Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M01802 Білім берудегі менеджмент және лидерлік в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Білім берудегі бенчмаркинг

    Пән білім беруде бенчмаркингті қолдануда оқытушы мен студенттің кәсіби деңгейі мен білім сапасын арттыруға қажетті ақпаратты жинауда озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, анықтау және бейімдеу дағдыларын меңгеруге бағытталған. Пән мазмұнында бенчмаркингтің теориялық негіздері, оқыту технологиясының түрі және жалпы білім сапасын басқару құралы, бенчмаркинг әдіснамасы тәсілдерінің әртүрлілігі, негізгі принциптері, бенчмаркингтік жобалардың түрлері мен үлгілері, бенчмаркинг жетістікке жетуге бағытталған оқу қызметін ұйымдастыру мәселелері қарастырылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

    Пән магистранттарда зерттеу және әдістемелік мәдениетті қалыптастыру құзыреттілігін меңгеруге бағытталған. Пән мазмұнында ғылымның қызметі, ғылыми таным, ғылым тенденциясының басым бағыттары, ғылымның ұйымдастырушылық құрылымы мен дамуы, ғылыми іс-әрекеттің ерекшеліктері, ғылыми танымның критерийлері, ғылыми әдіс, зерттеу шығармашылығының теориясы мен әдістемесінің элементтері, ғылыми зерттеудің әдіснамалық негіздері, ғылыми зерттеу бағытын таңдау, ғылыми зерттеудің әдістері мен технологиялары, үлгілері, ғылыми нәтижелер мәселелері қарастырылған. Білім беру үдерісінде жасанды интеллект этикасын сақтау және оның мүмкіндіктерін пайдалану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі фандрайзинг

    Пән білім алушылардың фандрайзинг саласында теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұнында білім беру ұйымының фандрайзингі: негізгі ұғымдар мен қағидаттар, қайырымдылық қызметі және фандрайзинг; фандрайзинг маркетингі: қайырымдылық қызметі, фандрайзинг қағидаттары, білім беру ұйымдарында фандрайзингтің заңдылығын бұзу, жоба және жобалау қызметі, білім беру мекемелерінің фандрайзинг моделін енгізудің ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары қарастырлған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Бұл пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    "Ғылым тарихы мен философиясы" пәні ғылым тарихын, ғылыми білімнің философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Пәннің мақсаты-магистранттарда ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуын, сондай-ақ әдістемелік және педагогикалық құзыреттілікті тұтас түсінуді қалыптастыру. Пән ғылым мен философияның қарым-қатынас тарихымен, оның ішінде нақты онтологиялық және гносеологиялық мәселелермен, сондай-ақ олардың қазіргі жағдайындағы нақты ғылымдардың философиялық мәселелерімен таныстырады. Пән заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға, ғылыми-зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Оқу процесінде магистранттар ғылымның нақты салаларында негізгі философиялық, әдіснамалық, білім беру стратегияларын меңгереді; оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыра алады, әдістемелік құзыреттілікті дамытады; педагогикалық құндылықтар мен оқытудың инновациялық технологияларын, әр түрлі жағдайларды талдау арқылы тиісті кәсіптің құндылық қатынастарының ерекшеліктерін игереді, академиялық және кәсіби ортада қарым-қатынас дағдыларын, ғылыми-зерттеу жұмысының мәдениетін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инновациялық лидерлік

    Пән лидерлік теориясы мен практикасы туралы білімдерін қалыптастыру, инновациялық басқару іс-әрекетінің мәні мен мазмұнын меңгерту; инновациялық лидерлік стратегиясын қалыптастыру; басқару міндеттерді шешу үшін мотивация, көшбасшылық және билік теориясының негізін пайдалануға, қабылданған кәсіби шешімдерінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезіну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұнында көшбасшылықтың теориялық негіздерін көшбасшылықтың типологиясы, инновациялық лидерлік, инновациялық лидерлік стратегиясы, мінез-құлық және ситуациялық көшбасшылық, тиімді көшбасшылық стильдері, көшбасшылықтың құрамдас бөліктері, көшбасшылық жағдайындағы басқару шешімдерін қабылдау техникасы мәселелері қарастырылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    «Басқару психологиясы» пәні магистранттың ұлттық біліктілік шеңберіндегі басқарушы мамандардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби қызметімен айқындалған басқарушылық міндеттерді шешу контекстінде магистранттардың әлеуметтік және басқарушылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мақсаты-магистранттардың іс- әрекетінде одан әрі қолдану үшін басқару психологиясының әлеуметтік-психологиялық процестері, құбылыстары, қасиеттері және негізгі категориялары туралы білімді жүйелеу және тереңдету. Ол басқарушы тұлғасы, әлеуметтік құбылыс ретіндегі басқару және көшбасшылық ерекшеліктері, басқару қызметінің негізгі функциялары, басқару және көшбасшылық стильдері, басқару объектісі ретіндегі бағынушы тұлғасы, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік құбылыс, бағыныштының ұйым жағдайына бейімделу процесінің ерекшеліктері, тұлғаның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеу жүйесі, қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс ретінде, басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б.тақырыптарды қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Білім берудегі сараптау және мониторинг

    Пән білім алушыларда білім беру стандарттары негізінде білім беру сапасын бақылау мен сараптамамен байланысты әдіснамалық құзыреттілік пен мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұнында білім беру ұйымы қызметінің жүйесіндегі мониторинг пен сараптаманың теориялық – әдіснамалық негіздері; Білім беру сапасының мониторингі мен сараптамасын құрудың әдістемелік ерекшеліктері; мониторинг бағдарламасын іске асыру тетігі мәселелері қарастырылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    «Жоғары мектептің педагогикасы» пәні педагогикалық ғылымның парадигмасын, тенденциясын, жоғары мектеп дидактикасын және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Пәннің мақсаты - магистранттарда педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіби, әдістемелік құзыреттілігін және педагогикалық мәдениетін қалыптастыру. Бұл пән магистранттардың педагогикалық ұстанымын дамытуды қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайлар жасауға, кәсіби білім беру жүйесінде оқытушы тұлғасының субъектілік сипатының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.Пәннің мазмұнында жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері, қызметтері, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны; жоғары білім құбылыстары мен процестерінің мәні, оның негізгі даму тенденциялары; қазіргі заманғы білім беру парадигмалары; жоғары мектептегі білім беру мазмұны; жоғары мектептің педагогикалық үдерісінің құрылымы; жоғары мектеп дидактикасы мен оқыту технологиялары, әдістері мен формалары; жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әдістемелік лидерлік практикумы

    Пән магистранттардың әдістемелік жетекшілігін қалыптастыру дағдыларын меңгеруге бағытталған. Пән мазмұнында білім беру бағдарламаларының сапасын басқару, әдістемелік шешімдердің әдістері мен технологиялары, әдістемелік стратегияны жобалау, әдістемелік топтардың түрлері, ұжымның жеке даму жоспарын құрастыру, әдістемелік жетекшінің құзыреттілік карталары, әдістемелік стратегияны әзірлеу тәсілдері, талантты басқару, тұлғаны дамыту траекториясы, педагогикалық лидерлік білім беру жүйесін дамыу ресурсы мәселелері қарастырылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Адами ресурстарды басқару технологиялары

    Пән еңбек мотивациясын, ішкі коммуникациялар мен құндылықтарды басқару технологияларын, қызметкерлердің эмоционалды интеллектісі мен оқуын меңгеруге бағытталған. Пән мазмұнында ұйымның адами ресурстарын басқару, персоналды басқарудың ғылыми мектептері, персоналды ғылыми басқару тұжырымдамалары, персоналды ұйымға бейімдеу, персоналды ұйымға бейімдеудің мәні мен бағыттары, адами ресурстарды басқарудың негізгі тәсілдері мен әдістері, персонал аудитінің теориялық негіздері мәселелері қарастырылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі стратегиялық менеджмент

    Пән білім берудегі стратегиялық менеджменттің негізгі тұжырымдамаларын зерделеу, ұйымның стратегиясын әзірлеу және іске асыру үшін стратегиялық баламаларды таңдау, ұйымның даму стратегиясын әзірлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұнында стратегиялық менеджмент пәні, стратегиялық жоспарлау мен басқарудың мәні, стратегиялық менеджменттің сипаттамасы, алғышарттары және эволюциясы, стратегиялық басқару тұжырымдамасы, стратегиялық басқару объектілері мен түрлері, стратегиялық басқару функциялары, стратегиялық басқарудың әдіснамалық және теориялық негіздері, стратегиялық басқару принциптері, білім беру жүйесінің әр түрлі деңгейінде стратегиялық жоспарлаудың өзіндік ерекшеліктері, білім беру ұйымының қызметіндегі стратегиялық жоспарлаудың рөлі, стратегияны таңдау мәселелері қарастырылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық дизайн

    Пән педагогикалық дизайнды тиімді жобалау саласында магистранттардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұнында дизайн мәдениеті мен дизайн білімінің мета-негізі ретінде "педагогикалық дизайн" ұғымын талдау, педагогикалық дизайнға шетелдік тәсілдер (тұғырлар), дизайн білімінің мәні мен құрылымы, педагогикалық дизайнның зерттелуі, педагогикалық дизайндағы теория мен модельдер мәселелері қарастырылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі маркетинг және брендинг

    Пән білім алушыларда білім берудегі маркетинг пен брендтің ерекшелігі мен мәнін меңгеруге бағытталған. Пән мазмұнында білім беру ұйымының заманауи брендін қалыптастыру ерекшеліктері, объекті, маркетингтік қызметті басқару, білім беру қызметтерінің сапасы және олардың бағасы, нарықта жылжыту және ішкі маркетинг, білім беру брендтерін әзірлеу, құру және құру принциптері мен технологиялары, брендті құруды басқару ерекшеліктері қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі жобаларды басқару

    Пән жобаны басқарудың жүйелі көзқарасының концептуалды негіздерімен таныстыру; жобаларды басқарудың заманауи технологияларын меңгерту; білім беру саласындағы жобаларды басқару бойынша практикалық дағдыларды меңгертуге бағытталған. Пән мазмұнында пәннің пәні мен міндеттері, негізгі ұғымдар, терминдер мен анықтамалар, менеджмент бойынша жалпы білім жүйесіндегі жобалық басқарудың орны, білім беру саласындағы жобаларды басқарудың қазіргі жағдайы, жобаны басқаруды ұйымдастыру, ұйымдастырушылық құрылымдар және жобаны басқару процестері мәселелері қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Білім берудегі тьюторлық

    Пән білім беру саласындағы педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, тьюторлық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құзыреттер кешеніне ие тьюторлық қызметті қамтамасыз ете алатын магистранттарды даярлау дағдыларын меңгеруге бағытталған. Пән мазмұнында тьютордың білім беруді жаңғыртудағы ұстанымы, тьюторлық арнайы педагогикалық позиция ретінде, субъектілерге жеке білім беру бағдарламасын құрудың ерекшеліктері, тьютордың жұмысының формалары мен әдістері, тьюторлық сүйемелдеудің модельдері, тьюторлық педагогтың үздіксіз кәсіби білім алу мәселелері қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ЖОО-да педагогикалық пәндерді оқытудың әдістемесі

    Пән білім алушылардың педагогикалық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесін меңгеруге бағытталған. Пән мазмұнында қазіргі отандық және шетелдік ғылымда әлеуметтік-педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің теориялары мен тұжырымдамалары, теориялық және практикалық бағыттағы педагогикалық пәндерді оқытудың әдіснамалық және технологиялық ерекшеліктері, педагогикалық пәндерді оқытудың инновациялық технологиялары мәселелері қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Конфликтология және медиация

    Пән қақтығыстар мен медиацияны зерделеудің заманауи теориясы мен практикасын, қызметкерлермен, студенттермен өзара әрекеттесуді оңтайландыруға, өзара түсініспеушілік қиындықтарын болдырмауға және конфликттерді басқаруға мүмкіндік беретін жанжал жағдайындағы кәсіби мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұнында конфликт қоғамдық өмірдің әлеуметтік құбылысы ретінде, конфликт типологиясы, конфликт кезіндегі мінез-құлық стратегиясы, медиация дауларды шешудің баламалы тәсілі, мектептегі қалпына келтіру медиациясы, білім беру ұйымындағы этникалық медиация, мектепте қалпына келтіру технологиясын ұйымдастыру үлгілері мен бағыттары қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі менторлық

    Пән менторлық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құзыреттер жиынтығы бар және студенттердің жеке білім беру траекториясын жобалауды ескере отырып, менторлық технологияларын жүзеге асыруға қабілетті магистрлерді дайындау дағдыларын меңгеруге бағытталған. Пән мазмұнында менторлық феномені, оның даму генезисі, менторлық құзыреттілік позициясы, менторлық білім беруді жеке даралаудың негізгі педагогикалық технологиясы ретінде, ментор құзыреттіліктері, модельдері, қазіргі білім беру жүйесіндегі менторлықтың формалары мен әдістері, менторлық жұмысты ұйымдастыру, мектептегі менторлық технологиялар мәселелері қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау және кәсіби іс-әрекетте пайдалану.
  • Шет тілінде тиімді кәсіби қарым-қатынас жасау үшін, сондай-ақ жоғары білім беру контекстінде педагогика мен басқару психологиясының теориялық және практикалық принциптерін дұрыс қолдану үшін қажетті білім мен практикалық дағдыларды игеру.
  • Адам ресурстарын басқару технологияларын қолдану, көшбасшылық қасиеттер мен басқару құзыреттілігін дамыту, білім беру стратегиялары мен жобаларын әзірлеу және енгізу.
  • Тәжірибеде зерттеудің заманауи ғылыми принциптері мен әдістерін, білім беру ортасына сараптамалық бағалау жүргізу мақсатында білім беру сапасының мониторингін ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін қолдану, педагогикалық қызметті іріктеу, модельдеу және жобалау. Жасанды интеллект қолданудың этикалық нормаларын сақтау.
  • Білім беру ортасы субъектілерінің бірлескен іс-әрекетін және тұлғааралық өзара әрекетін ұйымдастыру дағдыларын көрсете білуі; ағартушылық пен медиацияға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асыру.
  • Оқыту технологиясының бір түрі ретінде және білім сапасын жалпы басқару құралы ретінде бенчмаркинг ерекшеліктерімен білім берудің маркетингтік саясатына сәйкес басқару құралдарын әзірлеу дағдыларын көрсетуі; білім беру мекемелерінің фандрайзинг үлгілерін, заманауи білім беру брендтеріне сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану.
  • Жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару үшін қажетті практикалық біліктер мен дағдыларды, тиімді оқу жұмысы үдерісінде оқу-әдістемелік материалдарды жобалау, бағалау және қолдану.
Top