Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B08701 Аграрлық техника және технология в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Инклюзивті білім беру жағдайында студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру құзыреттілігін дамыту.
  • Негізгі өндірістік ресурстарды құндық бағалау қағидаттарының маңыздылығын және нарықтық экономика жағдайында кәсіптік қызметтің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін ұйымның экономикалық талдау элементтерін, экономикалық және заңнамалық негіздерін қолдануды түсіне білу.
  • Кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдарын пайдалана отырып, типтік міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді, ақпараттық, компьютерлік және желілік технологияларды пайдалана отырып, әртүрлі дереккөздер мен дерекқорлардан ақпаратты іздеуді, сақтауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асыруды қолдану.
  • Ауыл шаруашылығындағы жұмыстарды орындау технологиялары мен тәсілдері туралы ақпаратты жинауды және түсіндіруді, АӨК-де цифрландыруды жүзеге асыру, топырақтың құрылымын, негізгі мәдени өсімдіктерді, ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдарын және оларды өсіру мен күтіп-ұстау тәсілдерін білу.
  • Параллель проекциялау арқылы алынған кескіндерді қолдана отырып, AutoCAD компьютерлік бағдарламалары мен компьютерлік модельдеу арқылы жалпы көріністің сызбаларын орындап есептерді шеше білу.
  • Конструкциялық материалдар мен оларды өңдеу тәсілдерін таңдауда, сондай-ақ бұйымдардың өзара ауыстырымдылық және олардың өлшеу құралдары мен өлшеу тәсілдерінде алған білімі мен дағдыларын қолдана білу.
  • Механизмдер мен машина бөлшектерінің оңтайлы параметрлері мен жұмыс режимдерін негіздеу үшін теориялық және қолданбалы механика саласындағы білімі мен түсініктерді көрсете білу.
  • Ауыл шаруашылығында, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы машиналарында электр жабдықтарының жұмыс режимдерін қамтамасыз ету үшін электротехника, гидравлика және жылу техникасы туралы теориялық және практикалық білімді қолдану.
  • Өндірістік жағдайларда тракторларды, автомобильдер мен ауыл шаруашылығы машиналарын тиімді пайдалану үшін ауыл шаруашылығы машиналары мен қондырғыларын басқарудың, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау үшін мал шаруашылығын механикаландырудың теориялық және практикалық дағдыларын меңгеру; ауыл шаруашылығы машиналары мен қондырғыларын басқару.
  • Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсету әдістерін, қауіпсіздік техникасы, еңбекті және табиғатты қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық ақпаратты талдау мен әдістерін қолдана білу.
  • Ғылыми зерттеулер әдісінің негіздерін білу және оларды механикаландырылған жұмыстың операциялық технологиясын әзірлеуде, машиналар мен агрегаттарды тиімді өндірістік және техникалық пайдалануды, тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарына техникалық қызмет көрсетудің, машиналар мен жабдықтардың тозған бөлшектерін қалпына келтіре отырып, оларды жөндеудің тиімді технологияларын ұйымдастыруда қолдану, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану мен жөндеуді бақылау.
  • Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау саласында, сондай-ақ агроөнеркәсіп өндірістерін жобалау бойынша теориялық және практикалық білімді меңгеру.
Top