Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05209 География в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Физикалық, әлеуметтік-экономикалық, аймақтық география және заманауи геоақпараттық технологиялар салаларында іргелі, пәнаралық және қолданбалы білімге ие, табиғи және әлеуметтік-экономикалық үдерістерге кешенді географиялық талдау жүргізе алатын, геожүйелердегі кеңістіктік-уақыттық өзгерістерді бағалайтын, ұтымды табиғи ресурстарды пайдалану, аумақтық жоспарлау және аймақтардың тұрақты дамуы салаларында негізделген шешімдер әзірлей алатын, сондай-ақ пәнаралық географиялық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу және қолданбалы қызметпен айналыса алатын білікті бакалаврларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B052 Жер туралы ғылым
  • Дайындық бағыты 6B052 Қоршаған орта

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • АКТ саласындағы дағдылар мен бизнесті ұйымдастыруды мемлекеттік және шет тілдерінде игере білу
  • Ашық сөйлеу дағдыларын меңгеру және өз көзқарастарын жазбаша түрде нақты дәлелдей білу
  • Философиялық, тарихи және ғылыми мазмұнды мәтіндерді талқылау әдістерімен және пікірталастарды қолдана отырып, талдау дағдыларын меңгеру
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
  • Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
  • Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау
  • Жердің географиялық қабығының табиғи компоненттерінің (жер бедері, литосфера, топырақ, су, атмосфера, климат) құрылымын, қасиеттерін және кеңістіктік-уақыттық өзара әрекеттесуін талдау, олардың өзара байланысы мен аймақтық ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ олардың табиғи геожүйелердің қалыптасуы мен динамикасына әсерін бағалау.
  • Қазақстан Республикасының табиғи жағдайлары мен ресурстарын пайдаланудың жеке және жалпы мәселелерін талдау. Топонимика мен географияның арасындағы өзара байланысты орнату, соның ішінде Қазақстанның физикалық географиясын оқытудағы топонимдердің рөлін анықтау
  • Табиғи ландшафтар мен физикалық-географиялық кешендердің морфологиялық құрылымын, генезисін және кеңістіктік жіктелуін талдау; табиғи компоненттердің өзара әрекеттесу заңдылықтарын, материктер мен мұхиттардың биогеоценоздары мен табиғи зоналарының қалыптасуын анықтау; геожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі және ұтымды табиғатты пайдалануды дамытудағы олардың рөлін бағалау.
  • Қазақстан мен әлемнің әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы саласындағы білімді көрсету, жергілікті, аймақтық деңгейде қоғам өмірін ұйымдастырудың аумақтық нысандары мен кеңістіктік шаруашылық құрылымдарын қалыптастыру заңдылықтарын білу
  • ГАЖ технологияларын және жерді қашықтықтан зондтау әдістерін қолдана отырып, авторлық тақырыптық карталарды жасау қабілеті, заманауи картографиялық қорларды бағдарлап, қажетті ақпаратты алу дағдылары, сондай-ақ кеңістіктік ақпаратты өңдеудің заманауи әдістерін, соның ішінде жасанды интеллект технологияларына негізделген автоматтандырылған талдау мен модельдеуді меңгеру.
  • Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) саласындағы іргелі білімді терең түсініп, оны тәжірибеде қолдану: ГАЖ архитектурасын, нормативтік-құқықтық базаны, картографиялық дизайн әдістерін, цифрлық картографияны, сондай-ақ заманауи бағдарламалау және модельдеу құралдарын (Python, C++, C#, .NET, UML) меңгеру және пайдалану
  • Медициналық-географиялық талдау әдістерін меңгеріп, орта факторларының халық денсаулығына әсерін бағалай білу
  • Қазіргі кезеңдегі табиғат пен қоғамның өзара іс-қимылының ерекшеліктерін; географиялық қабықтың табиғи компоненттеріне антропогендік әсердің ерекшеліктері;табиғи ресурстарды бағалауды және жаһандық, өңірлік және жергілікті деңгейлердегі табиғат пайдаланудың жай-күйін көрсететін статистикалық және картографиялық материалдарды талдау
Top