Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01501 Математика педагогтарын даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Оқытудың әдістемелерін, технологиялары мен тәсілдерін әзірлеуге және іске асыруға, оларды білім беру қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында пайдалану процесінің нәтижелерін талдауға дайындығын көрсете білу
  • Заманауи зерттеу әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу құралдары арқылы кәсіптік қызметте білім, білік және дағдыларын көрсету
  • Шет тілін ғылыми-педагогикалық, зерттеу және кәсіби қызметінде пайдалана отырып, ғылыми білімнің генезисі, философиялық болмысы мен даму ерекшеліктерін сипаттау
  • Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясының негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын; ЖОО-да бейіндік пәндерді оқытудың заманауи тәсілдерін, әдістері мен технологияларын біледі; оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді; студенттерді оқытуға және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға ынталандырады; білім беру қызметінде цифрлық құралдар мен платформаларды пайдаланады.
  • Математикалық пайымдау логикасы заңдылықтарының әмбебап сипатын, олардың адам қызметінің әртүрлі салаларында қолданылуын пайдалана отырып, математика саласындағы оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды көрсету;
  • Математиканың іргелі пәндері бойынша алған білімдерін қолдана отырып қолданбалы есептерді шешуге математикалық модельдерді қолдану
  • Алгебра, математикалық талдау, геометрияның заманауи әдістерін қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру
  • Ғылыми зерттеу процесінде және математиканың практикалық есептерін шешуде функционалдық талдау, дифференциалдық теңдеулерді, математикалық логиканы, ықтималдықтар теориясы әдістерін қолдану
  • Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында білім беру үрдісін ұйымдастыру мен басқарудың заманауи әдістерін қолдана отырып, педагогикалық процесті ұйымдастыру
Top