Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B05201 География в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Елдің инновациялық дамуы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес ғылыми-педагогикалық, өндірістік-технологиялық міндеттер мен проблемаларды шешуге қабілетті жаңа формациядағы маман-географ даярлау, ГАЖ практикасына технологияларды кеңінен енгізу, табиғи ортаны оңтайландыру және мәдени ландшафттарды дамыту.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B052 Жер туралы ғылым
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B052 Қоршаған орта
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Экономикалық және әлеуметтік географияның қазіргі мәселелері
Ландшафттық дизайн теориясы
Экономика, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері
Шығыс Қазақстан географиясы
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Геоинформатика негіздері
Сандық картографиялау
Қазақстан топонимикасы
Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе
Жалпы физикалық география
Экология және өмір сүру қауіпсіздігі
Жалпы химия курсы
Дүние бөліктері мен мұхиттардың физикалық географиясы
Карта мен атластарды жобалау
Палеография
Физико-географиялық аудандастыру
Қазақстанның физикалық географиясы
Табиғатты пайдалану және геоэкология
Математикалық картография
Географиялық қабық туралы ілім
Ландшафттану
Ландшафтық жоспарлау және жобалау
Геоақпараттық жүйелердегі мәлімет базалары
Географиялық ғылыми зерттеу әдістері
Антропогендік ландшафттану
Дендрология және гүл өсіру
Қазақстандағы геоэкологиялық жағдайды бағалау
Жалпы экономикалық география
Геология геоморфология негіздерімен
Картография
Бақ-саябақ өнерінің тарихы
Өндірістің техникалық-экономикалық негіздері
Картографиядағы ГАЖ және жасанды интеллект
Жасанды интеллект арқылы географиялық сараптама мен болжау
Адамзаттық ғаламдық мәселелері
Географиялық деректер базасы
Топонимика
Қоғамдық өндірістің негіздері
Web картографиялау
Топография геодезия негіздерімен
Жоғарғы математика
Кадастрлардың геоақпараттық технологиялары
Ландшафт эстетикасы және дизайны
Қазіргі заманғы ГАЖ технологиялары
Кәсіби қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құқықтық негіздері
Академиялық жазу және ғылыми зерттеулер негіздері
Жаһандық мегатрендтердің географиясы
Әлемдік шаруашылық географиясы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Табиғи және әлеуметтік-экономикалық кешендер компоненттерінің генезисін, құрылымын және эволюциясын, олардың қазіргі жай-күйін талдау үшін, олардың түрлену мүмкіндіктерін, оның ішінде ландшафтық дизайн процесінде типтік географиялық сипаттамалар негізінде анықтау
- Географиялық зерттеулердегі табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестерді талдау және бағалау үшін географиялық заңдар мен заңдылықтар негізінде физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық объектілер мен олардың компоненттерінің мазмұнын, дамуы мен қайта құрылуын түсіндіру
- Аумақтардың табиғи және әлеуметтік-экономикалық компоненттерінің даму заңдылықтарын жаратылыстану-ғылыми, картографиялық және статистикалық материалдар негізінде географиялық, экологиялық және экономикалық процестермен байланыстыру
- Кәсіби қызметте экономикалық, математикалық, физикалық және химиялық білімдерді географиялық құбылыстар мен процестерді талдауды құру, сапалық және сандық сипаттамаларды анықтау, әртүрлі технологияларды қолдана отырып, есептеу-графикалық жұмыстарды жүргізу үшін пайдалану
- Географиялық деректерді іздей отырып, өңдеу және талдау, мәліметтерді мәтіндік, графикалық, картографиялық және сандық зерттеу, электрондық карталарды құру, ландшафтық дизайн жобалары саласында зерттеулер жүргізу үшін географиялық әдістердің, ГАЖ-технологиялардың үлкен арсеналымен жұмыс істеу
- Географиялық ақпараттың әртүрлі көздері негізінде табиғи, әлеуметтік-экономикалық кешендер мен олардың компоненттерінің дамуын, құрылымын және бөлінуін талдау
- Әртүрлі бағдарламалық өнімдер құралдарының көмегімен сандық ортада кеңістіктік географиялық объектілерді ұсыну, оның ішінде ГАЖ-жобаларды әзірлеу кезінде ұсыну
- Мамандандырылған бағдарламалар мен ГАЖ-технологияларды пайдалана отырып, табиғи ортаны өзгерту және мәдени ландшафттарды қалыптастыру үшін ландшафтық дизайн жобалар, сызбалар, макеттері және электрондық карталар жасау
- Өз қызметін кәсіби, қоғамдық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, әлеуметтік-мәдени салаларда патриотизм, толеранттылық, құқықтық нормалар, діндерді, өз елінің тарихы мен дәстүрлерін құрметтеу, салауатты өмір салты, қоршаған ортаның сапасын сақтау, жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан ұйымдастыру
- Үнемі өзін-өзі жетілдіру және тұлғалық өсу мақсатында философиялық білім, әлеуметтік-гуманитарлық дүниетаным, тұлғаның психикалық және дене дамуының ерекшеліктері негізінде жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды дамыту
- Жер шарының табиғи кешендерінің, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің, әлемнің нақты елдерінің және экономика салаларының қазіргі заманғы жай-күйін, географиялық ақпаратты талдау негізінде даму үрдістерін бағалау
- Ғылыми зерттеу технологиялары негізінде табиғи және әлеуметтік-экономикалық объектілердің жай-күйі туралы деректермен жұмыс жасай отырып, зерттеу қызметін жүзеге асыру, табиғатты қорғау, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу үшін қазіргі қоғамның географиялық біліміне қажеттіліктерді бағалау