Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01509 Информатика және робототехника в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру, өзін-өзі дамыту және үздіксіз білім алу дағдыларын қолдану, педагогикалық және әлеуметтік салада кәсіби қарым-қатынас орнату; білім беру қызметінде денсаулықты сақтау мен нығайту әдістерін пайдалану.
  • Қазақ халқының тарихы, мемлекеттік құрылымының қалыптасуы мен эволюциясы кезеңдерін түсіну; ғылыми зерттеу және академиялық жазу дағдыла меңгеру, академиялық адалдық және ғылыми этика қағидаларын сақтау.
  • Кәсіби білімді қалыптастыру үшін ақпаратты сыни тұрғыдан талдау, өздерінің әлеуметтік, этикалық және ғылыми ұстанымдарын бағалау; зерттеу тәсілдерін қолдану және кәсіби өсу талаптарына сәйкес білім беру стратегияларын жаңарту.
  • Психологиялық-педагогикалық үдерістердің ерекшеліктерін түсіну, инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың психологиялық жайлылығын қамтамасыз ету және оларды білім беру ортасына бейімдеуге қолайлы жағдай жасау.
  • Информатика және робототехниканың заманауи білім беру теориялары мен әдістемелерін меңгеру және бейімдеу, оқыту тиімділігін және кәсіби өзін-өзі дамытуды арттыру үшін цифрлық технологияларды пайдалану
  • Цифрлық трансформация жағдайында педагогикалық қызметтің міндеттерін шешу, киберқауіпсіздік қағидаларын сақтау; білім беру мақсаттарына арналған робототехникалық және мехатрондық жүйелерді жобалау және әзірлеу
  • Математикалық модельдеу және информатиканың теориялық негіздерін меңгеру; алгоритмдік тәсілдер мен бағдарламалау технологияларын қолдану; компьютерлік жүйелер, желілер және деректерді өңдеу әдістерінің даму үрдістерін түсіну.
  • Кәсіби білімді кеңейту және цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу үшін ақпараттық технологияларды пайдалану; CLIL интеграцияланған тәсілін қоса алғанда, инновациялық оқыту әдістерін қолданып, оқушылардың логикалық және сыни ойлауын дамыту
  • Использовать принципы цифровой дидактики для проектирования образовательного процесса, разрабатывать и адаптировать учебные материалы в цифровой среде в соответствии с целями обучения информатике и робототехнике.
  • Педагогикалық зерттеулер жүргізу үшін заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды пайдалану, білім беру моделін әзірлеу және оқыту үдерісін жетілдіру үшін деректерді талдау
Top