Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінін қауіпсіздігі в С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ой-өрісі мен ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-саяси пәндер саласында базалық білімге ие болу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектілерді ескере отырып, экономика, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық негіздері және құқықтық процестер саласындағы білімді, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды қоса алғанда, білім алушылардың барлық санаттары үшін қолжетімді және тең білім беру ортасын құра отырып, кәсіптік қызмет үшін орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі коммуникативтік құзыреттерді меңгеру.
  • Физикалық және математикалық үдерістер модельдерін құру әдістерін қолдану, құрылған модельдерді бағалау әдістерін, соның ішінде әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып таңдай білу. Инженерлік міндеттерді шешу үшін компьютерлік модельдеуді пайдалану. Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау үдерістерін талдау мен оңтайландыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану.
  • Еңбек қауіпсіздігі, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік құжаттарды талдау және қолдану. Бұл еңбек қауіпсіздігі, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғауға қатысты қолданыстағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілерді дұрыс түсініп, бағдарлай білу қабілетін, сондай-ақ инклюзивті білім беруге қажетті жағдайларды қолдана білуді қамтиды.
  • Қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріндегі химиялық, сондай-ақ Физикалық процестерді, олардың құрамы мен функцияларын қоршаған ортаның жай-күйін кешенді бағалау, қоршаған орта жағдайларының жай-күйін талдау және болжау үшін түсіну.
  • Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттеу әдістерін таңдау және қолдану, жарақаттануға талдау жасау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу тәсілдері.
  • Қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, кәсіптік аурулар мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту және оларды нормативтік талаптарға жеткізу жөніндегі жобаларды, іс-шараларды әзірлеу, белгіленген нормалар бойынша есептілік жасау.
  • Төтенше жағдайларда еңбекті қорғау және қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыс орнында қауіпсіз жұмыстың қажетті ережелері мен құралдарын таңдау, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету
  • Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сараптамаларды жүргізу
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласында ғылым мен техниканың қажетті қазіргі заманғы жетістіктерін анықтау және енгізу.
Top