Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02301 Филология в Сулейман Демирель атындағы университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Филология» мамандығы бойынша білім берудің мақсаты: еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби білікті филолог мамандарды, лингвист-редакторларды, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау; филология, редакторлық қызмет және ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша ғылыми білім беру, ғылыми білімді өндірісте қолдана білу құзыреттілігін қалыптастыру; бірнеше тілді (орыс тілі, ағылшын тілі, түрік тілі) қатар меңгерту; білім беру жүйесінде, өндірісте инновациялық және цифрлық технологияны қолдану; кәсіби қызметін жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі жоғары студенттердің негізгі және арнайы құзіреттіліктерін қалыптастыру; студенттердің филология бағытындағы үдерістер мен құбылыстарды талдауы және бақылаудың ғылыми-зерттеушілік, практикалық әдістерін меңгеруі; ғылыми ойлау мен көзқарастар аясында жалпыадамзаттық және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B037 Филология
  • Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Студент гуманитарлық пәндер саласындағы (философиялық, әлеуметтік, психологиялық, мәдени) базалық білімді меңгеру арқылы өзінің жалпы мәдени, ақпараттық-аналитикалық, тұлғааралық-коммуникативтік қасиеттерін көрсете алуы тиіс; қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды меңгергендігін, өмірге деген азаматтық позициясын көрсете алуы қажет; студент басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттерін, психологиялық, пәндік және әдістемелік білім жүйесін практикада қолдана алады
  • Әдебиет теориясы мәселелерінің теориялық аспектілерін меңгереді, мәтінге кешенді түрде зерттеу жүргізе алады, теориялық тұрғыдан талдау машықтарын меңгереді, алған білімін ғылыми-зерттеу жұмысында пайдалана алады; ежелгі грек және рим әдебиеті, Қайта өрлеу дәуірі мен классицизм әдебиеті өкілдерінің басты шығармаларына талдау жасай алады, олардың өз кезіндегі рухани қызметін саралай алады. Әрбір әдеби кезеңнің тарихи-әлеуметтік жағдайына, тарихи оқиғаларға шолу жасап, әдебиеттің даму тенденциясын сыртқы факторлармен байланыстырып талдай алады. Әлем әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
  • Студент тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында орыс, ағылшын және түрік тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алауы тиіс.
  • Студент ғылым және білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістерді меңгеріп, оларды күнделікті практикада қолдана алуы тиіс, филологиялық пәндерді оқытуда қажетті инновациялық және интербелсенді технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі тиіс, инновациялық және цифрлық технологиялардың көмегімен филологиялық зерттеулерді арнайы компьютерлік бағдарламалардың көмегімен жүргізе алуы тиіс.
  • Студент әдебиеттану және әдебиет теориясының ғылыми методологиясын меңгеруі тиіс, қазақ әдебиеті дамуының кезеңдік сипаты бойынша алған теориялық білімдерін крсете алуы тиіс; әдебиеттану ғылымының әдістемелік ұстанымдары мен категорияларын меңгереді, кешенді әдеби талдау жасай алатындығын көрсетуі тиіс. Филологияның өзекті мәселелеріне қатысты аналитикалық және критериалды ойлау тұрғысынан талдау жасай білу дағдысын қалыптастырады.
  • Студент жалпы тіл біліміндегі лингвистикалық концепциялармен танысады, лингвистикалық мектептер мен бағыттардың ұстанған концепцияларына тілдік анализ жүргізе алады, тіл философиясы, тіл тарихы, лингвистикалық зерттеулердің әдістемесін практика жүзінде қолдана алады; тілдік бірліктердің сөйлеу әрекетіндегі жұмсалымдық қызметін айқындай алады; грамматикалық бірліктердің өзге тілдік бірліктермен қарым-қатынастағы қызметіне функционалды-семантикалық аспект тұрғысынан талдау жасай алады.құрылымдық грамматика мен функционалды грамматика арасындағы ерекшелікті дәйектей алады.
  • Студент тіл білімінің негізгі базалық ұғымдарын меңгереді, тіл теориясы, тіл білімінің фоно-морфо-семантикалық және синтаксистік жүйелері бойынша ғылыми-методологиялық базаны меңгереді; тіл білімінің құрылымдық, антропоөзектік және қолданбалы бағыттары бойынша қажетті кешенді тілдік талдаулар жүргізе алуы тиіс.
  • Студент қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің фоно-морфо-семантикалық жүйесін меңгереді, салғастырмалы аспект тұрғысынан лингвистикалық талдау жасай алады, жазбаша және ауызша сөйлеу әрекетінде, көркем, ғылыми аударма жасауда сәтті қолдана алады; сөйлеу әрекетінің қызметін, тілдік тұлға теориясын прагматикалық және стилистикалық тұрғыдан дәйектей алады, сөйлеу әрекетіндегі тілдік тактика, тілдік стратегия, сөйлеу әдебі, сөйлеу мәнері мәселелеріне стилистикалық тұрғыдан талдау жасай алады.
  • Студент лингвистика және әдебиеттану, әдебиет теориясы саласындағы ғылыми-теориялық зерттеулердің методологиясын меңгереді, лингвистикалық зерттеулердің нысанына сәйкес тиісті әдіс-тәсілдер жүйесін практикада қолдана алады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастырады, ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруды меңгереді. Лингвистикалық және әдеби зерттеулердің нысанына сәйкес тиісті әдіс-тәсілдер жүйесін практикада қолдана алады. Білім алушыны оқу-танымдық және ғылыми-зерттеушлік әрекетін рефлексиялық, субъективті түрде бағалауға, өз іс-әрекетіне мониторинг жасауға машықтанады.
  • Студент жазба мәтіндерді өңдеп, көркем және ғылыми мәтіндерге редакциялау жұмыстарын жүргізе алады; аударма мәтіндерге қажетті стилистикалық өңдеу жұмыстарын жүргізе алады; салғастырмалы аспект тұрғысынан лингвистикалық талдау жасай алады; мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізе алады; ресми іс қағаздарының құқықтық негіздерін біледі.
Top