Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01513 Информатика және робототехника (көптілді білім беру) в Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Оқытылатын саладағы қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін математикалық цикл пәндері бойынша білім мен дағдыларды біріктіреді
  • Eсептеу жүйелерін құрудың архитектуралық ерекшеліктерін талдайды және деректер қорын басқару жүйелерін, сараптамалық жүйелерді, Интернет-қосымшаларды, робототехникалық жүйелер мен кешендерді, зерттелетін саладағы компьютерлік желілерді басқару жүйелерін жобалайды
  • Оқытылатын саладағы қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерінде практикаға бағытталған міндеттерді шешу үшін бағдарламалар әзірлейді
  • Қазақстан тарихының негізгі заңдылықтарын, философия, әлеуметтік-саяси, экономикалық, жаратылыстану және құқықтық білімдердің негіздерін, дене шынықтырудың практикалық негіздерін білу мен түсінуін көрсетеді; ҚР Конституциясына және басқа нормативтік-құқықтық құжаттарға, ұлттық саясат пен әлеуметтік басымдықтар туралы білімдерге, әлемдегі қазіргі жағдайға сәйкес кәсіби қызметті ұйымдастыру процестерін сипаттайды
  • Академиялық адалдықтың принциптері мен мәдениетін, ғылыми зерттеулер әдістерін, жасанды интеллект пен академиялық жазуды зерттелетін салада қолданады
  • Оқу үрдісінде қолдану мақсатында статикалық және динамикалық 2D, 3D модельдер, графикалық бейнелерді, бейне-файлдарды және басқа да графикалық нысандар құрады
  • Зерттелетін бағыттағы кәсіби міндеттерді сындарлы шешу үшін үш тілдің бірінде (мемлекеттік, орыс, ағылшын) өзінің және ұжымның пікірін сыни тұрғыдан бағалайды және орынды ұсынады
  • Оқытылатын салада білім алушылардың танымдық және зерттеу қызметін жандандыру үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық, цифрлық технологиялар мен робототехникалық жүйелерді қолдана отырып, робототехника саласында жобалар әзірлейді
  • Педагогикалық процестің заңдылықтары, оқушылардың жас ерекшеліктері мен физиологиялық сипаттамалары, қазіргі заманғы оқыту әдістері, құралдары мен формалары туралы білімдерін көрсетеді; информатика мен робототехниканы оқыту теориясы мен әдістемесін, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын, критериалды бағалауды білім алушылардың жас және ерекше білім беру қажеттіліктерін (инклюзивті білім беру) ескере отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін тәжірибеде қолданады.
Top