Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01507 Физика-информатика в Шымкент университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми және философиялық таным әдістері арқылы табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда түсіну мен зерттеуді, мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұнын көрсетеді.
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
  • Оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай біледі.
  • Физика және информатиканың теориялық және практикалық білімдерінің өзара байланысын ұйымдастырады, оларды заманауи технологиялар мен есептеуде, зерттеу әдістерінде, ғылыми және өндірістік мәселелерді шешуде, жаратылыстану ғылымдары аясында өзіндік жетілуде, физика мен информатиканы оқытудың жаңа технологияларына сәйкес оқыту әдістерінде қолдана біледі.
  • Физика және информатика саласында оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді, оқыту әдістерін қолданады. Талдаудың әдіснамасын таңдайды және практикада қолданады.
  • Жасанды интеллект жүйесін енгізе және сүйемелдей алады, символдық ақпаратты өңдеуге бағытталған арнайы бағдарламалау тілдерін, логикалық бағдарламалау тілдерін, интеграцияланған бағдарламалық ортаны, зияткерлік және сараптамалық жүйелердің қабықтарын қолдана алады.
  • Компьютерлік графика жүйелерінің ұйымдастыру үрдістері, техникалық және бағдарламалық құрылымдарын, бейнені қалыптастырады және түрлендірудің негізгі әдістері мен алгоритмдерін, графикалық сұхбаттасу әдістерін, графикалық контроллерлер мен процессорлардың қызметтерін біледі.
  • Физикалық процестерді модельдеуде, эксперимент нәтижелерін өңдеуде, талдауда, пәнді оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, цифрлық білім ресурстарын меңгереді.
  • Мектептегі физика курсын дамытудың ғылыми принциптері мен логикасын түсінеді.
  • Математика ғылымының базалық идеялары мен заманауи әдістер жүйесіне негізделген білімі мен түсініктерін көрсете біледі.
  • Математикалық пәндер бойынша терең білімдерін физикалық құбылыстардың негізгі заңдылықтарымен байланыстырып, есептеулер орындайды.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
Top