Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01901 Логопедия в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі және мектеп білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарында, инновациялық деңгейде және қазіргі заманғы білім берудің жаңартылған мазмұнына, сондай - ақ еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес тұрақты өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қызметті жүзеге асыруға қабілетті, арнайы білім беру саласындағы маман-логопед біліктілігі жоғары білімді, Әлеуметтік және мәдени дамыған, кәсіби құзыретті тұлғаны даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B020 Арнайы педагогика
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B019 Арнайы педагогика
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктері
Медициналық генетика негіздері
Педагогика
Психопатология
Невропатология негіздері
Білім беру психологиясы
Арнайы білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
-
2 Оқу жылы
Педагогикалық риторика
Арнайы педагогтың этикасы мен деонтологиясы
Дамуында ауытқулары бар балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы
Логопедия негіздері
Арнайы педагогика
Арнайы психология
Жасанды интеллект: принциптері мен қолданылуы
Сөйлеуді дамыту әдістемесі
Ерте жастағы балалардың дамуы
Логопсихология
Арнайы мектепке дейінгі педагогика
Сөйлеу тілін зерттеу әдістемесі
-
3 Оқу жылы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте диагностикалау және түзету жұмысын ұйымдастыру
Логопедиялық ырғақ
Ойын әдістемесі түзете-дамыту технологиялары
Дыбыс айту бұзылысын түзету жұмысының әдістемесі
Тіршілік қауіпсіздігі, Экология және тұрақты даму
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Тұтықпа кезінде түзеу жұмысының әдістемесі
Ерте жастағы балалармен логопедиялық жұмыс
Арнайы білім берудегі интерактивті технология және арт-терапия
Жүйелі сөйлеу бұзылыстарымен жұмыс жасаудың түзету әдісі
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері, Қаржылық сауаттылық
Білім берудегі инновациялық технологиялар
Жазбаша сөйлеу тілі бұзылған балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру
-
4 Оқу жылы
Күрделі кемістігі бар балалардың дамуы
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен тәрбие жұмысы
Инклюзивті білім беру ортасы
Дизартрик балалармен түзету жұмысының әдістемесі
Ақыл-есі кем балалармен логопедиялық жұмыс
Tүрлі ұйымдарда логопедиялық жұмыстарын ұйымдастыру
Білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларда сауат ашу әдістемесі
Аутистік спекторы бұзылыстары бар балалармен түзету жұмыстың әдістемесі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару,
- Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтай отырып, қызмет пен технологиялық қызмет өнімдерінің, ғылыми жаңалықтардың қоршаған ортаға әсерін ескереді.
- Педагогика мен білім беру психологиясының теориялық негіздеріне сәйкес инклюзивті білім беру ортасын, сондай-ақ психологиялық жайлылық пен білім алуға тең қолжетімділікті ескере отырып, оқу жетістіктерін объективті және ашық бағалаудың тиісті технологияларын қолдану.
- Анализаторлардың патологиясын, бастапқы және екіншілік бұзылыстың құрылымдық компоненттерін анықтау, интеллектуалды жеткіліксіздіктің ұқсас формаларын ажырата отырып, балалардың дамуындағы тежелулерді, бұзылыстарды диагностикалау және баланың анамнезін жинақтау.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған нормативтік-құқықтық құжаттар мен кәсіби деңгейдегі этикалық ұстанымдар негізінде, арнайы педагогика мен психологияның принциптеріне сүйеніп, әр түрлі жастағы балалармен логопедиялық түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
- Әр түрлі мекемелерде тәрбие процесін дамыту бағдарламалары бойынша түзету жұмыстарындаойын, интерактивті технологиялар мен арт-терапияны қолдану,логопедиялық жұмыстыұйымдастыру.
- Ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту, балаларды медициналық-психологиялық-педагогикалық тексеру нәтижелерін талдау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сауаттылыққа үйрету әдістерін қолдану арқылы отбасының бірлескен жұмысын жоспарлау.
- Бала дамуының психологиялық-педагогикалық диагностикасының негізгі бағыттарын құру, сөйлеу тілін зерттеу әдістерін қолдану, сөйлеу бұзылыстары бар дифференциалды зерттеулердіталдау.
- Аутистік спектрдің бұзылулары бар балаларда коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мақсатында, күрделі бұзылысы бар және ақыл есі кем балаларға логопедтік тексеруді ұйымдастыруда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру іс-шараларын жоспарлау.
- Балалардағы дыбысты айтуды түзеу кезінде түзету жұмыстарының кезеңдерін құру және модельдеу, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар тобында логопедиялық ырғақты, дыбыстарды қою әдістері мен тәсілдерін қолдану.
- Дизартрия кезінде логопедиялық түзету әдістерін, тұтықпа кезінде логоритмика әдісін, балалардағы жазбаша сөйлеу бұзылыстарын жою және алдын-ала түзету әдістерін пайдалана отырып, жүйелі сөйлеу тілі бұзылған балаларға оңтайлы жұмыстарды ұйымдастыру.