Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01402 Бастапқы әскери және дене дайындық в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында ғылыми-педагогикалық, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі және қолданбалы білімі, зерттеу дағдылары бар бәсекеге қабілетті Бастапқы әскери және дене дайындық мұғалімін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B004 Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Құқық және кәсіпкерлік негіздері
Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
Этнопедагогика
Қаржылық сауаттылық негіздері
Саптық дайындық
Бастапқы әскери дайындықта ғылыми зерттеу жұмысының негіздері
Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы
Алғашқы әскери дайындықтың құқықтық негіздері
Бастапқы әскери дайындық негіздері
-
2 Оқу жылы
Инклюзивті білім беру
Тактикалық дайындық
Педагогика
Ұлттық спорт түрлері
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Атыс дайындығы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпыәскери жарғылары
Әскери-әуендік тәрбие
Гимнастика оқыту әдістемесімен
Спорттық күрес
-
3 Оқу жылы
Әскери-патриоттық тәрбие негіздері
Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі
Жеңіл атлетиканың қолданбалы түрлері
Жеңіл атлетика оқыту әдістемесімен
Әскери-қолданбалы гимнастика
Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі
Білім берудегі көшбасшылық
Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект
Қоян-қолтық ұрыс
Туризм
Әскери психология және педагогика негіздері
Жүзу оқыту әдістемесімен
Құрлық әскерлерінің фортификациялық құрылымдары
Әскери-инженерлік дайындық және әскери топография
Спорттық жеке сайыс
Кәсіби қазақ тілі
-
4 Оқу жылы
Жаппай жою қаруынан қорғану
Көпсайыс
Әскери-медициналық дайындық
Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс
Бауыржан Момышұлының әскери мұрасы
Әскери спорттық кешендер және ойындар
Спорттық ойындар оқыту әдістемесімен
Оқпен ату
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы мен даму тарихы
Әскери-техникалық дайындық
Әскери тарих
Бұқаралық әскери-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу технологиясы
Авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтары
Әскери робототехника негіздері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жүзу техникасының, спорттық күрестің, ұлттық спорт түрлерінің, қоян-қолтық ұрыстың әртүрлі тәсілдерін меңгереді, спорттық туризмді өткізеді, жергілікті жерге бағдарлау теориясы мен әдістемесін қолданады. Техникалық және тактикалық әдістерін, спорттық ойындарды және жеңіл атлетиканың тәсілдерін меңгереді.
- Оқу процесінде оқыту технологиялары мен білім беру ресурстарын,соның ішінде цифрлық технологиялар мен мазмұнды қолданады. Бағдарламалау негіздері мен жасанды интеллект көмегімен сандық мазмұнды жасайды. Жасанды интеллекттің негізгі принциптері мен технологияларын түсінеді. Деректерді талдау және есептерді шешу үшін машиналық оқыту әдістерін қолданады. Кәсіби терминологияны меңгереді және оларды кәсіби қызметте құжаттарды дайындауда қолданады. Әскери роботтардың жұмыс принциптері, олардың жіктелуі мен қолданылуы туралы білімін қалыптастырады.
- Құқықтың негізгі қазақстандық және халықаралық көздерін біледі, өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру дағдыларын меңгереді. Кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу үшін бизнес-идеяларды әзірлеу, жоспарлау, нарықты талдау және тәуекелдерді басқару дағдыларын меңгереді. Қаржылық сауаттылықтың негіздерін, қаржы өнімдері мен қаржы технологияларын тиімді пайдалану тәсілдерін түсінеді. Экология және тіршілік қауіпсіздігі және тұрақты даму саласындағы талаптарды орындау негізінде қоршаған ортадағы өзінің мінез-құлқын бағалайды және түзетеді.
- Білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Теориялық білімді практикалық қолдану жазықтығына барабар аудару үшін педагогикалық ғылымның теориялық-әдіснамалық негіздерін пайдалану дағдыларын меңгерген. Педагогикалық процесті жүзеге асыру кезінде білім берудің заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен құралдарын басшылыққа алады. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандары мен әдістерін және құралдарын пайдаланады. Оқыту мен тәрбиелеу процесіне қазақ мәдениеті мен тілінің, Қазақстан халқының өзге мәдениеттері мен тілдерінің байлығын интеграциялайды. Оқу процесін ұйымдастыруда заманауи технологияларды қолданады. Ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін меңгереді.
- Дене құрылымы мен қызметінің жас ерекшеліктері, денсаулық сақтау ережелері және мектеп жиһазына, оқу кестесіне, күнделікті жұмыс пен тамақтануға қойылатын гигиеналық нормалардың талаптары туралы білімдерін көрсетеді. Сабақтарды өткізу орындарына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды басшылыққа алады. Жеке гигиенаны, киімдерге қойылатын гигиеналық талаптарды сақтайды. Жалпы білім беретін мектептің инклюзивті, арнайы сыныбында оқушыларды оқыту моделін пайдалану жөнінде шешімдер қабылдайды. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалану.
- Сыртқы және ішкі баллистиканы, тактикалық-техникалық сипаттамасын, атыс қаруын өңдеуін, сақтау дағдыларын меңгереді. Қарусыз және қарумен саптық әдістер мен қозғалыс дағдыларын меңгерген. Қорғаныста, шабуылда және барлау жүргізуде жалпы әскери бо жүргізудің негіздерін біледі. Позицияларды жасырын жылжыту, басқару, өзара әрекеттесу және бүркемелеу тәсілдері мен әдістерін меңгереді.
- Автомобильдік, броньды техниканың тағайындалуын, жалпы құрылысын, техникалық қызмет көрсетуін, тактикалық-техникалық сипаттамалары туралы білімдерін көрсетеді. Қазақ халқының жауынгерлік әскери дәстүрлер мен қазақ қолбасшылары мен батырларының рөлін, әскери өнер тарихын пайдаланады.
- Әскери қызмет өткерудің негізгі талаптары мен тәртібін, әскери қызметшілердің құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік Жарғысының жалпы ережелерін басшылыққа алады. Бастапқы әскери дайындық бойынша заңдар мен өзге де регламенттеуші құжаттардың талаптары туралы білімдерін көрсетеді. Басқарушылық жағдайлардың ерекшеліктерін, білім беру ұйымының қазіргі жағдайын, сондай-ақ бағыныштылармен өзара әрекеттесудің тиімді әдістерін, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Картасыз және карта бойынша жер бедерін бағдарлау дағдыларын меңгереді.
- Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау және алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі негізгі іс-шараларды айқындайды. Төтенше жағдайлар кезінде тіршілік қауіпсіздігі саласындағы, әскери-спорттық бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудегі талаптарды орындайды. Әскери-спорттық кешендер мен ойындар туралы білімін қалыптастырады.