Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01902 Логопедия в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Арнайы психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында жалпы мәдени, түйінді, жалпы кәсіби құзыреттеріне, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу үшін педагог-логопед кәсіби құзыреттеріне ие кәсіби өсуге және кәсіби ұтқырлыққа қабілетті білікті тұлғаны қалыптастыру
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B020 Арнайы педагогика
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B019 Арнайы педагогика
Пәндер
-
2 Оқу жылы
Инклюзивті білім беру
Арнайы педагогика
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың клиникалық даму ерекшеліктері
Сурдопедагогика
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психомоторлы дамыту
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардың сөйлеу ерекшеліктері
Клиникалық педиатрия
Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Қаржылық сауаттылық негіздері
Жасанды интеллект негіздері
Құқық жүйесі
Экономикалық теория
Кәсіпкерлік
-
3 Оқу жылы
Мектепке дейінгі жастағы балаларды түзетіп-дамытып оқыту
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)
Ерте жастағы балаларды түзету-дамыту технологиясы мен ойын әдістемесі
Cөйлеу тілінің темпо-ритмикалық бұзылыстары кезіндегі түзету жұмыстары
Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Сөйлеу дамуының бұзылуының диагностикасы
Ерекше білім беруде қажеттілігі бар балалардың сауатын ашу әдістемесі
Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылыстары
Логопсихология және сөйлеу тілі зақымдалған балалардың қарымқатынас дағдыларын дамыту
Сөйлеу тілін зерттеу әдістемесі
Сөйлеудің ауыр бұзылыстарын түзету
Cөйлеу тілі зақымдалған балалардың қарымқатынас дағдыларын дамыту
ҚР-ның әр түрлі ұйымдарында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Дауыс бұзылыстарын түзету жұмыстары
Арт-педагогика және сөйлеу бұзылыстарының алдын алу
Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылыстарында педагогикалық-түзету жұмысының әдістемесі
Күрделі сөйлеу тілі бұзылыстарды түзету технологиясы
Психикалық дамуында ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілін диагностикалау
Түзету ритмикасы мен логомассаж
Мектепке дейінгі логопедия
-
4 Оқу жылы
Арнайы (түзету) мектепте бейнелеу өнеріне және қол еңбекке оқытудың теориясы мен технологиясы
Арнайы білім берудегі артпедагогика және арттерапия
Сөйлеудің күрделі бұзылысы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу
Сөйлеу тілі зақымдалған балаларды тілге оқыту әдістемесі
Кохлеарлық импланты бар балалармен логопедиялық жұмыс
Жазбаша сөйлеудің бұзылуы және оны түзету
Ринолалия мен дауыстың бұзылуында түзету жұмысының әдістемесі
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психологиясы
Еңбекке баулу және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлаудың арнайы әдістемесі
Балалармен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыс
Қимыл қозғалыс жағдайындағы логопедиялық жұмыс
Дизартриясы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмысының әдістемесі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақстан тарихының және философияның, ұлттық және жеке қорларының, мәдени ашықтық пен экономикалық білімдердің теориялық негіздерімен әдіснамалық тәсілдерін біледі, негізгі тарихи оқиғаларды, экономикалық деректерді және әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени даму үдерістерін талдайды, жасанды интеллектті пайдаланады, ағылшын тілін біледі, қазақша және орысша сөйлейді, тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдай алады. Мамандыққа деген қоғамдық сенімді қолдау және балаларды құндылықтар жүйесіне тартады.Нақты өмірлік жағдайларда құқықтық нормаларды дұрыс қолдана алады
- Балалардың психофизиологиялық және жеке-типологиялық ерекшеліктерін және орнын толтырушы қабілеттерін ескере отырып дамыту ортасын құру үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана біледі, сөйлеу бұзылыстарының жіктелуін, сөйлеу бұзылыстарын түзетудің принциптерін, әдістері мен құралдарын меңгереді, қазіргі заманғы түзету технологиялары мен диагностикалық және алдын алу жұмыстарын меңгереді. Ғылым мен практика талаптарына сәйкес білім беру мекемелерінде оқу-түзету процесін, консультативтік-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады, дефектология және педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктерін саралап, дамыта оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын меңгереді.
- Тәрбие және оқыту процестерінің нормаларымен танысады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы біледі. Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің құрлысын зерттеп, даму барысын қарастырады және әр түрлі сезім мүшелерінде кемістігі бар балалардың патологиялық ауруларын, себептерін, клиникалық ерекшеліктерін меңгереді. Психологиялық-педагогикалық қолдауды және оқу-тәрбие процесін жүзеге асырады. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асырады.
- Арнайы логопедиялық ойындар мен психологиялық аурулардың түрлерімен танысады. Білім беру жүйесінде кәсіби теориялық және практикалық білімді жетілдіреді. Жаңа технологиялық тәсілдерді және критериалды бағалауды үйренеді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар баларды қол еңбегіне оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін жүзеге асырады.
- Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті проблемалары бойынша жүйелі тәсіл тұжырымдамаларын, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады; жоғары мектептің қазіргі заманғы педагогикасының педагогикалық теориясы мен әдіснамасы және оларға сәйкес келетін оқыту мен тәрбиелеу технологиялары мен әдістері саласындағы білім жүйесі негізінде педагогикалық процесті жоспарлайды, жобалайды және іске асырады, арнайы пәндерді оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен әдістемелерін қолданады,оқу бағдарламалары мен тиісті әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлейді, оқу процесінде қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық технологияларды қолданады.
- Балалардағы дыбысты айтуды түзеу кезінде түзету жұмыстарының кезеңдерін құру және модельдеу, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар тобында логопедиялық ырғақты, дыбыстарды қою әдістері мен тәсілдерін қолдану.
- Логопедиялық сараптаманың классификациясы, технологиясы, сөйлеу бұзылыстарының дифференциациясы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қолданады, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзетудің заманауи логопедиялық технологияларын меңгереді. Балалардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын бағалайды.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды жоспарлау, дамыту және ұйымдастырудағы оқу, практикалық және кәсіби міндеттерді шешеді.