Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01403 Бастапқы әскери даярлық в ABU

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Спорттық және бұлшық ет қозғалысы іс-әрекеттерін жүзеге асыруға арналған жаттығуларды орындаған кездегі адам ағзасында орын алатын анатомиялық өзгерістер мен физиологиялық процестерді талдау және осы білімді әртүрлі спорт түрлерінде дене жаттығуларын орындау үшін қолдана білу.
  • Қазіргі психология-педагогика ғылымының, жас ерекшеліктер физиологиясының, мектеп гигиенасы мен өмір қауіпсіздігінің негіздерінің негізгі ұстанымдары мен категориялары жөніндегі білімдерін көрсету. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбие жұмысының әдістемесі мен технологияларын, өмір қауіпсіздігі негіздерін және инклюзивті білім беруді оқыту әдістерін практикалық педагогикалық қызметте қолдану дағдыларын пайдалану; мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару, мұғалімнің жеке және кәсіби сапасына қойылатын қазіргі талаптарды сақтау; оқушылардың тәртібін басқару, олардың оқу-танымдық әрекетіне ынталандыру және жеке тұлғалық дамуына ықпал ету.
  • Мемлекеттік (орыс) және шет тілдерін кәсіби қызметте, ғылыми және практикалық жұмыста, шетелдік әріптестермен қарым-қатынаста, өздігінен білім алу және басқа да мақсаттарға пайдалана алады.
  • Тұрақты даму мен тыныс-тіршілік қауіпсіздігінің, құқықтық және экономикалық сауаттылықтың негізгі тұжырымдамаларын саналы түрде қабылдауға және түсіндіруге, кәсіби және әлеуметтік қызметте нормативтік-құқықтық, экономикалық және экологиялық құралдарды қолдануға, қабылданатын шешімдердің салдарын талдауға және сыни бағалауға, сондай-ақ тәуекелдерді төмендетуге, тұрақтылықты арттыруға және этикалық және құқықтық стандарттарды сақтауға бағытталған мінез-құлықтың кешенді стратегияларын әзірлеуге қабілетті.
  • Азаматтық қорғаныс, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің барлық түрлерін, міндеттері мен қызметтерін айқындау; бастапқы әскери дайындық саласында қолданылатын оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі санаттарын, қағидаттарын, әдістері мен нысандарын талқылау, сондай-ақ білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тарту.
  • Оқу процесін жоспарлаудың әртүрлі түрлерін жүзеге асыру және олардың негізінде қойылған мақсаттарға сәйкес әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу. білім беру саласындағы нормативтік құжаттардың негізінде оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дамуының жеке траекториясын жобалау; өзінің кәсіби қасиеттері мен озық педагогикалық тәжірибелеріне талдау жасау; білім алушыларды критериалды бағалау жүйесін қолдана отырып оқытудың тиімді әдістемелері және олардың барысын мониторингтеу негізінде; әскери-патриоттық тәрбие, саптық даярлық бойынша оқу сабақтарын және іс – шараларды, әскери-техникалық үйірмелер мен секциялардың жұмысын ұйымдастыру және өткізу.
  • Білім мен түсінікті кәсіби деңгейде қолдану, жалпыәскери жарғылардың ережелерінде көрсетілген мінез-құлықтың адамгершілік нормалары негізінде білім алушылармен өзара қарым-қатынас кезінде аргументтер тұжырымдау және проблемаларды шешу және мынадай бағыттарда педагогикалық жұмысты жүргізу: құқықтық, тәрбиелік, кәсіби, әскери өнердің тарихи және қазіргі заманғы деректерін талдай отырып.
  • Түрлі кәсіби қауымдастықтармен әлеуметтік-коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын қолдана отырып, оқу-тәрбие процесі шеңберінде іс-шаралар ұйымдастыру.
  • Атыс даярлығы және атыс қаруын, оқ-дәрілер мен имитациялық құралдарды пайдалану саласындағы ақпаратты оқу-тәрбие процесінде тарату, сонымен қатар әрі қарай өзінің оқуы барысында оқытылатын салада өз бетінше үйрену дағдыларын пайдалану; білім алуышларға өз бетінше білім алу қабілетін дағдыландыра отырып, білім алушыларға атыс негіздері мен ережелері және қаруды қауіпсіз ұстау бойынша оқытуды ұйымдастыруға және жүргізуге қабілетті болу.
  • ҚР ҚК қару-жарағы мен техникасының әскери топографиясы мен тактикалық-техникалық сипаттамалары туралы білімдерін қолдану және білім алушылармен түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде осы ақпараттың іс жүргізу негіздерімен және құпия құжаттармен жұмыс істеу тәртібімен өзара байланысын түсіну.
  • Халықтың әртүрлі топтарымен емдеу-алдын алу іс-шараларын өткізу үшін емдеу және сауықтыру дене шынықтыру-спорттық сабақтар саласында медициналық білім мен дағдыларды қолдану.
  • Бастапқы әскери дайындық саласындағы кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды, сонымен бірге жасанды интеллектті пайдалану технологиясы; ҚР ҚК Әскери робототехниканың заманауи жетістіктерін қолдану туралы ақпаратты түсіндіру.
  • Кәсіптік қызмет процесінде денсаулықты сақтау және нығайту және өз организмінің және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ағзаларының дене даярлығының қажетті деңгейін ұстап тұру үшін дене шынықтыру және спорттың әртүрлі түрлерінің құралдарын пайдалану.
  • Ғылыми зерттеулер мен академиялық жазудың әдістерін білу және оларды оқытылатын салада қолдану; отандық және шетелдік ғалымдардың ең жаңа ғылыми деректерін пайдалана отырып, білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың бірлескен және жеке зерттеу қызметін ұйымдастыру.

Ұқсас БББ

Top