Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, неміс/қытай) в Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ауызша және жазбаша тілді курстың тілдік материалы шегінде кәсіби деңгейде қолдану.
  • Педагогтың жеке өзін-өзі жетілдіруі, жүзеге асыруы үшін кәсіби ортадағы топтық, жобалық және ғылыми-зерттеу жүмыстары барысында жетекшілік қасиеттерін көрсету.
  • Қазақстан тарихының негізгі заңдылықтарын, философиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, жаратылыстану-ғылыми және құқықтық білім негіздерін, қазақ, орыс және шетел тілдерінде ауызша және жазбаша коммуникацияны білу және түсіну.
  • Педагогикалық үдерістің заңдылықтары, мектеп оқушыларының жасқа сай физиологиялық ерекшеліктері мен қазіргі бағалау және оқыту әдістері туралы білімді көрсету. Оқушылардың жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, критериалды бағалау технологияларын, қазіргі заманғы әдістерді, құралдар мен оқыту формаларын қолдану.
  • Шет тілінде кәсіби және ғылыми тақырыптарда кеңінен пайымдаулар жасап, оларды дәйектеу, бағалау.
  • Оқушылардың тілдік, коммуникативтік және мәдениетаралық құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ететін шетел тілін оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын пайдалану.
  • Әлеуметтік-тұрмыстық, кәсіби, оқу жағдайларында екінші шет тілін жазбаша және ауызша қарым-қатынаста қолдану.
  • Ғылыми зерттеу әдістерін, жасанды интеллектті және академиялық жазуды зерттелетін салада қолдану, кәсіби қызметте академиялық адалдық қағидаларын сақтау, дене шынықтырудың практикалық негіздері туралы білімді көрсету.
Top