Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01501 Математика мұғалімдерін даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ұлттық білім беру жүйесін дамытудың өзекті міндеттеріне жауап беретін инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы бойынша практикалық және теориялық іс-әрекеттердің нақты эмпирикалық және теориялық білімдерін, дағдыларын мен қабілетін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.
  • Жаңартылған білім беру бағдарламасы шеңберінде орта білім беру және ТжКБ ұйымдарында математикалық пәндерді оқытуды жоспарлау
  • Мектептерде және мектептен тыс ұйымдарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және тәрбие жұмысын жүргізу технологияларын қолдану
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудағы қаржылық сауаттылық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
  • Білім берудегі инклюзивті процестерді ұйымдастыру және басқару әдістерін пайдалана отырып, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогикалық процесті ұйымдастыру
  • Ақпаратты сақтау, өңдеу және тарату, мәліметтерді өңдеу құралдары мен әдістерін, цифрлық байланыс процестерін жүзеге асыру жолдарын талдау мақсатында компьютерлік технологиялар мен желілердің бағдарламалық құралдарын пайдалана отырып, негізгі қызмет бойынша диагностикалық және деректерді басқару құралдарын әзірлеу.
  • Педагогикалық қызметте жұмысты ұйымдастыру барысында, сонымен қатар жеке және қоғамдық құндылық ретінде денсаулыққа, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында өмірге және денсаулыққа қауіпті жағдайларды бағалау.
  • Үздіксіз білім алу қажеттілігі мен кәсіби қызметте өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу қабілетіне әсер ететін, дүниетанымы кең, ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін іргелі математиканың өзекті мәселелеріне талдау жасау.
  • Қазіргі білім берудің практикалық және қолданбалы мәселелерін шешуде іргелі пәндер бойынша жинақталған білім, білік және дағдыны қолдана отырып, әртүрлі құбылыстары мен фактілерін сипаттау үшін түрлі математикалық модельдер құру, олардың сапалық және сандық талдауын жүргізу.
  • Математика ғылымының негізгі іргелі бағыттарына сәйкес мектеп математикасы курсында оқушылардың өзіндік және өздігінен білім алу жұмыстарын ұйымдастыруға
  • Кәсіптік қызметте ғылыми зерттеулер әдістерін, стартап құру тәсілдерін қолдану
Top