Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Оқушыларды сыни ойлауға, шығармашылыққа, проблеманы бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, қазіргі жағдайын саралайды
  • Әдеби тілді құбылту мен айшықтауды, шығарманың идеясы мен пафосын, тұлғалық болмысты ұлттық мүдде және гуманистік тұрғыдан талдау арқылы көркем мәтінді интерпретациялайды
  • өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни және жүйелі ойлауын дамытады
  • педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі
  • Сыни, әдеби-теориялық, тілдік-стилистикалық талдауды және аударманы қолдану арқылы әдебиетке қатысты мәселелерді салыстырмалы түрде зерттейді
  • ортақ мақсатқа жету үшін командада тиімді жұмыс істеуде, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік және көшбасшылық көрсете біледі
  • Пәндік және пәнаралық саланың іргелі заңдылықтарының тұжырымдамалық және теориялық негіздерін түсіну және интеграциялауды көрсетеді
  • пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана біледі
  • оқушының тұлғалық дамуына әсер ету, өмір бойы білім алуға бағытталған дамытушы білім үлгісін көрсетеді
  • Тілдік заңдылықтар мен тіл тарихының дамуы жайлы проблемаларды ғылым мен әдістеменің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжырымдайды
  • Берілген ақпаратқа сүйене отырып, игерген білімін практикада қолдана алады
  • білім беру ұйымдарында оқу үдерісін ұйымдастыруда инновациялық әдістерді қолданып, метапәндік білімді біріктіреді және жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдаланады.
  • Біртұтас жүйе және адам ретінде қоғам туралы, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері, негізгі ұғымдары туралы біледі.
  • Оқу мен оқытудың инновациялық стратегияларын, сондай-ақ пән бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ/сабақ жоспарлары, оқу және сыныптан тыс іс-шаралар негізінде білім беру үдерісін және/немесе сыныптан тыс іс-шараларды жобалау, өткізу және бағалау әдістері мен құралдарын қолданады; эксперименттердің нәтижелерін және/немесе жиналған деректерді талдап, қорытынды жасайды.
Top