Жаңа білім беру бағдарламасы

6B03202 Қоғаммен байланыс в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Мақсаты – экология, тұрақты даму және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі негіздері бойынша білім қалыптастыру; бұл білімдер экологиялық үдерістерді талдауға, антропогендік қызметтің әлеуметтік-экологиялық салдарын бағалауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдайларда қолданылатын қорғаныс әдістері мен технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді. Адам денсаулығына экологиялық факторлардың әсерін бағалау дағдыларын қалыптастырады; тіршілік қауіпсіздігін арттыру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экологиялық үдерістерді болжау, сондай-ақ апаттар, техногендік және табиғи зілзалалардың салдарын ескере отырып, қолайсыз экологиялық және төтенше жағдайларда тұрақты даму қағидаттары негізінде негізделген шешімдер қабылдау қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

    Мақсаты-білім алушыларды құқықтың негізгі салалары мен институттарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерімен, сондай-ақ мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму және жүзеге асыру заңдылықтарымен таныстыру. Курс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дағдыларын және мемлекеттегі және қоғамдағы құқықтың негізгі функциялары, оның құқықтық мемлекеттің, азаматтық қоғамның дамуына әсері, сондай-ақ әділ және тең құқықтық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде инклюзия құндылықтары туралы теориялық білімнің жоғары деңгейін қалыптастырады. Білім алушылардың әлеуметтік, мәдени, физикалық немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, әр адамның құқықтарының маңыздылығын түсінуін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    "Қаржылық сауаттылық негіздері" курсы жеке қаржыны басқару саласында білім мен дағдыларды алуға бағытталған. Сондай-ақ, курс аясында білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды іс жүзінде қолдануға, жинақтарды сақтауға және көбейтуге, бюджетті сауатты жоспарлауға, қаржылық ақпаратты талдауға және инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық өнімдерге бағдарлануға үйренеді.Жеке қаржыны басқару саласында білім дағдыларын алуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ілиястану

    Пәннің мақсаты Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын терең әрі жан-жақты зерделеу арқылы қазақ халқының әдебиетін, өнерін, дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары терең ойлы тұлғаны дамыту болып табылады. Ілияс Жансүгіров шығармаларының қазақ әдеби тілін дамытудағы маңыздылығын түсінуді; зияткерлік-шығармашылық ойлау дағдыларын, ұлттық-рухани мұра құндылықтарын бағалай білуді қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Мақсаты - ғалымдардың қазіргі жетістіктеріне негізделген ғылыми зерттеулерді жүргізудің принциптері, технологиялары, практикалық әдістері мен тәсілдері туралы білімді қалыптастыру. Ғылыми мәдениет пен этиканың базалық негіздерін, ғылыми мәтіндерді икемді қабылдауды, ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру кезінде алған білімдерін тиімді қолдану дағдыларын, зерттеу нәтижелерін талдау және жалпылау қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Мақсаты – студенттерді қазіргі қоғам өміріндегі экономикалық мәселелермен таныстыру, экономикалық ойлауды қалыптастыру және кәсіпкерлік саласындағы теориялық негіздер мен практикалық дағдылар бойынша білім алу. Бағдарлама студенттерге экономиканың жұмыс істеу заңдылықтары туралы кешенді түсінік қалыптастыруға, кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі салаларында қолданбалы құзыреттерді меңгеруге бағытталған іскерлік білім беруді көздейді. Курс барысында тұрақты даму, ресурстарды ұтымды пайдалану және ұқыпты өндіріс қағидаттарын енгізу арқылы тиімді әрі экологиялық жауапты бизнесті жүргізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, қазіргі заманғы кәсіпкерлікке қойылатын экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік талаптарын ескере отырып, жеке бизнесті құру мен табысты жүргізудің ерекшеліктері ашылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • БАҚ және ақпаратты сараптау

    Қоғаммен байланыс жасаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, ақпарат құралдарында ақпараттар мен деректерді өңдеудің кәсіби құзыреттілік тетіктерін біледі. Ашық және жасырын ақпараттардың шынайылығын анықтап, пікір айтуға, жазуға дағдыланады. Фото деректерді салыстыра талдау, қорытынды шығару, шешімді пікір білдіру ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қоғаммен байланысқа кіріспе

    Қазіргі заманғы қоғаммен байланыс негіздерінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін қарастырады. Қоғаммен байланыстың негізгі жүйелері мен зерттеуші ғалымдардың көзқарастарын түсіне алады. Білімгер паблик рилейшнздің мәнін, мағынасын, қоғамдағы рөлін және қазіргі заманғы азаматтық қоғамдағы PR-дың даму ерекшеліктерін үйренеді. Қоғам дамуындағы қоғаммен байланысқа сұраныс себептері мен жаңа байланысқа деген дағдылар мен мүмкіндіктерді игеріп, кәсіби шеберлік негіздері жасалады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ақпаратты зерттеудің теориясы мен әдістемесі

    Ақпарат жинау, өңдеу, зерттеу жүргізу, жазу процестерін мұқият орындау әдісі мен тәжірбиесін меңгереді. Ақпараттың шынайылығын тексеруде зерттеу жүргізу мен қорытынды шығаруды үйренеді. Түрлі ақпарат көздерінен алынған ақпараттың шынайылығын зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін меңгереді. Әлеуметтік желілерден алынған ақпарат пен маңызды ақпараттарды жинауда ескеретін негізгі әдістемелерді қолдануға қабілетті болады. Фактчекинг әдістесі арқылы ақпаратты зерттеудің теориялық негіздерін меңгереді, ақпартты анықтай білуге машықтанады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Беделді басқару әдістемесі

    Пән іскерлік немесе кәсіби имиджді қалыптастыру ережелері мен нормаларын, ұжым беделін қалыптастырудағы негізгі шарттарды, имиджмейкинг теориясын, негізгі ұғымдар мен терминдерді, іскерлік кездесулер өткізу тәсілдерін, өткізу формаларын, өзара іс-қимыл ережелерін үйретеді. Білімгер басқару қызметінің дағдыларын, әсер ету формаларын, басқару теориясы мен әдіснамалық жүйесін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Медиапсихология

    Бұқаралық коммуникацияғы психологияның жалпы теориялық негіздерін, негізгі концепциялық ұстанымдары туралы түсінік алады. Кәсіби қарым-қатынас жасаудағы адамдардың психологиялық ерекшелігін, қарым-қатыныс әрекетіндегі психологиялық көңіл-күйдің әсерін, сұхбат жасауда қызметкер әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Коммуникация теориясының негіздері

    Қазіргі таңдағы коммуникация ұғымына кіріспе жасай отырып, коммуникациялық байланыстың жаңару сипатын түсінеді. Ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу және таратуға коммуникациялық байланыстың ықпалы ерекше екенін түсіну. Коммуникация теориясының негізін салушылардың пайымдары, түсіндірмелері, еңбектеріне талдау жасай алады. Коммуникация ұғымына теориялық негіз салушылар мен зерттеушілердің теориялық пайымдарын негізге ала отырып, бүгінгі үрдіске сипаттама жасай алады. Коммуникативтік технологияларды саяси жүйеде кеңінен пайдалану туралы С.Блэк, А.Балашова, Ф.Ильясов еңбектерінің теориялық және тәжірбиелік маңызы туралы ғалымдардың ғылыми пікірлері мен тұжырымдарын салыстыра алады. Кәсіби коммуникацияның заманауи әдістері мен құралдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қоғаммен байланыс тарихы

    Білімгерлер курс барысында қоғаммен байланыс тарихы мен қатар паблик рилейшнз ұғымының мәнін, мағынасын, қоғамдағы рөлін, әлемдік және озық елдердегі PR-дың даму ерекшеліктерімен танысып, өзіндік пайым қалыптастырады. Еліміздегі паблик рилейшнз және саяси жарнама мәселелерінің рөлі туралы сабақтастыра отырып, жарнамалық ойдың тәжірибесін үйренеді. Әлемдік деңгейдегі жарнаманың даму ерекшеліктері мен жарнама жасау әдістерін, сипаты мен берілу бағыттарын, идеялық негіздерін, түрлері мен түстерін, формалары мен негізгі таным әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • БАҚ пен жарнама қызметін құқықтық реттеу

    Пәнді оқу барысында білімгер жарнамалық хабарламалардың макеттері мен орналастыру жүйелерін меңгереді. Бұқаралық ақпарат саласына қатысты құқықтың, заңнамалық құжаттардың маңыздылығын түсіне отырып жұмыс жасайды. Жарнама беруде, сұхбат алуда деректердің маңызды екенін түсіне отырып жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгереді. Кәсіби этикалық нормалар мен заңдылықтар жарнама қызыметімен байланыстырыла оқытылады. Білімгер бұқаралық ақпарат құралдары туралы, жарнама туралы, авторлық құқық туралы, этикалық кодекс туралы заңдарды теориялық тұрғыда меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Қоғаммен байланыс саласындағы социологиялық және маркетингтік зерттеулер

    Пән жарнамадағы инновациялық маркенинг тәсілдерін, қоғаммен байланыстағы маркетинг тарихы мен теориялық негізерімен таныстыруды көздейді. Ұжымдағы маркетингтік жоспар мен стратегиялық жоспарлаудың тиімді технологияларын, жарнаманы жасауда жоспарлаудың оңтайлы тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Құқықтық мәдениет

    Пән заңнамалық қағидалар мен принциптерге, қабылданған моральдық нормалар мен заңнамалық негіздерге сүйенеді. Білімгерлер кәсіби моральдың мәнін, этикалық кодекс пен БАҚ туралы заңды, Қазақстандағы және шет елдердегі қатынас қызметін реттейтін заңдық нормаларды, журналистердің құқықтары мен міндеттерін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Медиасауаттылық

    Пән медиaдағы aқпaрaттық сaуaттылықтың негіздерін түсіндіруге, пайым жасауға, ақпарттың сауатты жазылуы мен жасақталуын (сурет, бейне, кескін, графика, кесте) меңгеруге көмектеседі. Медиадағы ақпараттық сауаттылық сандық қоғамның тетіктерін ажыраты білуге, ақпараттық контенттерді дамытуға, дұрыс түсіне білуге, түсіндіре білуге үйретеді. Білімгер ақпаратты жинауды, өңдеудің тәсілдері мен әдістерін, жариялау мен қоғамдық пікірді сараптаудың әдіснамалық негізін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі

    Пән студенттерді кәсіби қызметтің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша түрде ағылшын тілінде коммуникацияға дайындайды. Студенттер журналистика, коммуникация, БАҚ және медиа саласындағы терминологияны ағылшын тілінде, сондай-ақ ағылшын тілінің сөйлеу қызметінің төрт түрін меңгеруді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Кәсіби қызметтегі сандық мәдениет

    Пәнді оқу барысынды кәсіби қызметтегі мәдениет түрлерін, олардың негізгі міндеттерін, кәсіби қызметте қолдану қажеттіктерін, мәдениеттің түрлерін меңгереді. Білімгерлер қоғаммен байланыс жасауда мәдениет түрлерін еркін меңгерумен қатар, киім кию мәдениетін, амандасу мәдениетін, сөйлеу әдебі мен қарым-қатынас мәдениетін, сандық мәдениет пен ғаламдық мәдениетті ажырата біліп, меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Қоғаммен байланыстағы жобалау менеджменті

    Басқару саласының негізгі әдіснамалық заңдылықтары мен жобалау тәсілдерін қоғаммен байланыс саласымен байланыстыра үйретуді мақсат етеді. Білімгер қоғаммен байланыстағы менеджмент тәсілдерін, жоспарлау мен ұйымдастыру тетіктерін, басқару мен бақылау әрекетін ұштастыра меңгереді. Жоба жасауда бастапқы, ортаңғы, жинақтау сатыларындағы жұмыс ерекшеліктері мен нәтижелерін саралауды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Оқиғаны басқару

    Кез-келген оқыс оқиғаларды басқаруда істің негізгі бағыты мен мақсатын айқындай білудің тетіктерін үйренеді. Негізгі әрекетті жүргізуде форс-мажорлық әдіс тәсілдерін, оқиғаға қатысты саяси-әлеуметтік және әлемдік мәселелердің әсерін түсіне отырып, бәсекелестерге қарсы іс-әрекет ұйымдастыруға қабілетті.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Қоғаммен байланыс саласындағы маманның сөйлеу мәдениеті

    Пән іскерлік әрекетте қатынас жасаудың тәсілдері мен байланыстың сөз түріндегі формаларын зерделейді. Білімгер көпшілік алдында сөйлеудің коммуникативті белгілерін, бұқара алдында сөйлеу техникасын, сөйлемді құрау бедерлерін меңгеріп, жарнамалық сөз макеттерін жасаудың әдістері мен әр түрлі ортада өз сөзін еркін құрастыруға қабілетті болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Коммуникацияны ұйымдастыру және басқару

    Пәнді оқу барысында байланыстардағы ұйымдастырушылық қабілеттер мен әдіс-тәсілдер түрлерін терең меңгереді. Білімгер кез-келген ортада басшылық жасауға, пікір білдіріп, өз ойын ашық, бүкпесіз айтуға, өз пікірін дәлелдеуге қабілетті.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Экологиялық журналистика

    Мақсаты – болашақ PR мамандарының экологиялық өзекті мәселелерді медиада жариялаудың негізгі ерекшеліктерін, экология саласындағы деректердің шынайылығын тексеру тәсілдерін, экологиялық сторителлинг құрудың әдістерін қалыптастыру. Экологиялық зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, болашақ журналистер мен PR мамандарының стратегиялық жоспарлар құруда әлеуметтік желілердегі пікірлер мен пайымдарды түсініп, күрделі экологиялық мәселелерді жазуда медианың негізгі принциптерін шынайы меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Медиа сараптама негіздері

    Пән сараптама жасауда медианың түрлеріне қарай дәлдік пен шынайылық принциптеріне сүйенуді үйретеді. Сараптама жасауға қойылатын ережелер мен талаптарды орындауда негізгі идеяларды өзгертпеуге, қабылданған шешімнің тиімділігі бағаланатын өнімнің көп функционалығына назар аударуға бағытталады. Білімгер медиада нақты материалдармен жұмыс істеу принциптеріне сүйене отырып, нәтижені зерттелген әдістер арқылы беруге қабілетті болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Іскерлік байланыс: шешендік өнер мен жазу

    Пән іскерлік байланыс кезінде жазба, ауызша түріндегі сөз нормалары мен әдеп әлемін меңгертуді көздейді. Сөз сөйлеу түрлері және араторлық типология, шешендік өнердің макетін, сөйлеудің коммуникативті белгілерін, қалың көпшілік алдында алдында сөйлеу техникасын, сөйлейтін сөздің өңдеуден өтуін, мәтінді ойда сақтау техникасын, ойды артистизммен жеткізуді, сөз сөйлеу түрлері және ораторлық өнер ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • PR қызметіндегі дағдарыстарды басқару

    Пән қоғаммен байланыстың көп қырлы міндеттерінің бірі жайсыздықтарды басқарудың әдіснамалық негіздерін меңгертеді. Дағдарыстар кезінде жедел шешім қабылдауға, оқыс оқиғалар барысында жұмыс командасын ұйымдастырып, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады. Дағдарыстар кезінде түрлі психологиялық әрекеттер мен ұйымдастырушылық қасиеттерді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Пән жасанды интеллектті құру мен қолданудың негізінде жатқан негізгі ұғымдарды, әдістер мен алгоритмдерді зерттеуге бағытталған. Осы пән бойынша студенттер машиналық оқытудың теориялық негіздерін, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу алгоритмдері және компьютерлік көруді үйренеді. Олар сондай-ақ өмірдің әртүрлі салаларында жасанды интеллектті қолданудың этикалық, әлеуметтік және құқықтық аспектілерімен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Заманауи баспасөз қызметі

    Қоғаммен байланыс жасауда қазіргі баспасөз қызметіндегі негізгі міндеттер мен ережелерді, бұқаралық коммуникация саласындағы байланыс жасау тетіктерін, баспасөз қызметінің негізгі жұмыс ерекшеліктерін қарастырады. Баспасөз хатшысының жұмыс кестесі мен негізі қызметтік қағидаларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • PR материалдарын жазу

    Курсты оқу барысында студенттер, журналистер мен блогерлерге қажетті PR құжаттар рәсімдеу барысында фактілер мен оқиғаларды іріктеуге бейімдеу және оны мақсатты аудиторияларға жеткізу тетіктерін меңгереді. Пән ақпаратпен жұмыс істеудегі әдістер мен амал-тәсілдерді қолдануға бағытталған. Сонымен қатар студент PR материал жазудың қыр сырын үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Коммерциялық ұйымдардағы PR қызметтері

    Пәннің мақсаты - студенттердің коммерциялық табысқа бағдарланған Қазақстанның жеке фирмаларының коммуникацияларын саралау қабілетін қалыптастыру. Оқу пәні PR теорияларын қолдана отырып, дәстүрлі және жаңа тауарларды немесе қызметтерді, қызметтер мен кепілдіктерді ақпараттық кеңістікке шығару тетіктерін үйретеді. Сондай-ақ, коммерциялық ұйымдардағы PR қызметтерін үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Жобаның бизнес жоспарын құру

    Студенттер қоғамдық және мемлекеттік, коммерциялық салалардағы бизнестік PR-жобалар жасау дағдыларын үйренеді. Курсты оқу барысында PR жобалардың құрамдас бөліктері қарастырылады. Пән жобаның бизнес жоспарын құру бойынша әлемдік және отандық кейстер пайдаланылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Брендинг негіздері

    Бренд ұғымы, негізгі қағидалары мен ережелері, меркенингтік жобалаудағы брендинг түсінігі, жарнамалық қызметте креативті ойлаудың негіздерін, жеке адам мен ұжым беделін қалаптастыру ережелері мен бәсекелестерден ерекшеленудің негіздерін оқытады. Сонымен қатар, қазіргі заманауи технологияларды қолдана отырып, бренд жасаудың әдіс-тәсілдерін үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Бұқаралық ақпарат құралдарындағы компьютерлік технологиялар

    Пән білімгерлерге заманауи техникалармен жұмыс істеуді үйретеді. Бейнесюжетті жасау процесінде қазіргі заманғы өндірістің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін пайдаланады. Бейнемонтаж негіздерін, оның құрылу тарихын және технология негіздерін, бейнефильмді жасау кезеңдерін үйретеді. Білімгерлер компьютерлік монтаждау бағдарламалары мен фотошоп жасау әдістерін, газет-журналдар жасауда қолданылатын бағдарламалармен жұмыс істеу тетіктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Медиарилейшнз

    Пән қоғаммен байланыстың айырықша жүйесі – медииарилейшнздың ерекшеліктері, негізгі қағидалары, осы заманғы қоғаммен байланыстың құқықтың сипаттамалары мен олардың теориялық негіздерін, коммуникацияның жалпы теориялық негіздері мен методологияларын, қоғаммен қарым-қатынастардың құқықтық ерекшеліктерін, қатынас жасу әдістерін, бұқарамен байланыс орнату тетіктерін оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 4
  • Қоғаммен байланыс саласындағы жобалық қызмет

    Кез-келген істі жобалау мен жоспарлау тетіктерін, жұмыстың атқарылу формалары мен жүргізілу тәсілдерін, бәсекелестік жұмыс әрекеттерін жоспарлауға қабілеттілікті үйретеді. Білімгерлер жоспарланған, жобаланған жұмыстарға серіктестер мен қаржы көздерін табуға, жұмысты жүйелі жүргізуге қабілетті болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Коммуникацияны зерттеудің өзекті мәселелері

    Пән коммуникацияның даму барысында қажетті зерттеу жүргізуде қоғаммен байланыс дамуының негізгі кезеңдер ерекшеліктерін, коммуникация туралы білімді интеграциялау және қоғамдық өмірмен байланыстыруды негізге алады. Білімгер бүгінгі заманғы заманауи зерттеу түрлері мен әдістерін, ғылыми терминдер мен сөздіктермен жұмыс істеуге қабілетті болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Имиджелогия

    Имидждік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптарды қолданады, имиджелогияға заманауи тұжырымдамалық тәсілдерді қарастырады, имидждік коммуникацияның түрлі модельдері туралы түсінікке ие болады. Имиджмейкинг теориясымен байланысты негізгі ұғымдар мен терминдерді, келіссөздер, іскерлік әңгімелесулер, кеңестер өткізу барысында іскерлік өзара іс-қимыл ережелерін, имиджелогиядағы зерттеулер орнын, имиджелогия проблемалары туралы біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Интернеттегі PR жанрлары

    Пән білімгерге интернетте жарнама жасау тәсілдері мен әдістерін, жұмыс жасау тетіктерін, онлайн жұмыс істеуге, интернет басылымдарының мәтінін құрастыруға, «копирайтинг» жасаудың тәсілдерін, интернетте жаңа технологияларды пайдалана отырып, түрлі сайттармен жұмыс жасауды, сайттарға жарнама жасау тәсілдерін, оқырман тарту әдістерін, контент жасауды үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Қоғаммен байланыс бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру

    Қоғаммен байланыс заңдылықтарын ескере отырып, паблик рилейшнздің ақпараттық, жарнамалық, қоғаммен байланыс бөлімшелерінің жұмыс істеу түрлерін, жұмыс істеу әдістерін, байланыс жасау құралдарын, ұйымдастырушылық қабілеттерін үйренеді. Бөлімшелерде жұмыс істеудің негізгі ерекшеліктері мен принциптерін, жұмыс ауқымына сай байланыс тетіктерін қолдануға қабілетті болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 7
  • Медидизайн

    Пән заманауи технологиялармен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Заманауи дизайнерлердің ерекшеліктері және айырмашылықтарын, типографиканың тарихы және ерекшеліктерін, көркемдеу тәсілдерін, басылымдардың жалпы дизайны мен интерактивтілік әдістерін меңгереді. Білімгер қазақстандық медиадизайн нарығына шолу және талдау жасай алады. Дәстүрлі БАҚ дизайнына сараптама жасай отырып, онлайн медиа дизайн жасау технологияларын, ерекшеліктерін, креативтік дизайн әдістері: глянц журналдар мен интернет басылымдар негізінде салыстырмалы талдау жасай біледі. Бұл пәнде баспа ісінде кеңінен қолданылатын Аdobe Page Maker, Сorel Draw, Adobe Photoshop сияқты компьютерлік бағдарламалардың оқытылуы студенттердің қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 7
  • PR-мәтіннің теориясы мен әдістемесі

    Пән негізінен жарнама мен PR саласындағы мәтіндік құжаттардың түрлері мен пішіндерін, мәтіндегі жарнамалық пайым мен оны қабылдаудың психологиялық мәселелерін терең қарастырып, мәтіннің құрылымдық негіздерін, атқаратын функциясын, жазу талаптары мен ережелерін үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 7
  • Мемлекеттік билік органдарындағы PR

    Студенттер мемлекеттік мекемелердегі құқықтық, саяси шешімдер мен үрдістерді мониторинг жасау және талдау қабілеттерін қалыптастырады. Пәнді оқу барысында халықпен байланыс жасаудағы PR-құралдар меңгеріледі. Студент республикалық және жергілікті мемлекеттік органдармен байланыс орнатуды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 7
  • Желідегі PR және SMM

    Қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен конвергенциясының негізгі кезеңдері, тәсілдері, түрлері әмбебап журналистің қалыптасуының жетекші факторлары ретінде көрсетіледі. Әлеуметтік желіге сипаттама беріледі, жаңа медиа мен интернетте жарнамалық қызмет көрсетудің ерекшелігіне басты назар аударылады. Фотоға түсіру, радиоматериал жазу, әлеуметтік желіде әр түрі медиамәтін құруды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 7
  • Қоғаммен байланыстың қазіргі технологиялары

    Пәнді оқу барысында білімгер қоғаммен байланыстың заманауи технологияларымен жұмыс жасау тәсілдерін меңгереді. Краусорсингтің қоғаммен байланыс жасау әдістемелерін, қоғамның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған әрекеттерді, жаңа әдіс-тәсілдерді орындауға қабілетті.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Инновациялық-белсенді азаматтық ұстанымын білдіру, БАҚ-та қоғамдық маңызы бар құбылыстар мен процестерді түсіну тәсілдерін бағалау және сипаттау, жаңалықтар мен басқа да құжаттардың дұрыстығы мен ашықтығын тексеру, ақпарттар мен деректер дұрыстығын тексеру әдістерін меңгеру, жобаның бизнес жоспарын құра алу.
  • Жарнама мен PR мәтінін құрастыруды меңгеру, жарнама жасауда медиа жоспарлау заңдылығын, мәдени қарым-қатынас орнатудың негіздері мен әдістерін білу, қоғаммен байланыс саласында кәсіби және жеке қызмет тәжірибесін көрсету, практикалық міндеттерді жедел шешуге ықпал ететін жүйелі ойлау дағдыларын меңгеру. кәсіби қызметте теориялық білімін қолдану, шет тілінде ақпарат дайындап үйрету.
  • Қоғаммен байланыс дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктері туралы білімді интеграциялау және қоғамдық-саяси өмірмен байланыстыру, қоғаммен байланыстың негізгі субъект және объектілерін, түрлерін, функциялары мен тетіктерін ажырата білу, қазақ тіліндегі, орыс, ағылшын және басқа да тілдердегі қазіргі қоғаммен байланыс қызметінің мәселелерін түсіндіру.
  • Кәсіби қызметтегі сандық мәдениет пен құқықтық мәдениеттің негіздерін біле отырып, қазіргі ақпараттардағы деректер мен дәйектемелер дұрыс талдай білу, имидж қалыптастыру үшін әріптестермен кәсіби байланыс орнату әдістерін, қоғамда жағымды бейне қалыптастырудың тәсілдерін білу, ақпаратты зерттеудің теориясы мен әдістемесін меңгеру, PR саласында контент дайындай алу.
  • Кәсіби қауымдастықтармен, комерциялық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату, сандық және конвергенттік технологияларды қолдану арқылы қоғаммен байланыс саласында әр-түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізе алу, конвергенция мен мультимедияның талаптарын білу, қоғаммен байланыс саласында социологиялық және маркетингтік зерттеулер жасай алу.
  • Құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада, сондай-ақ қаржылық сауаттылық, инклюзия құндылықтары, тұрақты даму және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат салаларында қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар құбылыстар мен үдерістерді түсінуге зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерді бағалап, қолдана білу қабілетіне ие болу.
  • Қоғаммен байланыс жасаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, жарнама жасаудың кәсіби құзыреттілікті тетіктерін анықтау, басқару мен ұйымдастырушылық шеберліктер арқылы жұмыс рейтингін арттыруға ықпал ету, ұйымдар мен мекемелердің дағдарысын болдырмаудың тетіктерін үйрену, медиа дизайн негіздерін білу.
  • Қоғаммен байланыс негіздерін меңгере отырып, жарнама жасау мен қоғамға ықпал ету тәсілдерін меңгеру, коммуникация мен байланысқа түсудің теориялық негіздерін, әдістерін, масс-медиа мен бейнелердің дизайндік ерекшеліктерін заманауи тұрғыда меңгеріп, міндеттерді орындауға БАҚ арқылы шығудың әдіс-тәсілдерінің жүйесін меңгеру, медиасауат негізін білу, PR жанрларын талдай алу.
  • Қазіргі заманғы технологиялық талаптары бар баспа басылымының, телерадио бағдарламасының, мультимедиялық материалдың өндірістік процесіне қатысу, өзекті проблемаларды бағалау, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық процестерді дамытудағы қалыптасқан үрдістер негізінде жағдайларға түсінік беру, журналистік зерттеуді өз бетінше жүзеге асыру, қоғаммен байланыстың теориясы мен практикасын білу.
  • Атқарылған жұмыстардың есептерін жариялаудың жолдарын ауызша айту мен жазбаша жазудың мәдениеті мен әдістерін білу, баспасөзде жариялау үшін іскерлік немесе басқа ұйымдар туралы жарнамалық материалдарды таңдап радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуды білу.
  • Әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істеудің әдістерін, қызметтік мәтінді құрастыру мен ақпартты жарнамалаудың жүйесін, қоғамдық пікірге сараптама жасауды білу, коммуникация теориялары мен негізгі әдістерін меңгере отырып, ұлттық мәдениетпен байланыстыра пікір білдіру, беделді басқару әдістемесін үйрену.
  • Aқпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану, интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату жөніндегі бұлтты және мобильді сервистерде жұмыс жасай алу, желідегі PR және SMM тетіктерін меңгеру, тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіптік) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда байланыс орнату.
Top