Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02301 Филология в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Филологиялық ғылымдағы отандық және шетелдік озық тәжірибені пайдалана отырып, ғылыми тұжырымдарды қорытындылай алады.
  • Қазақ әдебиетінің тарихын, кезеңдері мен қалыптасу жолдарын, даму бағыттарын меңгереді. Әдеби кезеңдердің жетістіктері мен ерекшеліктерін талдайды, әр дәуір шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан анықтайды, көркем шығармадағы қаламгер позициясын, стилін бағамдайды.
  • Мәтіннің құрылымдық-семантикалық, синтаксистік, стилистикалық түзілу ерекшеліктерін анықтайды, мәтінге лингвистикалық сараптама, тілдік талдау жасайды. Сөз және оның этимологиясына, түркі халықтары тілі мен әдебиетінің тарихи дамуына байланысты ғылыми тұжырымдарды саралайды.
  • Әлеуметтік, мәдени және құқықтық жағдайларға, қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесіне, олардың ара-қатынасына талдау жасай алады. Тиімді диалог жүргізу әдісін қолданады, академиялық адалдық мәдениетін сақтайды, оның қағидаларын түсіне біледі.
  • Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекеті мен тәрбиелік іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгереді. Оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңартылған білім мазмұнының тиімді тұстарын, инновациялық технологияларды жүйелеп талдайды, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктері қалыптасады. Білім беруде ЖИ технологияларын тиімді қолдану мен этикалық тұрғыдан сауатты шешім қабылдау дағдыларын меңгереді.
  • Жалпы тілдік теориялар мен қазақ әдеби тілінің тарихын, қалыптасу жолдарын біледі. Қазіргі қазақ әдебиеті мен әдебиеттануындағы жаңашыл тенденцияларды, көкейкесті тақырып пен идеяны, стильді анықтайды. Абайтану мен қазақ халқының әдеби мұрасын, әдеби сын тарихындағы негізгі мәселелерді игереді. Ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданады.
  • Педагогикалық үдерісте білім беру және тәрбиелік міндеттерді, оқытудың түрлерін, формаларын және әдістерін біледі, алған білімдері негізінде білім беру үдерісін басқарудың әдістері мен құралдарын, принциптері мен аңдылықтарын меңгереді. Инклюзивті, жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптары мен үйден оқыту жағдайында оқушыларды инклюзивті оқыту үлгісін қолдану жұмыстарын ұйымдастыруды, жоспарлауды және шешім қабылдауды үйренеді.
  • Кәсіби қызметтің міндеттерін шешуде тілдік қарым-қатынас дағдыларын игереді. Тілдің қоғамдық қызметін саралайды, тілдің ішкі және сыртқы даму заңдылықтарын біледі. Қазіргі қазақ тілінің теориясын терең меңгереді, лингвистикалық талдау дағдылары толық қалыптасады.
  • Әдебиеттану ғылымына қатысты терминологияны, алаш әдебиеттануы мен әлем әдебиетінің классик жазушыларының шығармашылығын, қазақ әдебиетіндегі шығыстық әдеби дәстүрлердің көрінісін жан-жақты меңгереді, көркем шығармаға әдеби талдау жасайды.
  • Орыс тілі мен әдебиетін оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін еркін меңгерген; Қазақстандағы білім беруді модернизациялаудың негізгі стратегиялық идеялары туралы білімді қолданады; өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, шығармашылық әлеуетті жаңа білім беру форматтарында пайдалануға дайындалған.
  • Шешендік өнер мен логикалық ойлауды қолданады; ұлттық құндылықтарды, ауыз әдебиетінің тарихын, фольклортанулық зерттеулерді түсіндіреді; көне түркі әдебиетіне ортақ әдеби және мәдени ескерткіштерге сипаттама береді; ақындар мен айтушылар поэзиясын түсініп, пікір айтады.
Top