Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B05107 Биология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Іргелі және қолданбалы биология бойынша білімдері бар, қазіргі заманғы биологияның (биоинформатика, молекулалық және жасушалық биология, жүйелік биология және т.б.) жаңа бағыттары туралы түсініктерге ие және алған білімдерін ғылыми-тәжірибелік және білім беру саласында қолдана алатын бакалаврды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Цитология және гистология
Цитология және гистология эмбриология негіздерімен
Математика
Ботаника
Латын тілі
Химия
-
2 Оқу жылы
Адам анатомиясы
Физика
Биохимия
Омыртқасыздар зоологиясы
Адам морфологиясы
Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.
Паразитология
Қаржылық сауаттылық негіздері
Адам және жануарлар физиологиясы
Кәсіпкерлік және бизнес
Омыртқалылар зоологиясы
Ғылыми зерттеу негіздері
Филогения және систематика негіздері
-
3 Оқу жылы
Эволюциялық ілім
Молекулалық биология
Өсімдіктер физиологиясы
Медицианалық паразитология
Микробиология
Генетика
Фитоценология негіздері
Биометрия
Қазақстан биоресурстары
Биофизика
-
4 Оқу жылы
Медициналық генетика
Геоботаника
Биологиядағы математикалық әдістер
Гендік инженерия
Цитогенетика
Иммунология
Фило-,онтогенездегі гормондар
Биополимерлерді зерттеу әдістері
Иммунология және аллергология
Биоинформатика
Вирусология
Биоқауіпсіздік және биоқорғау элементтері бар биоэтика
Даму генетикасы
Цитологиялық және гистологиялық әдістері
Клетка биологиясы
Молекулалық биология және биохимия әдістері
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасайды. Білім алушылардың азаматтық және кәсіби белсенділігі артады
- Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімде қолданады.
- Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдап қолданады.
- Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шараларды әзірлейді.
- Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау; Әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген ннклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларының, күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация жасаудың стратегиясында қолданады.
- Математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша биологияға қатысты іргелі білімін көрсетеді
- Өсімдік клеткасының құрылысы, ұлпалары, вегетативтік және генеративтік органдарының құрылыстары, түрлері, қызметтері, ұрықтануы, табиғатта таралу жолдары жайлы білімді меңгереді; омыртқасыздар мен хордалылардың негізгі түрлік құрамын, сыртқы және ішкі құрылымдық ерекшеліктері жайлы білімдерін қалыптастырады; прокариот және эукариот клеткаларының құрылысын, қызметтерін, реттеуші механизмдерін, негізгі ұлпалар жүйесінің құралуы және олардың организмдегі функцияларын, филогенезде және онтогенезде ұлпалардың пайда болуын, олардың дамып жетілуін, және организмде қызмет атқаруын біледі; адам ағзасының анатомиялық құрылысын, қызметін, ағзаның негізгі құрылымдарын біледі; өсімдіктерде жүретін физиологиялық процестер жайында білім алады; жасушалар мен ұлпалардың құрылысы мен қызметін, зерттеу үшін электронды микроскопия, сандық цитохимиялық және басқа зерттеулер әдістерін, жасуша теориясының негізгі ережелерін біледі. Биоресурстар, әлем мемлекеттері арасында алатын орны, табиғи биоресурстарды тиімді пайдалану және қорғау, айрықша қорғалатын табиғи аймақтар жайлы жан-жақты білімді меңгереді; жердегі тіршіліктің пайда болу кезеңдері мен себептері жайлы білімді меңгереді; Түрлерді идентификациялау, түрлерді жүйелеуде молекулярлық-генетикалық, цитогенетикалық, морфологиялық талдаудың заманауи әдістерін меңгереді.
- Биологиялық нысандардың алуан түрлілігі, физиологиялық ғылымдардың, клеткалық биологияның қазіргі заманғы және адам биологиясының негіздері туралы теориялық білімдер мен негізгі түсініктерін біледі. Биологиялық нысандардың жасушалық және жасушалық емес ұйымдасуының принциптерін және биологиялық нысандарды бақылау, анықтау, сәйкестендіру, жіктеу, өсіру әдістерін біледі; иммунологияның, аллергологияның теориялық негіздерін біледі, иммундық және аллергиялық реакциялардың маңызын, сондай-ақ иммунология мен аллергологияда қолданылатын заманауи зерттеу, ақпараттық және ұйымдастырушылық технологияларды меңгереді. Диагностикалық іс-шаралардың нәтижелерін интерпретациялау, оның ішінде иммунотропты терапияның тиімділігін талдайды.
- Генетиканың негізгі заңдары мен жетістіктерін білу, гендерді зерттеудің заманауи әдістерін қолдануда білімін көрсетеді. Биологияның қазіргі заманғы мәселелерін түсіну және зерттеу проблемаларын шешу үшін іргелі биологиялық ұғымдарды түсінеді; Биополимерлер молекулаларын анықтау және фракциялаудың ең көп қолданылатын әдістерін меңгереді, сондай-ақ осындай әдістердің негізінде жатқан физика-химиялық принциптер туралы түсінікті қалыптастырады. Молекулалық биологияның күрделі мәселелерін шешуде негізгі зерттеу тәсілдерімен, олардың жұмыс істеуі мен қолданылуының негізгі принциптерін біледі; Цитологиялық және гистологиялық зерттеу әдістерін біледі, жарық микроскоптарының негізгі түрлерімен жұмыс істейді. Цитологиялық және гистологиялық препараттарды дайындайды, микрофотографиялар мен электронограммаларда жасушалар мен ұлпаларды және олардың құрылымдық элементтерін зерттеп талдайды және ұлпалық, жасушалық және субклеткалық деңгейде эксперименттік зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгереді.
- Есептеу машиналары арқылы жасанды интеллект және интеллектуалды қызметті модельдеу технологияларын біледі, дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану, базалық білімдері мен зерттелетін кәсіби міндеттерді шешуге арналған ақпаратты басқара алу дағдысын қалыптастырады; биоинформатика негіздерін түсінеді, биологиялық деректер базаларымен жұмыс істейді, биомолекулалық тізбектерді талдайды, құрылымдық және функционалдық талдау әдістерін қолданады, бағдарламалау тілдері мен арнайы бағдарламалық құралдарды пайдаланады, биологиялық деректерді ғылыми контексте интерпретациялайды, сондай-ақ қарапайым биоинформатикалық жобаларды әзірлейді
- Биоэтика, паразитология, су және қоршаған орта биологиясының теориялық негіздерін, өсімдіктер дистрибуциясының принциптерін біледі, биологиялық объектілерді бақылау, сипаттау және жіктеу әдістерін пайдаланады.
- Адам паразиттерінің жіктелуін, қарапайымдылар мен гельминттердің негізгі морфологиялық сипаттамаларын, паразиттердің даму циклін, паразиттік аурулардың географиялық таралуын, паразитоздарды диагностикалаудың негізгі принциптерін және адамның паразиттік ауруларының алдын алудың негізгі принциптерін меңгереді; биологиялық объектілердің әртүрлілігі туралы негізгі түсініктерді, биосфераның тұрақтылығы үшін биоалуантүрліліктің маңыздылығын, бақылау, сипаттау, сәйкестендіру, жіктеу, биологиялық объектілерді және оқу мазмұнын талдау әдістерін қолдана біледі.