім алушылардың ұлттық заңнама саласында білімді, дағдылар мен құзыреттерді игеруі болып табылады. Курс бойынша қоғамдық қатынастар мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде қарастырылады, құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде зерттеледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты: кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: студенттерді кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық басқару саласында теориялық біліммен, кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізудің практикалық дағдыларын игеруге көмектесу, бизнес-жоспар әзірлеу, кәсіпкерлікті дамытуды реттеу мен қолдаудың мемлекеттік тетіктерін анықтау және пайдалану
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Бұл пән жасанды интеллекттің теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Студенттер машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу (NLP) және компьютерлік көру сияқты негізгі ЖИ технологияларымен танысады. Сонымен қатар, Python негізінде деректерді талдау және ЖИ модельдерін әзірлеу дағдыларын үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
STEM-ді мектепте оқыту әдістері
Білім алушыларды мектеп бағдарламасында STEM әдістерін тиімді қолдануға, оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға, пәнаралық байланыстар орнатуға және заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге дайындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Программалық қамтамасыз етуді жобалау
Бағдарламалық қамтамасыз етудің жобасын дайындауға объекті-бағдарлы тәсілді қолдану. Мақсаты. Студенттердің теориялық білімімен қатар бағдарламалық қамсыздандыруды құру процесін ұйымдастыру және бағдарламалық жүйелерді өндірістік құрастырудың технологиялық принциптерін жүзеге асыру саласында қалыптасқан практикалық білімдерін жетілдіруді мақсат етіп қояды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп үшін сандық білім беру ресурстарын жобалау және құру
Курс оқыту үдерісіне интерактивті қосымшаларды әзірлеуге және дамытуға және мультимедиялық қосымшаларды құру саласындағы практикалық дағдыларды алуға әдістемелік және технологиялық тәсілдерді зерттеуге арналған. Мақсаты: интерактивті қосымшалар мен мүмкіндіктер туралы түсініктер мен идеяларды меңгеру, оларды оқу үдерісінде қолдану және дамыту принциптерін жүйелі түрде түсіну.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық жабдықтау MathCAD
Mathcad туралы жалпы мәлімет. Mathcad математикалық автоматты модельдеу жүйесі. Mathcad – тың негізгі мүмкіндіктері. Mathcad көмегімен физика–математикалық есептеулер жүргізу жолдары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Программалау І
Программалау әдістеріне кіріспе. Негізгі операторлармен жұмыс. Бағдарлама құрылымы. Бағдарламаны өңдеу жолдары Мақсаты: Программалау кіріспесімен танысу. Негізгі операторларды, бағдарлама құрылымын, бағдарламаны өңдеуді білу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық жабдықтау Matlab
Matlab математикалық пакетінің негізгі ұғымдары мен мүмкіндіктері. Matlab ортасының графикалық мүмкіндіктері. Matlab математикалық пакетін есептер шығаруда пайдалану жолдары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп информатикасын оқытудың дидуктивті әдістері
Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі және теориялық-әдістемелік негіздері. Информатиканың дәстүрлі оқыту әдістері мен дидуктивті оқытудың нақтылы ұйымдастыру формаларына шолу жасау. Мақсаты: білім алушыға информатика ғылымы негіздерінің фундаментальды білімін қалыптастырып, сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)
Табиғат және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарын, энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын, табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптері және адамның мекендеу ортасымен қауіпсіз өзара әрекеттесуді және қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғану жүйесімен еңбек қауіпсіздінің негіздері туралы кешенді білім беру. Білім алушылардың бойына экологиялық тұрақтылықты дамыту үшін ластаушы заттардың шығарындылары экожүйелердің ассимиляция қабілетінен аспауы керек тіршілікті ұйымдастыруды және адамның тіршілік әрекетінде кездесетін әртүрлі қауіпті жағдайларда тірі қалудың алғы шарттарын үйрету және кәсіпорындардағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау қызметінің негізгі аспектілерін қамтитын білім мен дағды қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Болашақ мамандарда зерттеудің ғылыми тақырыбын таңдау және таңдалған тақырып бойынша қажетті библиографиялық жарияланымдар мен ақпараттық материалдарды іріктеп алу, ақпараттық процестердің ғылыми мәселелерін қою дағдыларын қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мінез-құлық үлгілерін зерделеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Информатиканы оқыту әдістемесі
Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі. Ақпараттық мәдениет және медиасауаттылық. Информатика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығының тұжырымдамалық негіздері. Мақсаты: информатиканы оқыту әдістемесінің ең тиімді ұйымдастыру формалары мен әдістерін ұсыну. Информатика курсын оқыту заңдылықтары мен нақты тақырыптарды оқыту әдістерін қарастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мультимедиалық оқыту программалары
Қазіргі технологиялық процестің ерекшелігі. Басқарудағы автоматтандыру процесінің құралдары. Бағдарламалық өнімнің жіктелуінің элементтері. Ақпараттық технологияның таңдау критериясы. Ақпараттық технологияның құрылуының методологиялық негіздері. Мақсаты: мультимедиялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану есебінен оқыту процесінің тиімділігін,сапасын арттыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Компьютердегі практикум
Қазіргі заманғы программалау тілдерін, желілер мен бағдарламалау технологиясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдері. Бағдарламалық өнімдерді құру үшін қазіргі заманғы бағдарламалау тілдері. Мақсаты: компьютерлік тораптардың ұйымдастырылуы мен жұмыс атқару негіздерін, дербес компьютерлердің торапта жұмыс істеу технологияларын игеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттарды қорғау
Ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау әдістері. ДЕЭМ-де ақпаратты қорғау. Есептеу желілеріндегі ақпаратты қорғау. Мақсаты: Объектіні идентификациялау және құптау механизмдері, желілік жүйелердің қауіпсіздігін оқып уйрену. Желілердің әр түрлі деңгейдегі принциптерін білу; желіні құру кезінде пайдаланылатын әр түрлі байланыс құрылғыларын қолдануға; LAN пайдалану кезінде туындайтын проблемалы жағдайларды шеше алу, ақпараттық қауіпсіздік процесін жетік меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Криптографиялық жүйелердің негіздері
Мақсаты: шифрлау алгоритмдері туралы білімді, бағдарламалау тілінде стандартты криптожүйелерді қолдана білуді, ақпаратты қорғаудың әртүрлі әдістерін біріктіру дағдыларын қалыптастыру. Пән ақпаратты криптографиялық қорғауды қамтамасыз етудің заманауи әдістері мен құралдарын қарастырады; криптоанализдің негізгі міндеттері, криптоға төзімділік мәселелері, ақпаратты қорғау жүйесі, электрондық қолтаңба схемалары, аутентификация және сәйкестендіру хаттамалары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
3D принтинг және 3D модельдеу
3D-принтинг білім мен ғылымға өте көп түрлі және айқын емес мүмкіндіктер береді. Әрбір бағытта осы технологияның көмегімен оқыту мен зерттеулерді оңтайландырудың өз нұсқалары пайда болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Программалау ІI
Курс программалаудың синтаксисін игеру, пайдаланушы өзі құрған деректер типтерін білу, жадымен дұрыс және тиімді әрекет жүргізе білу, стандартты кітапханалар мүмкіндіктерін пайдалана білу мүмкіндіктерін береді. Мақсаты. Программалаудың түрлі тәсілдерін зерттеу, сондай-ақ программаларды жазу, өңдеу, тестілеу, толықтыру, талдау жолдарын игерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дискретті математикa және математикалық логика
Логикалық және комбинаторлық есептерді шешу әдістерін зерттейді. Мақсаты: Логика алгебрасының математикалық аппаратын, осы ғылымның іргелі теориялық ұстанымдарын, әртүрлі процестерді жобалауды модельдеуді, деректерді математикалық өңдеуді, алгоритмдерді құру және компьютерде есептеу процестерін ұйымдастыруды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Программалық қосымшалар құру
Ақпараты өндеу бағдарламалық жүйелердің модульдік структурасын жасауы. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың метрикасын өлшеуі. Мақсаты. Мобильді қосымшалар интерфейсін құруды, программалық кодта және қасиеттер терезесінде компоненттердің қасиеттерін редактрлеуді үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инженерлік графикалық жүйелер
Бұл пән инженерлік және компьютерлік графиканың негізгі қағидаларын қамтиды. Студенттер сызба жасау, модельдеу және дизайн негіздерін меңгереді. Пән техникалық сызу, 3D модельдеу, сызбаларды оқу және автоматтандырылған жобалау принциптерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ДЭЕМ-дегі практикум
Көп процессорлы компьютерлер жұмысының архитектурасы мен принципі. Параллель алгоритмдерді бағдарламалық жүзеге асыру негіздері. Программалар мен процедуралар. Мақсаты: компьютерлік тораптардың ұйымдастырылуы мен және дербес компьютерлердің торапта жұмыс істеу ерекшеліктерін үйрету. Қарапайым программа құрудан бастап, күрделі программалауға дейінгі әдістерді игеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дискретті бағдарламалаудың есептері
Лагранждың интерполяциялық көпмүшелігі. Кун-Таккер теоремасы. Екілік есеп. Градиентті әдіс. Градиентті проекциялау әдісі. Субградиентті проекциялау әдісі кодтау. Мақсаты. Студенттерге дискретті есептерді шығаруға бағытталған математикалық әдістер мен модельдерді және есептеу факторларын үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп информатикасын оқытудың дидактикалық әдістері
Информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді жүзеге асырудың педагогикалық негіздемесі. Информатика курсын оқытудың принциптерін жүзеге асыру әдістемесі. Информатиканы оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудың ғылыми-теориялық мәселелері. Мақсаты: информатиканы оқыту барысында дидактикалық принциптерді пайдалана отырып, оқыту тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда игеру
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Стандартты емес есептерді шешу әдістері
Математиканы оқыту процесінде алгебралық әдісті қолдануды көздейтін стандартты емес математикалық есептерді шешудегі әдістер мен тәсілдерді қарастырады. Мақсаты: стандартты емес есептерді шешу тәсілдерін оқыту арқылы білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім беру робототехникасы
Білім беру робототехникасы ғылыми-техникалық шығармашылықты кеңінен насихаттауға, инженерлік-техникалық мәселелерді практикалық түрде шешуге және технологиямен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Мақсаты: Робототехника жүйелерін оқыту, оларды жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттерді үйрету. Зияткерлік жүйелерді құру принциптерін және әзірлеу әдістерін игерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
Ақпаратты сақтау және өңдеу әдістерін, әдістерін сыни бағалау және талдау, сандық технологиялар арқылы ақпаратты жинау және тарату әдістерін қалыптастыру. Мақсаты: қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әр түрлі салалардағы кәсіби қызметте, ғылыми және тәжірибелік жұмыс үшін, өздігінен білім алу және басқа да мақсаттарда пайдалануда студенттердің кәсіби және тұлғалық құзіреттіліктерін игеруге мүмкіндік беру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Оқытудың техникалық құралдары
Пәнді оқу барысында білім алушылар жобалаудың мәліметтерін өңдеу барысында техникалық және бағдарламалық құралдарды қолдануды үйренеді. Мақсаты: Инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану жолдарын игеру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ақпараттық технологиялар
Ақпараттық технологияның даму кезеңдері. Басқарудағы автоматтандыру процесінің құралдары. Ақпараттық технологияның таңдау критериясы. Мақсаты: инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы білім алушының құзыреттілігін қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Олимпиада есептерін шешу әдістері
Алгоритмдік ойлау және аналитикалық қабілеттерін дамытуға, алгоритмдеу және бағдарламалау саласында әртүрлі деңгейдегі бағдарламалау бойынша олимпиадаларға табысты қатысу үшін қажетті базалық білім мен дағдыларды алуға үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Гетерогенді аппараттық-бағдарламалық жүйелер
Мақсаты: студенттерді гетерогенді аппараттық және бағдарламалық жүйелерді басқаруға үйрету. Гетерогенді есептеуіш жүйелер әртүрлі есептеуіш бірліктерін қолданатын электрондық жүйелер болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Компьютерлік графика негіздері
Объектілер арасындағы ақпараттық байланыстарда, мәліметтерді өңдеу процесстерін қабылдауда бүтіндікке және көрнекілікке жету үшін графикалық әдістерді қолдану. Мақсаты.Компьютерлік графиканың негізгі бөлімдерімен (растрлік, векторлық) жұмыс істейтін жабдықтар туралы мәлімет алу, графикалық бейнені өңдеу, бейне кескінін салу әдістерін көрсету, конструкторлық құжаттар даярлау, бейненің екі, үш өлшемді кескінін жасау әдістерін үйрену.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
IT құралдарын пайдалану практикумы
АТ-инфрақұрылымын және бизнес-үдерістерді моделдеу технологияларын пайдалану. АЖ қойылатын талаптарды анықтау және оны әзірлеу процесін ұйымдастыру. Мақсаты: компьютерлік тораптардың ұйымдастырылуы мен жұмыс атқару негіздерін үйрену.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
Мәліметтер қорының терезесі. Мәліметтер қорын жөндеу. Мәліметтер қорын қарау. Мәліметтер қорының жіктелуі. Мәліметтер қорын жобалау. Мәліметтер қорын құру жұмысының схемасы. Мақсаты: Мәліметтер қорын басқару жүйесі негізінде деректерді өңдеу, қорғау және талдау алгоритмдерін үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектеп информатикасын кәсіп алды дайындау
Мектеп информатикасын кәсіптік оқытудың әдістемелік жүйесі. Оның негізгі бөліктерінің жалпы сипаттамасы. Информатиканы кәсіптік бағытта оқыту және педагогикалық жобалау. Мектепте информатиканы кәсіптік оқытуда электрондық оқу құралдарын құру технологиясы. Мақсаты. Информатиканы кәсіби оқытудың әдістемелік жүйесін, формалары мен әдістерін, ережелерін үйретіп, іскерліктерін қалыптастыру. Информатика бойынша білім берудің ұйымдастырушылық формаларын зерттейді, информатиканы оқытудың ерекшеліктерімен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақстан тарихының және философияның, ұлттық және жеке қорларының, мәдени ашықтық пен экономикалық білімдердің теориялық негіздерімен әдіснамалық тәсілдерін біледі, негізгі тарихи оқиғаларды, экономикалық деректерді және әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени даму үдерістерін талдайды, ағылшын тілін біледі, қазақша және орысша сөйлейді, тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдай алады. Заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) туралы түсінік беріп, оларды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастырады. Қаржылық сауаттылықтарын арттырып, нақты өмірлік жағдайларда құқықтық нормаларды дұрыс қолдана алады.
- Білім берудің қазіргі деңгейіне сәйкес информатика пәнін оқытудың принциптері мен ұйымдастыру түрлерін жасай алады. Информатиканы оқу барысында оның мазмұнын, әдістері мен формаларын игереді.
- Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайнын қалыптастырады. Қазіргі заманғы электр жабдықтарының негізгі тораптарының қызметі мен орындалатын функцияларын игереді. Математикалық талдаудың негізгі ұғымдарын, заңдарын, теорияларын меңгере отырып, есептердің шешу әдістерін меңгереді.
- Білім беру саласында педагогикалық қызметті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық бағыты мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады. Инклюзивті білім беру педагогикасы мен психологиясының категорияларын игереді. Дискретті математика және математикалық логика есептерін MathCAD ортасында шешу біліктігін меңгереді.
- Бағдарламалау тілдерінің классификациясын қолданып, бағдарлама құрастырады. Мультимедиалық оқыту технологиясының мүмкіндіктерін пайдаланып, оқу процесінде қолданады. Оқу және педагогикалық практика барысында студент білімі мен іскерлігін шыңдайды және оқу-тәрбиелік міндеттерді өз бетінше шешуге машықтанады.
- Информатиканы оқыту деңгейін бағалауды, сандық білім беру ресурстарын жобалауды және есептерді шешудің жаңа тәсілдерін игереді. Компьютерлік графиканың негізгі бөлімдерімен жұмыс жасап, графикалық бейнені өңдеу әдістерін қолданады. Жасанды интеллект жүйесінің негізін меңгере отырып, 3D модельдеу жүйелерін қолдану мен құру тәсілдерін үйренеді.
- IT құралдарын пайдаланып, оқу процесін ұйымдастыру формалары мен ережелерін меңгереді. Олимпиада есептерінің шешу жолдарын, сондай-ақ объектіні идентификациялау механизмдері мен желілік жүйелердің қауіпсіздігін оқып меңгереді.
- Информатиканы оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, информатика курсының және оқушыларды компьютерлік технологиялардың оқыту мүмкіндіктерін игереді. Компьютерлік бағдарламаларды тиімді қолдана алады және оқушылармен жұмыс жасауда олардың әдістемелік тиімділігін бағалай алады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі негізінде деректерді өңдеу, қорғау және талдау алгоритмдерін үйренеді.