Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01901 Арнайы педагогика: Сурдопедагогика в Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Арнайы педагогикада оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың әртүрлі әдістері туралы білімін қолданады және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау дағдыларына ие.
  • Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие, түзету-дамыту процестерін ұйымдастыруға байланысты сурдопедагог қызметінің әртүрлі түрлерінің мақсаттары, кәсіби міндеттері туралы білімін көрсетеді.
  • Арнайы педагогиканың әртүрлі салаларының тоғысында психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізе алады, заманауи технологияларды, білім берудегі менеджментті практикалық қызметте қолдана алады
  • Есту қабілеті бұзылған оқушылардың қоғамдағы адам өміріне қажетті құзыреттіліктерін дамыту іс-әрекетін ұйымдастырады
  • Есту қабілеті бұзылған балалар үшін бейімделген бағдарламалары мен жеке оқыту жолдарын әзірлейді
  • Коррекциялық және дамыту сабақтарын ұйымдастырады және өткізеді, есту қабілеті бұзылған балалардың табысты оқуына кедергі келтіретін қиындықтарды бағалайды және түзетеді
  • Баланың дамуын бағалай алады және бұл жағдайды нормамен салыстыра алады, интеллектуалдық, сөйлеу және есту қабілетінің бұзылуымен байланысты және алдын алуға, емдеуге және түзетуге жататын бұзылулардың көріністерін тани алады
  • Арнайы педагогика мен психологияның негізгі категориялары мен тұжырымдамаларын біледі, арнайы және инклюзивті білім берудің мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын дамытудың қазіргі тенденцияларын талдайды.
  • Есту қабілеті бұзылған балалармен логопедиялық, диагностикалық-кеңес беру, коррекциялық-дамыту жұмыстарын жүргізе алады, есту қабілетінің бұзылуын жою және алдын алу бойынша мұғалімдер мен ата-аналарға әдістемелік көмек көрсете алады
  • Азаматтықты, белсенді өмірлік ұстанымды және көпмәдениетті ортада диалогқа дайындықты көрсетеді.
Top