Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01103 Педагогика және психология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық-психологиялық қызметті ұйымдастырудың және жүзеге асырудың дағдыларын, тәжірибелік біліктіліктері мен теориялық білімдерін меңгерген педагог-психологтарды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B001 Педагогика және психология
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B011 Педагогика және психология
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Педагогика
Қаржылық сауаттылық негіздері
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
Ғылыми зерттеу негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Кәсіпкерлік және бизнес
Жалпы психология
Психологиялық-педагогикалық кәсіпке кіріспе
Психологиялық педагогикалық іс- әрекеттегі кәсіби этика
-
2 Оқу жылы
Педагогика және психология тарихы
Инклюзивті білім беру
Психофизиология
Педагогикалық психология
Жасерекшелік физиологиясы
Әлеуметтік психология
Отбасы педагогикасы және психологиясы
Психологиялық-педагогикалық менеджмент
Гендерлік психология
Тұлға психологиясы
Конфликтология негіздері
-
3 Оқу жылы
Этнопедагогика және этнопсихология
Арнайы психология
Психологиялық диагностика
Эксперименталды психология
Даму психологиясы
Тәрбие жұмысының технологиясы
Психологиялық реабилитация
Креативтік педагогика
Білім берудегі коучинг
Даму нейропсихологиясы
Психологиялық тренинг
Киберпедагогика
Психотерапия
Жаңартылған білім беру мазмұнының әдістемесі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
- Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу, оның ішінде ЖИ-шешімдерің нақты бизнес-процестерге енгізу және интеграциялау
- Тарихи, философиялық, әлеуметтік және саяси процестерді талдау, ғылыми зерттеу әдістерін игеру, қазіргі заманғы бірегейлікті қалыптастыру үшін тарихи және мәдени контексттің маңыздылығын ескеру, сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-тегеуріндерін ескере отырып, әлеуметтік, саяси және ғылыми мәселелерді шешуде философиялық тұжырымдамалар мен алынған білімді қолдану қабілеті.
- Мәдениеттің экологиялық және физикалық аспектілерінде білім мен дағдыларды тиімді пайдалану қабілеттеріне ие болу; тұрақты даму және салауатты өмір салты әдістерін, принциптерін қолдану.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әділетті қоғамның кедергілері мен ресурстарын талдау, құқықтық теңдік қағидаттарына негізделген күнделікті және кәсіби іс-әрекетте қарым-қатынас стратегиясын таңдау.
- Білім беру процесі субъектілерімен бірлескен іс-әрекеттің жаңа технологиялары мен формаларын қолдану, инклюзивті ортада ерекше білімді қажет ететін балаларды дамыту мен оқытудың заманауи тұжырымдамаларын меңгергендіктерін көрсету, дамудағы ауытқуларды бағалауда нейропсихологиялық білімді пайдалану және әлеуметтік дезаптацияның алдын алу, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
- Педагогикалық және әлеуметтік практикада білім алушылармен жұмыс істеуде олардың мәдени, отбасылық және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті білімді қолдану дағдылары, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлау және әзірлеу дағдыларын көрсетуі.
- Тәрбие жұмысының технологияларын іске асыруда шығармашылық әлеуетті және білім берудегі жасанды интеллект этикасын ескере отырып, тиімді және қауіпсіз оқу процесін ұйымдастыруда киберпедагогика ресурстарын қолдану.
- Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіби этикалық принциптерді талдау, педагогикалық және психологиялық теорияларды қолдану, педагогика мен психология тарихының заманауи бағыттарға әсерін бағалау, психологиялық-педагогикалық менеджмент әдістерін қолдану, білім берудің жаңартылған мазмұнының әдістемелерін әзірлеу, колледжде психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытудың тәсілдерін жобалау және білім беру ортасында психологиялық процестерді диагностикалау мен түзетуде жалпы және әлеуметтік психологиядан меңгерген білімдерін қолдану
- Психологиялық диагностиканың нәтижелерін талдау, мектепте психологиялық қызметті ұйымдастыру, дифференциалды психологиядағы жеке айырмашылықтарды жіктеу, психотерапия және психологиялық түзету әдістерін қолдану, психологиялық оңалту бағдарламаларын әзірлеу, конфликтілерге баға беру және шешу, жеке ерекшеліктерді түсіну мен талдауда тұлға психологиясындағы теорияларды синтездеу.
- Білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау және сүйемелдеуде арнайы құралдарды қолдануға дайын болу.
- Психологиялық эксперименттерді дайындау және жүргізу, білім беруде психологиялық тренинг пен коучингтік тәсілдерді қолдану, психологиялық кеңес беру, ата-аналардың психоэмоционалды жағдайын жақсарту мен балаларды дамытуда психологиялық қолдау көрсету және сүйемелдеу.