Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01707 Ұйғыр тілі мен әдебиеті-ағылшын тілі в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • -мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгере отырып, одан әрі қарай білімін өз бетінше жалғастыру дағдыларын қолданады, сондай-ақ педагогикалық және қоғамдық қызметте кәсіби қарым - қатынастарды қалыптастырып, кәсіби қызмет барысында денсаулықты сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді мақсатты түрде пайдалана алады.
  • - халық тарихының негізгі кезеңдерін, мемлекеттіліктің және өркениеттің эволюциясын жан-жақты және объективті түрде сипаттай алады, ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазу дағдыларын меңгереді, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді;
  • - кәсіби білімді қалыптастыру үшін ақпарат жинау және оны интерпретациялау, өздерінің әлеуметтік, этикалық, ғылыми құндылықтарын, ұстанымдарын, оқыту әдістерін сыни тұрғыдан бағалау негізінде жаңа мақсаттар қоюға және тұлғалық-педагогикалық дамуға ұмтылады;
  • -оқыту мен ұлттық тәрбиенің психологиялық-педагогикалық мәселелерін, оның ішінде инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекшеліктерін түсінеді, оқушылардың әртүрлі қабілеттерін ескере отырып, олардың психологиялық әл-ауқатын өмірлік және оқу контекстінде этикалық тұрғыдан қолданады;
  • - оқытудағы озық тұжырымдамаларға негізделген теориялық білімдерді сыни тұрғыдан іріктейді, әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллекті пайдаланады және алынған білімді оқыту процесін жетілдіру мен өзінің кәсіби дамуына қолданады;
  • - ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін меңгереді және оларды зерттелетін салада қолдану дағдыларын қалыптастырады, шетел және ана тілдерінің тілдік құбылыстарына өз бетінше әлеуметтік, этикалық және ғылыми нормаларды ескере отырып, зерттеу жүргізе алады;
  • -ұйғыр тілі, әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларындағы дағдыларды және оларды қалыптастыратын оған оқу мақсаттарының маңызын түсінеді;
  • - зерттелетін салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті командалық жұмыста, тұлғааралық қатынастарда, тиімді жұмыста коммуникативтік құзыреттілікті көрсету, сыни тұрғыдан ойлайды;
  • - ұйғыр және ағылшын тілін оқытудың интерактивті әдістері мен әдістерін, инновациялық технологияларды меңгерген жөн, педагогикалық практикада қолданған жөн;
  • – тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын құрастырады;;
  • - ұйғыр әдебиетінің тарихын, теориялық мәселелерін және даму бағыттары мен үрдістерін біледі және көркем шығарманы талдауда қолданады;
  • - ағылшын тілі бойынша жүйеленген теориялық және практикалық білімдерін тілдік мәселелерді шешуде қолданады;
Top