Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B08701 Аграрлық техника және технология в Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Болашақ аграрлық техника және технология бакалаврларында Солтүстік Қазақстанның экономикалық қажеттіліктерін және ауыл шаруашылығы бейіні бойынша кадрлардың кәсіби құзыреттілігін ескере отырып, қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникалары мен техникалық құралдарында жаңа инновациялық технологияларды қолдану кезінде іргелі білім, кәсіби дағдыларды қалыптастыру.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B183 Агроинженерия
  • ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
  • Дайындық бағыты 6B087 Агроинженерия

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Агротехнологиялық машиналар конструкцияларының есебін, соның ішінде қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып орындау.
  • Қазіргі заманғы менеджмент пен нормативтік құқықтық құжаттардың нысандары мен әдістерін сыни бағалау негізінде агроқұрылымдарда адам ресурстарын басқарудың өндірістік процесін ұйымдастыру.
  • Құрастырмаларды, инженерлік жүйелер мен аграрлық объектілердің жабдықтарын монтаждау, жөндеу, сынау және пайдалануға тапсыру технологиясын, кәсіпорын шығаратын өнім үлгілерін және ҚНжЕ, ЕУРОКОД қолдануға дайындығын білу.
  • Конструкциялық материалдардың негізгі физика-механикалық қасиеттерін, оларды дайындау технологиясын, зерттеудің заманауи әдістерін және қолдану тиімділігін арттыруды пайдалану.
  • Қазақстан тарихының негізгі заңдылықтарын, философиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, жаратылыстану және құқықтық білім негіздерін, қазақ, орыс және шет тілдеріндегі ауызша және жазбаша нысандағы коммуникацияларды білу және түсіну.
  • Зерттелетін салада ғылыми зерттеулер, жасанды интеллект және академиялық жазу әдістерін қолдану, Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, кәсіби қызметке инклюзивті қағидаттарды енгізу, дене шынықтырудың практикалық негіздерін білуді көрсету.
  • Ауыл шаруашылығындағы мал шаруашылығы фермаларын, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу кәсіпорындарын, ғимараттар мен құрылыстарды, жылу және газбен жабдықтау жүйелерін, желдету, сумен жабдықтау және кәрізді, технологиялық операцияларды есептеу үшін негізгі нормативтік және анықтамалық құжаттармен жобалау жұмыстары.
  • Еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздік нормалары мен ережелері, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау, а/ш қолданыстағы ҚР заңнамалық және нормативтік актілерін пайдалану мәселелерінде құзыретті болу.
  • Агроинженерияда ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін ғаламдық компьютерлік желілерде ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын көрсету.
  • Әзірленетін жобалар мен техникалық құжаттаманың стандарттарға, техникалық шарттар мен жобалау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін практикада қолдану.
Top