Жаңа білім беру бағдарламасы

7M05311 Химия в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Полимерлеу, поликонденсациялау реакциялары механизмдерінің әртүрлі типтерін, гомо- және сополимерлеудің өнеркәсіптік тәсілдерін, функционалды полимерлердің жіктелуін, олардың құрылысының ерекшеліктерін, қасиеттерін, алу тәсілдерін, полимерлеу процестерінің механизмдері мен кинетикасын ажырату.
  • Адсорбцияның және беттік физика-химиялық құбылыстардың теорияларын сипаттау, оксидті катализаторларды, кеуекті материалдардың наноқұрылымын модельдеу және адсорбциялық зерттеу әдістемесін, мұнай өңдеу және мұнай химиясының негізгі процестері үшін катализаторларды алудың әдістерін білу.
  • Болашақ маманның оқу-танымдық іс-әрекетін өз бетінше құрастыруға және түзетуге қабілетті белсенді, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ), химиялық тәжірибелерді модельдеу, визуализациялау және виртуалды зертханалық жұмыстарды сыни тұрғыдан талдап, креативті шешімдерді құрастыруда интелектуалды технологияларды пайдалануды меңгеру.
  • Физикалық химияның, кинетиканың, электрохимияның фундаменталды негіздерін, физика-химиялық құбылыстардың заңдылықтары мен механизмдерін, кинетикалық зерттеулердегі экспериментті ұйымдастыру тәсілдерін, диффузиялы-бақыланатын реакциялардың типтерін және олардың кинетикалық ерекшеліктерін айқындау.
  • Білім алушының ерекшеліктерін есепке алып, оқыту, тәрбие беру және дамыту әдістерін пайдалану, химияны оқыту процесінде педагогикалық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік талаптарды, жоғары мектепте оқыту әдіснамасын пайдалана отырып, сыни ойлаудың құрылымдық элементтерін, атқарымын, модельдерін білу.
  • Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысы мен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауызша қарым-қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы.

Ұқсас БББ

Top