Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01511 Химия ағылшын тілінде в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі қоғам туралы дүниетанымды кеңейте отырып, тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешеді және мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысандарда коммуникацияны тереңдетеді;
  • Орта білім беру саласындағы оқытудың психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын, сондай-ақ педагогика, психологияның ғылыми-білім беру негіздерін, нормативтік құқықтық актілерін талдайды;
  • Кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіпкерлік негіздерін, Қазақстан тарихы мен философияның теориялық негіздерін түсіндіруге кешенді көзқарасты қолданады, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі тарихи оқиғаларын өз бетінше талдай біледі және академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді;
  • Жаратылыстану ғылымдары (химия-биология-экология-физика) пәндері мен қазіргі экологиялық мәселелерді шешудің теориялық және эксперименттік негіздері арасындағы байланысты анықтап, талдай біледі; өмір қауіпсіздігінің негіздерін және төтенше жағдайларда тәуекелдерді талдай алады;
  • Балалар ағзасының өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін біледі; балалар ағзасының құрылымы мен функциясының ерекшеліктерін ескере отырып, сараланған тәсілді ескереді; білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың әлеуметтік, жас, психофизикалық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білімді одан әрі дербес жетілдіру, дамыту үшін қажетті оқытуды жүзеге асырады;
  • Оқытудың инновациялық әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи құралдарын қолданады, оқыту процесінде бағалаудың маңыздылығын және оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық тұрғыдан сындарлы бағалауды қамтамасыз ету қабілетін түсінеді, нақты педагогикалық мәселелерді шешудің стратегиялары мен технологияларын және химияны оқытудың ерекшеліктерін модельдейді;
  • Химияның негізгі заңдылықтарын, қарапайым заттар мен олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзгеруін, химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын, реакцияларға аяқ асты әсер ететін факторларды, реакция жылдамдығын, аналитикалық мақсаттарда талдаудың физикалық және химиялық әдістерін қолдануды, алынған нәтижелерден қорытынды жасауды біледі;
  • Химия есептерін шешу әдістемесі бойынша іргелі білімдерін көрсетеді, қарапайым және күрделі есептерді шешу алгоритмін қолдана алады;
  • Нанохимия, полимер, биорганикалық және органикалық химияның дамуы мен принциптері, осы бағыттарды әртүрлі салаларда қолдану туралы заманауи идеяларды жетілдіреді және дамытады;
  • Ақпаратты жинау және түсіндіру үшін ақпараттық технологияларды қолданады, зерттеу және академиялық жазу әдістерін біледі және оларды химиялық білім беруде қолданады;
Top