Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01511 Химия-Биология в ШымУ

Пәндер

  • Жоғары математика

    «Жоғары математика» курсы білім алушылардың математикалық ойлауын, логикалық талдау және абстрактілі пайымдау қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған. Курс шеңберінде сызықтық алгебра, аналитикалық геометрия, математикалық талдау (шектер, туындылар, интегралдар), дифференциалдық теңдеулердің негізгі ұғымдары қарастырылады. Алынған білім болашақ кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметінде математикалық әдістерді қолдануға негіз болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Бейорганикалық химияның теориялық негіздері

    Осы пәнді игеру нәтижесінде атомның құрылымы мен химиялық байланыс туралы, ерітінділердегі реакциялардың негізгі заңдылықтары туралы қазіргі заманғы идеялар қалыптастырады, алынған теориялық идеялар негізінде студенттер элементтер мен олардың қосылыстарының қасиеттерін талдай біледі, қарапайым және күрделі қосылыстардың құрылымы мен қасиеттерін болжайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Цитология және гистология

    Жасуша мен ұлпа туындыларының құрылыс - қызметін анықтайды. Адам және жануарлар организмiндегi жасушалар, ұлпалар, ағзалар, оның жүйелерінiң микро, субмикроскопиялық құрылысын, қызметiнің жүйеленуін түсіндіреді. Цитологиялық, гистологиялық әдістерді қолданып эксперименттер жүргізеді. Микроскопиялық деңгейде гистологиялық препараттарда тіндерді ажырата білуді дәлелдейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Элементтер химиясы

    Пән элементтердің жалпы сипаттамасын, физикалық, химиялық қасиеттерін, олардың қосылыстарын оқытады. Білімгер периодтық жүйенің VII-A, VI-A, V-A, IV-A, III-A топшасында орналасқан элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерін анықтаудың, периодты өзгеруіне байланысты химиялық реакциялардағы қасиеттерін зерттеудің практикалық дағдыларын меңгереді. Бейметалдардың қасиеттері мен реакциялық қабілетін зерттеу үшін химиялық тәжірибелер жүргізіп, байқалған өзгерістер бойынша қорытындылап, тұжырымдайды. Металдардың және олардың қосылыстарының құрамы, құрылысы мен қасиеттерінің периодтық заңға негізделген өзара байланысы туралы білімді қалыптастырады. Білімгер периодтық жүйедегі І, ІІ, ІІІ негізгі топша элементтері және d-элементтері, f-элементтерінің құрылысы мен олардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу үшін химиялық тәжірибелер жүргізіп, алынған нәтижелерді өңдеп, тұжырымдайды. Элементтердің қасиеттері бойынша реакция өнімдерін анықтау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Ботаника

    Өсімдіктердің алуантүрлілігін және құрылыстық ерекшеліктерін зерттейді. Өсімдіктер клеткасы, ұлпалары, өркен морфологиясы және анатомиясы, тамыр және генеративтік жүйелері ерекшеліктерін, өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттарын, ұрпақ шығарудың және көбеюдің биологиялық мәнін, өсімдіктердің жастық және маусымдқ өзгерістері туралы түсінік алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Химиядан есептер шығару әдістері

    Есептерді үздіксіз шығарып, жаттығу арқылы есептер шығарудың түрлі әдістерін, тәсілдерін меңгереді. Химиялық деректерден, ұғымдардан, заңдар мен теориядан тұратын химия ғылымының негізін түсіндіреді. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Жасампаздық іс-әрекетіне, математикалық ойлау қабілетінің үдеуін бағалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Педагогика

    Болашақ мұғалімдерде дүниетанымдық ұстаны мын дамыту және теориялық білімдерін практикалық біліктерге алмастыру қабілеттері ретінде түйінді құзіреттіліктер жиынтығын (зерттеушілік, дидактикалық, тәрбиелік, коммуникативтік, ақпараттық және т.б) қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық

    Білім алушы кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық саласында теориялық және практикалық білімді меңгереді, экономикалық және қаржылық ақпаратты талдау, интерпретациялау және қолдану қабілеттерін дамытады. Курс барысында оқушы бизнес-процестерді, нарықтық механизмдерді, инвестициялық шешімдерді және қаржылық тәуекелдерді бағалауды үйренеді; жеке және кәсіби қаржылық стратегияларды жоспарлау және жүзеге асыру дағдыларын меңгереді. Білім алушы қаржылық есептілік, бюджеттеу, табыс пен шығындарды басқару, салық және инвестициялық механизмдерді түсіну негізінде рационалды экономикалық шешімдер қабылдай алады. Сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды бағалау, бизнес-идеяларды іске асыру және кәсіпкерлік этика қағидаттарын сақтау қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зоология

    Курста жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі, филогениясы, ұйымдасуы, экология және жануарлардың негізгі таксондарының практикалық маңызы қарастырылады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың материалистік жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.Зоологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және құқық

    Бұл пән Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін меңгеруге, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін түсінуге бағытталған. Білім алушылар экономика және құқық саласында алған теориялық білімдерін кәсіби қызметінде тиімді қолдануды, экономика мен құқық саласындағы өзекті оқиғалар мен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдауды үйренеді. Пәнді меңгеру барысында білім алушылар қоғамда байқалатын экономикалық және құқықтық фактілерді дәлелдеуге, оларды бағалауға және негізделген қорытынды жасауға дағдыланады. Сонымен қатар экономика және құқық саласында басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Заманауи экономикалық-құқықтық қатынастар жағдайында стандартты емес және баламалы міндеттерді шешу үшін инновациялық идеялар қалыптастырылады. Білім алушылар өз көзқарасын сауатты әрі дәлелді түрде қорғауды, жаңа шешімдер ұсынуды және басқа адамдардың пікіріне толеранттылықпен қарауды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алифатты қосылыстардың органикалық химиясы

    Курс барысында негізгі кластардағы органикалық заттардың реакцияларына және олардың жекелеген өкілдерінің қасиеттерін, зертханалық жұмыстар жүргізу дағдыларын игереді. Теориялық материал органикалық қосылыстардың әр класына, оның ішінде жалпы сипаттамаға, негізгі реакцияларға және олардың механизмдеріне арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Химия-биологияны оқытуда жасанды интеллектті қолдану негіздері

    Пәннің мақсаты: болашақ педагог хим-биологтарды даярлауға баса назар аудара отырып, білім беру процесінде жасанды интеллектті (АИ) тиімді қолдану. Пәнді оқу барысында: химияны оқытуда оқытуды жекелендіруді, бейімделген бағалауды және AI-қолдау көрсетілетін білім беру платформаларын дамытуды қоса алғанда, білім берудегі AI интеграциясының әртүрлі аспектілері; оқу процесіне AI енгізуге байланысты негізгі артықшылықтар мен қиындықтарды анықтау қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсы болашақ педагогтардың тәрбие процесінің теориялық негіздері, мазмұны, формалары мен әдістері жөніндегі жүйелі білімін қалыптастыруға бағытталған. Курсты меңгеру барысында білім алушылардың білім алушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау дағдылары дамытылады. Сонымен қатар курс пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің (куратордың) кәсіби қызметінде тәрбие жұмысын тиімді жүзеге асырудың заманауи тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Адал азамат

    Білім алушыларды адалдық, еңбекқорлық, азаматтық жауапкершілік, патриотизм сияқты құндылықтармен тәрбиелеуге бағыттайды. Білім алушылардың әлеуметтік белсенділік және волонтерлік қызмет жобаларын әзірлейді, және іске асырады. Мектепішілік, сыныпта және сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға үйретеді. Тәрбие үдерісіне отбасы мен қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығын нығайтуда дәрістер, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Білім беру мазмұны мен сынып сағаттары арқылы құндылықтарды дарыту мәселелерін талдайды. Құндылыққа негізделген тәсілдерді негізгі оқу пәндеріне кіріктіре алуға үйренеді. Әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар арқылы құндылықтарды енгізуді қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Органикалық химияның теориялық негіздері

    Органикалық химияның теориялық негіздерін игереді, органикалық молекулалардың құрылымын, олардың реактивтілігін бағалайды, қасиеттері туралы білімге негізделген органикалық реакция механизмдерін түсіндіруде негізгі дағдыларды дамытады, органикалық заттардың химиялық құрылымы теориясын, химиялық байланыс, будандастыру туралы түсініктерді сипаттайды, механизмі туралы білімдерін көрсетеді, сәйкестендірудің спектроскопиялық, хроматографиялық әдісі негізінде органикалық заттардың құрылымын талдау, реагенттердің арақатынасын, реакция өнімінің практикалық шығымын есептеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті педагогика

    Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар балаларды білім беру ортасына кіріктірудің теориялық және практикалық негіздерін меңгереді. Инклюзивті білім берудің философиясы, қағидаттары, нормативтік-құқықтық негіздері, педагогикалық-психологиялық қолдау тәсілдерімен танысады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып, аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларды сүйемелдеу, «АСБ бойынша халықаралық жұмыс әдістемелері (ABA, PECS, TEACCH, сенсорлық интеграция) жолдарын қарастырады. Білім алушыларды саралап және бейімдеп оқыту әдістерін жоспарлау, жеке білім беру траекторияларын құру, қолжетімді оқу ортасын ұйымдастыру, командалық сүйемелдеу қағидаттарын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Өсімдіктер экологиясы

    Өсімдіктерге әсер ететін әртүрлі экологиялық факторларды: жарық, ылғалдылық, тұздылық, температура, рельефтің геоморфологиясы және т.б. зерттейді. Пән студенттерді Раункиер және Серебряков жүйесі бойынша өсімдіктердің алуантүрлік экологиялық топтарымен таныстырады. Өсімдіктердің хорологиясы, ареалдардың классификациясы және ареалдар топтарын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология)

    Инклюзивті білім балаларға қатысты кез келген кемсітушілікті жоққа шығаратын, барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын идеологияға негізделген қағидаттарды меңгертеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі дағдыларын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығын дамыту мақсатында оқытылады. Курс шеңберінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ғылымның орны, ғылыми танымның әдістері мен деңгейлері, ғылыми зерттеуді іске асырудың негізгі кезеңдері қарастырылады. Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, этикалық нормаларды дамыту. Қазақстандық құқық негіздерін, білім беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамалық актілерін, нормалардың негіздерін, нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдық негіздерінің түрлерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет түсінігі мен құрылымын зерделейді. Пән тұрақты даму қағидаттары, тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негіздері, ESG-принциптері, декарбонизация бойынша білім беру, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың өзара байланысын талдауға, тәуекелдерді бағалауға және ғаламдық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер мен олардың салдары, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, ауа бассейні, жер ресурстарының тозуы, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ антропогендік қызметке байланысты табиғи және техногендік апаттар мен олардан қорғау тәсілдерінің тұрақты стратегияларын әзірлеуге үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер физиологиясы

    Пән өсімдік жасушасының құрылымын, қызметін, физиологиясы мен биохимиясын, фотосинтез, тыныс алу, су алмасу, минералды тамақтану, өсімдіктердегі органикалық заттардың алмасуы мен тасымалдану процестерінің ерекшеліктерін, өсімдіктердің өсуі мен дамуын зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңартылған мазмұндағы химияны оқыту әдістемесі

    Аталған пән жаңартылған білім беру мазмұны аясында химияны оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін және заманауи педагогикалық тәсілдерін меңгертуге бағытталған. Пән мазмұны құзыреттілікке негізделген оқыту, оқушыға бағдарланған білім беру, критериалды бағалау жүйесі, сараланған және инклюзивті оқыту қағидаттары негізінде химия пәнін оқытудың ерекшеліктерін қамтиды. Оқу барысында білім алушылар жаңартылған оқу бағдарламаларының құрылымын, оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін талдайды, химия сабақтарын жоспарлау, оқу үдерісін ұйымдастыру және тиімді оқыту стратегияларын қолдану дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар пәнде зерттеушілік және жобалық оқыту, функционалдық сауаттылықты дамыту, цифрлық білім беру ресурстарын және интербелсенді әдістерді оқу процесіне кіріктіру мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жаңартылған мазмұндағы биологияны оқыту әдістемесі

    Аталған пән жаңартылған білім беру мазмұны аясында биологияны оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін және заманауи педагогикалық тәсілдерін меңгертуге бағытталған. Пән мазмұны құзыреттілікке негізделген оқыту, оқушыға бағдарланған білім беру, критериалды бағалау жүйесі, сараланған және инклюзивті оқыту қағидаттары негізінде биология пәнін оқытудың ерекшеліктерін қамтиды. Оқу барысында білім алушылар жаңартылған оқу бағдарламаларының құрылымын, оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін талдайды, биология сабақтарын жоспарлау, оқу үдерісін ұйымдастыру және тиімді оқыту стратегияларын қолдану дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар пәнде зерттеушілік және жобалық оқыту, функционалдық сауаттылықты дамыту, цифрлық білім беру ресурстарын және интербелсенді әдістерді оқу процесіне кіріктіру мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Генетика және селекция негіздері

    Пән медицинада, ауыл шаруашылығында, микробиология өнеркәсібінде, сондай-ақ гендік инженерияда маңызды рөл атқаратын идеялар мен әдістерді қамтиды. Тірі материяны ұйымдастырудың барлық деңгейлеріндегі тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздерін, тұқым қуалаушылық заңдылықтарын және белгілердің өзгергіштігін зерттейді, селекциялық белгілердің тұқым қуалаушылық түрлерін, фенотиптің қалыптасуындағы тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаның рөлін талдайды. Болашақ мұғалімдер модификация және мутациялық өзгергіштік, полиплоидия және алыс будандастыру мәселелерін қарастырады, сонымен қатар генетикалық ақпараттың берілу және жүзеге асырылу заңдылықтарын талдайды, селекция негіздерін, гендік инженерия, молекулалық-генетикалық талдау әдістерін оқиды. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: • белгілердің тұқым қуалау түрлерін ажыратады және талдайды; • зерттеудің мәнін, процесі мен нәтижелерін түсінуге ықпал ететін генетикалық терминдер мен конвенцияларды орынды және дұрыс пайдаланады; • тұқым қуалаудың барлық түрлеріне генетикалық есептерді шешу үшін гибридологиялық, цитологиялық және популяциялық талдау әдістерін тәжірибеде қолданады; • генетикалық эксперименттерді жобалайды және жүргізеді; • сандық белгілерді өлшеу нәтижелерін өңдейді және талдайды; • планетадағы тіршілік эволюциясындағы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің рөлін, тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізгі ережелерін және адам ауруларының тұқым қуалау механизмін түсіндіреді; • өзгергіштік түріне факторлардың әсерін анықтау, мутациялардың тірі организмдердің тіршілік әрекеті мен планетадағы тіршілік эволюциясы үшін себептері мен салдарын талқылайды; • өсімдіктер мен жануарлардағы генетикалық процестер туралы түсініктерді біріктіреді; • гендер арасындағы кроссинг-овер пайызын анықтау үшін есептеулер жүргізеді және гендер үшін генетикалық карталарды құрады; • популяциялардың генотиптік құрылымын және популяциялардағы фенотиптік жиіліктер бойынша аллельдер мен генотиптердің жиілігін анықтайды; • тұқым қуалаушылық түрлерін (ядролық – хромосомалық және ядродан тыс – цитоплазмалық) және оларды анықтайтын себептерді сипаттайды; • ағзаларды өсіру мәселелерін түсіну және шешу үшін генетика туралы білім мен әдістерді қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Адам экологиясы

    Адам экологиясы - адамды биосоциалдық тiрi ағза ретiнде күрделi компоненттi қоршаған ортамен қатынасын, динамикалық дамуын, организмдегi ағзалар мен құрылымдардың байланыстарын зерттеп, биолог мамандарын дайындауда жалпы биология пәндердiң iшiндегi ең негiзгi болып саналады. Әр түрлi ауа райы мен географиялық жағдайда тiршiлiк әрекет кезiнде организмнiң әр түрлi әрекеттерiнiң, зат алмасудың, қан айналудың, тыныс алудың, ас қорытудың, бұлшықет жұмысының, жүйке жүйесiнiң және т.б. заңдылықтарын көрсету. Физиологиялық әрекеттерiнiң молекулярлық негiздерiнiң ашылуы, жалпы экологиялық физиологияда және оның тарауларында жинақталып, қорыту жасауға мүмкiндiк береді. Тұрғындардың десаулығы- олардың тіршілік ету ортасының сапасын білдіретін біртұтас көрсеткіш. Адамдардың өмір сүруіне жалпы сипаттама.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Адам анатомиясы

    Адам анатомиясы пәні – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы.Сонымен қатар бұл ғылым адамның дене құрылысына сыртқы ортаның, еңбектің, әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерлерін қарастырады. Пәннің мақсаты –білім алушыларды адам организмінің құрлысымен таныстырумен қатар, олардың жалпы биологиялық заңдылықтар туралы көзқарастырын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепте химия - биологиялық эксперименттерді жүргізу әдістемесі

    Жақсы таңдалған тәжірибелер теория мен эксперименттің байланысын көрнекі түрде көрсетуге және химия-биологиялық ғылым заңдарының тиімділігі мен ғылыми болжау мүмкіндігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Оқытуда химиялық экспериментті қолдану студенттерді тек құбылыстармен ғана емес, сонымен қатар химия-биология ғылымының әдістерімен де таныстыруға мүмкіндік береді әрі білім берді, тәрбиелейді және дамыту бірлігін қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Химия-биологиядағы цифрлық технологиялар

    Білім алушылар химия-биология бойынша білім беру процесінде цифрлық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді, IT-технологияларды, соның ішінде химия-биология сабақтарында қашықтықтан оқыту жағдайында оқытудың тиімді әдістерін жоспарлайды, химия-биология бойынша цифрлық білім беру ресурстарын жасайды. Құзыреттілікті меңгерген білім алушылар: электрондық білім беру мазмұнымен интерактивті өзара әрекеттесудің әртүрлі формаларын қолданады; жобалау қызметін ұйымдастыруда IT-технологияларды пайдаланады; оқушылардың өмірлік және оқу мәнмәтінін ескере отырып, педагогикалық қызметте ақпаратты құрылымдау, интеграциялау және ұсыну дағдыларын пайдаланады; IT-технологияларды пайдалана отырып, тиімді оқытуды жоспарлайды; химия-биология бойынша цифрлық білім беру ресурстарын әзірлейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Адам және жануарлар физиологиясы

    Білім алушы қоршаған ортамен өзара әрекеттесуде адам мен жануарлар ағзасының жұмыс істеу заңдылықтарын біледі және түсінеді, ішкі ортаның гомеостазын қолдайтын реттеуші жүйелер мен механизмдердің байланысы туралы ақпаратты талдай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Химия, биология пәндері бойынша білім алушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру

    Пән білім алушылардың жобалық іс-әрекетін басқару және ұйымдастыру қабілетін қалыптастырады. Курс химия-биологиядан сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда оқу жобаларын жүргізуде зерттеушілік дағдыларды пайдалануға, білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалану мен оқу үрдісінің субъектілерімен өзара әрекеттесуге, озық педагогикалық тәжірибені жалпылауға, химия-биологияны оқытуға жобалық іс-әрекетті өз бетінше ұйымдастыра білуге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Химия-биологиядағы STEM білімі беру

    Білім алушылар STEM көмегімен биологияны оқытуда оқушылардың білім беру қызметін белсендіру және қарқындату, диагностика, бағалау негізінде заманауи әдістер мен технологияларды үйренеді. Білім алушылар пәндік мазмұнды ғылыми білім мен жобалау, ақпараттық технологиялар мен математикалық есептеулер табиғи түрде біріктірілген жобалар арқылы игереді, ұйымдастыру әдістемесін зерттейді, кезеңдерді талқылайды, STEM оқыту практикасында әртүрлі зерттеу әдістерін қолданады, STEM зерттеулерін жобалайды, зерттеуді оқу ортасының әртүрлі түрлерінде оқыту практикасына біріктіру дағдыларын қалыптастырады. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: STEM оқытудың педагогикалық технологияларын іріктеуді, сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда мектептегі оқу пәндерін оқыту практикасында тиімді іске асырады; оқушылардың әртүрлілігін ескере отырып, STEM оқытуды жобалайды; білім беру процесінің нәтижелері мен мазмұнын бағалау мониторингінде қолданылатын педагогикалық диагностиканың әртүрлі әдістері мен технологияларын қолданады; оқыту практикасын және STEM-оқытуды жетілдіру мақсатында жүйелі, жоспарланған іс-әрекеттерді орындайды; оқу практикасы мен оқушыларды бақылау процесінің зерттеу ерекшеліктерін пайдаланады; зерттеу дағдыларын дамыту, оларды білім сапасын және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағыттайды; STEM-оқыту практикасын зерттеуді іске асыру жоспарын әзірлейді; STEM-оқыту барысында алынған нәтижелерге жүйелі мониторинг жүргізеді; зерттеудің күшті және әлсіз жақтарын бағалайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орталық жүйке жүйесі

    Пән орталық жүйке жүйесінің даму перспективаларымен және атқарушылық функцияларын анықтаумен және оларды реттеу тетіктерін толық білумен таныстырады, алған білімдерін зертханалық сабақтарда және эксперименттік жұмыста қолдануды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Аналитикалық химия

    Курста аналитикалық химияның негізгі теориялық мәселелері, сапалық және сандық талдау әдістері қарастырылады. Болашақ мұғалімдер химиялық заттарды сәйкестендіру, айқындау, бөлу және анықтау бойынша білімге ие болады, тәжірибелік жұмыстарды орындау және рәсімдеу, реактивтермен және жабдықтармен жұмыс істеу, қауіпсіздік техникасы бойынша дағдыларды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биоорганикалық химия

    Биоорганикалық қосылыстардың құрылысы мен химиялық қасиеттері арасындағы байланысты анықтау, орнату, тірі жасушаны жансыз жасушадан ажырататын химиялық үдерістер туралы түсінік қалыптастырады, Биоорганикалық молекулалардың құрылысы мен химиялық қасиеттерін, жіктеу белгілерін, олардың химиялық байланыстарының электрондық құрылымын, орынбасарлардың электрондық әсерлерін, әртүрлі үдерістерде болатын реакциялардың теориялық заңдылықтарын, химиялық реакциялардың мезанизмдерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Биохимия

    Биохимия тірі организмдердің химиялық құрамын, олардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін химиялық процестерді, биологиялық қосылыстардың құрылымы мен қасиеттерін, ағзадағы химиялық айналуын, оның тіршілік әрекетінің физика-химиялық негіздерін қарастырады. Биохимиялық анализ негіздерін, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ізденушілік-зеттеушілік әрекет дағдысын игереді, пәнаралық білімдерді интеграциялауды сипаттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ғылыми-зерттеу жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау

    Ғылыми зерттеуді жүргізудің әдіснамалық қағидаттары мен технологияларын зерделейді.Болашақ кәсіби қызмет үшін қажетті ғылыми және педагогикалық жұмыстың педагогикалық тәжірибесін алу мақсатында ғылыми зерттеу жүргізудің практикалық және әдістемелік тәсілдерімен таныстырады. Зерттеу қабілеттерін анықтау, ашу және дамыту мақсатында биологиядағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру саласындағы проблемалар мен жетістіктерді қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Физикалық химия

    Пәнде болашақ мұғалімдердің химиялық дүниетанымын дамытуға және термодинамика мен кинетика заңдарына негізделген заттардың құрылысы мен химиялық үдеріс туралы заманауи түсініктерді алады; классикалық және статистикалық термодинамиканың теориялық негіздерін және химиялық проблемаларды шешу үшін термодинамикалық әдістерді қолдану әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Эксперименттік есептер

    Курс алған білімдерін мектептегі химия курсының негізгі деңгейіндегі және күрделі деңгейіндегі есептерді шешу үшін қолдануға бағытталған. Күрделілігі әртүрлі теориялық, есептеу және эксперименттік есептерді шешу әдістері қарастырылады. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: химияның стехиометриялық заңдары бойынша білімді есептеу және эксперименттік есептерді шешу үшін қолданады; Ғылыми-зертханалық және оқыту сипаттындағы тәжірибелік-бағдарланған міндеттерді шешу үшін тәжірибелік есептеу әдістері туралы білімдерін қолданады; формулаларды түрлендіру және есептеулерді орындау үшін өзара байланысты ғылымдардың білімін пайдаланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Микробиология және вирусология

    Микробиология және вирусология пәні білім алушыларды микроорганизмдер әлемімен және олардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық маңыздылығын анықтау, микробиологияның басқа биологиялық салаларымен байланысын айқындауды қарастырады. Пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Олимпиадалық есептерді шешу

    Пән алған білімдерін мектептегі химия курсының негізгі деңгейіндегі және күрделі деңгейіндегі есептерді шешу үшін қолдануға бағытталған. Күрделілігі әртүрлі теориялық, есептеу және эксперименттік есептерді шешу әдістері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мектепте химия-биологияның құрылымдық-мазмұндық бөлімдерін оқыту

    Пән Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының химия-биология пәнінен білім беру мазмұны мен құрылымына, оны қалыптастырудың негізгі қағидаттарына және жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарын іске асыру саласындағы химия-биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады. Белсенділік пен тұлғаны дамыту тәсілдеріне сүйене отырып, жалпы білім беруді стандарттау әдістемесі шеңберінде мектептегі химия-биологиядан білім беруді ұйымдастыру, білім беру мазмұнын таңдау және құрылымдау мәселесі талқыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Химия және биология сабақтарындағы CLIL технологиясы

    Аталған пән химия-биология мамандығына жаңадан қабылданған білім алушыларды кәсіби даярлау жүйесіне кіріктіруге, олардың болашақ кәсіби қызметінің мазмұны мен бағыттарын түсінуге бағытталған. Пәнді оқыту барысында CLIL әдіснамасы негізінде химия және биологияның іргелі ұғымдары мен негізгі бағыттары ағылшын тілінде меңгеріледі. Оқу процесінде білім алушылар химиялық, биологиялық терминдермен, ғылыми дереккөздермен жұмыс істеу, ақпаратты талдау және интерпретациялау, ғылыми коммуникация жүргізу дағдыларын меңгереді. Нәтижесінде білім алушылар химия және биология саласындағы кәсіби бағдарын айқындап, CLIL тәсілі арқылы пәндік және тілдік құзыреттерді үйлестіре отырып, көптілді академиялық және кәсіби ортада тиімді қызмет етуге қажетті базалық кәсіби және зерттеушілік құзыреттерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Химия мен биологияны проблемалық және зерттеушілік әдіспен оқыту

    Бұл пән студенттерге химия мен биологияны оқытудың педагогикалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған және проблемалық-зерттеушілік әдісті қолдануға үйретеді. Студенттер оқу мәселелерін қою, жобалық және зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ алынған нәтижелерді талдау және интерпретациялау әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Эволюциялық ілім

    Білім алушылар макро - және микроэволюциялық деңгейлерде органикалық әлемнің дамуының негізгі заңдылықтарын, спецификацияның ерекшеліктерін, табиғи сұрыпталудың әсер ету механизмдерін зерттейді. Курс табиғатта болып жатқан процестерді түсіндіру үшін білім алуға, сондай-ақ пәнаралық деңгейде әртүрлі деректерді талдау дағдыларын дамытуға бағытталған. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: тірі табиғаттағы эволюциялық процестің процесі мен маңыздылығын сипаттайды; педагогикалық қызметте және практикалық мәселелерді шешуде өсімдіктер мен жануарлар өміріндегі эволюциялық өзгерістердің негізгі заңдылықтары мен механизмдері туралы білімді қолданады; биологиялық дүниетанымдағы эволюциялық идеяның рөлін негіздейді; экожүйелерде болып жатқан өзгерістерді түсіндіру дағдыларын қолданады; эволюциялық теория, жердегі тіршіліктің пайда болу мәселелері бойынша қазіргі ғылыми әдебиеттерді зерттейді; таңдалған дәйексөз стилін қолдана отырып, пайдаланылған ақпарат көздеріне сілтемелерді құжаттап, дұрыс рәсімдейді; биологиялық объектілерді зерттеуге заманауи эволюциялық көзқарасты дәлелдейді; кәсіби қызметте табиғи процестерді ғылыми түсіндіру дағдыларын қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жеке даму биологиясы

    Білім алушы пәнді меңгеру кезінде жеке даму биологиясын зерттеу әдістері мен тірі организмдердің көбею түрлерін, гаметогенез құрылымы мен ұрықтану процестерін, эмбриондардың даму процестерін, биологиялық объектінің көбеюі мен онтогенезінің заңдылықтарын, эмбриондық объектіні алу және онымен жұмыс істеу әдістері туралы негізгі ұғымдарды қолдана біледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Химия-биология білімінде критерийлік бағалау

    Бұл пән химия және биология пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саласында студенттердің педагогикалық және әдістемелік құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Курс критерийлік бағалаудың теориялық негіздерін, бағалау критерийлері мен дескрипторларын әзірлеу қағидаларын, сондай-ақ оқу нәтижелерін объективті және ашық бағалау әдістерін қамтиды. Пән аясында лекциялық, практикалық және зертханалық сабақтарда критерийлік бағалауды қолдану ерекшеліктері, жобалық және зерттеушілік қызметті бағалау, сонымен қатар химия-биологиялық білім беруде формативті және жиынтық бағалау түрлері қарастырылады. Пәнде құзыреттілікке негізделген оқыту және білім беруді цифрландыру жағдайында критерийлік тәсілді қолдануға ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Эмбриология негіздері

    Эмбриология — ұрықтың пайда болуы және дамуы туралы ілім. Эмбриология – жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын және эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтан тыс мүшелердің дамуын қарастырады. Ол биология ғылымдарының жедел дамып келе жатқан саласы. Эмбриологияның соңғы қол жеткен ғылыми жетістіктері биологияда, медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылуда.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Коллоидты химия

    Пән болашақ мұғалімдердің биологиялық жүйелердегі коллоидты-химиялық үдерістерді басқаруға мүмкіндік беретін білімдері мен дағдыларын қалыптастырады. Пәнді меңгеру болашақ химия-биология мұғалімдеріне мектептегі элективті курстар мен сыныптан тыс жұмыстар үшін оқытудың коллоидты-химиялық мазмұнын таңдауға, сонымен қатар пәннің мазмұны мен оқушылардың білім беру және өмірлік тәжірибесі арасындағы байланысты табуға көмектеседі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Электрохимия негіздері

    Электрохимиялық жүйелерді құрастырады және жұмыс істеу негіздерін, электрохимиядағы өлшеу әдістерін, қолданбалы электрохимияның теориялық негіздерін меңгеруді қалыптастырады, электрохимиялық өндірістің теориялық негіздері, сутегін жинақтайды, сақтайды және тасымалдайды, сондай-ақ отын элементтеріндегі химиялық энергияны электр энергиясына тікелей түрлендіруді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биологияны тұжырымдамалық оқыту

    Курстың мазмұны студенттердің биологиялық принциптерді тереңірек түсінуіне ықпал етеді, мектептегі биология сабақтарында оқыту мазмұнының тұжырымдамалық негіздерін анықтайды және болашақ мұғалімдерді биологиялық ұғымдарды тұжырымдамалық оқытуға дайындайды. Курс студенттерге ақпаратты жіктеуге, өңдеуге және сұрыптауға, табиғат құбылыстарындағы заңдылықтарды көруге және анықтауға және олардың арасындағы мағыналы байланыстарды тұжырымдауға көмектеседі. Сондай-ақ жағдайлық есептер жүргізу, диагностикалық карталарды, диагностикалық тесттерді, концептуалды карталарды, жуықтап ұқсастықтарды құрастыру арқылы болашақ мұғалімдер тұжырымдамалық оқыту құралдарын меңгереді. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: Биология бойынша жеке ғылыми пәндерден алынған білімді жүйелейді және талдайды; Табиғат құбылыстарындағы заңдылықтарды көру және анықтау және олардың арасындағы маңызды қатынастарды тұжырымдайды; Биологияның гуманитарлық және жаратылыстану циклі пәндерімен байланыс орнатады; Оқытудың тұжырымдамалық құралдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Полимерлер химиясы

    Полимерлердің классификациясы мен номенклатурасын, полимерлердің негізгі түсініктері мен физика-химиялық қасиеттері, полимерлердің өндірісі мен химиялық қайта құрылу процестерінің негізгі әдістерімен заңдылықтарының ерекшеліктерін, аморфты және кристалды полимерлердің агрегаттық, фазалық және физикалық күйлерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы

    Полимерлердің физика-химиялық, физика-механикалық қасиеттері туралы негізгін түсіндіреді, макромолекулалардың құрылымдық ерекшеліктерін, полимер молектулаларының иілу механизмдерін игереді, полимеризация мен поликонденсацияның негізгі процестерін классификациялайды, полимерлердің механикалық қасиеттерін бағалалайды, берілген мономер үшін полимерлеудің оңтайлы түрін таңдайды, химиялық реакциялардан кейін соңғы полимер құрамын айқындайды.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаратылыстану негіздері

    Курс студенттерде әлемнің заманауи жаратылыстану бейнесі және жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білімді қалыптастырады; алған білімдерін қоршаған әлем құбылыстарын түсіндіру, жаратылыстану мазмұны туралы ақпаратты қабылдау үшін қолдана алады. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: техника мен технологиялардың дамуына әсерін анықтайтын жаратылыстану ғылымының негізгі идеялары мен жетістіктерін біледі; жаратылыстану ғылымдары саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы маңыздылығын түсіндіреді; қазіргі ғылыми ұғымдар мен жаратылыстану мазмұны туралы ақпаратты басшылыққа алады; зерттеу, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ақпаратын қабылдау және түсіндіру барысында интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін және сыни ойлауын көрсетеді; кәсіби қызметте жаратылыстану білімін қолданады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Термохимия

    Курсты оқу барысында болашақ мұғалімдер әртүрлі физикалық және химиялық параметрлермен реакциялардың жылу әсерлерінің өзара байланысын белгілейді. Бұл курста болашақ мұғалімдер химиялық реакциялардың жүруіне әсер ететін факторларды, термодинамикалық жүйелердің тепе-теңдік күйін сапалық және сандық сипаттау әдістерін және химиялық үдеріс туралы заманауи идеяларды талқылау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасыл химия

    Бұл курс жергілікті және жаһандық ауқымдағы қоршаған орта химиясының негізгі қағидаттары туралы білімді қалыптастырады. Болашақ мұғалімдер физика, химия, Жер туралы ғылым және биология саласындағы білімдерін пайдалана отырып, қоршаған ортада болып жатқан үдерістерді ғылыми негіздейді. Болашақ мұғалімдер атмосферада, гидросферада және топырақта ластаушы заттардың қатысуымен болатын физикалық және химиялық үдерістерді талдау әдістерін қолданады. Курс болашақ мұғалімдердің өз шешімдері мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну үшін азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Флора және фауна

    Флора және фауна-өсімдіктер мен жануарлардың негізгі тұқымдасының, және микроорганизмдердің белгілерін, типтік фитоценоздардың, зооценоздардың, микроценоздардың негізгі таксондарының морфологиясының, географиялық таралуы мен экологиясының ерекшеліктерін, сирек кездесетін, эндемикалық және жойылып бара жатқан өсімдіктерді, Қазақстанның қорықтарын, жануарлар мен өсімдіктердің күнделікті өмірдегі және халық шаруашылығындағы шаруашылық маңызын жүйелі түрде зерттейтін пән. Флора мен фаунаны зерттеудің негізі, олардың түрлік құрамын анықтауға, яғни оны түгендеуге жатады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Молекулалық биология

    Болашақ мұғалімдер вирустардың молекулалық ұйымдастырылуын, биополимерлердің құрылымын, қасиеттері мен функцияларын, прокариоттар мен эукариоттар геномының молекулалық ұйымдастырылуын, про - және эукариоттық гендердің құрылымын, оларды жүзеге асыру механизмдерін заманауи және классикалық зерттеу әдістерін қолдана отырып зерттейді. Болашақ мұғалімдер биомолекулалар деңгейінде генетикалық ақпаратты сақтау, көбейту, беру және енгізу механизмдері туралы түсінік қалыптастырады. Болашақ мұғалімдер генетикалық рекомбинацияның молекулалық негізін, РНҚ-ның әртүрлі түрлерінің құрылымын, өңделуін және қызметін, ақуыз-нуклеиннің өзара әрекеттесуін зерттейді. Болашақ мұғалімдер жасуша циклін, канцерогенезді және бағдарламаланатын жасуша өлімін реттеудің молекулалық механизмдерін қарастырады. Ғылым мен медицинада заманауи молекулалық-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптерін меңгереді. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: биополимерлердің құрылымдарының, қасиеттері мен функцияларының ерекшеліктерін сипаттайды; молекулалық деңгейде зертханалық зерттеулердің заманауи молекулалық-генетикалық әдістері мен технологияларын тәжірибеде қолданады; ген экспрессиясының механизмдерін, олардың әсерін реттеу жолдарын, репликациясын, рекомбинациясын және ДНҚ жөндеуін түсіндіреді; тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулалық механизмдеріне есептерді шешу және матрицалық синтез процестерін модельдейді; арнайы анықтамалық материалды, электрондық генетикалық мәліметтер базасын пайдаланады; гендік, хромосомалық және геномдық деңгейлерде тұқым қуалайтын материалдың құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуын сипаттайды; ген құрылымы мен оларды жүзеге асыру механизмдері арасындағы байланысты түсіндіреді; жасушада молекулалық деңгейде болатын тіршілікті анықтайтын процестердің өзара байланысын анықтайды; ғылым мен медицинада молекулалық-генетикалық әдістер мен технологиялардың қолданылуын бағалайды; ғылыми зерттеу жүргізу үшін заманауи және классикалық әдістерді қолданады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Казіргі химия жетістіктері

    Курс нанохимия, наноматериалдарды синтездеу және талдау, нанотехнологияларды химия, биология және медицина салаларында қолдану туралы білім жүйесін қалыптастырады. Курс болашақ химия мұғалімдеріне нанотехнологиялар мүмкіндіктері мен нанообъектілердің түрленімдері туралы білімдерін элективті курстарды әзірлеу кезінде пайдалануға, сонымен қатар пәннің мазмұны мен оқушылардың білім беру және өмірлік тәжірибесі арасындағы байланысты табуға көмектеседі. Курс нанохимия және нанотехнология жетістіктеріне қатысты білімдерді біріктіруге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Биотехнологияның химиялық негіздері

    Биотехнологияның химиялық негіздері пәні - клетка ішілік реттеудің молекулалық механизмдері және оларды микроорганизмдер селекциясында пайдалануды, заманауи иммунобиотехнологияның, инженерлі энзимологияның, қоршаған ортаны қорғаудың перспективті бағытын қарастырады. Пәннің мақсаты – білім алушылардың биотехнологияны дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары, оның көмегімен шешілетін міндеттер, ол үшін пайдаланылатын объектілердің сипаттамасы және оларды жасау әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Гендік инженерия

    Гендік инженерия- генетика, геномика және гендік инженерия негіздерін зерттейді. Студенттерде про - және эукаритикалық жасушалардағы генетикалық ақпаратты сақтаудың, іске асырудың және пайдаланудың молекулалық механизмдері туралы және жасушаның барлық ықтимал қасиеттері туралы ақпарат алудың кешенді түсініктерін қалыптастырады. Гендік инженерияның мақсаты - өнеркәсіптік ауқымда адамдарға пайдалы заттарды өндіруге қабілетті түрдің айтарлықтай өзгеруінсіз жаңа белгілері бар жасушаларды алу.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақстанның Биоресурстары

    Білім алушы тірі ағзалардың және олардың қауымдастықтарының Қазақстан аумағында географиялық таралуы мен орналасуы туралы өз түсінігін дамытады. Болашақ мұғалімдер жекелеген аймақтардағы өсімдіктер және жануарлар әлемінің құрылымы мен динамикасының маңызды заңдылықтарын игереді. Білім алушы Қазақстандағы пайдалы өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген топтары мен түрлерін зерттеу және шаруашылық игеру тарихының негізгі кезеңдерін салыстырады. Олар ҚР ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының орналасуын ажыратады және ландшафттық, биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы мемлекет пен қоғамның рөлін бағалайды. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: биологиялық ресурстардың негізгі түрлерінің жағдайын жүйелейді; Қазақстан Республикасының аумағындағы биологиялық ресурстарды сипаттайды; жойылып кету қаупі төнген биоресурстар түрлерінің санаттары мен өлшемдерін түсіндіреді; Қазақстанның биоресурстарының өнімділігін арттырудағы қоршаған ортаның маңызын бағалайды; Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігін сақтау проблемасына заманауи тұжырымдамалық тәсілдерді ұсынады; биоресурстардың өнімділігін арттырудың негізгі жолдарын атайды; ҚР ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының биоалуантүрліліктің өнімділігін сақтау мен арттырудағы рөлін бағалауға үйретеді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Химиялық экология

    Табиғи ортадағы химиялық айналымды, ластану, алдын алу жолдарын, «Жасыл химияның» принциптерін, қалдықсыз және азқалдықты технологияларды, атмосфера, гидросфера, топырақ ортасында тіршілік ететін организмдердің көптүрлілігін, сақталу жолдарын қарастырады. Химиялық-экологиялық зерттеулерді практикада қолданады, пәнаралық білімдерді интеграциялайды, ақпараттық мәдениет көрсету жолдарын сипаттайды.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қоғамды жаңғырту мен цифрландыруды іске асыру үшін әлеуметтік-саяси, мәдени-психологиялық білімді қолдану. Көптілді ортадағы тұлғааралық қатынастарды сәйкестендіру. Кәсіби қызметте нормативтік-құқықтық құжаттарды тиімді пайдалану.
  • Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін талдауды және азаматтық ұстанымды көрсетуді қамтамасыз ететін өзгермелі жағдайларда тиімді бейімделу үшін, практикалық қызметте базалық философиялық, құқықтық, қаржылық білімді қолдану
  • Педагогикалық қызметте пәнаралық зерттеулер мен жаңашылдық идеялар негізінде инновациялық тәсілдер мен әдіснамаларды таңдау; әлеуметтік құбылыстарды, процестер мен проблемаларды сандық және сапалық талдау дағдыларын меңгеру
  • Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдері туралы білімді қолдану; әлеуметтік теңдік қағидаттарына негізделген кәсіби қызметте қарым-қатынас стратегияларын қалыптастыру; тұрақты даму мақсатында жаһандық әріптестік шеңберінде құралдарды нығайту және жұмысты жандандыру
  • Кәсіби қызметтің әртүрлі салаларындағы мәселелерді шешу үшін жаратылыстану пәндерінің негізгі заңдарын, анатомияны, морфологияны, физиологияны, тірі материяны және ғылыми түсініктерді тұтас қабылдауды қолдану.
  • Қазіргі химия мен биологияның жетістіктері мен мәселелерін талдау; химиялық және биологиялық процестерге ғылыми бақылаулар жүргізу; физика-химиялық жабдықтарды пайдалана отырып, эксперименттік деректерді диагностикалау
  • Биология және химия саласындағы химиялық зерттеу, эксперимент жасау, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін талдау және бағалау әдістерін меңгеру
  • Кәсіби қызметте әртүрлі ақпараттық ресурстарды, компьютерлік және мультимедиялық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын және жасанды интеллектті қолдану
  • Инновациялық педагогикалық әдістерді, оның ішінде цифрлық технологияларды, критериалды бағалауды пайдалана отырып, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу жоспарларын әзірлеу
  • Инновациялық идеяларды білім беру процесіне кіріктіру; стандартты емес балама шешімдер қабылдау қабілетін көрсету; ғылыми теорияны практикамен тәжірибе жасау және өз ұстанымын дәлелдеу
  • Жоғары молекулалы қосылыстардың есептерін шешу үшін жүйелік ойлау мен сыни көзқарасқа негізделген химиялық технология туралы білімді тәжірибеде қолдану
  • Тірі табиғаттың деңгейлік ұйымдастырылуын, адамның биологиялық құндылығы мен әлеуметтік мәнін талдау; ғылыми дүниетанымды, экологиялық және генетикалық сауаттылықты көрсету
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға педагогикалық қолдауды ұйымдастыру; білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту процесін жоспарлау
Top