Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білімдері мен коммуникативтік іскерліктерді көрсете білу, қоғамның қазіргі заманғы даму үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану.
  • Малдарды ұстау, азықтандыру, өсіру және тиімді пайдаланудың заманауи әдістері мен тәсілдерін қолдану, жемшөп, шабындық, жайылым және басқа да жемшөп алқаптарын ұтымды пайдалану және жем дайындау мен сақтаудың әртүрлі әдістерін меңгеру.
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеудегі заманауи ақпараттық технологияларды, жемшөп пен өнім сапасын бағалаудағы ғылымның жетістіктерін, мал шаруашылығы өнімдерін стандарттау мен сертификаттауды ұсыну, технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру қажеттілігін дәлелдеу.
  • Малдардың негізгі ауруларының алдын алу, малдардың ұтымды өсімін молайту бойынша санитариялық-профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
  • Малдарды азықтандыру, өсіру және ұстаудағы өзгерістердің салдарын болжау, мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің заманауи технологияларын анықтау және нақты технологиялық шешімдер қабылдау.
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясына шешуші әсер ететін малдардың биологиялық ерекшеліктерін пайдалану.
  • Мал шаруашылығының әр түрлі өндірістік көрсеткіштерін арттыру бойынша іс-шаралар әзірлеу және жүргізу, технологиялық процестерді басқару объектілері ретінде талдау және жоспарлау, орындаушылар ұжымының жұмысы, әр түрлі пікірлер жағдайында қаржылық және басқарушылық шешімдер қабылдау.
  • Генетика, селекция және биотехнология заңдылықтарын, әдістері мен тәсілдерін қолдану, селекциялық-асылдандыру жұмысында заманауи генетикалық-биотехнологиялық әдістерді таңдауда өз көзқарасын ұсыну және қорғау.
  • Мал шаруашылығы саласындағы зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін, ғылыми-техникалық ақпаратты, мал шаруашылығындағы отандық және шетелдік тәжірибені қолдану және мал шаруашылығының әртүрлі салаларында проблемаларды кәсіби деңгейде шешу.
  • Мал шаруашылығы өнімдерін бастапқы өңдеу, стандарттау және сертификаттау, мал шаруашылығы шикізатын тауартану және сараптау жөніндегі технологиялық процестерді басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүргізу, өнім сапасын қамтамасыз етуге арналған шығындарды бағалау, сапаны басқару жүйелерінің қазіргі заманғы нұсқаларын өндірістің нақты жағдайларына бейімдеу.

Ұқсас БББ

6B08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

6B08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Алматы технологиялық университеті (АТУ)

6B08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Top